- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2008
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдер мен аттесттация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1 Модуль
- •2 Модуль
- •Аралық аттестацияны жүргізу үшін сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары
- •1.1 Сурет – Тоқпақтардың классификациясы
- •1.2 Сурет – Тоқпақтардың сұлбалары.
- •1.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •2.1 Сурет– Бу–ауа тоқпағының жұмыс режимдерінің схемасы.
- •2.2 Сурет – Бу–ауалы соққыш тоқпақ
- •2.3 Сурет – Бу–ауалы қалыптау тоқпағы
- •3.1 Сурет – Бу–ауалы тоқпақтардың энергия тасушының таратқыш механизмінің сұлбасы: а – соғу; б – қалыптау
- •1, 4, 5, 6 – Төмендегі тоқпақтама; 2,3 – жоғарыдағы тоқпақтама
- •3.2 Сурет – Бірізділік соққылар кезіндегі реттығын төлкесіндегі реттығынның орналасу сұлбасы
- •4.1 Сурет. – Жоғарғы бу үшін теориялық индикатор диаграммасы
- •4.2 Сурет – автоматты бірізділік жүрістер циклында болжау индикатор диаграммалары
- •5.1 Сурет – Болжамды индикаторлы диаграмма
- •6.2 Сурет. – Эксцентрикті соққы сұлбасы
- •6.3 Сурет – төс құйылмалары
- •6.4 Сурет – соташықтарды бекіту сұлбасы
- •6.5 Сурет – Тоқпақ соташығы
- •6.6 Сурет – Поршень тығыздағышы
- •7.1 Сурет – Тіректін бойлық (а) және (б) көлденең қималары
- •7.2 Сурет – Тоқпақтама ойығы
- •7.3 Сурет – Бағыттаушылар
- •7.4 Сурет – Тоқпақ цилиндрі
- •8.1 Сурет – Екі горизонталды кранды екі цилиндрлі жетекті пневматикалық тоқпақтар
- •8.3 Сурет – Жұмысшы және компрессорлы поршендердің қозғалыс сұлбасы
- •8.4 Сурет – Тоқпақтардың кранды ауатаратқышының сұлбасы (крандар қималарын жою)
- •9.1 Сурет – Гидравликалық баспақ
- •10.1 Сурет – Сулы сорапты–аккумуляторсыз жетекті баспақты қондыру сұлбасы.
- •10.2 Сурет – Қарапайым әсерлі тығынжиынды сораптың сұлбасы.
- •10.3 Сурет – Үштығынжылды ұзынабойлық бойлық сорап.
- •11.1 Сурет – Фланецке тірелетін цилиндрлер (а), цилиндр түіні және оның жоғарғы мандайшаға бекітілуі (б).
- •11.2 Сурет – Тығынжылдардың қымтағышы:
- •11.3 Сурет – Маңдайшалар
- •11.4 Сурет – Жылжымалы мандайшаларға тығынжылдарды бекіту варианттары
- •12.1 Сурет. Қозғалмалы көлдененнің жүруі кезіндегі деформацияланатын күштің графигі.
- •14.1 Сурет – деформациялау пәк күшке тәуелділігі
- •14.3 Сурет – бұранданың көтерілу бұрышы
- •15.1 Сурет – Екі дискілі үйкелісті бұрама баспақ
- •2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (сөж)
- •2.5 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (соөж)
- •Тема 15: Үйклісті бұрама баспақты есептеудің бірізділігі.
- •2.6 Өзіндік бақылауға тестік сұрақтар
- •Тест сұрақтарының дұрыс жауабының
- •2.7 Өткен курстар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі.
- •Глоссарий
- •050712 «Машина жасау» мамандығына арналған
- •«Тоқпақтар мен баспақтар»
- •Пәні бойынша
- •Студенттің пәндік
10.1 Сурет – Сулы сорапты–аккумуляторсыз жетекті баспақты қондыру сұлбасы.
10.1 суретте төменгі сол жағында таратушы ашылу диаграммасы берілген. Вертикаль бойынша клапандардың ершігі үстінен жүрісі, ал горизонталь бойынша таратқыштың білігінің бұрылу бұрышы орналасқан.
