Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдебиет жоспар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.2 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Өзім туралы» өлеңі бойынша талдау

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Ақынның өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

ә) тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

д) дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, даралап деңгейлеп оқытуда өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс.

Көрнекілігі: 1. Қ. Аманжоловтың портреті

2. Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» әні

Сабақтың жүрісі:

I Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру

1). «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқыту, мазмұнын сұрау.

1. Ақынның өзін таныстыруы

2. Өлең туралы толғанысы

3. Өмір мен өлім жайындағы толғанысы

4. Туған елі, жері туралы толғанысы

2) Сұрақ-жауап

1. Ақын өзінің бойындағы адами қасиеттерін қай жолдар, шумақтар арқылы сипаттайды?

2. Ақынның өлең туралы ойы қандай?

3. Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген ойымен Қасым өлеңіндегі қай жолдар үндеседі? Қандай адам өлмейді деп ойлайсыңдар?

4. Ақынның отансүйгіштік сезімін қандай жолдардан байқадыңдар?

III Талдау жұмыстары

  1. «Өзім туралы» өлеңінің поэтикалық тіліне талдау жасау.

Теңеу

Бөбегіндей, торқадай, найзағайдай, қанатындай, өртке тиген дауылдай, серінің семсеріндей.

Эпитет

Қызыл шоқ, ала құйын заманалар, қап-қара түнек, алтын сарай, аұ көңіл.

Метафора

Асылымын, адамзат сапарының мейманымыз, кеудем – көрік, жүзім – наз, көңілім- көктем, сөзім – жыр, лебізім – күй.

  1. Өлең құрылысына талдау.

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім, жалын атқан сөз дайында

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...

(11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы)

Ұйқас түрлері

Шумақтары

Ааәа

Аааа

Аәаә

I, III, V, IX, XV

II

XIV

Қара өлең ұйқасы

Шұбыртпалы

Шалыс ұйқас

Қорытынды

  • Бүгінгі сабақта Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі бойынша талдау жұмыстарын жүргіздік. Өлеңдегі ақын бейнесін ашып, тілдік ерекшеліктерін, ақын қолданған айшықты сөздерді тауып талдадық.

  • «Өзім туралы» өлеңін Қасым поэзиясының биік шыңы десек те болады. Оның бұл өлеңдегі арманы ақын шығармашылығының басынан аяғына дейін тұтас тартылып жатқан өрнек сияқты.

Қазақ әдебиеті

7 Сынып

I нұсқа

1.М.Әуезов қай өңірдің тумасы екенін табыңыз.

А) Шығыс Қазақстан, Семей өңірі

В) Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы

С) Ақмола облысы Д) Оңтүстік Қазақстан

Е) Солтүстік Қазақстан, Жамбыл ауданы

2. М.Әуезовтің алғашқы ұстазы:

А) әжесі В) ауыл молдасы С) әкесі Д) ағасы Е) атасы Әуез

3. «Еңлік-Кебек» пьесасының авторын табыңыз:

А) С. Мұқанов В) Ш.Құдайбердіұлы С) М. Әуезов

Д) Ғ.Мүсірепов Е) Ә.Тәжібаев

4. «Көксерек» әңгімесіндегі Көксеректі алған ит:

А) Көкшолақ В) Көкқасқа С) Қарақасқа Д) Тұйғын

Е) Аққасқа

5. «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Қаралы сұлу» әңгімелерінің авторын табыңыз:

А) І. Жансүгіров В) С. Мұқанов С) Қ. Аманжолов

Д) Қ. Бекхожин Е) М.Әуезов

6. Абай өлеңдерін алғаш оқығандағы әсері жайлы: «Күн оқыдым! Түн оқыдым! Мейірімім қана түсті. Не деген ғажап дүние!», - деп айтқан жазушыны табыңыз:

А) Ғ. Мүсірепов В) С. Мұқанов С) Қ.Бекхожин

Д) Қ. Аманжолов Е) М.Әуезов

7. «Адасқандар», «Балуан Шолақ» романдарының авторын табыңыз:

А) С. Мұқанов В) Ғ. Мүсірепов С) Қ.Бекхожин Д) Т. Ахтанов Е) М.Әуезов

8. Пейзаждың анықтамасын табыңыз.

