Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКТопатар мен баспатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.99 Mб
Скачать

2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспары

1 тапсырма. Бу ауалы тоқпақтарды есептеу

Әдістемелік ұсыныстар: Қалыптау тоқпағының цилиндріндегі энрготасымалдаушы жұмысының мүмкүн индикаторлық диаграммаларының тиімді параметрлерін (γ, β, γхн, γ', β′, γхв), пошн бетінің және шток көлденең қимасының ауданын, соғу массасы (жұмыстық бөліктін массасы) m, әсерлік кинетикалық энергиясы (жұмыстық бөліктін кинетикалық энергиясы) Тэ, және жұмыстық бөліктін толық жүрісімен Нm, буауалы тоқпақ үшін минут ішіндегі бірізділік соққы санын есептеу (кесте 1). Штокты беріктікке есептеу.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[16–20].

Бақылау сұрақтары

1. Бұлғақ ұзындығының коэффициенті неге тәуелді?

2. Орындаушы механизімдердің типіне байланысты баспақ сырғағының орын ауыстыру мен жылдамдық графиктері қалай тәуелді болады?

3. Аксиалды және дезаксиалды механизмдер.

2 тапсырма. Гидравликалық тоқпақтарды есептеу

Құлау бөлігінің массасы мен жылдамдығы m және V, құлау бөлігінің ен үлкен жүрісі Sm және минут ішіндегі бірізділік жүріс саны n, екі әсерлі газогидравликалық және гидравликалық тоқпақтарды есептеу (кесте 2). Газогидравликалық тоқпақтарда жұмыстық бөліктердің екпіндетілуі рессивердегі сығылған газ арқылы, ал көтерілу – сорапты аккумуляторсыз жетек арқылы жүргізіледі. Екі әсерлі гидравликалық тоқпақтарда жұмыстық бөліктердің екпіндетілуі мен көтерілуі сорапты–аккумуляторлы жетек арқылы жүргізіледі. Сорап қысымы 13 тен 20 МПа дейін, газдын бастапқы қысымы – 5 МПа аспайтындай қабылданған. Соғу энергиясы бойынша тоқпақтын жүктелу коэффициенті 0,9 тен деп; технологиялық үзілістін уақыты (жұмыстық бөліктін жоғарғы жағдайда тұруы) – 5 тен 8 с дейін. Поршнның жоғарғы және төменгі ауданын, штоктын көлденең қимасының ауданын, ресивер көлемін, гидроаккумулятордағы сұйықтықтын айналу (маневровый) көлемін, гидропневматикалық аккумулятордың газ баллондарының және гидробаллондардың көлемін, сорап өнімділігін есептеу. Сораптын ПӘК 0,75 тен 0,85 дейін қабылдау.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[20–30], 2[26–40]

Бақылау сұрақтары

1. Үйкелістін келтірілген иыны.

2. Бас біліктегі бұрау моменті қалай анықталады?

3. Күштін шынайы иыны немен анықталады?

3 Тапсырма. Жоғарыжылдамдықты газогидравликалық тоқпақтарды есептеу

Жұмыстық бөлігінің массасы m1, V1 жылдамдыққа дейін екпіндетілетін газогидравликалық жоғары жылдамдықты тоқпақты есептеу (кесте 3). Жұмыстық цилиндр штогының көлденең қимасының ауданын, қайту гидроцилиндрлерінің плунжерлерін, сығылған газдын бастапқы көлемін, екпін жүрісін, сорап өнімділігін есептеу. Сорап қысымын 20 МПа тен деп, газ қысымын 12 МПа дейін, кері қайту жүріс уақытын 2 ден 4 с дейін қабылдау.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[47–58], 2[99–113]

Бақылау сұрақтары

1. Иінді біліктерді неге есептейді?

2. Иінді біліктердің қимасында қандай күштік факторлар әсер етеді?

3. Қосиінді біліктің шыдамдылық шартына байланысты мүмкіндік күш неге тәуелді?

