Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер оларды бағала...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.87 Кб
Скачать

2 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін және тәуекелін талдау (қарағанды облысының «казпочта» ақ мысалында)

2.1 Кәсіпорын қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Дағдарысқа қарсы дұрыс бағдарлама арқасында Қазақстан әлемдік экономика жүйесіне интеграцияланған экономикаға ие бола отырып, соңғы дағдарыстардан ойдағыдай өтті және тұрақты даму сатысына қадам басты. Ел экономикасы 7,1% тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Қазақстан инновациялық дамуға, инфокоммуникациялық технологияларды дамытуға бағыт алды. Елде Интернетті пайдаланушылардың саны едәуір өскені байқалады, электронды коммерция қарқынды дамуда, қызметтердің де, «е-үкімет» қызметтерін тұтынушылардың саны өсуде. Елде халыққа және бизнеске, әсіресе почтадан басқа ешқандай басқа құрылымдар жоқ ауылдық жерлерде сапалы қаржы қызметтерін ұсынуға деген қажеттілік байқалады. Ел ішінде де, халықаралық бизнес тарапынан да Қытай, Оңтүстік Азия және Еуропа сияқты ірі экономикалар арасындағы елдің бірегей географиялық жағдайы ескеріліп көлік-логистикалық қызметтерге деген қажеттілік өсіп келеді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Компания 164,5 млн теңге сомасында таза кіріс алды, бұл жоспарлы деңгейден 38,3%-ға немесе 102,1 млн теңгеге төмен және 2013 жылғы деңгейден 781,3 млн теңгеге немесе 82,6%-ға төмен.

Кесте 1. «Казпочта» АҚ қаржы-экономикалық көрсеткіштері

Атауы

2012

2013

2014

Ауытқу,%

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

Жалпы кірістер, млн теңге

23 723,0

27 014,0

32 544,0

30 489,0

94,0

113,0

Жалпы шығыстар, млн теңге

22 709,0

25 949,0

31 924,0

30 377,0

95,0

117,0

Үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріл-

ген, ұйымдар кірісіндегі/шығынындағы

үлес, млн теңге

-3,0

0,8

3,7

0,0

0,0

0,0

Корпоративтік табыс салығы бойынша

шығыстар, млн теңге

203,9

119,4

357,1

-52,4

-15,0

-44,0

Таза кіріс/(шығын), млн теңге

806,5

945,8

266,6

164,5

62,0

17,0

Дерек көзі: «Казпочта» АҚ жылдық есебі, 2014

2014 жылы Компания кірістері 30,5 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 6,3%-ға немесе 2,055 млрд теңгеге төмен және 2013 жылғы деңгейден 13%-ға немесе 3,5 млрд теңгеге почта қызметтерін ұсынудың 14%, қаржы қызметтерінің 9% және агенттік қызметтердің 63% өсуі есебінен жоғары.

2014 жылы шығыстар 30,4 млрд теңгені құрады, бұл жоспардан 4,8%-ға немесе 1,547 млрд теңгеге төмен және негізінен өзіндік құнның 19% және жалпы және әкімшілік шығыстардың 13%-ға өсуіне байланысты, өндірістік филиалдарда өндірістік және әкімшілік персоналдың еңбекақысын көтеру нәтижесінде еңбекақы төлеу қоры бойынша шығыстарды өсіру есебінен, 2012 жылғы деңгейден 17%-ға немесе 4,4 млрд теңгеге жоғары.

Почта қызметтері көлемдері бойынша 2014 жылғы жоспарға қарсы өндірістік бағдарламаны орындау 104,5%, қаржы қызметтері көлемі бойынша – 90,2% құрады.

«ROACE» көрсеткіші 4,28% жоспарлы деңгейге қарсы 2,83% құрады. Көрсеткішті төмендету таза кіріс бойынша жоспарды орындамау салдарынан 38,3% немесе 102 млн теңгеге қалыптасты.

«EBITDA margin» көрсеткішінің мәні 8,74% бекітілген жоспарға қарсы 6,01% құрады. Көрсеткіштің 2,73%-ға төмендеуі негізінен почта қызметтерінен түскен кірістер жоспарын 3,7% және қаржы қызметтерінен түскен кірістер жоспарын 10,2% орындау есебінен қалыптасты.