А) көркем шығармадағы адам мінезі

В) көркем әдебиеттегі табиғат суреті

С) көркем шығармадағы жинақталған образ

Д) шығарманың тақырыбы мен идеясы

Е) көркем шығарманың құрылысы

9. «Өлеңші бала» атанған қаламгерді табыңыз:

А) Ж. Аймауытов В) Ғ. Мүсірепов С) М. Әуезов

Д) С. Мұқанов Е) С. Торайғыров

10. Ғ.Мүсірепов қай жердің тумасы екенін табыңыз.

А) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы

В) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

С) Ақмола облысы

Д) Шығыс Қазақстан, Семей өңірі

Е) Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

11. Әйтілес қарт қай шығарманың кейіпкері:

А) «Көксерек» В) «Боранды түнде» С) «Ананың анасы» Д) «Есіл бойында» Е) «Жетім»

12. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» пьесасының авторы:

А) С.Мұқанов В) М.Әуезов С) С.Торайғыров Д) Ж.Аймауытов Е) Ғ.Мүсірепов

13. Қазақ әдебиетінде ана тақырыбына көп шығармалар жазған жазушыны табыңыз.

А) М.Әуезов В) С. Мұқанов С) Ғ.Мүсірепов Д) Ж. Аймауытов Е) М.Жұмабаев

14. «Боранды түнде» шығармасының кейіпкерін табыңыз».

А) Жалпақ В) Қайсар С) Құрмаш Д) Асқар Е) Ораз

15. «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат!..» - деп, Ғ.Мүсіреповке баға берген зерттеушіні табыңыз.

А) Ә. Марғұлан В) М. Әуезов С) С. Қирабаев Д) З. Қабдолов Е) Ғ.Мұстафин

16. «Боранды түнде» шығармасындағы Қайсардың аты қалай аталатынын табыңыз.

А) Күреңтөбел В) Көкдауыл С) Күреңқасқа Д) Күреңдауыл Е) Аққасқа

17. Шығарма сюжетінің шешуші кезеңі қалай аталатынын табыңыз.

А) сюжет В) оқиғаның басталуы С) шығарманың шешімі

Д) шығарманың шарықтау шегі Е) сюжеттік байланыс

18. Қ.Аманжоловтың тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?

А) «Жұмбақ жалау» В) «Өмір сыры» С) «Өткен күндер» Д) «Оян, қазақ» Е) «Шолпан»

19. «Құпия қыз», «Бикеш» поэмаларының авторын табыңыз.

А) Ә.Тәжібаев В) Қ. Бекхожин С) М.Әуезов Д) С.Мұқанов Е) Қ.Аманжолов

20. «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап», - деп жырлаған ақынды табыңыз.

А) Қ. Аманжолов В) С. Торайғыров С) І.Жансүгіров Д) М.Жұмабаев Е) Ә.Тәжібаев

21. Ә.Тәжібаевтың М.Әуезовпен бірігіп жазған тұңғыш пьесасы қалай аталатынын табыңыз.

А) «Аманкелді» В) «Ақ қайың» С) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» Д) «Ботагөз» Е) «Қарагөз»

22. Ә.Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңіндегі Тарас Шевченко қай елдің ақыны екенін табыңыз.

А) неміс В) орыс С) украин Д) ағылшын Е) француз

23. Қалижан бекхожиннің азан шақырып қойған шын атын белгілеңіз.

А) Қали-Мұхаммед В) Қали-Ысқақ С) Қалибек Д) Зейнолла Е) Қали

24. Қ.Бекхожиннің алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады?

А) «Көктем» В) «Өмір сыры» С) «Шеру» Д) «Өткен күндер» Е) «Майдан»

25. Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен Ақын» туындысы қай жанрға жататынын анықтаңыз.

А) поэма В) повес С) роман Д) баллада Е) хикая

Қазақ әдебиеті

Сыныбы 7

Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев және «Сырдария» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: ақын және драматург, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаевтың өмірі жолы және шығармашылығымен таныстырып,туған жеріне, табиғатына арнаған «Сырдария» өлеңі арқылы өскелең ұрпақты туған жерін бағалауға, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту.

ә) тәрбиелік: туған жерді, елді сүюге, табиғатты қорғауға, құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «ой шақыру» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым-қатынастық біліктілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы (аралас сабақ)

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқыту, талдау әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, сөздікпен жұмыс, бес жол өлең.

Көрнекілігі: Ә. Тәжібаев портреті

Сабақтың жүрісі: