
- •Фармацевтикалық химияның обьектілері:
- •Бақылау – рұқсат беру жүйесінің құрылымы және функциясы
- •Дәрілік заттардың өзі екендігін анықтау
- •Дәрілік заттардың сандық мөлшерін анықтау
- •Сулы ортада титрлеу
- •Сусыз ортада қышқыл-негіздік титрлеу
- •Тотығу-тотықсыздану әдістері
- •Нитритометрия.
- •Кері титрлеу әдісі
- •Комплексонометрия
- •Дәрілік заттарды стандарттау бөлімінің негізгі бөлімдері:
- •Дәрілік затты қолдану кезеңдері
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Фармацевтикалық химияның негізгі даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының бақылау – рұқсат беру жүйесі. Дәрілік заттардың қолданылу кезеңдерінің барлық сатыларында сапасын бақылау жүйесі.
Орындаған: Низамидинова М.А.
Тобы: 304 А Фк
Қабылдаған: Надирова С.Н.
Шымкент 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Фармацевтикалық химия обьектілері, мазмұны
Фармацевтикалық химияның негізгі даму кезеңдері
ҚР бақылау – рұқсат беру жүйесі
Дәрілік заттың сапасын бақылау
Дәрілік заттың қолданылу кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Фармацевтикалық химия – дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігінің химиялық құрылымымен байланыстылығын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылымын, алыну тәсілдерін, сапаларын бақылау әдістерін зерттеумен айналысатын кәсіби фармацевтикалық пән.
Фармацевтикалық химия пәні обьектілері – аурудың профилактикасына, диагностикасына және ауруды емдеуге, организмнің жай – күйі мен функцияларын өзгертуге арналған өсімдік және жануарлар тектес, синтетикалық, минералдық, биотехнологиялық , басқа да тәсілдерін алынатын фармакологиялық белсенді дәрілік шикізаттарды, дәрілік ангро және балк өнімдерді, дәрілік препараттарды, медициналық иммундық – биологиялық препараттарды, парафармацевтикаларды немесе олардың дәрілік субстанцияларын қамтитын дәрілік заттар жатады.
Дәрілік зат – аурудың профилактикасында, диагностикасында және ауруды емдеуде қолданылатын парафармацевтикалар, медициналық бұйымдар және медициналық техникалар теңестіріледі.
Дәрілік субстанция – дәрілік заттарды дайындауда және өндіруде қолданылатын өсімдік және жануарлар тектес, синтетикалық, минералдық, биотехнологиялық, басқа да жолдармен алынатын фармакологиялық белсенділік қасиеттер бар заттарды қамтиды.
Дәрілік форма - дәрілік заттың қолданылу ыңғайлылығына, қажетті емдік және профилактикалық тиімділігіне қолжеткізуді қамтамасыз ететін белгілі жағдайы.
Дәрілік препарат - қолдануға дайын, белгілі дәрілік түрдегі дозаланған дәрілік зат.
Жаңа дәрілік зат – мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жыл бойына медицинада қолдануға және өндірістік тұрғыда өндіруге бірінші рет рұқсат етілген дәрілік зат.
Фармацевтикалық химияның обьектілері:
Иммунобиологиялық дәрілік заттар - клеткаларды культивирлеу немесе тірі ағзалардан материалдарды экстракциялау сияқты биологиялық процестерді және материалдарды қолдану технологияларының көмегімен дайындалған дәрілік заттарды қарастырады.
Гомеопатикалық дәрілік заттар – қалыпты емес емдеу әдістерінде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технологиябойынша дайындалатын немесе өндірілетін өсімдік, жануарлар, минералдар тектес заттардың өте аз дозалардағы бір немесе көп компонентті дәрілік заттарын қамтиды.
Биологиялық белсенді заттар – дәрілік заттарды алудың потенциалды көзі болып саналатын әртүрлі заттар.
Фармацевтикалық химия бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидты химиялар сияқты химиялық пәндердің теориялары мен жалпы заңдылықтарына негізделеді. Фармацевтикалық химия дәрілік заттардың синтездеу тәсілдерін, құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін зерделеу сұрақтары бойынша бейорганикалық және органикалық химиялармен интегирленген. Фармацевтикалық талдауда аналитикалық химияның әдістері кеңінен қолданылады. Зерттеудің физикалық әдістерін, дәрілік заттарды статистикалық талдау тәсілдерін математика және физика пәндерін оқымай білу мүмкін емес. Биохимиялық процестердің құрылымына, физикалық және химиялық қасиеттеріне , физикалық, химиялық сыйымдылықтарына қарай адам ағзасына әсерлеріне байланысты.
Дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігі мен химиялық құрамының өзара байланыстылығы сұрақтарын фармацевтикалық химия фармакологиялық білімсіз қарастыра алмайды. Дәрілік заттардың дәрілік шөптерден алыну тәсілдерін, дәрілік өсімдіктер шикізаттарының және олардың препараттарының сапаларын бақылауды зерделеуді фармацевтикалық химия фармакогнозия пәнімен бірге жүргізеді. Фармацевтикалық химия дәрілік заттардың түрін және оларды дайындау тәсілдерін таңдау үшін дәрілік заттардың физикалық , химиялық қасиеттерін зерделеу сұрақтары бойынша дәрілер технологиясы, биофармация пәндерімен тығыз байланысты. Химиялық – токсикологиялық талдау әдістері фармацевтикалық талдау әдістеріне негізделеді, себебітоксикологиялық химия пәні обьектілерінің біріне дәрілік препараттар жатады.
Дәрілік заттардың сапасын бақылауды ұйымдастыру, тасымалдануы, сақталу жағдайлары мен мерзімдерінің сақталу сұрақтары бойынша фармацевтикалық химия фармацияның басқарылуы және экономикасы пәнімен тығыз байланысты. Фармацевтикалық химияның негізгі мәселелеріне жаңа дәрілік заттарды зерттеу және жасау, фармацевтикалық және биофармацевтикалық талдау әдістерін жасау жатады. Фармацевтикалық химия мәселелерінің негізгі мақсаты – дәрілік заттардың сапасын олардың жасалу, қолданылу, сақталу сатыларында қалыптастыру және қамтамасыз ету.
Осылайша, фармацевтикалық химия фундаменталды физикалық, химиялық, медициналық – биологиялық ғылымдарға негізделеді және кәсіби арнайы фармацевтикалық пәндердің ішінде өзіне тән маңызды орнын алады.
1 |
Фармацевтикалық химияның құрылуы мен дамуы фармация тарихымен байланысты. Фармация ежелден медицина, химия т.б ғылым саласына үлкен ықпалын тигізді. Фармация тарихы өз алдына ғылым ретінде дамыды. Фармация саласынан фармацевтикалық химияның ғылым ретінде дамуын алхимия кезеңінен бастап қарастырып көрейік:
Алхимия кезеңі(IV-XVI ғ). Бұл кезең адамзат тарихында химия мен фармация дамуында үлкен рөл атқарады. 100 – ден аса жыл бойы алхимиктер «философиялық тасты» табуға ұмтылды. Олар бұл тасты ауруды жазады, жастықты қайтарады деп ойлады. Аңызға айналған пікір болса да алхимиктер көптеген эксперименттерді жинады. Бірақ алхимик кезеңінде ғылым болмаған. Бұл уақытта бір де бір теория құрылмаған. Сондықтан да алхимия кезеңін «ғылымның сәбилік кезеңі» деп атады. Алхимиктер жинаған құнды мәліметтер химияның дамуына оның ішінде фармацевтикалық химияның дамуына үлес қосты. Алхимиктер заттардың тазалануына(сүзгілеу, кристалдау, тұндыру, айналдыру, айдау), жаңа химиялық заттар (күкіртті, тұзды, азот қышқылы, әртүрлі тұздар).
Алхимия кезеңінде химия мен фармация дамуы Батыс мемлекеттеріне қарағанда Орталық Азияда жоғары деңгейде дамыды. Сонымен қатар ғалым – энциклопедист, дәрігер – философ, астроном – ботаник, математик - ақын Ибн Сина болды. Европада Авиценна атымен белгілі. Оның көмегімен суды айдау арқылы әртүрлі заттардың классификациясы жасалған. Авиценнаны фармацияны құрушылардың қатарына жатқызуға әбден болады. Авиценнаны әлемге әйгілі еткен «Дәрігерлік ғылымның каноны» еңбегі болды. Бес томдық еңбек грек, үнді, иран араб елдерінің жаңалықтарын қамтыды.
Иатрохимия кезеңі(XVI - XVII). Даму бойынша алхимияны иатрохимия «емдік химия». Негізін қалаушы Парацельс. Парацельстің ойынша «адам ағзасы химиялық заттармен араласады, солардың біреуінің жетіспеушілігі ауруды тудырады. Сондықтан емдеу барысында әртүрлі заттардың химилық байланысы мен өсімдіктен алынған дәрілік заттарды қолданды. Парацельстің зерттеулері ағзаға минералды, өсімдік заттарының әсерін қамтыды.
Алғашқы химиялық теорияның пайда болу кезеңі(XVI-XIX). Бұл кезеңді ауқымды ету үшін химиялық зерттеулерді кеңейту қажеттігі туды. Бұл химия ғылымына өнімдерді алып келді.
XVII ғ 2 жартысы – алғашқы химиялық теория кезеңі– Флагистон теориясы. