Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКТопатар мен баспатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.99 Mб
Скачать

2.2 Сурет – Бу–ауалы соққыш тоқпақ

Цилиндрлер ішкі төлкелермен (14) қалыңдығы 0,05D1≥ 20 мм (цилиндрдің ішкі диаметрі) болатын СЧ 20, СЧ 30 шойындармен қамтамасыз етілген. Төлкелерді қондырып орнатау үшін, цилиндрді бумен қыздырады немесе төлкені сұйық азотта суытады. Төлкелер жөндеу кезінде ауыстырылуы мүмкін поршенді балдақтардың жұмысын жақсартады.

Қатаңдығын жоғарылату үшін цилиндр қабырғасын есептеулігіне қарсы жоғарылатады, ол негізінен 0,1D1>30 мм–ге дейін, сыртқы беттері мен цилиндр қырларымен қондырылған, бұл тоқпақтың сыртқы түрін жақсартады. Соташық (18) жылу тұрақтылық вулканизациялы асбесті материалды КА 58–3 (ЭНИКмаш) нормасына сәйкес көмкермемен қымталуы керек. Қалыптау және соққыш тоқпақтардың бу–ауалық сақтандырғыштары (13) бірдей (2.3 в сурет).

Бу–ауалы сақтандырғыштың есебі соташықтың үзілу және поршеннің сатынғы жағында орналасқан, бу немесе ауа әсерінен поршеннің соташықтың негізгі бөлігімен (тоқпақтамасыз) жоғары қарай қозғалысқа келуінен тұрады. Дұрыс жасалған сақтандырғыш соташықтың үзілу кезіндегі қозғалмалы бөліктердің энергиясын сөндіруі қажет.

Бу–ауалы тоқпақтың соташығы 6 беріліс механизмінің тетігі болып табылады. Бу немесе сығылған ауа энергиясы тоқпақтың жұмыс механизміне – соққы массасына (тоқпақтамаға) 3 кілтек 11 және сына 5 соққышпен немесе қалыппен 12 орнатылған соташық арқылы беріледі.

Соққыш тоқпақтардың соташықтарын 45, 40ХН3М болаттарынан жасайды. Қалыптау тоқпақтарының соташықтары өте ауыр жұмыс жасайтын болғандықтан 30ХН3М, 40ХН, 30ХН3А, 40ХНМА, 18ХНВА болаттарынан жасалады.

а – жалпы көрінісі; б – соққы массаның бөлшектері; в – жұмысшы цилиндр; г – тұғыр

2.3 Сурет – Бу–ауалы қалыптау тоқпағы

Қазіргі кездегі тоқпақтардың поршендерін ары қарай ұшы безеуленетін (2.3 б сурет) соташықтың жоғарғы конусына ыстық қондыру соташықтары арқылы жалғайды. Поршен материалы– 45 немесе 40ХН болаты. mп/mш азайту үшін резинометалды поршендерді қолдану ұсынылған.цилиндр төлкесімен поршен арасындағы саңылау 0,7–3 мм. Поршендерді көмкеруге 20 болаттан жасалған кескіш поршенді сақиналар 8 қоланылады. Екі–төрт сақиналы поршендер қолданылады.

Құрылымдық пішіні бойынша қалыптау және соққыш тоқпақтардың соққы массалары (тоқпақтама) 3, соташықты шығыңқылық және құймалық қондыру үшін ортасында тесігі бар тікбұрышты соғылмалар түрінде болады (2.3 б сурет) .

Қалыптау тоқпақтарының соққы массаларыларының жұмыс жағдайы соққыш тоқпақтардың жұмысына қарағанда ауыр болады. Қалыптау тоқпақтарының соққы массаларын (тоқпақтама) жасау үшін жоғары сапалы 40Х, 40ХН, 40ХН3, 40ХНМА болаттары қолданылады. Қалыптау және соққыш тоқпақтардың ауыр массалары кейде құйылып жасалынады. Құйылған және соғылған массаларды сыдырудан кейін көлемдік шынықтыруға түседі. Соташық астындағы конусты тесік қақтамадан өтеді (конустың бұрышы 1,1–1,2°). Соққы кезінде соташықтың төменгі бөлігі мен масса арасындағы жүктемені азайту үшін мыс төсеніші 10 бар шойыннан жасалған серпімділікке түсетін төлке 9 орнату ұсынылады.

Қалыптау тоқпағының соққы массасының биіктігі орта есппен алғанда (0,5–0,7) Нтт – ең үлкен жүріс). Қалған габаритті өлшемдер, соққыштарды және қалыптарды массаның қажет мөлшерінде бектіту үшін бағыттаушылар мен төменгі бет арасындағы ара қашықтықты есебінен орнатылады. Соққыштарды бекіту және тоқпақтама мен жастықтағы қалыптау элементтері МЕСТ 6039–91сәйкес орындалады.

Қазіргі тоқпақтардың соққы массаларының бағыттаушы беттері трапециялық қима тәріздіс ойым түрінде жасалады (2.3 г сурет). Мұндай қима пішінді бағыттаушылардың түйіспе беттерінің өрлеуі арқасында соққы массасының термиялық түрде ұлғаю мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бағыттаушыларды реттеу (25)сына (24), реттеу бұрандамасы (26) және сомын (29) көмегімен іске асады.

