Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БРУЦЕЛЛЕЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.39 Кб
Скачать

БРУЦЕЛЛЕЗ (САРЫП)

Анықтамасы. Бруцеллёз - Вгисеііа бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел жэне созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі - полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орта- лық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді үзаққа оо- зылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.

Тақырыптың өзектілігі. Бруцеллез кең таралған инфекция. Ба- рлық елдерде кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы дамыған ай- мақтарда. Қазақстан республикасы үшін бүл инфекция өлкелік пато- логия деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауыра- ды. Әсіресе, оң түстік аймақтарда ауру кең таралған. Бұның бір себебі - Қырғызстан және Өзбекістаннан әкелінген, тексерілмеген малды ар- зан бағамен сату.

р Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдьщ нашарлануына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалар- дың саны көбейіп жатыр. Мысалға, Оң-тустік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мың тұрғынға 30,9% жаңа ауру тіркелсе, оның ішінде 53% - 14-ке дейін жастағы балалар.

    1. Жедел бруцеллез 40-60% жағдайда созылмалы бруцеллезге ауысады да, 2,7-37% дейінге адамдардың еңбекке қабілетін төмендетіп мүгедектік жағдайға экелу қаупін туғызады. Бұл өте күрделі элеуметтік мәселе.

    2. Өкінішке орай, дәрігерлердің улесіне тек ауруға дер кезінде диагноз қою және емдеп жазып шығару тиіп отыр. Ауруды тарататын мапдар, осыған жауапты ветеринария қызметкерлері. Адамдарда 1995 жылдан бастап ауруға қарсы вакцина қолданбайды, себебі „вакцина- лық патергия" пайда болады. Жануарлар да вакцинациядан кейін ау- ырып, инфекция көзі болып табылады. Бұл күрделі ветеринарлық мэселе.

    3. Бруцеллездің диагностнкасы өте күрделі іс. Клиникалық көріністері полиморфты. Лабораторльщ диагностикасы да қанағатсыз болып келеді, себебі аурудың серонегативті жасырын варианттары жиі кездеседі. Бруцеллездің емі де көңілден шықпайды. III. Николь айтуы бойьгаша: «Бруцеллез — адамға бақытсыздьщ, дәрігерлерге абыройсыздьщ экелетін сырқат."

Тарихи мәліметтер. Адамньщ буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара -терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғьппын тауып, оған Місгососсш шеіііепзіз деген атақ берген.

Заммит (1906 ж.) бүл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын аньщтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банғ пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Васі аЪоПиз Ьоуіз деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғьппты Васі аЬогШз зиіз деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші апщан Брю-

стің құрметіне "Вгисеііа" деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруделлез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кэсіби ауруларға жататыньш аньщталды.

Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Ра- гоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағьгаа белгілі. Солармен бірге М. С. Сьщдыков, К.Д.Дүйсенов, К А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардьщ улесіде зор.

Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы ВгисеІІа

түқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактерияла- рдың номенклатурасын бақьшайтьш Хальщаральщ комитетінің жік- телуі бойынша ВшсеНа тұқьшдастығынын 6 түрін ажырату қажет: В. теійепзіз, В. аЬогіиз, В. зиіз. В. оуіз, В. сапіз и В. пеоіотае. Осы жік- телудің қазіргі заманға дейін күші бар (МЛ. СогЪеІ, 1997).

Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Вшсеііа тұқымдастығыньщ 1 түрі В. теШепзіз жэне оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланьш жатыр (1. М. Уетвег, 1985).

- Қоздырғыштың эр.түріне тэн ие организмдері бар.

      1. В. теіііепзіз иесі үсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бүл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін.

В. теіііешіз - патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпиде- мия, малдьщ арасьшда эпизоотия шақыратын қоздырғыш.^

      1. В. аЬогШз иесі - сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спора- дикальщ ауру шақырады. Осы қоздырғыпгган тірі ващина жасалған (ВА-19).

      2. В. зиіз иелері - шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бүғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғьпп ірі және ^сақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі.

      3. В. оуіз - қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар.

      4. В. сапіз иесі - ит. Адам үшін патогендік әсері бар.

      5. В. пеоіотае иесі - далальщ тышқандар, адам үшін патогенділігі зе- рттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Қүрама Штатгарында бөлінген.

Соңғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған В.гап§і:Ғегі. Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.

Бруцеллалар - ұсақ кокк тәрізді қозмалмайтын, грам теріс, спо- ра, капсула түзбейтін бактериялар. Көлемі 0,5 - 0,7 мкм х 0,6 - 1,5 мкм.. Қоздьфгыштың өсуіне оптимальды темйература қажет - 37 °С (20°С - 40°С). Антңденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып липополисахарид (ЛПС) саналады. Бруцелла антигенінің ЕзсһегісЫа һешіаппі, Езсһегісһіа соіі 0:157, Заішопеііа 0:30, Зіепоігорһототіаз шаііорһіііа, УіЬгіо сһоіегае 0:1 и Үегзіпіа епІегОсоІійса 0:9 антигенде- рімен ұқсастығы бар (М. В. Реггу, Б. К.. Випёіе, 1990).

