- •Қолды Гигиеналық деңгейде тазарТу
- •Қолды антисептикпен тазарту
- •Қолғапты шешу
- •Хлорамин ерітіндісін даярлау
- •Хлорамин ерітінділерін даярлау
- •5% Гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау
- •Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
- •Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
- •I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
- •Iі кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
- •Жуушы ертіндінің құрамы
- •Азопирам байқауы Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді
- •Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)
- •III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
- •Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
- •Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
- •(Жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
- •Науқасты ішімен жатқызу
- •Науқасты арқасымен жатқызу
- •Наукасты қырымен жаткызу
- •Іv. Науқастың жеке бас тазылығы Науқасқа төсек-орын дайындау
- •Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру(көлденең әдіс)(екі мейірбикемен орындайды)
- •Науқасты ылғалды сүрту
- •Ер адамның жыныс мүшесін жуу
- •Дәрет сауытын (судноны) беру
- •Зәр қабылдағышты беру
- •Мұрын қуысын күту
- •Халі ауыр науқастың Ауыз қуысын күту
- •V. Науқастың функциональды жағдайын бағалау Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
- •Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау
- •Мейірбикенің міндеттері:
- •Нәтижесінің бағасы:
- •Vі. Тамақтану және науқасты тамақтандыру қалі ауыр науқасты тамақтандыру
- •Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру
- •Гастростоманы күту
- •Vіі. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу.Оттегімен емдеу Жылытқышты қолдану
- •Мұзды мұйықты қолдану
- •Ыстық ылғалды компресті қою
- •Vііі. Дәрі дәрімектерді қолдану әдістері Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Көзге тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Жабысқақ дәрілік Пластырьдісалу
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Дәрілік ерітіндіні теріге майлау
- •Инсулинді енгізу
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау
- •Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
- •Х. Клизмалар. Жел шығаратын түтік Тазарту клизмасын қою
- •Жел шығаратын түтікті қою
- •Майлы клизманы қою
- •Дәрілік кЛизманы қою
- •Тұзды (гипертониялық) клизманы кою
- •Хі. Құықты катетерлеу Әйелдердің қуығын катетерлеу
- •Хіі. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
- •Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
- •Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
- •Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
- •Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
- •Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
- •Жұтқыншақтан жағынды алу
- •Мұрын қуысынан жағынды алу
- •Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
- •Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
- •Зимницкий байқауына зәрді жинау
- •Диастазаға зәрді жинау
- •Іс әрекет алгоритмі:
- •Қантты анықтауға зәрді жинау
- •Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
- •Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(еркектерге)
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
- •Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
- •Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
- •Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті кӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
- •Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен» нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу
- •Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
- •Науқасты бронхоскопияға даярлау
- •Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
- •Фгдс-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
- •Науқасты колоноскопияға даярлау
- •Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
- •Науқасты Бронхографияға дайындау
- •Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттықмейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Науқасты ирригоскопияға дайындау
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
- •Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
- •Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
- •Хіv. Өкпе-жүрек реанимациясы Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің
- •А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
- •Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау
- •П. Сафардың үш құрамды әдісі
- •В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» жасау әдісі
- •Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан мұрынға» жасау әдісі
- •Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері
- •Өлікті жайғастыру ережелері
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.
Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.
Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.
Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.
Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғарықарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышыненгізбеңіз.
Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыптаұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.
Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.
Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.
Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
Жеке ингаляторды қолдану
Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Дайындаңыз:аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.
Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.
Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Ескерту:
аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.
