Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
test_po_SNMP_802.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.41 Mб
Скачать
  1. Бронх демікпесі

  2. созылмалы бронхит

  3. +жіті бронхит

  4. құрғақ плеврит

  5. пневмония

380. Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.

Болжам диагноз:

  1. . Өкпе артериясыныңң тромбоэмболиясы

  2. +Бронх демікпесі. Орташа ауырлықтағы ұстама. ТЖ I

  3. Екі жақты ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I

  4. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальды өкпе ісінуі .

  5. Бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәрежесі. ТЖ III.

381. Науқас 24 жаста. Құрғақ, қатаң, «үрген» тәрізді жөтел, тұншығу мазалайды. Анамнезінде: қатты суық тиіп апта бойы ауырған. Қарап-тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта.Мойын бездері екі жағынан ұлғайған, басқанда шамалы ауырады. Бездердің айналасындағы тіндер ісінген, дауысының қарлығуы үдеген. Аңқасын қарағанда: ақ сұр түсті қиын алынатын жабындылармен жабылған. Тынысы шулы. ТЖ- 22 минутына.Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Қандай ауыру туралы ойлауға болады?

  1. +шынайы дифтериялық круп фонында жітілеу көмей стенозы

  2. жіті фарингит

  3. демікпе статусы

  4. созылмалы фарингиттің өршуі

  5. кеңірдекте бөгде зат

382. Науқас Д., 55 жаста. Кәсібі көлік жүргізушісі. Шырышты– іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Аталған шағымдар бүгін күндіз басталған. Суықта тұрып ұзақ уақыт көлігін жөндеген. Ешқайда қаралмаған, ем қабылдамаған. Бұрын 10-15 жылдан бері таңертіңгісін құрғақ жөтел мазалап жүрген. дене температурасы 37,5 С. ТЖ – 23 минутына. Өкпе аускультациясы: өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірікөпіршікті сырылдар. Өкпе перкуссиясында қорап тәрізді дыбыс. Болжам диагноз:

  1. пневмония

  2. бронхэктаз ауруы

  3. +созылмалы обструктивті бронхит

  4. өкпе туберкулезі

  5. жіті плеврит

383. 30 жастағы науқас К., ауыр жағдайда кешке көшеде табылды. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмайды. Объективті: тері жамылғыларының бозаруы. Зорлау белгілері анықталған жоқ. Аузынан алқызыл қан бөлінеді. ТЖ 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

  1. Асқазан-ішектен қан кету

  2. +Өкпеден қан кету

  3. Кеуде клеткасына енген жарақат

  4. ӨАТЭ

  5. өкпе ісінуі

384. 82 жастағы науқас В.,тәулігіне 1 стаканнан артық бөлінетін сирек жөтелге, кеуде клеткасындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: бірнеще жылдан бері ауырады, 1 ай ішінде дене салмағы және тәбеті бірден төмендеген. Кезеңді түрде стационарлық ем, соның ішінде химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Науқас жүдеген. Тері жамылғысы бозғылт. Қайғырған бет бейнесі. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 100 соққы, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  1. + Өкпе рагы, өкпеден қан кетумен асқынған

  2. асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған

  3. Кеуде клеткасына енген жарақат

  4. Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

  5. ӨАТЭ

385. 70 жастағы науқас П., көп мөлшерде алқызыл түсті қанның бөлінуімен қатар жөтелге шағымданады. Анамнезінен: бронхөкпелік аурумен ұзақ мерзім бойында ауырады. Объективті: тері жамылғысы жер тәріздес реңмен қосарласқан бозғылттау. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 120 рет мин, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда қандай препаратты тағайындауға болмайды?

  1. викасол

  2. аминокапрон қышқылы

  3. дицинон

  4. кальций хлорид

  5. +гепарин

386. 56 жасар науқас А., ес-түссіз күйінде көшеден табылды. Кеуде клеткасының тұсында көйлегінде қан ізі анықталады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр.кахексиялы. Тері жамылғысы бозғылт .Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қолының саусақтарының басы «барабан таяқшалары» тәрізді. Қарап тексеру кезінде ауыз қуысында қан аралас сілекей қалдықтары анықталды. Өкпесінің оң жағында везикулярлы тыныс әлсіреген, майдакөпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

  1. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  2. + өкпеден қан кету

  3. кеуде клеткасына енген жарақат

  4. асқазан-ішектен қан кету

  5. өкпе ісінуі

387. 40 жылдық темекі шегуден стажы бар науқасты үздіксіз, мазалайтын жөтел, кейде қан аралас, жарты жыл ішінде дене салмағыгың 20 кг азаюы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарлауы мазалайды. Аталған шағымдар қандай сырқатқа күмәндандырады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]