Бруцелла - жасушалардьгң ішінде мекендейтін қоздырғыш.

Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді: ылғалды жерде - 72 кұн, суда - 90 күн, құрғақ топьфақта - 3-4 ай, малдың жүнінде және терісінде - 1 - 4,5 ай сақгалады. Оның әлсіз жағы - ыс- тықтан қатгы қорқады. Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. - Ісағатта, 50° температурада - 1 сағатта, 60°- 30 мин., 70° - 10 мин.арсында тірпгілігін жояды, қайнатқанда (100°) тез өледі. Дезин- фекциялық еріінділеріне (0,2-1% хлорлы әк, 0,5% - лизол, 0Д% - фо- рмалин, 1% - креолин) төзімсіз.

Бруцеляаларға құбылмалық тән: физикалық, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың эсерінен өзінің морфологияльщ, культуралді, тинкториалді қасиеттерін, антигендік құрылымын, вируленттігін озгертеді. Бруцел- лезбен ауыратын науқастардың бактериологиялық, серологиялық зер- ттеулердің теріс болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бру- цеялалалар 8- түрінен К-түріне жиі ауысады. Соидықтан бруцелла- ланың турін знықтау үшін адам немесе жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет.

Эпидемиологиясы.

Бруцелле - нағыз зооноз. Адамдардың ауыруы жануар популя- циясында өтегін эпизоотияльщ процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нэтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотакалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушьшық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойы- нша бұл көрсегкіш 30-ға жетті (100 мың түрғынға шаққанда). Бірақ бүл көрсеткіп тек бірінші рет аньщталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді.

Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесе 3 негізгі звено- дан тұрады: ауру көзі, таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.

1. Аурудың көзі - жануарлар (еппсі мен қой, ірі қара мал, іпошқа). Қазіргі бруцеллездің эпидемиологиялық ерекшілігі - бруцелла өзіне тэн иесінен тән емес иесіне миграциясы. Соңғы кездерде мал далада жайылмайды, бір қора да ұсталады да Вгисеііа теіііешіз ұсақ маЛдан ірі қара малға аусып, сиырдың сүгі, еті арқьшы жзргады. Эпидемиоло- гиялық анамнез жинаған кезде ауру сиырдан ж^гады, ал науқастан және зақымдалған тағамнан Вшсеііа теіііепзіз бөжнеді.

Көптеген бақылауларға сүйенсек, науқас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес, өйткені, адам бруцеллаіарға „биологияльпс түғырық" болып табылады. Өте сирек жағдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың әртүрлі бөлінділерінен (зәр, емшек сүті, плацента, қағанақ сұйықгығы) бруцеллез қоздыіяъппынык табылуы мүмкін. М. Запйс-Раіуішс және соавт. (1983) залалданған теңіз шошқалармен қарым-қатынаста болған микробиологиялық зертхананың техникалық қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаған. Науқастың қанынан Вшсеііа теііпіепзіз биовар 2 дақылы бөлініп глынған. Қызметкер ау- ырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырады, оның қанынан дәл сондай дақыл табылған. ¥рық туьшу барысында заіалданған кдғанақ суын жұтьш қойған жағдайда залалдануы мүмкін М. Наззід (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасьшан5 баласьгаа траісплацентарлы және тра- нсамниотикалық жолдарымен берілуі мүлікін. Емшектегі балалар емшек сүті арқылы заладануы ықтимал.

І.Таралу жолдары менфаюпорлары

Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл ин- фекцияның басты :йатогенетикальщ ерекжелігі - бруцеллалардың жүкті Жануарлардың жыныс мүшелеріне жэне даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары органотропТыхығы. Жыныс жүйелерінде қоздырғьпптьщ қарқыңды көбеюі: үрықтыд өлуіне, түсік тастауға, эн- дометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс жолдарындағы бөлінділермен және ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионнан миллиардғд дейін микроб жасушалары болуы мүмкін. Бруцеллездің белСенді эпизоотия кезінде отарда он- даған, кейде жүздеген мал түсік тастап, оньщ әркайсысЫ 1,5-2,0 л за- лалданған материал бөлетінін ескерсеқ онда бруцелллардың малша- руашылық мекемелерінде, жануарлардың тұратын, су ішетін жэне

жайылатын жерлерінде қоздьгрғыштың жайылу қарқындылыгын еле- стетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде бөлінеді, ал 2-3 айдан соң сау-түрақты емес, ал 7 айдан соң тоқтайды. Мал төлдегеннен соң бруцеллалар малдардың сүт безі- нде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айға дейін анықгалады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде және мал толдеген мезгілде малды қырқүға қатысу кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді жүқтыру қаупі жоғары. Шикізатты өңдеуте байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін бөлшектеу, терісін өңцеу, жүнін өңдеу жэне басқа ауылшаруашалық жұмыстары) өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бұл кезде залалдану жарақаттанған жэне сау тері арқылы жүзеге аса- ды.

