- •1 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдердің теориялық негіздері
- •1.1 Кәсіпкерлік тәуекелділіктің классификациясы
- •1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар
- •2 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін және тәуекелін талдау (қарағанды облысының «казпочта» ақ мысалында)
- •2.1 Кәсіпорын қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •2.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау мен басқару
- •3Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері
- •3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және сақтандару әдістері
- •3.2 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері
3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және сақтандару әдістері
Сақтандыру классификациясының барлық звеносы сақтандырудың екі түрін қамтиды. Олар:
1. Міндетті сақтандыру.
2. Ерікті сақтандыру.
Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.
Ерікті сақтандыру – міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы (сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды.
Ерікті сақтандырудың инициаторы болып, шаруашылық субъектілері мен жеке және заңды тұлғалар табылады.
Міндетті сақтандыру формасын мемлекет тек қана жеке сақтандырулар мүддесін қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды.
Ерікті сқтандыру алдын-ала келісілген сақтандыру мерзімі анықталады. Ерікті сақтандыру, сақтандыру жарнасын төлеген соң ғана күшіне енеді.
Міндетті сақтандыру:
- автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін;
Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға бөлуге болады:
1. Мүлікті сақтандыру.
2. Жеке басты сақтандыру.
Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық тәсілдеріне сүйенеді және бірқатар ғалымдардың, экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді.
Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.
Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді.
Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттің және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді.
Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын ұйымдық жіктелуі болып табылады.
Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру мемелекеттік, акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді. Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады.
Мемлекеттік сақтандыру – сақтандырушы ретінде арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің щеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге үстемдігі жатады.
Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде жарғылық қоры жеке және заңды тұлғаларға тиесілі акциялардан және басқа құнды қғаздардан жиналған акционерлік қоғам түріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру компанияларның жұмысын тиімді қылуға қамтамасыз етеді.
Өзара сақтандыру – қабылданған шарттарға сәйкес бір-біріне мүмкін шығындарды анықталған үлестері көлемінде жабу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар топтары арасындағы келісімді бейнелейтін мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес кескіндегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сақтандырудың ұйымдық түріне жатады.
Сақтандыру қызметі – экономикалық қатынастардың белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік – экономикалық орта. Бұл салада сатып алу және сату объектісі ретінде сақтандыру қорғанышты болады және сұраныс пен ұсыныс қалаптасады. Сақтандыру қызметінің дамуының объективті негізі күтпеген келеңсіз жағдайлардан зиян шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқылы ұдайы өндірістің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етудің қажеттілігі. Сақтандыру нарығын ақша қатыастарын ұйымдастырудың түрі ретінде қарастыруға болады және де бұл қатынас қоғамның сақтандыру қоршағанын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу мақсатында іске асырылады.
Сақтандыру саласының дамуының міндетті шарты сақтандыру қызметіне қажеттіліктің болуы және осы қажеттелікті қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа бетбұрысы экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының орны мен рөлін түпкілікті өзгертіп жібереді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өміріндегі толық құқықлы субъектілерге айналады.
Қызмет жасаушы сақтандыру нарығы әртүрлі құрылымдық буындарын тұратын күрделі, біріктірілген жүйені бейнелейді. Оны №1 қосымшадан көруге болады:
Сақтандыру қызметінің бастаушы буыны – сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы буында сақтандыру қорының қалаптасуы және пайдалану процесі жүреді, экономикалық қатынастардың бір түрі қалыптасса, екінші біреулері пайда болып, жеке, топтық, ұжымдық мүдделер өзара ұштасып жатады.
Сақтандыру компаниясы – сақтандыру қорының қызмет жасауының тарихи анықталған қоғамдық тұрапты. Бұл компания сақтандыру шарттарын жасайтын және қызметін көрсететін дараланған құрылым. Сақтандыру компаниясының даралығы, оның ресурстарының толықтай өзінікі болуын және өзіндік толық ресурстар айналасының болуымен айқындалады. Экономикалық дараланған сақтандыру компаниялары өздерінің басқа сақтандырушылармен қарым-қатынастын қайта сақтандыру және бірлесе сақтандыру негізінде құрады. Кез-келген адам өз табысын өз еркімен жұмсай алады және оның қандай бөлігін тұтынуға, қандай бөлігін жинақтауға бөлінетін өдігінше шешеді. Осының барлығын сақтандыру нарығы кеңейтілген сақтандыру қызметінің түрлерінің жиынтығын ұсынғанда ескертіп отыр.
