Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКТопатар мен баспатар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.99 Mб
Скачать

К

6.2 Сурет. – Эксцентрикті соққы сұлбасы

үші 0,5—5,0 т тоқпақтар үшін құйылмалар мен тіректер арасындағы түйісу кернеулері, құйылмалардың биіктігі 76—115 мм және соққыштың көлденең ені 510—1000 мм болса, сәйкесінше 300—800 кг/см2 құрайды.

Тіректерге, көлденең Рн күштен басқа, тоқпақ жұмысы кезінде пайда болатын тік соғу күші әсер етеді. Сғу кезінде тоқпақтама мен төс шағылысу жылдамдығына v1' және v2'. ие болады. v'2 жылдамдығының болуы төстің төмен қарай ығысатының көрсетеді, және бұл жылдамдық өте аз уақыт t ішінде болатындықтан, ығысу кезінде төстін үдеуі өте үлкен болуы мүмкін.

Төстін үдеуін соққы кезінде тұрақты деп қабылдасақ, мынаны аламыз

v2'=jtp. (6.1)

Тоқпақ тіректері соққы әсер еткеннен кейінгі моментте, төс төмен қозғалған кезде, артынша бірге қозғалуы тиіс, бірақ бұл орын ауыстыру кезінде олар j кем еркін құлау үдеуіне g ие болу мүмкін.

Нәтижесінде тірек табаны мен төс арасында 1–3 мм саңылау пайда болады, және тоқпақ тұғыры соққыдан кейін өте аз уақыт аралығында ауада қалқып тұрғандай болады. Төстін кері серпімді қайтуы нәтижесінде саңылау жойылады.

Т

6.3 Сурет – төс құйылмалары

оқпақтама бұрылған кезде тығыздағыш арқылы өткен тоқпақ соташығыда бұрыштық ығысады да, поршень арқылы цилиндрге әсер етіп цилиндрде тығыздағыштың орташа биіктігінен поршеннің орташа биіктігіне дейінгі арақашықтыққа тен иінмен, төңкеру моментін тудырады.

Төңкеру моментінің әсерімен цилиндр шетке қарай құлайды, оны тіректер болдырмайды. Соған байланысты тіректерге бірнеше соғу күштері әсер етеді.

Осы күштердің шамасы мен бағытын дәл анықтау мүмкін емес. Бұл тіректі беріктікке, Рн күші әсер еткен көлденең ию сұлбасы бойынша, жуықтап есептеуге ықпал етеді.

Күшті түсіру нүктесінен тіректін тіреу жазықтығына дейінгі арақашықтықты 11 және l2 деп белгілейік. 6.2 сурет бойынша В және С тіреулерінде реакциялар аламыз:

Рвн

Рс= Рн

Тірек қимасындағы ию моменті, Рн күші әсер еткен жерде:

Mизг = Рвl1= .

Тоқпақ соташықтары. Бу–ауалы тоқпақтың соташығы, қарапайым тоқпақтар үшін жоғарғы басы және төменгі цилиндрі бар тоқпақтар үшін төменгі басы поршеньмен жабдықталған, тоқпақтың беріліс механизімдер тобына жатады.

Соташық арқылы тоқпақтың орындаушы механизімі – тоқпақтама соққышпен немесе қалыппен – қажетті қозғалыс алады.

Бу–ауалы тоқпақтарда соташықты тоқпақтамамен қосудың екі типі бар: тұйық (6.4 а, б, в сурет) және топсалы (6.4 г, сурет). Топсалы қосылыстар ескі соғу тоқпақтарында қолданылған. Қазіргі кезде ол қосылыстар қаңылтыр қалыптау тоқпақтарында, цилиндрі төмен орналасқан тоқпақтарда сақталған.

6.4 Сурет – соташықтарды бекіту сұлбасы

Қазіргі кездегі соғу (2.2 сурет), қалыптау тоқпақтарында (2,3 сурет), конустылыққа кілтек, сына сияқты бекіту тетіктерінсіз тұйық қосылыс қолданылады

Ұсталық өндіріс тәжірибесі көрсеткендей осы қарапайым қосылыс сенімді болып табылды. Бұл соташыққа осындай әдіспен поршендыда отырғызуға мүмкіндік берді.

Соташықтың конусты бастары арасындағы бөлік цилиндр пішінді тегіс болып келеді (6.5 сурет).

Соташық цилиндрдың төменгі бөлігінде тығыздама арқылы өтеді.

Бу–ауалы тоқпақтарда α коэффициенті 0,92 > α > 0,75 аралығында ауытқиды.

С

6.5 Сурет – Тоқпақ соташығы

оғу тоқпақтарының соташықтары 45, 30ХН3, 40ХНЗ маркалы болаттардан жасалады.

Қалыптау тоқпақтарының соташықтары жұмыс шартының күрделігіне байланысты 30М, 30ХНЗ, 40ХН3, 30Х маркалы болаттардан жасалады.

Дайын соташықтың механикалық сапасы беріктікті 80—90 кг/мм2, аққыштықты 70—80 кг/мм2, ұзаруды 18%, соққы тұтқырлығы 8 кгм/см2 кем емес қамтамасыз етуі тиіс.

Соташықтар соғу мен жасалынады да сорбитті микроқұрылымға термиялық өңделеді. Соташықтың шыдамдылығын арттыру үшін ажарлағаннан кейін бүрлейді.

Соташықтың барлық беттері, поршень және тоқпақтамаға арналған конустылықтарда бүрленеді.

Соташық диаметрінің шақтамасы 0,2 мм жуық.

Соташықтың, тоқпақтамаға бекітілетін төменгі конусты басы α1 бұрышпен 1°10' – 2°30' аралығында орындалады және сәйкесінше конустылығы 1: 25 — 1:12.

Соташықтың, поршенмен жалғанатын жоғарғы басы 2° бұрыш қиғаштықпен немесе конустылығы 1:15.

Қазіргі кездегі қалыптау тоқпақтарында соташықтын төменгі басын тоқпақтамаға отырғызу аралық, сыртынан цилиндірлі төлкені қолданумен жүргізіледі. Төлке материалының қаттылығы тоқпақтама қаттылығынан төмен. Төлке қабырпғасының қалындығы 10–20 мм.

Соташық пен төлке конусы арасында латун қаптамасы 1–2 мм орналасады. Поршень соташықтың жоғарғы конусына ыссы қондырумен отырғызылады. Поршень материалы болат 45–50. 2000 кг дейінгі соғу және қалыптау тоқпақтарының поршень биіктігі соташық диаметріне тен қабылданады, ал 2000 кг жоғары тоқпақтар үшін 0,85 dш.