Алиментарлы жол шикі жэне термикалық өндеуден шала өткен малшаруашылық өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері - қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) арқылы жүзеге асады. Еш- кі - қой тапті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция фе- номены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала түрғындарының арасында, эсіресе балалардың арасьшда бруцеллездің таралуьша маңызды орынға ие болып отыр. Охіогё Іехі Ьоок оГ Ме(іі- сіпе мэліметі бойьшша 500 адамды зерттегенде, 70% жағдайда пастерленген сүтті жэне жүмсақ ірімшікті қолданғанда залалдану байқалған. Жоғары вирулентті қоздырғышпен залалданған сүтті қолданған жағдайда эпидемиялық өршулер пайда болады. Аурушылдық топтық-жанұялық сипат алады жэне ошақтан тыс жерге таралады. Осындай жағдайларды эпидемиологиялық зерттегенде а>фу көзі ірі қара мал болғаны, ал бөлініп алынған бруцелла дақылы ешкі- қой түріне жататыны анықталды. Инфекцияның таралуының эртүрлі факторларының эпидемиологиялық маңызын бағалау үшін бруцеллалардың түрақтылығын ескеру қажет. Сүтте, қаймақта, сары маида, ірімшікте бруцеллалар қальшты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде (простокваша, сүзбе) - 2 күн, ал төмен температурада (тоңазытқышта) - 18-20 күн, әлсіз түздалған (10%) жэне элсіз қышқыл уызда - 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың сүтте, әсіресе ешкі сүгінде ұзақ сақталуы оның эпидемиологиялық ролін аньщтайды. Пісірілмеген бір стакан сүтті ішкен адамның ауырған жағдайы белгілі. Мал төлдегеннен кейін бірнеше күн бойы алынған уыз өте қауіпті, өйткені бұл мезгілде бруцеллалар сүтпен өте көп мөлшерде бөлінеді. Қоздырғыш үлкен қашықтыққа тарап,

адамдардың топтап ауыруын шақырады. Сүттің қышқылдығы мен қоршаған орта температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғүрлым бруцеллалардың сақталуы төмендейді. Бруцеллалар қымызда 1-3 күн, Тернер бойынша қышқылдьвғы 80°-қа жэне спирт денгейі 1,5-2°-қа жоғарьшаса 2 тәулікке дейін сақталады (Щ. Букейханова, 1952).

Етте және ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және қүрамындағы түздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнге дейін тіршілік етеді. Бүл фактор ет өңдеу өндірістердің жүмысшыларына және тутьшушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе, жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатын еттің интравитилді залалдануы қауіпті. Түсік тастаған жануарлардың еті аса қауіпті, ал ол жануарлардың ішіндегі үрықгың асқазанында бруцеллалардың таза дақылы табылған (М.М.Ременцова,1969). Бруцеллалардың полнпатогенділігі мен едәуір түрақтылығы олардьщ тек қана жануар организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заттарында да сақгалуына әеер етеді. Сыртқы орта заттары сонымен бірге бруцеллездің ауру малдары бар шаруашылықта (күрек, айыр, шелек) таралу факторларына жатады.

Ашық су көзіндегі суды малдар ішкенде жеңіл залалданып, қоздырғыш үзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Ондай су тек эпқдемиологиялық қана емес эпизоотологияльіқ тұрғыдан да қауіпті, өйткені инфекцияның адамға ғана емес, жануарларға да берілу факторы болып табылады.

Аэрогенді жол малдЫ қырыққанда, жүнді сүраптағанда, тарағанда, жануарларды ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық пшкізатты өндегенде, қаракөл қозылар етінен сүйек ет үнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде жүзеге асады. Жүнде, теріде сақгалу жағдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай тіршілігін сақгайды. Жануарладың бұл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарларДың әртүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады. Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 2-3 күндік қаракөл қозылардың терісі қауіпті.

Бруцеллалардың кептіруге тұрақтылығы, олардьщ топырақга және малдың нәжісінде 8 күннен 3-4 айға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Өлген жануарды немесе түсікті дұрыс көмбеген жағдайда, қоздырғыштар тіршілігін жалғастыра береді. Адамдар залалданған нәжісті .бақтарда . тьщайтқыш ретінде, тезек (отьш) ретінде, құрылыска қолданса жэне мал ұстайтын жерді тазалаған кезде залалданады.