Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.86 Кб
Скачать

Дәрістердің қысқаша конспектісі

Кіріспе

Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге байланысты көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Солардың бірі құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу. Осыған орай 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жоғары оқу орындарда «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы оқытыла бастады. Кез-келген Қазақстан азаматының мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе білуі қазіргі заман талабы болып отыр.

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы» құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелері мен стандарттарына сүйене отырып оқытылады. Бұл курсытың мақсаты – суденттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын саутты жазуға үйрету; құжаттардың дұрыс безендірілуін меңгерту; іс қағаздар стилінің өзінідік ерекшеліктерімен таныстыру; құжаттарды толтырудың жалпы ережелерін меңгерту.

Кез-келген кәсіпорын, мекеме т.б. басқару аппаратының жұмысы құжаттарды жасау орындау және рәсімдеу арқылы жүргізіледі. Басқару аппаратындағы қызметкерлердің жұмысы құжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды,екіншілері олардың рәсімделуін және жіберілуін қамтамасыз етеді, үшіншілері осы құжаттарды басшылыққа алып, солардың негізінде жұмыс істейді, шешімдер қабылдайды.

Мекемелер мен кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық, қаржылық және қоғамдық қызметтің әр түрлі мәселелері бойынша көптеген құжаттар жасалады. Сан алуан мәселелер бойынша бұйрықтар шығарылады, шешімдер қабылданады, келісім шарттар жасалады т.б. «Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады» (Скала В.И.).

Іс қағаздарын жргізуге байланысты шыққан оқулықтарда іс қағаздарын жргізудің екі кезеңнен тұратындығы айтылады – құжат айналымы және құжаттау.

«Құжат айналымы мекменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Олар: қабылдау, орналастыру, тіркеу, орындалуын бақылау, анықтау, іс құру, оларды сақтау, жүзеге асыру, құжаттарды мекемелерге жіберу. Құжаттардың түрін жасау процесінің біртұтастылығымен мекеме, ұйым және өндіріс қызметі бейнеленеді.

Құжаттау ісіне – құжатты дайындау, құру, келісу, толтыру және оны жасау операциялары кіреді. Құжаттау жүйесінің мақсаты белгілі бір талаптардан және құжат жасау нормаларынан тұрады.

Бұл нормалар заң актілерімен белгіленген. Оларға нұсқаулар мен іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ведомстволық нормативтік құжаттар жатады» (Т.Дүйсебаева).

“Ресми іс қағаздары” термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді.

Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары

Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:

- саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

- әлеуметтік (қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

- ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);

- құқықтық (заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

- тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

- ресмилік (міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:

  1. құжаттарды дайындау;

  2. құжаттарды жолдау, тіркеу;

  3. сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

  4. құжаттарды қолдануға дайындау;

  5. құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;

  6. құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары

тіл білімі

педагогика

тарих

саясаттану

мұрағат ісі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]