Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СӨЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.96 Кб
Скачать

Комплексонометрия

Екі, үш, төрт зарядты метал иондарының трилон Б (этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы ЭДТА) титрлі ерітіндісімен суда еритін кешендер түзуіне негізделген әдіс. Әсерлесу катион зарядына байланыссыз стехиометриялық қатынаста 1:1 жүреді.

Әдіс метал иондарын түзе отырып диссоциацияланатын бейорганикалық және элементоорганикалық дәрілік препараттарды анықтауда қолданылады. Сонымен бірге, металл иондарымен әсерлесетін органикалық дәрілік заттарды анықтауда жанама комплексонометрия әдісі қолданылады: металл ионының артық мөлшерін ЭДТА көмегімен титрлейді.

Комплексонометрия әдісі үшін буферлі ерітінді көмегімен белгілі бір рН мәні аралығының сақталуы маңызды, себебі метал иондарының трилон Б ерітіндісімен, индикатормен байланысының тұрақтылығы және индикатор түсінің өзгерісі осы факторға байланысты жүзеге асырылады. Бұл әдісте қолданылатын индикаторлар металлоиндикаторлар деп аталады: қышқылды хром қара, қышқылды хром қанық-көк, күлгін пирокатехин, мурексид және басқалары, олар метал иондарымен берік емес айқын боялған кешен түзіп, трилон Б ерітіндісмен титрлеу кезінде эквивалент нүктесінде түсін өзгертеді.

ІІ валентті металдарды титрлеу рН 7,0-10,0 аралығында, қышқылды хром қара арнайы индикаторы және аммоний гидроксиді мен аммоний хлориді буферлі ерітіндісі қатысында жүргізіледі, себебі титрлеуде анықталатын заттың бір бөлігі трилон Б ерітіндісімен гидроксид түрінде тұнбаға түсіп қиындық тудыруы мүмкін. Басында тұрақсыз кешен (металл-инлдикатор) түзіліп, трилон Б индикаторды кешеннен ығыстыруы нәтижесінде рН мәніне байланысты түсін өзгертеді. рН 6,0 – қызыл; рН 7,0-11,0 – көк; рН 11,5 – қызыл-сары.

ІІІ валентті металдарды титрлеу рН 2,0-3,0 аралығында пирокатехин күлгін индикаторы қатысында жүргізіледі.

Комплексонометрия әдісі магний (магний оксиді, магний сульфаты, магний негіздік карбонаты); мырыш (мырыш оксиді, сульфаты); кальций (кальций хлориді); висмуттың бейорганикалық фармакопеялық препараттарының және органикалық қышқылдардың суда еритін кальций тұздарының сандық мөлшерін анықтауда қолданылады.

4

Дәрілік заттарды стандарттау бөлімінің негізгі бөлімдері:

  • «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығы» РМК- да дәрілік заттарды стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

  • Нормативтік – техникалық құжаттардың сапасын бағалау, НТҚ мен есептерді келістіру және оларды Фармакопеялық орталыққа беру;

  • Нормативтік құжаттарда қарастырылған талаптарға сәйкес дәрілік заттардың өндірісін меңгерген кәсіпорындар үшін НТҚ жасау, дәрілік заттардың сапасын бақылаудың жаңа ғылыми негізделген әдістемелерін жасау, қолданыстағы бақылау әдістерін жетілдіру және унификациялау;

  • Облыстық сынау лабораторияларына бару арқылы есептерді безендіру, аналитикалық нормативтік құжаттарды жасау бойынша сынау лабораторияларының қызметкерлеріне практикалық көмек көрсету;

  • Сынау лабораторияарын аналитикалық жабдықтармен, реактивтермен, стандарттық үлгілермен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету туралы кеңестер беру;

  • Дәрілік заттардың стандарттық үлгілерін жасау және бағалау;

  • Нормативтік құжаттар қорын қалыптастыру, жүргізу және актуалдау.

  • Мемлекеттік фармакопеяны жасау және сараптау бөлімінің негізгі міндетіне мемлекеттік фармакопеяны, фармакопеялық статьяларды жасау және сараптама жұмыстарын жүргізу жатады. Бақылау – рұқсат беру жүйесінің аймақтық деңгейіне ҚР 14 облыстық сынау лабораториялары жатады.

1