Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКТопатар мен баспатар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.99 Mб
Скачать

10.3 Сурет – Үштығынжылды ұзынабойлық бойлық сорап.

Клапандар блогы 6 соғылған болаттан 35 жасайды. Сору және сықау клапандарын бір қатарға немесе бірінің үстіне бірін орналастырады. Клапандар, ершік, серіппелер, және бекітілетін тетіктерді жегідеге–тұрақты болаттардан немесе жоғары сапалы қоладан жасайды. әдетте клапандарды 7 конусты ершікпен 8 жасайды.

Гидравликалық баспақтардың қозғалтқыштары мен сораптарының қуатты пайдалану. Баспақтың жұмысын, металдың пластикалық деформациялануы жүретін жұмыстың жүрістік уақыты tр анықтайды, шартты түрде жетек жүйесінде энергия шығындары болмайды деп қабылдайды. Келесі белгілеулерді қабылдаймыз: P– баспақпен екпінделетін күш;р– баспақ цилиндріндегі сұйықтық қысымы; S–тығынжыл жүрісі; Рн – баспақтың номиналды күші; Sp – жұмыстың жүрісі. Егер гидрожүйедегі шығындарды ескермесек, онда сораптың жетекті білігінде тегершігі жоқ сорапты аккумуляторсыз жетек үшін, жұмыстық жүрістің кез–келген уақытында мына тендік дүрыс болып табылады.

= = (10.4)

мұндағы: Nп – жұмыстың жүріс кезінде баспақпен екпінделетін күш; Nн, Nэ– сәйкесінше сораппен және электрқозғалтқышпен екпінделетін қуат.

Баспақ жұмысы Nп максималды мәнге жететін моменттер болады.(10.4) теңдеуде Nн сорап қуаты максималды болуы тиіс.Онда сорапты сырғақ қозғалысының берілген жылдамдығы мен шектелген күшпен анықталатын және баспақпен екпінделетін максималды қуатпен есептеу керек.

Сораптың қуатын толық пайдаланған кезде жұмыстың жүрісі минималды болатындықтан, минималды tp алу үшін сорап толық жұмыстық жүріс кезінде номиналды қуатпен жұмыс істеуі тиіс:

КрQ= Nп ном (10.5)

мұндағы: К – Q, p және N өлшемдеріне тәуелді коэффициент; Р–сораппен екпінделетін қысым;Q– сорап берілісі.

Жетек жұмысын, tр –уақыт ішінде сораптың жұмысына жуықтату практикалық түрде келесі тәсілдермен жүргізіледі: қысым бойынша сатылы реттелетін сораптарды, әртүрлі сораптарды, өнімділігі автоматты түрде өзгеретін сораптарды, баспақтарда әртүрлі қысымдарда қосылатын бірнеше цилиндрлерді, және де аталған тәсілдердін комбинацияларын қолданумен.

Баспақтың Тц циклда толық жұмыс істеу уақытында, қондырылған электр қозғалтқыштарының қуатын пайдалануды жетек жұмысын шынайы қозғалтқыш жұмысына жақындату арқылы жақсартуға болады.

Сораптың бос жұмысы кезінде электр қозғалтқышпен үдетілетін қуат, максималды үдетілетін қуаттың 10–15% құрайды.

Гидробаспақтарға электр қозғалтқыштың қуатын таңдау үшін онын екі режимін қарастырады: ұзақ және бұрылысты–қысқа уақытты.

Ұзақ режим бойынша сорапты – аккумуляторлы жетектерге электр қозғалтқышты тандайды. Сорапты – аккумуляторсыз жетектерге электр қозғалтқышты бұрылысты–қысқа уақытты режим бойынша тандайды. Үнемі электр қозғалтқыштың номиналды қуатын, сораппен келтірілетін қуаттың жартысына тең қылып таңдау мүмкін болады.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[259–275], 2[271–288]

Бақылау сұрақтары.

  1. Гидравликалық баспақтардың жетегінде қандай сораптар қолданылады?

  2. Үш тығынжылды сораптың негізгі тетіктерін атаңыз?

  3. Баспақтың жұмысын не анықтайды?

  4. Орнатылған электр қозғалтқыштардың қуатын пайдалануды қалай жақсартады?

  5. Сорапты аккумуляторсыз жетектің сұлбасын неге байланысты тандайды?

11 Дәріс. Гидравликалық баспақтардың негізгі тетіктері.

Цилиндрлер мен тығынжылдар. Цилиндрлердің келесі типтері болады: тығынжылды, дифференциалды–тығынжылды, поршеньді тік және көлденең орналасуымен (жоғарғы және төменгі), қозғалатын және қозғалмайтын, ернемекке және түбіне тірелумен. Жұмыстық цилиндрлердің саны технологиялық міндетіне (бір, екі, үш, төрт және одан да көп), баспақпен үдетілетін күшке және күш сатысының қажетті санына байланысты болып келеді. Гидравликалық баспақтарда көбнесе қозғалмайтын цилиндрлерді қолданылады.

Баспақ жасауда түбіне тірелетін және тірек ернемекті цилиндрлер қолданады. Цилиндрдың түбіне тірелуі беріктік жағынан қарағанда рационалды болып келеді өйткені ернемектегі тірек реакцияларынан қабырғаның иілуі арқылы пайда болған кернеулер жойылады. Сондай ақ цилиндр қабырғаларына осьтік созу кернеулері әсер етпейді.

Үнемі цилиндрдың түбіне тірелуі кезінде баспақтың құрылымы күрделенеді, оның массасы мен габаритті өлшемдері артады. Соған байланысты баспақ жасауда ернемекке тірелетін цилиндрлер көп тараған (11.1 сурет).

1– цилиндр; 2 – тежеуіш дросселі; 3– тығынжыл; 4 – бағыттаушы төлке;

5 – тығындауыш; 6 – сақина; 7 – басу сақинасы; 8 – басу төлкесі.