Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек_биостат_МПД_каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

5. Әдебиеттер:

  1. Гланц С. Медико-биологическая статистика. Пер. с англ.-М.: Практика, 1998. - 459 с.

  2. Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика: Учеб. пособие для вузов / В.Е. Гмурман. - М.: Высшая школа, 2003. - 479 с.

  3. Медик В.А., Токмачев М.С., Фишман Б.Б. Статистика в медицине и биологии: Руководство. В 2-х томах / Под ред. Ю.М. Комарова. Т. 1. Теоретическая статистика. - М.: Медицина, 2000. - 412 с.

  4. Основы высшей математики и математической статистики: Учебник / И.В. Павлушков и соавт. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. - 424 с.

  5. Петри А., Сэбин К. Наглядная медицинская статистика /А. Петри, К. Сэбин; пер. с англ. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 168 с.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Регрессиялық талдау қандай кезеңдерден тұрады?

  2. Регрессия теңдеуінің қандай түрлерін білесіздер?

6 Дәріс

1. Тақырыбы: Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.

2. Мақсаты: Студенттерді медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдерімен таныстыру, биостатистикада қолданылатын статистикалық пакеттерге шолу жасау.

Дәріс жоспары:

  1. Медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдері.

  2. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісін таңдау.

  3. Биостатикадағы заманауи есептеу техникасын қолдану.

  4. Статистикалық пакеттердің жіктелуі және оларға қойылатын заманауи талаптар.

3. Дәріс тезистері:

Ғылыми медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қандай міндеттер қойылғанына қарамастан, ол белгілі реттілікпен орындалуы тиіс.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады:

  • Зерттеудің мақсаты медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудағы тәжірибеге өзекті болуы тиіс. (зерттеулер неліктен жүргізіледі?).

  • Зерттеудің міндеттері – бұл айқындалған, кеңейтілген анықталған мақсаттың анықтамасы (мақсатқа қалай қол жеткізуге болады?).

Медициналық-биологиялық тәжірибенің негізгі кезеңдері:

1) жоспар және бағдарлама жасау;

2) статистикалық мағлұмат жинау (статистикалық бақылау);

3) жиналған мағлұматты өңдеу;

4) алынған мәліметерге талдау жасау.

I кезең. Жоспар және бағдарлама құру.

Зерттеу жоспары:

  • Зерттеу нысаны анықтау – сол туралы мәліметтер жиналатын статистикалық жиынтық.

  • Зерттеу орнын анықтау - аймақ, мекеме.

  • Зерттеу жүргізу уақытын (мерзімін) анықтау.

  • Бақылаудың түрін (бір жолғы, ағымдық) және әдісін (тұтас, тұтас емес) анықтау.

  • Зерттеуді орындаушылар және бастығы

  • Зерттеудің техникалық құрал жабдықпен қамтамасыз етілуі

  • Зерттеудің құнын бағлалау.

Зерттеудің бағдарламасы:

  • Статистикалық жиынтықты, жиынтық бірліктерін, зерттеу бірліктерін анықтау.

  • Зерттеу бағдарламасын анықтау, яғни тіркеуге тиісті белгілер тізімі бар алғашқы статистикалық құжатты анықтау.

  • Мәліметті өңдеу бағдарламасын анықтау, яғни мәліметті топтауды таңдау және белгілердің түрлі топтамалары жасалған өнделген кестенің үлгісін құрастыру.

II кезең. Статистикалық мәліметтерді жинақтау (статистикалық бақылау).

Статистикалық бақылау – бұл зерттелетін бірліктерді арнайы медициналық есеп құжатында тіркеу.

Статистикалық бақылаудың жіктелуі:

  • жинтық бірліктерін қамтуының толықтығына қарай

  • уақыт ішіндегі факторлардың есебіне қарай

  • зерттеу тәсілдерінне қарай

Статистикалық бақылаудың жіктелуі

Жіктелу белгілері

Зерттеу түрлері

Уақыт ішіндегі факторлардың есебі

Ағымдық (тұрақты)

Бір жолғы (бір сәттік)

Жинтық бірліктерін қамту толықтығы

Тұтас

Тұтас емес

Зерттеу әдісі

Тікелей бақылау

Сұрау арқылы, деректердің белгілі бір бөлігін жинақтау