Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhumabaeva_K (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.78 Кб
Скачать

Тыныс алу жүйесі.

Қарап көру.

Тыныс алуы мұрын арқылы жүзеге асады. Көмекей – дауысының сипаты қалыпты. Кеуде қуысының қозмалмаған қалпында қарағанда пішіні дұрыс, конус тәрізді. Қарама-қарсы бөлігі бірдей. Кеуде қуысы тыныс алғанда екі жағы бірдей қатысады. Жиілігі минутына 18 рет. Дем алуы мен дем шығаруы ауырсынусыз.

Пальпация.

Кеуде қуысын пальпациялағанда ауырсынусыз. Эластикалық қабілеті қалыпты. Дауыс дірілінің кеудеге берілуі қалыпты.

Перкуссия.

  1. Салыстырмалы перкуссия:

Кеуде қуысының өзара тұстас бөлімдеріндегі естілген дыбыстың сипаты бірдей, өкпелік анық дыбыс.

Траубе кеңістігінде даңғыра дыбысы сақталған.

  1. Топографиялық перкуссия:

Топографиялық сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

Өкпенің жоғарғы шекарасы:

Өкпе ұшының биіктігі:

алдыңғы жағынан

Бұғанадан 4 см жоғары

Бұғанадан 4 см жоғары

артқы жағынан

7-мойын омыртқасының деңгейінде

7-мойын омыртқасының деңгейінде

Кренинг кеңістігінің көлденең аумағы

5,5 см

5,5 см

Өкпенің төменгі жиегінің шекаралары:

төс маңы сызық бойынша

VІ қабырғаның жоғары жиегі

бұғана орта сызық бойынша

VІ қабырғаның тұсы

алдыңғы қолтық асты сызық бойынша

VІІ қабырғаның тұсы

VІІ қабырғаның тұсы

орталық қолтық асты сызық бойынша

VІІІ қабырғаның тұсы

VІІІ қабырғаның тұсы

артқы қолтық асты сызық бойынша

ІХ қабырғаның тұсы

ІХ қабырғаның тұсы

жауырын сызығы бойынша

Х қабырғаның тұсы

Х қабырғаның тұсы

омыртқа маңы сызығы бойынша

ХІ кеуде омыртқасының тұсы

ХІ кеуде омыртқасының тұсы

Өкпенің төменгі шетінің экскурсиясы:

орталық қолтық асты сызық бойынша

7 см

7 см

жауырын сызығы бойынша

5 см

5 см

Өкпенің аускультациясы

Кеуде қуысындағы әр жердегі тыныс шуларының сипаты бірдей, везикулярлы шу естіледі. Қосымша шуылдар, сырылдар, сықырлар, плевраның үйкеліс шуылдары естілмейді.

Дыбысты тыңдау (бронхофония) – екі жаққа біркелкі беріледі.

Жүрек-қан тамырлар жүйесі.

Жүрек айналасын, перифериялық қан тамырларын

қарап көру

Жүрек өркеші байқалмайды. Жүрек ұшы түрткісінің көрінісі оң. Патологиялық пульсациялар жоқ.

Пальпациясы

Жүрек ұшы түрткісі күшейген, ортаңғы бұғана сызығынан 0,5 см сыртқа қарай, V қабырға аралығына сәйкес келеді. Биіктігі жоғары, ені жайылған, жүректің шекарасы солға ығысқан.

Перкуссиясы

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы:

Оң жақ

Төстің оң жақ шетінен 1,5 см алшақ, ІV қабырға аралы-ғында.

Сол жақ

Бұғана орта сызығынан 0,5 см сыртқа қарай, VІ қабырға аралығында.

Жоғарғы шекарасы

Төс маңы сызық бойынша ІІІ қабырға

Көлденең өлшемі

16 см

Жүрек конфигурациясы

Аортальды

Жүректің абсолютті тұйықтығының шекарасы:

Оң жақ

Төстің сол жақ жиегінде

Сол жақ

Бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай

Жоғарғы шекарасы

ІІІ қабырға аралықта

Қан тамырлар шоғырының шекарасы

8 см

Жүрек аускультациясы

Жүрек ырғағы дұрыс. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 62 рет. Тондары әлсіз естіледі. Шулар естілмейді.

