Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАСТАННЫ БІЛІМ БЕРУ ЖЙЕСІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.16 Кб
Скачать

2.4. Кәсіптік білім беру жүйесі

 

Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4 жылға дейін болады.

Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік  лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады.

Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.

Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Жұмысшылар мен мамандардың, басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру – сауықтандыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер өкімет басқару органдары бекітеді.    

2.5. Білім берудегі гендерлік стереотип

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздіктің көк байрағы көгімізде көрінгелі соңғы он жылдық мерзімінде еліміздің экономикалық жағдайында көптеген өзгерістер еніп, мемлекетіміздің білім беру саласы алға ілгерілеп, көптеген келелі мәселелер көтерілді. Соның бірі - әлем елдерінің  көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының  мыңжылдық декларациясындағы (2000 жыл)  ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары  мен мүмкіндіктерін кеңейту, яғни гендерлік  мәселелер.

Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен  аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. «Гендер»  термині әлеуметтік процестерді түсінуге арналған талдау құралы [2].

Білім беру мазмұнындағы гендерлік білім беру мәселесіне қалам тартқан ғалым-зерттеушілер Н.Д. Нуртазина гендерлік мәселені ғылыми – теориялық тұрғыда негіздесе, А. Тазабекова гендерлік білім беру мәселесін қарастырды.

Қазақстандық зерттеушілер Е. Шарутина гендерлік стереотипке өзіндік тұрғыдан  анықтама беруге тырысқан [3]. Ш. Берннің пайымдауынша, гендерлік стереотиптер – ерлер мен әйелдердің тең құқылы сұқбаттастығы мен әлеуметтік ынтымақтастығына ең басты кедергілер [4].

Гендерлік стереотиптер көп жағдайда әлеуметтік нормалар тәрізді қабылданады. Жүйеленген және ақпараттық қысым бізді гендерлі нормаларға бағынуға мәжбүр етеді. Себебі біз ерлер бір іспен, ал әйелдер басқа іспен айналысатын гендерлік айырмашылық табиғи болып саналатын мәдениетте өмір сүреміз. Сондықтан гендерлік рөлдерді қабылдап, оларға бағынамыз. Тіпті үш жасында бала өзін ерлер немесе әйел жынысына жатқызады. Бұл шақта бүлдіршіндер ерлер мен әйелдер іс-әрекетінің айырмашылығын байқай бастайды. Жеті жасқа келгенде бала гендердің тұрақтылығын және оны өзгерту мүмкіндігінің жоқтығын түсінеді.

Еліміздің экономикалық жағдайы қарқынды ілгері дамыған сайын халықты жаппай гендерлік білім мәселелерімен сауаттандыруда арнайы орта, арнайы, жоғары білім беру ордаларына арналып оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар дайындау ұйымдастырылуда.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде білім беру жүйесі адамзаттың жан-жақты білім алып, интелегент дәрежесіне жетуге, дүниеде болып жатқан түрлі құбылыстарды танып білуге бағытталған.. Осыған орай біз әлеуметтік норманы қалпында сақтау үшін:

    • орта білім беру ордаларында гендерлік біліммен қаруландыруда жасөспірім ұл мен қыз қоғамдағы әлеуметтік- құқықтық рөлін жасынан біліп өсуге, оларды ұл, қыз деп бөле жармай  саяси- мәдени өмірге тең дәрежеде белсене араласа білуге дағдыландыру;

    • кәсіби арнаулы және жоғары білім беру ордаларында дәстүрлі орын алған стереотиптерді (мәселен, қабілеті, жеке ерекшелігі жете тұра ұл балалардың педагогикалық мамандыққа бармауы, қыз балалардың техникалық мамандықтарды таңдамауы т.б.) өзгертуге жеке бас қабілетіне қарай, мамандануын алдын ала ұйымдастыру қажет.

Сонымен, білім мен  тәрбие беру – бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі – болашық  мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат оқушылады адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы: Литера, 2000. - 96 б. 

2. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.  3. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995.  4. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998. 

5. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999.

6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

7. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

8. Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984. 613-б

9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

10. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

30