III Талдау жұмыстары
Топтық жұмыс.
I Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме
II Шығарманың тарихилығы туралы пікір білдіру
III Ұлы Отан соғысы туралы жазылған өзге шығармаларға мысал келтіру
IV Жазушының стиліне қатысты өз пікірін білдіру
IV Қорытынды
Сөз шебері З.Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім?» – десе, мен: «Үлкен үшеу: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» дер едім», – деп бағалаған.
Жазушы туындыларының кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары, оқиға арқауы – олардың қуанышы мен сүйеніші, қайғысы мен жұбанышы.
Расында, Т.Ахтанов соғыс тақырыбына арналған үш көлемді туындысы арқылы қазақ әдебиетіне жаңалық енгізді, осы шығармалары арқылы әдебиет төрінде өз орнын белгіледі.
Қазақ әдебиеті
7 Сынып
II нұсқа
1.М.Әуезовтің мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарын көрсетіңіз.
А) 1915-1919 В) 1919-1924 С) 1917-1921 Д) 1918-1923 Е) 1924-1928
2. М.Әуезовтің 1921 жылы жарық көрген туындысы қалай аталатынын табыңыз.
А) «Көксерек» В) «Қорғансыздың күні» С) «Қаралы сұлу» Д) «Еңлік-Кебек» Е) «Жетім»
3. «Көксерек» әңгімесіндегі автор көтерген тақырыпты табыңыз.
А) қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік
В) жетім баланың аянышты тағдыры
С) адам мен табиғат арасындағы байланыс пен қайшылық
Д) екі жас арасындағы сүйіспеншілік
Е) бала тәрбиесі
4. «Еңлік-Кебек» пьесасының авторын табыңыз:
А) С. Мұқанов В) Ш.Құдайбердіұлы С) М. Әуезов Д) Ғ.Мүсірепов Е) Ә.Тәжібаев
5. М.Әуезовтің алғашқы ұстазы:
А) әжесі В) ауыл молдасы С) әкесі Д) ағасы Е) атасы Әуез
6. Алғаш рет ақын ретінде 1919 жылы «Бостандық», «Кедейдің ұлы» атты өлеңдері арқылы танылған ақынды табыңыз.
А) С.Мұқанов В) Ғ.Мүсірепов С) А.Құнанбаев Д) С.Торайғыров Е) Қ.Аманжолов
7. «Ботагөз» романының алғашқы атауын табыңыз.
А) «Оқыған азамат» В) «Мөлдір махаббат» С) «Жұмбақ қыз»
Д) «Есіл бойында» Е) «Жұмбақ жалау»
8. Көркем әдебиеттегі табиғат суреті қалай аталатынын анықтаңыз.
А) кейіптеу В) пейзаж С) метафора Д) типтік образ Е) ирония
9. «Оның аса дос көретін тобы балалар болушы еді. Жаз да, қыс та аңға шықса, қасында балалар қаптап жүретін", - қай шығармадан алынған үзінді?
А) «Есіл бойында» В) «Саятшы Ораз» С) «Боранды түнде» Д) «Көксерек» Е) «Жетім»
10. Әйтілес қарт қай шығарманың кейіпкері:
А) «Көксерек» В) «Боранды түнде» С) «Ананың анасы» Д) «Есіл бойында» Е) «Жетім»
11. «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке» атты романдардың авторын табыңыз.
А) С. Мұқанов В) М.Әуезов С) Ғ.Мүсірепов Д) Қ.Бекхожин Е) Т.Ахтанов
12. Ғ.Мүсіреповтің пьесасы:
А) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» В) «Ботагөз» С) «Қарагөз»
Д) «Қызыл сұңқарлар» Е) «Майра»
13. Қазақ әдебиетінде ана тақырыбына көп шығармалар жазған жазушыны табыңыз.
А) М.Әуезов В) С. Мұқанов С) Ғ.Мүсірепов Д) Ж. Аймауытов Е) М.Жұмабаев
14. Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» шығармасының кейіпкерін табыңыз».
А) Жалпақ В) Қайсар С) Құрмаш Д) Асқар Е) Ораз
15. « Ғабит Мүсірепов – ардақты ат!..» - деп, Ғ.Мүсіреповке баға берген зерттеушіні табыңыз.
А) Ә. Марғұлан В) М. Әуезов С) С. Қирабаев Д) З. Қабдолов Е) Ғ.Мұстафин
16. «Ауыл жатар кезде, біреуі мен, он үш жігіт атқа қондық. Бәден апай менің қойныма екі домалақ ащы құрт, бір уыс кәмпит тығып берді...». Үзінді қай шығармадан алынғанын табыңыз.
А) «Көксерек» В) «Ананың анасы» С) «Есіл бойында» Д) «Ботагөз» Е) «Боранды түнде»
17. Сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы қалай аталатынын табыңыз.
А) шығарманың шарықтау шегі В) оқиғаның басталуы С) шығарманың шешімі
Д) сюжеттік байланыс Е) сюжет
18. Қ.Аманжоловтың поэмасын табыңыз.
