Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдебиет жоспар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.2 Кб
Скачать

I Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру

Бекіту сұрақтары:

1. Ә.Тәжібаев кім?

2. Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

3. Ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді?

1). «Ақсақ Темір мен Ақын» балладасын оқыту, мазмұнын сұрау. Баллада ұғымына түсінік.

Ой толғау. Ақсақ Темір деген кім?

Хафиз ше?

2). Венн диограммасы.

Ақсақ Темір мен Ақынды салыстыру.

3). Сұрақ-жауап

1. Балладаның негізгі түйіні неде? Ақынның мақсаты қандай?

2. Ақсақ Темір туралы тарихи деректерге тоқталыңыз.

3. Сіздің ойыңызша өлеңдегі басты кейіпкер кім?

4. Ақсақ Темірдің Хафизге рақымшылық жасауының себебі неде?

5. Ақсақ Темірдің бойында әміршіге тән қасиеттердің барлығы бар ма? Өз пікіріңізді түсндіріңіз.

4) Сөздік жұмыс

Шайыр – ақын деген мағынаны білдіреді

Жейхун – Әмудария өзенінің орта ғасырдағы атауы.

Темір (1336-1405 ж.) – Орта Азияда «Ақсақ Темір», «Әмір Темір» атанған, көп елдерді жаулап алған әйгілі қолбасшы.

Мысыр (Египет) - мемлекет атауы, астанасы – Каир.

Баязет (Баязит) – Әмір Темірмен тұстас өмір сүрген, Еуропаның көп елдерін жаулап алған түрік сұлтаны.

Шираз – орта ғасырлардағы Парсы (Иран) мемлекетінің астанасы болған қала.

Зұлфұқар – алмас қылыш, алдаспан.

Қаф тауы – Кавказ таулары

Қорытынды

Сонымен балалар, біз сендермен Қ.Бекхожиннің өмір баянымен, шығармашылығымен таныстық. «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын талдадық. Бекхожин талантының қыры көп. Ол – лирик, ол – эпик, ол – сыншы, әдебиетші. «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңызды» жазған, т.б. поэмаларымен қазақ әдебиетінде баллада, сонет түрлерін жазу арқылы осы жанрларды туған топырақта биікке көтерді.

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Жазушының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру, оқушыларға қаламгердің шығармашылығының мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу.батыл сомдай білген шеберлігін таныту.

ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштік сезімге, патриоттыққа, өз халқының әдет-ғұрпы мен мақсат-мүддесіне сызат түсірмей қорғауға тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

д) дамытушылық: Қаһарлы жылдардағы ел тарихын таныта отырып, оқушы дүниетанымы шеңберін кеңейту, шығармашылық ойлауын, өз көзқарасын қорғай білуге дағдыландырып, актерлық шеберліктерін дамыту.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы, ойын сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс.

Көрнекілігі: Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романы

Сабақтың жүрісі:

I Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру

1)Т.Ахтанов өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді хронологиялық топтастыру

1. 1923жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ жерінде дүниеге келген. 2. 1940жылы орта мектепті бітіріп, Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқиды, осы жылы 2-курстан әскерге алынады.Ұлы Отан соғысына қатысады. 3. 1948-51жылдары қазақтың мемлекеттік біріккен баспасында қызмет атқарады 4. 1951-53 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істейді. 5. 1956жылы «Қаһарлы күндер» романы, «Ғ.Мүсірепов» атты әдеби-сын очеркі жарық көреді. 6. 1957-58жылдары. ҚазССР Мин.Советі жанындағы Өнер жөніндегі бас басқармада қызмет атқарды. 7. 1962жылы «Сәуле» пьесасы жарық көрді. 8. 1969жылы «Керуен» сын-мақаласы жарыққа шықты. 9. 1971-72 жылдары «Жұлдыз» журналында қызмет атқарды. 10. 1973жылы. «Шырағың сөнбесін» романы жазылды. 11. 1980жылы «Көкейкесті» сын-мақаласы жарық көрді. 12. 1975-84жылдары. ҚазССР мемлекеттік кітап палатасында қызмет атқарды. 13. 1960 жылы. «Махаббат мұңы» атты повесть жарық көрді. 14. 1966 жылы «Боран» романы жарыққа шықты. 15. 1994жылы Қаламгер дүниеден өтті.

2) Сұрақ-жауап. «Қаһарлы күндер» романынан алынған үзіндіні талдау. «Окоп үстіндегі айқас»

1. Соғыс алдындағы жауынгерлердің көңіл-күйі қалай суреттелген? Үзіндіден тауып оқыңдар.

2. Шабуыл алдындағы Ержан мен Василий арасындағы қысқа әңгімен нені аңғартады?

3. Жау танктерімен айқасқан жауынгерлер ерлігі қалай суреттелген?

4. Жаут атакасын тойтарғаннан кейін жауынгерлерді билеген әсер туралы айтып беріңдер.

5. Ержан өзін қандай командир ретінде көрсетті? Үзіндіден мысалдар келтіре отырып дәлелдеңдер.