Сақтандыру қызметі экономикалық бәсеке кезіндегі реттеуші қызметті атқарады. Бәсекенің өзі сақтандыру нарығындағы жетістікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл жетістіктерге жету үшін сақтандырушы сақтық қоғамының қызметкерлерін әрдайым жаңа мүмкіншілігі мен клиенттерді іздестіруге, қызмет көрсетудің түрлері мен әдістерін жетілдіруді бағалап отырады.
Кең мағынада алғанда сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып алу бойынша экономикалық қатынастардың барлық жиынтығын көрсетеді. Нарық сақтандырушы мен сақтандырушының арасындағы органикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Сақтандыру нарығының қызмет етуінің ең маңызды экономикалық заңдарды: құн заңы және сұраныс пен ұсыныс заңы.
Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығының пайда болу кезінде қалыптасты және оның ажырамас маңызды элементі болып табылады. Екеуінің де пайда болу шарты-еңбектің қоғамдық бөлінісінің және әртүрлі меншік иелерінің дараланған тауар өндірушілерінің болуы. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар субъектілерінің өз бетінше қызмет етуін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу мәселесіндегі тең құқылы бірлесе қызмет жасауын, көлденең және тіке байланыстардың дамыған жүйесінің болуын ескертеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде үстемдік етудің ең қауіпсіз жағдайы саладғы 10 және одан да көп бәсекелестердің қызмет жасауы, олардың ішіндегі ең ірісінің үлесі жалпы сақтандыру қызметін сатудың жалпы көлемінің 31-нан, екеуінің 44-дан, үшеуінікі 54-дан, төртеуінікі 64-дан аспауы қажет. Егер осы арақатынас бұзылса, мемлекет экономикалық санкциялар қоладынп сақтандырушылардың қатысуын шектейді.
Сақтандыру нарығының құрылымы институционалдық және айсақтық аспектілермен сипатталады.
Институционалдық аспект – ол акционерлік, коперативтік, өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары түрінде көрсетіледі. Аймақтық аспектіде- жергілікті сақтандыру нарығын, ұлттық және әлемдік сақтандыру нарығын бөлуге болады. Нарықтық қатынастардың дамуы қоғамдық – экономикалық прогресс жолындағы аймақтық кедергілерді жойып, интеграциялық процестерді күшейту арқылы ұлттық сақтандыру нарығын әлемдік нарыққа қосуға жеткізеді. Осындай интеграцияның нәтижесінде ЕҚ-мүше елдердің жалпы еуропалық сақтандыру нарығы саласы құрылды.
Қорыта келе, тәуекелді сақтандыру — бұл белгілі-бір тәуекелдерді сақтандыру компаниясына беру.
Кәсіпкерлік келісімдердегі тәуекелдерді сақтандырудың негізгі нұсқаларының бірі банкрот болу тәуекелі. Бұл тәуекелді төмендету үшін «сақтандыру келісім-шартын» бекіту керек деп ойлаймыз.
Тәуекелдің нақты бір түрлеріне әсер етудің тиімді тәсілдері таңдалғаннан кейін кәсіпкерлік келісімдерге қатысушы әрбір субъектілерде тәуекелдердің барлық түрлерін басқарудың жалпы стратегиясын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Қабылданған шешімдерге байланысты тәуекелдерге тікелей әсер ету жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше әдістерді пайдалану арқылы іске асырылады.
Кәсіпкерлік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелдерді басқару үшін біздің ойымызша, әрбір кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдастырушылық құрылымында тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлім құрылуы керек. Бұндай бөлім тек қана тәуекелдерді басқару мәселелерімен айналысуы керек. Тәуекелдерді басқару стратегиясы субъектілердің қызметтерінің бағыттарына, ұйымдастырылған басқару құрылымына байланысты құрылуы мүмкін.
Тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлім сол жеке кәсіпкерлік субъектісінде пайда болатын тәуекелдерді басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастырады және осы қызметпен байланысты негізгі ережелерді жасаумен айналысады. Сонымен бірге нақты сала бойынша таңдалған стратегияларды іске асыру қызметімен де айналысады. Яғни, тәуекел түрлерін анықтау, жасалынған экономикалық келісімдерді тіркеу және оларды статистикалық өңдеулерден өткізу. Сонымен кез-келген кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезінде пайда болатын тәуекелдерді неғұрлым төмендету үшін оларды басқару бойынша жасалатын іс-әрекеттер кәсіпкерлік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек.