А) «Сұлушаш» В) «Мерген» С) «Көкшетау» Д) «Сырдария» Е) «Ақын өлімі туралы аңыз»
19. «Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп», - қай шығармадан алынғанын табыңыз.
А) «Сырдария» В) «Ақын өлімі туралы аңыз» С) «Адасқан өмір»
Д) «Өзім туралы» Е) «Өтеген батыр»
20. Тәжібаевтың М.Әуезовпен бірігіп жазған тұңғыш пьесасы қалай аталатынын табыңыз.
А) «Аманкелді» В) «Ақ қайың» С) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
Д) «Ботагөз» Е) «Қарагөз»
21. «Ел анасы менің анам
Сырдың сұлу өзені.
Қуан, ана! Ақыныңның
Келді жырлар кезегі». Өлеңнің авторын табыңыз.
А) С.Мұқанов В) М.Жұмабаев С) Ә.Тәжібаев Д) С.Торайғыров Е) І.Жансүгіров
22. Ә.Тәжібаевқа «Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын» деп баға берген қаламгерді табыңыз.
А) З.Қабдолов В) С.Қирабаев С) С.Мұқанов Д) М.Әуезов Е) Ғ.Мүсірепов
23. «Орман қызы», «Ақсақ құлан» дастандарының авторын табыңыз.
А) С.Сейфуллин В) С. Мұқанов С) Қ.Аманжолов Д) Қ.Бекхожин Е) Ә.Тәжібаев
24. Қ.Бекхожиннің алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады?
А) «Көктем» В) «Өмір сыры» С) «Шеру» Д) «Өткен күндер» Е) «Майдан»
25. Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен Ақын» туындысы қай жанрға жататынын анықтаңыз.
А) поэма В) повес С) роман Д) баллада Е) хикая
Сыныбы 7 Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Мақсаты: а) білімділік: Ғ. Мүсірепов туралы мәлімет беріліп, «Ананың анасы» әңгімесінің мазмұнын, идеясын, тақырыбын меңгерту; ә) тәрбиелік: Оқушылар алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қолдана білімін қалыптастыру; б) дамытушылық: Жаңа материал бойынша берілген сұрақтар мен тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Көркемдеп оқу, сөздік Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, портрет Пәнаралық байланыс:. Қазақ тілі Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі - сәлемдесу; - оқушыларды түгендеу; - оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; - сабақта жоқ оқушыларды айту; - сабаққа назар аударады. С. Мұқанов « Балуан Шолақ» повесін мазмұндау. Жасырын сұрақтар: 1. С. Мұқанов өмір сүрген жылдар. 2. «Есіл бойында» әңгімесі қай романнан алған үзінді. 3. «Есіл бойында» әңгімесіндегі әнші жігіт кім? 4. «Есіл тасып барады» әнін айтып бер. 5. Аңшылық, құсбегілік туралы жазған әңгіме? 6. «Есіл бойында» әңгімесіндегі кейіпкерлер. 1. 1900 - 1973 2. «Өмір мектебі» романнан алған үзінді 3. Мырзатай 4. Есіл тасып барады жардан асып, Қар жауады жаңбырмен араласып. 5. «Саятшы Ораз» әңгімесі. 6. Мырзатай, Бекберді, Ұлпа, Мұратбек. IV. Жаңа материалды меңгерту Ғабит Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1916 жылы 14 жасында Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі. 1923 - 26 жылдары мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебін, жұмысшы факультетінде оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды. 1929 - 30 жылы «Қос шалқар» «Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автобиографиялық әңгіме», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен», «Қыз жібек» шығармаларын аударды. Ананың анасы «Ананың анасы» атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңген, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. V. Жаңа білімді бекіту 1 - тапсырма Көркем шығарманы сатылай кешенді талдау. Шығарма авторы: Тегі, түрі: Тақырыбы: Идеясы: Шығарманың композициялық құрылысы: 1. Сюжеттің басталуы: 2. Сюжеттік байланыс: 3. Шиеленісуі: 4. Шарықтау шегі: 5. Шығарманың шешімі: 6. Шығармадағы кейіпкерлер: 7. Әдеби теориялық ұғымдар: эпитеттер: 8. Дисфемизмдер: 9. Көнерген сөздер: 1 - тапсырма Көркем шығарманы сатылай кешенді талдау. Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов Тегі, түрі: проза (әңгіме) Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы Идеясы: Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету Шығарманың композициялық құрылысы: 1. Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. 2. Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы, жылқыны барымталауы, қызды олжалап, мінгестіріп алуы. 3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы 4. Шарықтау шегі: Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу. 5. Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді. 6. Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария, Рамазан, Жанай балуан, ана, қыз т. б. 7. Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай, тымақтай, етектей сақалы, жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап, ұршықтай ойнап. т. б. эпитеттер: шаңқай түс, найза бойы, құлан, тұяқ т. б. 8. Дисфемизмдер: Қар қатынның, байым өліп, елсізде туғыр бала би. 9. Көнерген сөздер: жабағы, күпі, тоқым, құл, күң, сауға, құнбарымта т. б. 2 - тапсырма «Ананың анасы» әңгімесінің желісі бойынша кестені толтырыңыз. Шығарманың аты Кейіпкерлері Ұнаған эпизод 2 - тапсырма Шығарманың аты: «Ананың анасы» әңгімесі Кейіпкерлері: Ана, жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес, Рамазан Ұнаған эпизод: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы. 3 - тапсырма «Анам менің көгімдегі жұлдызым» өз аналарыңызға тән қасиеттері топтастырып жазыңыз. 3 - тапсырма Ана - ақылшым, батыл, көпшіл, қайраты, қамқоршы... VI. Үйге тапсырма 1. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесін мазмұндау. 2. Ақын туралы мәлімет іздену. Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. VII. Бағалау. Қорытынды. Оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады. Бағаланған оқшылар күнделікке бағасын қойғызады.