Тоқпақтың тұғыры екі тіреуіштен (1) тұрады: цилиндр астындағы тақта (27) және соққышпен байланысты (4) оң жақ (30) және сол жақ (26).

Тіреуіштерді соққышқа (4) көлбеулік бұрышы 12–13° бұрамасұқпамен 20, бұрамасұқпадағы тіреуіш пен соққыш арасындағы түйісудің соққы жүктемесін азайту үшін амортизация серіппесімен (23) бекітеді (2.3 г сурет).

Көлденең бағытта тоқпақтың қатаңдығын жоғарылату және қалыптау кезінде тоқпақтама бағытын жақсарту үшін, қазіргі кезде тоқпақтардың соққыштарын тіреуішпен бірге немесе тіреуіштер үшін U тәріздес құйылмамен жасалады. Тіреуіштер мен соққыштардың түйісу жазықтығы қалыптың соққы жазықтығынан жоғары болуы тиіс.

Қалыптау тоқпақтардың тұғыр тіреуіштерін централды емес соққылардан түсетін күштердің үлкен болуына байланысты қабырғалары қатты массивті қорап пішінді етіп жасайды.

Тіреуіштердің қималары ауыспалы, жоғарыға қарай төмендейді. Тіреуіштерде, соққы әсерінен тік орын ауыстыру кезінде тіреуішті бағыттау үшін соққышты қамтитын құймалар бар. Тіреуіштердің екі көлбеу бағытта орын ауыстыруын монтаждау үшін және тозуын компенсациялау үшін еңкіштігі 1:16 көлбеу және еңкіштігі 1:24 көлденең сыналар қоланылады. Бұл сыналар соққыштығы соққы кезіндегі көлбеу және көлденең орын ауыстырудан сақтайды; жоғарыда тіреуіштердің кілтек шығыңқылығы цилиндр астындағы тақтаға кіреді.

Қалыптау тоқпақтардың тұғыр тіреуіштерін боллаттан құйып жасайды (құрамындағы көміртегі 0,3–0,4 %), ал соққыш тоқпақтың тұғыр тіреуіштерін – шойыннан және болаттан құйып жасайды.

Қалыптау тоқпағындағы соққышты (4) сына (21) көмегімен (2.3 г сурет) соққыштың үңгілеуіне сәйкес қалыпұстағышқа (22) бекітеді (бір бүйір жағы жоспарда 160°бұрышты құрайды). Бұл тоқпақтың жұмыс кезінде қалыпұстағыштың ығысуынан қорғайды. Қалыптау тоқпақтарының соққыштарын апалы болаттан құйып жасайды.

Қалыптау тоқпақтардың соққыш массасы қозғалмалы бөліктердің еселі массасына 20–25 тең. Қозғалмалы бөлшектерінің массасы 6 т дейін болатын соққыш тоқпақтар тұтас етіп, ал 6 т–дан жоғары құрама етіп жасалынады.

Соққыш тегі қатты ағаштардан (емен, бук) жасалған жастықтарға немесе транспортты резенкелі төсеніші бар таспаға орнатылады. Ірге таспен ештеңеңге бекітілмейді. Іргетаста майлау жүйесі орналасқан.

Бу реттығын (15) және дроссе­ль (16) таралады. Таза бу (19) құбыр, қолданылған бу (17) құбыр арқылы беріледі.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[364–392].

Бақылау сұрақтары

  1. Бу–ауа тоқпақтың жұмыс жасау принципі;

  2. Бу–ауа тоқпақта энергия тасу қызметін не атқарады;

  3. Тоқпақтың технологиялық жұмыс циклі неге тәуелді?

  4. Тоқпақтың ПӘК қалай анықталады?

  5. Қалыптау және соққыш тоқпақтардың құрылысының негізгі элементтерін атаңыз?

3 Дәріс. Бу–ауалы соғу тоқпақтары

Энергия тасушы таратқыш механизмнің құрылымы. Соққылы тоқпақтың таратқыш механизмі әр түрлі соққы кезінде соғу массасымен тұрақты кинематикалық байланыста болады (3.1 а сурет). Қалыптау тоқпағының таратқыш механизмі 3.1 б суретте көрсетілген. Қалыптау тоқпағында жұмыс істеген кезде басқаруды қалыптаушы аяқ педалімен жүргізеді. Үзіліс және соғылманы аудару кезінде қозғалмалы бөліктер жоғары көтеріледі. Олар қозғалмайтын күйде немесе тербеліс циклін атқаратын болуы мүмкін. Педаль бос және қатаң түрде бекітіледі.

Реттығын жоғарғы жағдайда тұрады; сонымен қатар реттығын төлкесінің терезелері кішкенен ашық болуы керек (3.2 д сурет). Қозғалмалы бөліктері төмен жүреді және қисық сызықты иінтіректі еңкейтеді. Реттығын төмен түсе оттырып, реттығын төлкесінің жоғарғы терезелерін жауып төменгі терезелерін ашады (3.2 в,е сурет).энергия тасушы жоғары қарай орнына әкеледі. Цикл басқыш басылғанша қайталана береді.

1 – реттығын; 2 – дроссель; 3 – дроссель рукояткасы; 4 – реттығынды басқару; 5 – бақылаушы