III жағдайында («тоқта») 11 және 12 клапандар ашық, ал 10–шы жабық. Сорап жүк түсіргіш автомат арқылы сұиықтықты таратқышқа жібереді және жақ қайта сораптың сору желісіне түседі. Баспақ маңдайшасы 10 клапан жабық болғандықтан ілініп тұрады.
II–жағдайда 10–12 клапандар ашық. Толықтырғыш клапан автоматты түрде көтеріледі және толықтырғыш шандағы сұйықтық жұмыс цилиндріне түседі. Қайтымды цилиндрлерден 10–шы клапан арқылы сұйықтық қозғаушы бөліктердің салмағының әсерінен және қысымын толықтырғыш жұмыс тығынжысына толықтырғыш шаға және жұмыс цилиндріне ығысады.
I–жағдайда жұмыс жүрісі 10және 11 клапан ашық. Сұйықтық сораптан 11 клапан арқылы толықтырғыш клапынның тұрғысының жоғарғы бөлігіне жұмыс цилиндрі түседі. Қайтымды цилиндрден сұйықтық 10 және 11 клапандар арқылы баспақтың жұмыс цилиндріне ығысады. Толықтырғыш клапан сұйықтық қысымымен жабық сораптан серво жетегінің күші оны ашуға жеткіліксіз. Жүк түсіргіш автоматпен қондырылған жүмыс кезінде қысым белгілі бір шамасына жеткенде, айналмалы клапан көтеріледі сорап бостай жұмыс істей бастайды. Баспақ соғылманы қыспақтауды жүзеге асырады.
IV–жағдайда қайтымды жүріс 12 клапан ашық. Сұйықтың сораптан қысым арқылы 10 клапында көтеріп, қайтымды цилиндрлерді толтырады, ал жұмыс цилиндрлерінен 12 клапан ліші қима арқылы толықтырғыш жаққа ығысады. Жұмыс цилиндрінде қысым төмендейді, сервожетек 3 толықтырғыш клапанды көтереді жанға еркін ығысады. Қозғалмалы маңдайша көтеріледі.
Сорапты аккумляторсыз жетекті баспақтың таратқышын жобалау кезінде басқару тұтқасы қандай жағдайда болмасын барлық клапандарды бір уақытта жабылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл сықағыш желісінде гидросоққының тууына,және сорапты жүктүсіру автоматының аяқ астынан жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Сораптар. Гидравликалық баспақтардың жетегінде көбінесе статикалық әсері сораптар кеңінен қолданылады. Олар сұйықтықты пайдалануына қарай эмульсия мен және маймен жұмыс жасайтын сорапқа бөлінеді [1, 2].
1–қосиінді білік, 2 – бұлғақ, 3–сырғақ, 4–тығынжыл, 5–тығынжылды, 6–сықағыш клапан, 7–сорапты шаң, 8–жоғары қысымды магистраль, 9–сорғыш клапан, 10–сорғы тұрқы
10.2 Сурет – Қарапайым әсерлі тығынжиынды сораптың сұлбасы.
Гидравликалық баспақтардың жетегіндегі суы (сулы–эмульсиялы) сораптардың ішінде қосиінді–тығынжыл сараптар қолданылады. Орналасуы жағынан – горизонталь, қуаты 1500 кВт дейін. Жұмыс сұйықтығы ретінде су немесе эмульсия қажет етеді. Ең жоғарғы пайдаланатын қысым 20 және 32 МПа дейін.
Бір тығынжылды сораптың сұлбасы 25–суретте көрсетілген.
Тығынжыл алаңын–f, жылдамдығын–v, бір тығынжыл берісін–q, қосиін радиусін–r, қосиінді біліктің бұрыштық жылдамдығының, қосиінді біліктің бұрылу бұрышын–б деп белгілейік.
Бұлғақтың ұзындығын есептеуді жеңілдету үшін шексіздікке тең деп қабылдаймыз. Сонда q = fv, бірақ v — r ω sinα және q = f r ω sinα .