Сыныбы 7
Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Боранды түнде»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Ғ.Мүсірепов туралы білімдерін ұштастыра отырып, «Боранды түнде» әңгімесін түсіндіру ,қазақ халқының салт-дәстүрін ұғындыру. Дамытушылық: тіл мәдениетін ,сөз байлығын,сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін арттыру,өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау Сабақтың көрнекілігі: портрет,интерактивті тақта,суреттер,кітаптар Күтілетін нәтижесі: 1.Ғ.Мүсірепов туралы мәлімет алады. 2. «Боранды түнде» әңгімесімен танысады,әңгімені талдай алады. 3.Сөйлеу мәдениеті дамиды. 4.Салт-дәстүрді қастерлейді. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Қызығушылығын ояту Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру Ғ.Мүсірепов өмір жолы және «Ананың анасы» әңгімесін оқып келу. Тест 1.Ғ.Мүсірепов кім? а/ақын ә/би б/айтыскер в/жазушы 2.Ғ.Мүсірепов қай жылы дүниеге келді? а/1802ж ә/1942ж б/1912ж в/1902ж 3.Ғ.Мүсірепов Қазақстанның қай облысында дүниеге келді? а/Оңтүстік Қазақстан облысы ә/Солтүстік Қазақстан облысы б/Шығыс Қазақстан облысы в/Батыс Қазақстан облысы 4.Ғабиттің әкесінің аты кім? а/Мұхамед ә/Махат б/Махмұт в/Мұхтар 5. «Өлімді жеңген ананы» кімнен аударды? а/Толстой ә/Горкий б/Пушкин в/Лермонтов 6.Ғ.Мүсірепов қай жылы қайтыс болды? а/1995ж ә/1985ж б/1965ж в/1975ж 7. «Ананың анасы» әңгімесінде Бала бидің батыры кім? а/Жанай ә/Жалпақ балуан б/Кейкі в/Әйтілес 8. «Жалпақ деген батыр көрсеңдер ,сәлем айт!»,-дейтін әйел Жалпақ балуанның кімі? а/анасы ә/айттырған қызы б/әжесі в/құдағайы 9. «Ананың анасы» әңгімесі қалай аяқталады? а/Анасы мен қызын еліне қайтарады. ә/Анасы қайтыс болады. б/Анасы мен қызын тұтқындап алып келеді. в/Қызын алып қалады. Тест жауабы 1.в 2.в 3.ә 4.б 5.ә 6.ә 7.ә 8.ә 9.а Мағынаны тану Ғ.Мүсірепов «Боранды түнде» әңгімесі Оқушыларды топқа бөлу 1-топ: «Қайсар» 2-топ: «Күреңтөбел» 3-топ: «Кәмен» Кітаппен жұмыс 1-тапсырма: Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесіне сендер тағы қандай атау берер едіңдер? 2-тапсырма: Тақырыпты мазмұндау 3-тапсырма: Кейіпкерлерді сипаттау 1-топ 2-топ 3-топ Қайсарға мінездеме беру Күреңтөбелді суреттеу Кәмен қандай қыз? 4-тапсырма: Қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты тапсырмаларды орындау 1-топ: 1.Сүндет той туралы не білесіңдер? 2. «Ананың анасы» және «Боранды түнде» әңгімесінің сүндет той туралы байланысы бар ма? 2-топ: 1.Қалың мал- қазіргі заманда бар ма? 2. Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды? 3-топ: 1.Қыз алып қашу туралы естігендеріңіз бар ма? 2. «Боранды түнде» әңгімесіндегі қыз алып қашу кезіндегі күлкілі (юмор) тұстарын айтыңдар? Ойтолғаныс Шығармашылық жұмыс 1-топ: «Ат-адамның қанаты» шығарма жазу 2-топ: «Тұлпар» өлең шығару 3-топ: «Тұлпардың сұлуын-ай» сурет салу Үйге тапсырма 1.Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесін оқу 2.Жоспар құру Өзін-өзі бағалау парағын толтыру
