Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Радиожурналистика қырлары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать

Эфирдегі қажетсіз сөздерден айналып өту туралы бірнеше сөз

Бірінші, эфирдің иесі диджей екенін ұмытпа. Сенде кез келген уақытта адамды эфирден алып тастау мүмкіндігі бар. Сондықтан, алдымен қажетсіз тақырыпты жайлап мәдениетті түрде бұрып жібере аласың. Егер мас біреу балағаттап, боқтай бастаса, онда ол «тыңдаушыңды» «өшіре» сал.

Екінші, егер адам «айдағанға» көнбесе, онда өшіріп тастағаннан өзге амал жоқ. Бірақ ол өзге тыңдаушыларға байқалмауы керек. Мысалы, оның сөз арасындағы үзілісін күтіңіз, сонда эфирден оның өзі кетті деген ой туады.

Үшінші, әзіл-оспақты түсіну сезімі. Кез келген қолайсыз жағдайда көмекке бірінші болып, әзіл-қалжың (юмор) келеді. Эфирде не болғанын, ыңғайсыз жағдай өткенін сездірме, оны жеңіл қалжың, әзіл тастап ұмыттырып жіберуге тырыс.

Төртінші, кешірім сұрап, қалжыңдап ұзақ тұрып алма. Сен мұныңмен жағдайды ушықтырып жібересің. Тез тоқтат. Ұзаққа созба. Өйткені сенің әңгімеңе жаңадан қосылған адам ол туралы білмейді ғой, енді соған түсіндіру керек пе? Әрине, керек емес.

* Өз мәселелеріңді айтып, тыңдаушыларды мазалама. Сенің басыңнан не өтсе де: ауырып қалдың, ақшаң жетпейді, депрессияға ұшырадың, ол – ешкімге керек емес және қызықсыз. Сенің жұмысың – жұртқа жақсы көңіл-күй сыйлау. Тіпті, өз көңіл-күйіңді көтерудің де бір амалы сол. Әрине, басыңдағы мәселені тыңдаушыға жақын тақырып болса ғана айт, онда да жағымды жағына оңтайлауға трыс.

* Қатып қалған сөйлеу штампынан қаш. Жиі қайталанатын сөздер мен сөз орамдарын қайта тыңдауға тырыс. Сосын оларды жиі пайдаланба, мүмкіндігі болса, мүлде қолданба. Сөзің жандана түседі.

* Эфирде үнсіздікке жол берме. Эфирдегі сәл ғана тыныштық кемшілік, тіпті, секундтардың өзі. Бір жағымсыз жағдай бола қалғанның өзінде тыныштықтың, үнсіздіктің орнын толтыруға тырыс. Радиостансаның атауын тағы да бір қайталап өт, имидждік бейнені (отбивка) қос, тіпті, тыңдарманыңа қайрлы күн тіле, т.т..

* Эфирде беріліп жатқан ән туралы, басқа радиостансаның форматы туралы жаман пікір айтпа. Қарақаттың даусы ұнамай ма, болмаса Мақсат жалықтыра ма, ол тура үнсіз қал. Өйткені оларды тыңдаушылырыңның арасында жақсы көретін, сүйіп тыңдайтындар аз емес қой!

* Тыңдарманыңды құрметтей біл. Адам біткен бірдей емес. Әркім әр түрлі. Кейде бір сөйлескеннен көңіл-күйіңізге кір жағатын адамдар кездеседі. Соның өзінде биік тұр, кішіпейілділік таныт. Ол тыңдаушың сұмдық мазасыз болса да тең сөйлес.

Боқтап, балағаттаудан сақ бол. Сен осы эфирдің иесісің, ол маскүнем, бұзық, ұятсыз адам болса да салқынқандылық таныт. Қажет десең, тым кішірейіп те кетпе, бірақ салғыласпа. Трубканы қойып, микрофонды өшіргеннен кейін ғана «уһ!» де. Жалпы эфирде «фейс-бақылау» деген бар. Егер «әңгімелесушің» мас, болмаса дөрекі сөйлеп тұрса, тілін шайнап сөйлейтін кемістігі болса немесе не сөйлеп, не айтқанын білмейтін біреу болса, онда ештеңе түсіндірмей-ақ микрофонды өшіріп тастауға толық қақыңыз бар.

* Тыңдаушыға ақыл айтуға тырыспа. Әңгіме арасында тыңдаушыдан ақылды екендігіңді дәлелдеудің қажеті жоқ. Диджейдің міндеті керісінше, мүмкіндігінше тыңдаушысын жақсы көрсетуге тырысу.

* Тыңдаушыны алдама. Адиторияның сенімін қайтару мүмкін емес. Сондықтан өтірік айтып алдама, тіпті, сәл нәрсе үшін де (мысалы, бір ән қоямын деп, ол уәдені орындай алмай қалу, т.т.).