Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.86 Кб
Скачать

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Бакалавриат білім беру бағдарламасы

(орта кәсіби білім)

Алматы, 2014

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ

Оқу-әдістемелік Кеңесшешіміменбекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

« ___ » __________ 20__ ж., № __

Бакалавриат білім беру бағдарламасы

Мамандықтар: 5В050600– Экономика,

5В050700–Менеджмент, 5В051100–Маркетинг,

5В050800–Есеп және аудит, 5В050900–Қаржы,

5В091200–Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі,

5В090900–Логистика, 5В070400–Ақпараттық технологиялар,

5В091200- Аймақтану, 5В090800-Бағалау, 5В051400-Қоғаммен байланыс,

5В031000- Құқықтану

Оқу түрі: күндізгі

Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014

Құрастырғандар:

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, ф.ғ.к., доцент О.М.Әбүтәліп ___________

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, п.ғ.магистрі, аға оқытушы Б.Бейсембиев __________

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы «Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және «Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізінде 5В050600– Экономика, 5В050700–Менеджмент, 5В051100–Маркетинг, 5В050800–Есеп және аудит, 5В050900–Қаржы, 5В091200–Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, 5В090900–Логистика, 5В070400–Ақпараттық технологиялар,5В091200- Аймақтану, 5В090800-Бағалау, 5В051400-Қоғаммен байланыс,5В031000-Құқықтану мамандықтары үшін құрастырылған.

.

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқылынған

№ «_____» хаттама__________________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі_______________________ Г.Садыр

1 Алғы сөз

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазіргі таңда қазақ тілі мамандарының алдына қойылып отырған міндеттер көп. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары» аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар екені белгілі. Осыған орай № 769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» үкіметтің қаулысын негізге ала отырып, біздің жоғары оқу орнында мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсы оқытыла бастады. Ұсынылып отырған «Іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйене отырып жасалды. Студенттерге ұсынылып отырған бағдарлама іс қағаздарын толтыруды үйренудің нақты түріне бағытталған.

«Іс қағаздарын жүргізу» курсы оқыту практикалық сабақтар, ОБСӨЖ (Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін жұмысы), СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тілді жоғары экономикалық оқу орнында оқытуға байланысты ұсынылып отырған бұл бағдарламаның құрамына төмендегідей элементтер кіреді:

  • оқытылатын пәннің өзектілігі;

  • оқытудың мақсаты мен міндеті;

  • пән бойынша алдыңғы және кейінгі деректемелер;

  • студентте дамытылатын білім, білік, дағдылар, құзіреттіліктер.

Курстың өзектілігі:

Бұл бағдарлама академиядағы экономика және ақпараттық технология мамандықтарының қазақ, орыс және ағылшын бөлімі студенттеріне ресми құжаттарды: «Жеке адам өміріне қатысты құжаттар», «Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар», «Басқару органының ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттарын» тілдік нормаға сай жаза білуді, іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін, іс қағаздарын сауатты толтыруды меңгертеді.

«Іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы негізгі екі бөлімнен тұрады: практикалық сабақтар және студенттердің өздік жұмыстары.

Курстың міндеті:

  • Іс қағаздары туралы толық түсінік беру;

  • Іс қағаздарының түрлерімен, оларға қойылатын талаптармен, олардың рәсімделуімен, лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру;

  • Құжат үлгілері бойынша сауатты толтыруға дағдыландыру;

Курстың мақсаты: Студенттерге мемлекеттік тілдегі құжаттарды сауатты толтыру ережесін, құжаттарға қойылатын талаптарды жете меңгерту; іс қағаздар стилінің өзіндік лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру.

Алдыңғы деректемелері: «Қазақ тілі» пәнінен алған білім дағдылары.

Соңғы деректемелері: Студенттер іс қағаздарын мемлекеттік тілде оқып, жаза және аудара алатындай болып, күнделікті практикада қолданып, білімдерін ары қарай жетілдіре алатындай дәрежеде болуы керек.

Курсты бітірген студенттер оқу пәні бойынша төмендегі құзіреттіліктерді меңгеруі қажет:

  • Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуі және оның атқаратын әлеуметтік қызметін толық білуі;

  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазуы және құжат түрлерін білуі;

  • Ұйымдардың, мекемелердің басқару аппаратында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізуді» ұйымдастыра білуі;

  • Құжаттарды рәсімдеу талаптарын білуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]