- •Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014
- •2. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
- •3. Пән мазмұны
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм қазақ және орыс тілдері кафедрасы
- •Силлабус «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәні бойынша
- •Алматы, 2014
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарын топтастыру
- •Түйіндеме
- •Өмірбаян
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Түсініктеме
- •Мінездеме
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Кепілдеме
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Тапсырыс
- •7.Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14.Демалыс алу тәртібі:
- •15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16.Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17.Келісімнің тоқтатылуы:
- •18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •21. Келісімге қосымша:
- •Хаттама
- •Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Ақпарат хат
- •Ресми хат
- •Хабарландыру!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Глоссарий
- •Бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған материалдар
- •Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
- •Түйіндеме. Тапсырмалар:
- •Менің анкетам
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
Ауызекі сөйлеу стилінде Аружан анықтама алды десек, іс қағаздары стилінде Бектаева Аружанға анықтама берілді деп жазылады. Мысалы, тілдің бірнеше стилінде дерлік қолданылатын өмірбаянға тоқталайық. Төменде көрсетілген өмірбаянның ерекшеліктеріне қарай қайсы нұсқасы қандай стилге жататынын табыңыз.
А нұсқасы Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен. Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген. Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін ондайды ұнатпасам да ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар болған сияқтымын, жылауық болмаппын.
|
Ә нұсқасы Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жазаның құрбаны болды. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі. Ш.Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін жетілдіру үшін М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хикаясы бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тіліне, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүниежүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгерлердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.
|
Б нұсқасы Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында туылдым. Ұлтым – қазақ. Әкем – Сұлтанов Айхан, орта мектепте мұғалім, шешем – Омарова Гүлсім, ауылдық ауруханада дәрігер. 1981 жылы Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті бітіріп, Қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім. 1986 жылы үздік бітіріп, қазақ тілі мамандығы бойынша аспирантураға қабылдандым. 1989 жылы оқытушылық қызметке аталған институтқа қалдырылдым. 1995 жылы «Шырай категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым. Тұрмыстамын, жолдасым – Омаров Серік Бекұлы, 1961 жылы туған, «Алматықұрылыс» акционерлік бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Ұлым – Омаров Нұрлан Серікұлы, 1992 жылы туылған, №34 гимназия оқушысы. Мекенжайым: Алматы қаласы, Манас көшесі, 21 үй, 2 пәтер. Үй тел: 2-40-41-47.
|
