- •1 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдердің теориялық негіздері
- •1.1 Кәсіпкерлік тәуекелділіктің классификациясы
- •1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар
- •2 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін және тәуекелін талдау (қарағанды облысының «казпочта» ақ мысалында)
- •2.1 Кәсіпорын қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •2.2 Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау мен басқару
- •3Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері
- •3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және сақтандару әдістері
- •3.2 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар
Кәсіпкерлік ұйым дегеніміз – тәуекелдің түрлі ішкі және сыртқы факторлары әсер етуші күрделі жүйе. Оның көрінісі кәсіпкерге қосымша пайда табуға немесе шығындалуға мүмкіндік беретін белгісіздікті туғызады. Кәсіпкердің қабылдайтын шешімдеріне және кәсіпкерлік ұйымның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне байланысты және тәуекелдің қоршаған ортаның әсер етуінің белгісіздігі негізінде тәуекелді кәсіпкерлік фирмаға қатысты сыртқы және ішкі деп екі топқа бөлеміз.
Сыртқы тәуекелдерге кәсіпкер өзгерте алмайтын, бірақ олар оның жұмысына әсер ететіндіктен ескеру керекті шарттар жатады.
Тәуекел деңгейіне әсер ететін сыртқы факторлар:
Тікелей әсер етуші факторлар: салық жүйесі серіктестермен қарым-қатынас кәсіпкерлер бәсекелестігі коррупция мемлекеттік қызметтер мен мекемелердің алдын ала болжабаған іс-әрекеттері кәсіпкерлік қызметі реттейтін заңдар
Жанама әсер етуші факторлар: саяси шарттар халықаралық оқиғалар апатты оқиғалар саладағы экономикалық жағдай мемлекеттегі экономикалық жағдай
Кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар екі топқа жіктеледі: тікелей әсер етуші факторлар және жанама әсер етуші факторлар.
Тікелей әсер етуші факторлар тәуекел деңгейі мен кәсіпкерлік қызмет нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Жанама әсер етуші факторлар тәуекел деңгейі мен кәсіпкерлік қызмет нәтижелеріне тікелей әсер ете алмайды бірақ оның өзгерісіне себепші болады.
Тәуекелдің негізгі ішкі факторлары арасында келесілерді бөліп көрсетуге болады: ұйым стратегиясы; фирманы басқару мен басқару шешімдерін қабылдау; айналым және өндіріс процестерін ұйымдастыру; қаржылық құралдармен қамтылу
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
• Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.
• Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
• Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Бизнес әрқашанда тауарға деген сұраныс пен ұсыныс тұрақсыздығынан, ақша мен өндіріс факторларының өзгерісінен, бизнес және коммерция жөніндегі білімнің жеткілісіздігінен туындайтын экономикалық конъюнктураның анықсыздығымен байланысты. Бәсекелестік пен тәуекел бір-бірімен тығыз байланысты критериялар. Бәсекелес өндірушілер арасындағы сатып алушы үшін күрес өз өнімін несиеге сатуға мәжбүр етеді. Бұл жағдайда ақша сомасының мерзімінде қайтарылмау ықтималдығына байланысты тәуекел орын алады. Экспорттық-импорттық сипаттағы коммерциялық операцияларды жүргізу әртүрлі валюта бірліктерін қолдануды талап етеді. Мұндағы тәуекел валюта курстарының өзгеруімен байланысты.
Тәуекел адам арқылы жүргізілгенімен субъективті сипатқа ие. Өйткені кәсіпкердің өзі қалыптасқан ситуацияны бағалап, көптік альтернативалардан таңдау жасайды. Тәуекелдің субъективтілігі төмендегідей ішкі факторлармен байланысты:
1) даму стратегиясы;
2) қызмет принциптері;
3) ресурстар және оны пайдалану;
4) сапа және маркетингті қолдану.
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез-келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болады.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген 1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді.
Қазақстанның банктік жүйесіндегі несиелік тәуекелдің жоғары дәрежесі жеке айналым қорларының жеткіліксіздігі, төлемсіздігі, дебиторлық және несиелік қарыздарға тән болатын көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайымен сипатталады.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым шығындар болуының қауіп-қатері болады. Осындай шығындар қауіп-қатері коммерциялық тәуекелділікті білдіреді. Ал коммерциялық тәуекелділік болатын нәтижеге деген сенімсіздікті, бұл нәтиже қызметінің анықталмағандығын білдіреді. Қаржы тәуекелділігі коммерциялық тәуекелділіктің құрамды бөлігі. Олар қандай да бір ақша қаражаттарын жоғалту немесе оларды толық ала алмаудың ықтималдылығымен байланысты. Тәуекелділіктер екі түрге бөлінеді: таза және спекулятивті. Таза тәуекелділіктер шығынға ұшырауды немесе нөлдік нәтиже алуды білдіреді. Ал спекулятивті тәуекелділік оң және теріс нәтиже алу ықтималдылығын білдіреді.
Қаржы тәуекелділігі – бұл спекулятивті тәуекелділік. Инвестор капиталдың венчурлі салымын жасағанда оның екі ғана нәтижесі болатынын біледі: пайда немесе шығын. Қаржы тәуекелділігінің ерекшелігі, қордың бағалы қағаздарымен операция жүргізу, биржалық және қаржы-несие саласында қандай да бір операцияларды жүргізу нәтижесінде нұсқан келтіру ықтималдылығы, яғни осы табиғи операциялар нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым шығындар болуының қауіп қатері бар. Осындай шығындардың қауіп-қатері коммерциялық тәуекелділікті білдіреді. Коммерциялық тәуекелділік болатын нәтижеге деген сенімсіздікті, бұл нәтиже қызметінің анықталмағандығын білдіреді. Ал қаржы тәуекелділігі коммерциялық тәуекелділіктің құрамды бөлігі. Ол қандай да бір ақша қаражаттарың жоғалту немесе оларды толық ала алмау ықтималдығымен байланысты.