Пульс және артериялық қысымды зерттеу

Екі қолдағы пульс бірдей, кернеулігі артқан, қатайған, жиілігі минутына 84 рет. Перифериялық қанда нормадан ауытқу байқалмайды. Артериялық қан қысымы 150/100 мм с.б.

Асқорыту жүйесі ағзалары

Қарап көру

Ауыз қуысы: тілі таза, құрғақ, жабындылары қалыпты. Тілінде сызаттар, ойық жаралар жоқ. Шырышты қабаты қалыпты. Тісі емдеуді талап етеді. Жұмсақ және қатты таңдайларының түсі қалыпты. Жақ лимфа бездері үлкеймеген, жұтынуы еркін.

Іші жұмсақ, тыныс алу актісіне қатысады. Пішіні қалыпты формалы, симметриялы. Асқазан мен ішектердің перистальтикасы қалыпты. Тері жабындысы қызғылт.

Пальпация

1.Беткейлі салыстырмалы және ориентарлі пальпация – ауырсыну сезімдері оң жақ қабырға астында байқалады. Құрсақ бұлшық еттері қатаймаған. Құрсақтың перитонеальді тітіркену симптомы – Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.

2. Ортнер, Мерфи, Кер симптомдары оң.

3. Іштің орта сызығы бойынша операциядан кейінгі тыртық байқалады, жағдайы қалыпты.

4. Образцов-Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпация жасағанда, барлық ішектердің және асқазан бөлімдерінің орналасуы қалыпты, аздаған ауырсынуы бар, өлшемдері қалыпты, жылжымалылығы дағдылы.

Перкуссия

  1. Құрсақ қуысына топографиялық перкуссия жүргізу өте қолайсыз, өйткені асқазан мен ішектерден үлкен резонансқа сәйкес қолайсыз тимпаникалық дыбыс естіледі. Сондықтан да әлсіз, жеңіл перкуссия жасалды.

  2. Құрсақ қуысында патологиялық үрдістер анықталған жоқ. Науқастың шалқайып жатқандағы, тұрғандағы, бүйірімен жатқандағы жағдайында құрсақ қуысында еркін сұйықтық кездеспеді.

Іштің аускультациясы

Іштің аускультациясы кезінде ішектің перистальтикасымен байланысты пайда болатын, қайталанып отыратын ішек шулары естіледі. Іш қалқасының және қарынның көкетінің үйкеліс шуылдары байқалған жоқ.

Гепато-лиенарлы жүйе

Бауырды сипап-сезгенде ауырсынусыз. Курлов бойынша өлшемдері 10х5х8. Консистенциясы жұмсақ, беті тегіс.

Көкбауыр қолға сезілмеді.

Несеп шығару ағзалары

Бүйрек аймағында ісінулер жоқ. Сипап-сезгенде ауырсынулар жоқ. Пастернацкий белгісі теріс. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.

Эндокринді жүйе

Пальпациялағанда қалқанша безінің көлемі ұлғаймаған, беті тегіс, ауырсынбайды. Гипертиреоз белгілері байқалмайды.

Жүйке жүйесі

Есі анық, сұрақтарға дұрыс жауап береді, есте сақтау қабілеті жақсы. Иіс сезу, дәм сезу қабілеті қалыпты. Көз қарашықтарының көлемі қалыпты, жарыққа реакциясы сақталған, көру өткірлігі жақсы. Есту және вестибулярлы аппарат қызметі патологиясыз. Мимикалық бұлшықеттері, жұту, тіл қозғалуы қалыпты. Сөйлегенде бұзылыстар байқалмайды. Науқастың жүруі қалыпты. Қозғалу координациясы қалыпты, қалтырау, дірілдеу байқалмайды. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары рефлекстері қалыпты. Патологиялық рефлекстер анықталған жоқ. Беткей және терең сезімталдық қалыпты. Дермографизм қызыл, басталу уақыты 15 сек., кету уақыты 1.5 мин.