
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •6.6 Әдебиеттер:
- •6.7. Бақылау
- •7.1.Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру.
- •7.2.Сабақтың мақсаты:
- •7.3.Оқыту міндеттері:
- •Есеп №1
- •Есеп №2
- •Есеп №3
- •Есеп №4
- •Есеп №5
- •7.6. Таратылатын материалдар
- •7.7. Әдебиеттер:
- •7.8. Аралық бақылау (2сағ)
- •Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
- •8.Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •8.1.1.№ 1 Тақырып «Мешел патофизиологиясы»
- •8.1.8. Әдебиеттер
- •9.4.Тәжірибелік дағдЫлар тізімі
Протеинограмма
Қалыпты жағдайда
Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л
Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л
Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л
Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л
Аспаптық зерттеулер
Аспаптық зерттеулер нәтижесі: Рентгенограммада алақан-бунақтық буынды құрайтын сүйектердің буындық бөліктерінің боркеміктенуі (остеопороз) байқалады. Оң қолының II саусағының үстіңгі бунағы негізінде және III алақан сүйегінің басында жиектік өрнектер көрінеді. Оң қолдың III және II саусақтағы және алақан-бунақтық буындарының буын саңылаулық айқын тарылуы байқалады.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
№ 2 есеп
Екі жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне иық сүйегінің сынығымен әкелінді. Қарап тексергенде қабырғаның «ескі» сынықтары, сүйектердің майысуы, буындардың қозғалғыштығы, тістерінің пішіні өзгеруі «янтарлы тістер», «көгілдір» склера, ортаңғы және ішкі құлақ сүйектерінің бұзылуы және кереңдік анықталды
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Бұл ауру этиологиясы бойынша остеопатияның қай түріне жатады? Осы топтың басқа ауруларын мысалға келтіріңіз
Науқастағы сүйек тінінің зақымдану патогенезін түсідіріңіз
№ 3 есеп
Науқас М., 65 жаста, дәрігерге несеп-тас ауруы бойынша қаралды. Сүйек тінінің рентгенограммасында фиброзды өзгерістер байқалады. Сүйек тінінің резорбциясы остеосинтезден басым. Алғашқы гиперпаратиреоз (Реклингаузен ауруы) диагнозы қойылды
Науқастың қанында кальций, фосфат, паратгормон деңгейі қалай өзгереді?
Сүйек тінінің өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз
Бүйректе тас жиналуының патогенезін түсіндіріңіз
№ 4 есеп
35 жастағы науқас М.., дәрігерге білезіктік буынның бүгілу беткейінде, қолтық және саусақаралық қатпарлардағы терінің қышуына, ұйқысының бұзылуына, еңбекке қабілетінің төменденуіне шағымданып келді. Тексеріп қарағанда қасыну іздері бар қабыршықтармен жабылған иректелген жолдар анықталды (суретті қараңыз): Науқаста болуы мүмкін:
Қызыл жегілік дерматит
Жанасулық дерматит
Пиодермия
Есекжем
Қотыр
6.6 Әдебиеттер:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2010.- С. 716-731
.
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 337-340
Остеоартрит//Под ред. Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. - 176 с
Остеопороз // Под ред. Беневоленской Л.И., Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008. - 176 с
Литвицкий П.Ф. Патофизиология учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2010. – с.448-450
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 146-147, 214-216
Тақырыптың мульдимедиялақ көрсетілімі.