Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.86 Кб
Скачать
  1. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар

1-тапсырма. Жеке адам өміріне қатысты құжаттардың тақырыбын белгілеу 1-2 апта

2-тапсырма. Берілген тақырыптар бойынша құжаттар жазып, папка дайындау 3- 4апта

3-тапсырма. Жасаған папкалары бойынша жазған құжаттарын қорғау 5-7 апта

  1. Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)

1-тапсырма. Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжат үлгілерін жинау 8-апта

2-тапсырма. Жиналған құжат үлгілерін жүйеге келтіру 9-10 апта

3-тапсырма. Жиналған құжат үлгілерін топтастыра отырып, жорнал дайындау 11-12 апта

4- тапсырма. Дайындаған жорналдарын қорғау 13-14 апта

Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы

1. Журнал толығымен қазақ тілінде дайындалуы тиіс.

2. Журналға атау, таңба ойластырып, оған журналдың бірініші бетіне бас редактордың мақаласы ретінде негіздеме жасау. Журналдың атауы, таңбасы мамандыққа қатысты қазақ тілінде болғаны жөн. Ол ерекше заманға сай, тартымды болуы керек.

3. Журналдың ішінде редакциялық алқаның құрамы көрсетілуі керек. Редакция мүшелерінің суреттері (редактор, журналистер, фототілші, корректор т.б), лауазымдары, атақ дәрежесі, журналдың нөмірі, мазмұны, бағасы, таралымы, шыққан баспасы, қаласы, байланыс мәліметтері салынуы керек.

4. Журнал сыртқы мұқабасын қоспағанда кем дегенде 12 беттен тұруы керек.

5. Журналдың әрбір беті қызықты, мазмұнды, кәсіби-танымдық материалдардан, ақпараттардан, сұхбаттардан, студенттік өмір оқиғаларын баяндайтын мәліметтерден, суреттерден, жарнамалардан құралады.

6. Мақалалар топ мүшелерінің атынан дайындалып, ұсынылады. Таңдап алған проблемаларға қатысты бірнеше мақалаларды оқып, өзіндік көзқарасты, пікірді өз мәтініңе айналдыру қажет.

7. Әрбір мақала өте ұзақ емес, өзекті, тың, болашақ мамандар үшін пайдалы, бүгінгі таңдағы күрделі, даулы тақырыптарды қозғауы тиіс.

8. Журнал бетінде қолданылған кәсіби сөздер мен терминдердің, сөз орамдарының глоссарийі берілсе.

9. Сондай-ақ жалпы қаржы саласына қатысты қазақы ұғымдардың түсініктемесі, мақал-мәтел, нақыл сөздер, жұмбақтар, күлкілі оқиғалар да іріктеліп салынуы тиіс.

10. Журнал бетінде қазақ тіліндегі жарнамалар, бос жұмыс орындарына хабарландырулар беруге болады.

11. Журналдың бір беті студент шығармашылығына берілсе, мүмкіндігінше университет «жұлдызын» ашып, оның суреті, шығармашылығы, қысқаша өмірбаяны салынуы тиіс.

12. Журнал бетіндегі суреттер студенттердің төл туындылары болуы тиіс.

13. Журнал бетіндегі ақпараттар стильдік, грамматикалық жағынан сауатты болуы тиіс.

14. Университет өміріндегі жаңалықтар, шешімі табылмай отырған мейлінше күрделі мәселе бойынша кейбір мамандардан алынған сұхбаттар беруге болады.

  1. Жұмыс істеп жүрген университет түлегінен сұхбат алып, болашақ мамандарға кеңестер беруге болады.

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

  1. Дүйсенбекова Л. «Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу». Алматы – 2011*.

  2. О.М. Әбутәліп, М.Жағыпарова «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу», А.ҚБТУ, 2011 жыл.

  3. Шоқанова « Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» Алматы: «Баянжүрек» 2010*

  4. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары. Астана- 2000.

  5. В.И.Скала, Б.В.Скала, Н.В.Скала Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу. Алматы – 2006*.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]