Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.86 Кб
Скачать

Қосымша әдебиет:

1. Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг. Алматы - 2000.

2. Дүйсенбекова Л. Ісқағаздарынқазақшажүргізу . Алматы: Анатілі, 2011

3. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Қазақ тілі: ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі. Алматы - 2000.

4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Іс жүргізу және мұрағат ісі. Алматы, 2000.*

5. Бейсембиев Б.Қ. Іс қағаздарының қысқаша оқу сөздігі. Алматы, 2010

6. Тұрлыбекова Ж.А., Қаюпова Ұ.Қ. Қазақша – орысша, орысша – қазақшы ресми – іскери сөздік. «Руханият» Астана, 2010

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 – балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Қазақ тілі пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташа арифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы: Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7 (баға саны)=72 (1Аб).

1 аралық бақылауда(АБ) бұл студент 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды.

Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ) : 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс(жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).

Себепсіз практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырманың бағасын 60балға, практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 40 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.

Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)

Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]