Баспақтың жетегі үшін көбінесе,
иінді білікте өзара 120
бұрышпен орналасқан үш қосиіні бар үш
тығынжылды сораптар кеңінен таралған.
Үштығынжылды сораптар жеткілікті тең өлшемді берістерді қамтамасыз етеді. Сораптың пайдалану берілгендері бойынша тығынжылдың орташа жылдамдығы Vс=0.5–1.5м/с деп қабылдаймыз, бірақ 3м/с жоғары болмауы қажет, әйтпесе, тығынжыл тығыздауыштар тез тозады және клапандардың тарсылы пайда болады.
(10.1)
мұндағы: s–тығынжыл жүрісі, м
Иінді біліктің айналу саны
клапандардың тарсылымен шектеледі
(n=125
180айн/мин)
Сораптың нақты немесе тиімді
берілісі, м
/с
(10.2)
мұндағы: f– тығынжыл ауданы; z– тығынжыл саны; η–сораптың көлемді ПӘК.
Сораптың иінді білігінің қуатын мына формула бойынша анықтайды
(10.3)
мұндағы: р–сораппен үдетілетін сұйықтың қысымы МПа; η –сораптың механикалық ПӘК–і, η=0.80–0.85.
Сораптың құбыр жолдағы сұйықтың орташа жылдамдығы 0,3м/с аспауы қажет. Сору клапананда судың орташа жылдамдығы 3м/с деп, ал сынағыш клапанында 6м/с деп қабылдаймыз.
Сораптың негізгі тетіктеріне иінді білікке арналған түбірлі мойынтірек және бағыттаушы сырғақ, иінді білік, бұлғақ, сырғақтар, тығынжылдар, клапандар жиынтығы, клапандар жатады (10.3 сурет).
Тұғыр 1 – сорапты қозғалмалы–қайтымды салмақтың әсерінен болатын дірілден қорғайтын, шойыннан құйылған. Тұғырды тығынжылдың суммарлық күші бойынша созылуға және иілуге есептейді. Үштығынжылды сараптар үшін күшті 2fр (f–тығынжыл ауданы, р–номиналды екпіндейтін қысым) деп қабылданады.
Есептеу кезінде иілумен созылудан болатын шақтама суммарлы кернеуді [У]=7÷8МПа тең деп алады.
Иінді білікті 2 болат 45 матералынан соғу арқылы жасайды. Біліктің тіреуіштерін сырғанау және тербелу мойынтіректерінен жасайды (орындалады). Білік негізінен екі немесе төрт тіреуіштен тұрады. Иінді біліктің беріктігін есептеу және тіреулердегі меншікті күштің қосиінді машиналар есебі әдісі бойынша есептейді.
Бұлғақтар 3 және сырғақтар 4 соғылмалардан немесе құйма болаттардан жасайды. Бұлғақтың ұзындығын l≥5r деп қабылдайды (r– қосиін радиусы). Тығынжыл бағыттаушыларының цилиндрлі және жазық түрінде орындайды. Цилиндрлі бағытттаушыларда тозу болған кезде шойын төлкелерді ауыстырады.
Жазық бағыттаушылар үшін тығынжылдың орналасуы төсеніштермен реттеледі. Бағыттаушыға қойылатын қысымды 0,2–0,3 МПа. Тығынжыл саусағы үшін 9 МПа қысым, ал қосиін моменті үшін 6–7 МПа қысым жіберіледі.
Сорап тығынжылдарын жегідеге–тұрақты болаттардан 20х13, 30х13 жасайды. Тығынжыл беттерін шынықтырады және айнадай таза күйге дейін өңдейді.
Тығынжылды сырғақпен жалғау әдетте бірқалыпты. Тығынжылдардың тығыздалуы үшін вулканизацияланған резенкеленген маталы тығыздау қолданылады.
Көмкерменің сумен немесе эмульсиямен суланып тұруын қамтамасыз ету үшін қамту биіктігі тығынжыл жүрісінен кіші болуы тиіс.