Кесте 2. Қызметтің негізгі көрсеткіштері

Атауы

2012

2013

2014

Ауытқу,%

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

ROACE,%

11,5

10,8

8,7

6,0

69,0

56,0

EBITDA margin,%

9,4

10,2

4,28

2,8

66,0

28,0

Таза кіріс, млн теңге

806,5

945,8

266,6

164,5

62,0

17,0

Дерек көзі: «Казпочта» АҚ жылдық есебі, 2014

Диаграмма-1. Қызметтің негізгі көрсеткіштері

Дерек көзі: «Казпочта» АҚ жылдық есебі, 2014

2014 жылы почта қызметтерінің көлемі бойынша еңбек өнімділігі 21,45 мың бірлік/адамды құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден почта жөнелтілімдері көлемінің өсуі есебінен 22%-ға жоғары.

Қаржылық қызметтерді орындау көлемі бойынша еңбек өнімділігі 93% құрады, бұл алдыңғы кезеңнен 6%-ға жоғары.

Кесте 3. Еңбек өнімділігі

2012

2013

2014

Ауытқу,%

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

Почта қызметтерінің көлемі, мың бірлік/адам

14,74

17,65

19,97

21,45

107

122

Қаржылық қызмет-

тердің көлемі,

млн теңге/адам

39,6

45

51,6

47,8

93

106

Дерек көзі: «Казпочта» АҚ жылдық есебі, 2014

2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша таза кіріс 164,5 млн теңге сомасын құрады, бұл жоспардан 38%-ға төмен.

2015–2018 жылдары таза кіріс жиынтық кірістер мен шығыстарды көбейту жағына түзетулер есебінен жыл сайын өсумен жоспарланған және 2015 жылы 1 445 млн теңге деңгейінде күтіледі.

Компания 2014 жылдың қорытындысы бойынша 164,5 млн теңге сомасында таза кіріс алды, бұл 2013 жылғы деңгейден 781,3 млн теңгеге немесе 82,61%-ға төмен. Өткен 2013 жылмен салыстырғанда таза кірістің азаюы ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін өндірістік филиалдарда өндірістік және әкімшілік персоналдың еңбек ақысын көбейтуге байланысты таза кірістің жоспары төмендеуіне байланысты негізделеді.

2015 жылы ROACE және EBITDA margin түзетілген көрсеткіштері 1,29% және 4,26% деңгейінде күтіледі. Келесі жылдары көрсеткіштерді таза кірісті өсіру есебінен қалпына келтіру күтіледі.

Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері бойынша 2015 жыл мен 2020 жыл аралығында мәнге дейін өсім: почта қызметтері бойынша еңбек өнімділігі 21 мың бірлік/адамнан 23 мың бірлік/адамға; қаржы қызметтері бойынша еңбек өнімділігі – 55,5 млн теңге/адамнан 71,1 млн теңге/адамға дейін күтіледі.

Операциялық ҚНК бойынша жыл сайынғы өсім: 2% –почта қызметтерінің көлемдері бойынша; 8% – агенттік қызметтер көлемі бойынша және 4-ден 7%-ға өсім қаржы қызметтері көлемдері бойынша жоспарлануда.

2015 жылы Компания мына бағыттарды іске асырумен жұмыс істейтін болады:

1. Бизнес бастамалар.

Ақпараттық технологиялар. Қоғамның IT-әлеуетін дамыту Даму стратегиясының барлық бағыттарын ойдағыдай іске асыру үшін қажет элемент болып табылады. Осы бағыт Компанияның бизнес-міндеттерін іске асыру үшін қазіргі заманғы ақпараттық сәулетті жасауға бағытталған. Бағыттың міндеттері: КАЖ жұмыс қабілеттілігі деңгейін арттыруды және ұстауды қамтамасыз ету; жаңа бизнес-бағыттарды құру үшін инновациялық ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету; ERP SAP енгізуді– пилоттау және тираждауды қамтамасыз ету; SAP шеңберінде еңбекақыны орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ету.

Компанияны трансформациялау. Бизнес-процестерді стандарттауға, жетекші әлемдік тәжірибелерді қолдануға, инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады.

2. 2015 жылға арналған қызметтің негізгі көрсеткіштері:

„„ ROACE – 1,29%;

„„ EBITDA margin – 4,26%;

„„ Таза кіріс – 82,6 млн теңге.

3. 2015 жылы жарғылық капиталды 917 млн теңгеге көбейту жоспарлануда.

4. Шығындарды қысқарту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар өткізілетін болады.

5. 2016–2018 жылдарға арналған почта байланысының баршаға қолжетімді қызметтеріне арналған тарифтерді көтеру жөніндегі іс-шаралар жоспарлануда.

