Радиоға қызметке қалай тұруға болады?
Бірінші қадам. Ең алдымен, радиода кім болғың (диджей, журналист, саунд-инженер) келетінін шешіп ал. Жұмысқа тұрғың келетін радиостансаның форматын анықтап ал. Эфир сеткасын (апта бойы қандай бағдарлама жүргізді, қандай мазмұнда, қандай стильде) әбден тыңдап ал, жүргізушілер мен диджейлерді тыңда (олар несімен қызық, дауыстары, стилі, беруі қалай?). Ешкімді «көшірудің» керегі жоқ, бірақ өзің баратын радиостансаның форматына лайық болуға тырысу керек.
Екінші қадам. Өз даусыңды тыңда. Табысқа жеткің келсе, алғашқы кездері өзіңді және өзгені көп тыңдауға тура келеді. Өз даусың өзіңе алғашында беймәлім әрі ұнамсыз болып көрінуі әбден мүмкін. Одан үрейленудің қажеті жоқ. Оған үйрену, дағдылану керек. Өйткені өз даусың өзіңе сырттан басқаша естіледі. Дауысыңның екпініне, ырғағына қара. Мүмкін сен тым жәй немес тым жылдам сөйлейтін шығарсың. Басшылармен әңгімелесуге барар алдында өз даусыңмен «жұмыс» істе.
Үшінші қадам. Ендігі қадам телефон соғып, әңгімелесуга бару. Тағы да қайталаймыз, сенің диджей болып жұмыс істеуің үшін бұрын қандай жұмыс істегенің, атақ-даңқың, білімің қажет емес. Бірақ резюме-түйіндеме керек-ақ. Түйіндемені алдын ала хабарласып, өзіңнің апарып тастағаның ләзім. Өз таңдауыңда табанды болуың, бірақ мазасыздық танытпа. Бос орын жоқ па? Жақсы, мүмкін сенің даусыңды жазып алып қалар, ертең керек болып қалуы мүмкін ғой. Кез келген радиостансада дауыс базасы бар. Қандай жағдайда да сенің даусыңды жазып алып қалуға тиіс. Сөйте қалса, онда сені бағалағаны. Сондықтан бұған жүз пайыз дайын бол.
Белгілі бір бағдарлама бойынша ұсыныстарың, ойларың болса, ол туралы да айт. Аталған бағдарлама бойынша идеяң арнайы тасымалдаушта (флешка, дискет) жазылып қойғанын да жеткіз. Ара-тұра хабарласып тұры, айына бір рет, үш айда бір рет, дегендей. Егер сенің даусың немесе идеяң ұнап қалса, бос орын пайда бола қалған жағдайда сенің кандидатураң бірінші болып тұрады.
Төртінші қадам. Егер өз бағдарламаңды жазғың келсе, «пилотты» нұсқасын жасап, кез келген тасымалдаушқа жазып алып (жәй сөзбен айтқаннан, қағазға жазып барғаннан гөрі бұл өте тиімді әрі өтімді, этикалық жағынан да дұрыс) кел. Даусыңды студияға жазу үшін келсең, барыңды сал. Өз ойлағандарыңмен, өз мәтініңмен кел.
Бісінші қадам. Қандай жағдай болса да, өкінудің еш қажеті жоқ. Өзіңмен жұмыс істе (кез келген мақамды (дикция) түзеуге болады). Практикаға немесе стажировкаға сұран (әлі де кейбір радиостансалар стажер алады). Табандылықпен қамал алуға болады.
Глоссарий
Диджей – радиодағы музыкалық бағдарламаның жүргізушісі.
Бағдарлама директоры – эфирдің музыкалық және бағдарламалық толықтырылуына жауап беретін адам.
Бас редактор – жаңалықтар қызметінің жұмысына жауап береді.
Жүргізуші – радиодағы ток-шоу, тақырыптық бағдарламалардың «бет-бейнесі» (кейде авторы да).
Саунд-инженер – эфирдегі техниканың жұмысы мен техникалық жарақтануына жауап беретін маман.
Беру (подача) – ақпаратты берудің формасы, мәнері және стилі.
Подводка – диджейдің әнаралық қысқа мәтіні.
Плей-лист – музыкалық уақытта айтылуға тиіс әндер тізімі. Оны бағдарлама директоры түзеді.
Дикция – сөйлеу, сөзді жеткізу көрсеткіші. Мақам.
Формат – радиостансаның стилі, формасы, мазмұны.
Жабық тақырыптар – эфирде талқылауға болмайтын тақырыптар.
Штамп – әбден қалыптасқан, жиі қайталанатын, сөз, сөз тіркестері.
Пилоттық нұсқа – радиобағдарламаның сынақ түрі, жобасы.
