
- •І. Науқас туралы жалпы мәліметтер.
- •Іі. Науқастың шағымдары.
- •Ііі. Аурудың пайда болу және даму тарихы
- •Іv. Өмір тарихы
- •Аурудың қазіргі жалпы жағдайы
- •Тыныс алу жүйесі.
- •Болжам диагноз
- •Науқасты қарап тексеру жоспары.
- •Зертханалық көрсеткіштер, басқа да қосымша тексеру әдістері.
- •Жалпы қан анализі. 10.05.13ж
- •Қанның биохимиялық анализі.
- •Жалпы зәр анализі 10.05.13ж
- •Нәжісті ішек құрттарына тексеру. 10.05.2013 жыл
- •Коагулограмма 10 .05.2013 жыл
- •Клиникалық диагноз және оны негіздеу.
- •Температуралық парақ
- •Емдеу жоспары:
- •Күнделік
- •Шығару эпикризі
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА Университеті
Кафедра: №2 хирургия
Оқытушы: Акимжанов К.Д..
Науқас: Мурзина Валентина Алексеевна.
Клиникалық диагноз: Жедел флегмонозды-калькулезді холецистит.
Курация басталған күн: 13.05.2013 жыл
Курация аяқталған күн: 17.05.2013 жыл
Куратор: Жумабаева К. 414 топ ЖМФ
Семей қаласы 2013 жыл
І. Науқас туралы жалпы мәліметтер.
Тегі, есімі, әкесінің аты: Мурзина Валентина Алексеевна.
Жасы: 7.07.1942 жыл ( 71жаста).
Жынысы: әйел адам.
Ұлты:орыс.
Атқаратын қызметі:зейнеткер.
Тұрақты мекен жайы: ШҚО, Семей қаласы, о. Палковничи үй - 29,
2- ші пәтер. Ауруханаға түскен уақыты: 08.04.2013 жыл.
Ауруханадан шыққан уақыты:
Жолдамадағы диагноз: Жедел калькулезді холецистит.
Клиникалық диагноз: Жедел флегмонозды-калькулезді холецистит.
Іі. Науқастың шағымдары.
Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезімі, әлсіздік, жүрегінің айнуы.
Ііі. Аурудың пайда болу және даму тарихы
(Anamnesis morvi).
Науқастың айтуы бойынша 3 күн бойы ауырған. Майлы тағам жегеннен кейін оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезімі, әлсіздік, жүрегінің айнуы мазалаған. Үйде ешқандай ем қолданбаған. Ауырсыну сезімі қатты болғандықтан, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.
Іv. Өмір тарихы
(Anamnesis vitae)
Науқас семей қаласында 7.07.1942 жылы дүниеге келген. 3 бауыры бар. Кішкентай кезінде жасына сай өсіп жетілген. Жасына сай мектепке барып, оны 5-пен 4-ке бітірген.Қазіргі уақытта жұмыссыз,зейнеткер. Екі баланың анасы. Тұрмыс жағдайлары орташа, 4 бөлмелі үйде жолдасы мен екінші баласымен бірге тұрады. Пәтерлері таза, жарық, үнемі тазалау жұмыстарын жүргізіп тұрады.
Басынан өткерген аурулары: кішкентай кезінде қызылшамен, жиі қайталанып тұратын баспамен, жедел респираторлы аурулармен ауырған.
Зиянды әдеттерден аулақ, темекі, арақ-шарапты пайдаланбайды. Мезгілімен егулерді алып тұрады. Жеке бас гигиенасын сақтап, таза киімдерін үнемі ауыстырып отырады. Таза ауаға серуенге жиі шығады.
Науқастың айтуы бойынша жанұясында тұқым қуалаушылық аурулары жоқ.
Аурудың қазіргі жалпы жағдайы
(status praesens)
Аурудың қазіргі жағдайы орташа ауыр. Науқас палаталық режимде. Ақыл-есі анық.
Бет әлпеті қалыпты. Басы мен мойнының көлемі өзгермеген, бас мен мойнының орналасуы қалыпты, ісіктері, деформациялары жоқ.
Көз және айналасындағы аймақ қалыпты, ісіктері жоқ, түсі қызғылт. Қалпы және түзу қарашықтар, жарыққа реакциясы қалыпты. Құлағы жақсы естиді. Ауыз қуысының қалпы дұрыс, бұрыштары симметриялы.
Дене бітімі дұрыс, конус тәрізді, конституциялық тип – гиперстеник.
Тері жабындары қызғылт. Терінің депигментациясы байқалмайды, эластикасы мен қатаюы қалыпты. Тері асты қан құйылулар жоқ. Ылғалдылық дәрежесі қалыпты. Бөртпелер, жарықтар, тыртықтар жоқ. Шаштары мен тырнақтарының қалпы қалыпты.
Шырышты қабаттарының (еріннің, мұрынның, көздің, қабақтың, таңдайдың) түсі ашық қызғылт. Шырышты қабатта бөртпелер, басқа да өзгерістер анықталмайды.
Тері асты май қабатының дамуы нашар. Ісінулері жоқ.
Лимфа түйіндері қолға сезілмейді, үлкеймеген. Сипап-сезу кезінде ауырсынусыз. Шеткі ісіктер жоқ.
Бұлшық етінің даму дәрежесі қалыпты, тонусы да қалыпты Сипап-сезу кезінде ауырсыну сезімдері жоқ.
Сүйектері қалыпты, деформациясыз. Кеуде, қабырға, омыртқа, бас қаңқасының тегіс сүйектері, түтік сүйектерін пальпация мен соғу кезінде ауырсынусыз.
Буындарының конфигурациясы қалыпты. Буын айналасында тері түсі қалыпты. Қозғалғанда, сипап-сезгенде ауырсынусыз. Сықыр мен флюктуация байқалмады.