Почта байланысының қызметтері Ақпараттық, тауарлық, қаржылық ағымды қамтитын почта байланысы қызметтерінің нарығын дамыту елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды құраушысы болып табылады. Тегіс әлемде ұлттық почта әкімшіліктерінің дәстүрлі бизнес-моделі мына негізгі процестердің әсеріне қайта құрылады:

• дәстүрлі қағаз жөнелтілімдерінің көлемін азайту;

• посылкалық жөнелтілімдер санының өсуі;

• почта қызметтері саласындағы тұтынушылардың өзін ұстауын және қажеттігін өзгерту.

Почта байланысының дәстүрлі қызметтері жоғары әлеуметтік бағыттылыққа ие. ЖІӨ тұрақты өсімі аясында экономика субъектілерінің белсенділігі мен қызметтерді курьерлік және жедел жеткізу арқылы жүзеге асыратын олардың арасындағы құжат айналымы қарқындылығы өсіп келеді. «Қазпочта» АҚ ел инфрақұрылымының ең маңызды элементтерінің бірі болып табылады, алайда, саланы ырықтандырудың арқасында, Қазақстанның почта нарығының сегменттері қатарында қатаң бәсекелестік байқалады.

Почта-курьерлік байланыс нарығында, негізгі ойыншы – «Қазпочта» АҚ-мен қатар курьерлік байланыстың ірі халықаралық операторлары мен шағын жеке компаниялар ұсынылған. Бәсекелес қызметтердің өсуінің ең маңызды почталық факторы жаңа операторлар нарығына кіруі үшін кедергілердің болмауын және жосықсыз бәсекелестікті болдырмауды қосқанда, почта қызметтері нарығындағы бәсекелестік еркіндігі болып табылады.

Жедел жеткізу және посылкалық жөнелтілімдерді жіберу динамикасын дамытуға бірінші кезекте қашықтықтан сатудың қарқынды өсуі, сондай-ақ электронды жариялауды тарату және кеден одағының дамуы әсер етеді. Посылкалық жөнелтілімдердің сегменті әлемдік нарықта өскелең болып табылады.

Бағалау көрсеткіштері бойынша, Компания арқылы жіберілетін почта жөнелтілімдерінің негізгі үлесі (55%) B2C (тұтынушы үшін бизнес) сегментіне тура келеді – негізінен, бұл каталогтық сату және онлайн-сауда. B2B (бизнес үшін бизнес) сегментінің үлесі шамамен 30% құрайды, жеке тұлғалардың жөнелтілімдері – 15% жуық. Бұл ретте, Компания шалғайдағы өңірлерде, яғни ең аз тартымды сегменттердегі осы нарықта ұсынылған. Компанияның едәуір тартымды қалалық сегментінде жергілікті де және халықаралық компаниялар арасында да мықты бәсекелестік. Мықты бәсекелестік құру үшін, Компания нарықтың негізгі ойыншыларының, оның ішінде баға нарығы бойынша да, көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша да әлем көшбасшылары мойындаған деңгейіне сәйкес келуі қажет. Нарықтағы қызметтер мен тарифтерді салыстырып тексеру нәтижелері бойынша Компанияның баға ұсыныстары клиенттер үшін тартымды болып табылады және айтарлықтай тиімді деңгейде тұр.

Сала бойынша жеткізудің орташа мерзімі авиакөлік арқылы орташа есеппен 3–6 күнді және темір жол көлігі арқылы 5–8 күнді құрайды.

Қаржы-банк қызметтері саласында «Қазпочта» АҚ айтылып өткендей, валюта-айырбастау операциялары, депозиттер, төлемдерді қабылдау, есептік-кассалық қызметтер көрсету, инкассация және ақшалар мен құндылықтарды тасымалдау, бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметтер, электронды ақша аударымдары, трансфер-агенттік қызмет сияқты және басқа қызметтерді ұсынады.

Қаржылық қызметтер нарығында тұрақты өсім байқалады. Негізінен қалалар мен аудан орталықтарын қамтитын, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (500-ден астам бөлімше) сервистің ең кең желісіне ие.

Ел халқының жартысынан көбі тұратын аудан орталықтары мен ауылдар деңгейінде «Қазпочта» АҚ сервис желісін иеленген қаржылық қызметтер нарығындағы жалғыз ойыншы болып табылады.

Ауылдық жерлерде қаржылық қызметтерден түскен кірістердің негізгі көлемі төлемдерді қабылдаудан, зейнетақылар/жәрдемақылар беруден және бюджеттік құрылымдардың еңбек ақыларын төлеуден болады. Негізінен көрші елдерден келетін еңбек миграциясының қарқындылығына тәуелді қалада да, ауылда да ақша аударымдары нарығы маңызды әлеуетке ие.