4 Тапсырма. Жарылыс тоқпақтарын есептеу

Жарылыс тоқпағы үшін кеңеюдің бастапқы және соңғы кезінде газ көлемін, поршн ауданын, поршеннің ен улкен жүрісін, порох зарядының массасын есептеу. Жұмыстық бөліктердің массасы мен орын ауыстыру жылдамдығы m1 және V1 (кесте 4). m2/m1 қатынасын 5 тен 10 дейінгі аралықта қабылдау.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег. 1[59–68], қос. 1[183–187].

Бақылау сұрақтары

  1. Бұранданың ішкі диаметрін қалай анықтайды.

  2. Жонқа бунағының саны неге байланысты?

  3. Материалды тандау.

5 Тапсырма. Июге арналған баспақтардың гидрожетегін есептеу

Номиналды күші Рн және жылжымалы мандайшаның (сырғақ) толық жүрісі Н, июге арналған гидравликалық баспақтын гидро жетегін есептеу. Жүктеудің типтік графигі 7.1 суретте келтірілген / I /. Жұмыс және қайту цилиндрлерінің диаметрін, сораптын онімділігі мен қуатын, гидроаккумулятордың гидравликалық және газ баллондарының көлемін, жинау және ағызу бактарының көлемін есептеу. Сораптан келетін сұйықтықтын номиналды қысымын 20 МПа тен деп қабылдау. Есепті үш жетекке жүргіземіз: тұрақты өнімділікті сорапты аккумуляторсыз, екі сатылы өнімділікті сорапты аккумуляторсыз және сорапты–аккумуляторлы жетектер үшін. Сорапты аккумуляторсыз жетек үшін жұмыс жүрісінің жылдамдығын 0,02 ден 0,04 м/с дейінгі аралықта, сорапты аккумуляторлы жетек үшін 0,05 тен 0,1 м/с дейігі аралықта қабылдаймыз. Барлық типтегі жетектер үшін бос жүріс және кері жүріс жылдамдықтарын 0,1 ден 0,4 м/с дейін қабылдаймыз. Технологиялық үзілістін уақыты 5 тен 8 с дейінгі аралықты құрайды.

Ұсынылған әдебиеттер: Қос. 1[183–187].

Бақылау сұрақтары

1. Үйкеліс беттерінін геометриялық өлшемдері қандай шарттардан анықталады?

2. Есептелген юұрау моменті.

3. Үйкелісті материалдарды тандау.

6 Тапсырма. Ыссы сығымдауға арналған баспақтардың гидрожетегін есептеу.

Тапсырма алдынғы 5 тапсырмаға ұқсас, бірақ есептеу кезінде ыссы сығымдау күшінің типтік графигі қолданылады (7.2 сурет, / 1 /). Технологиялық үзілістін уақыты 8 ден 12 с дейінгі аралықты құрайды (сырғақтын жоғарғы жағдайда тұруы).

Ұсынылған әдебиеттер: Осн.1[125–137].

Бақылау сұрақтары

  1. Жұмыстық күштердін графигі дегеніміз не?

  2. Жалғастырғышты қосуға шығындалатын энергия қалай анықталады.?

  3. Тегершіктін инерция моменте қлай анықталады?

7 Тапсырма. Үйкелісті бұрама баспақтарды есептеу

Әдістемелік ұсыныстар: бұраманың жүрісін, орташа, ішкі және сыртқы диаметрлерін, тегершік шеңберінің (обод) өлшемдерін (ішкі және сыртқы радиустарын және биіктігін), диск өлшемдерін, минут ішіндегі дискінің абарот санын, ілгері қозғалатын бөліктердін массасын, сырғақтын жоғары төмен жүрісі кезінде дискілердін тегершікті итеру күшін, номиналды күші Рн, пайдалы энергиясы Тэ, сырғақтын ен үлкен жүрісі Нm, минут ішіндегі сырғақ жүріс саны n үйкелісті бұрама баспақтын электр қозғалтқышының қуатын есептеу. Бұрама ұзындығын сырғақтын ен үлкен жүрісінен 2 ден 3 дейін етіп қабылдау.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[322–329].

Бақылау сұрақтары

1. Цилиндр қабырғаларында пайда болатын кернеу.

2. Технологиялық цикл.

3. Жұмыстық және қайтымды цилиндрлердің материалы және қаттылығы.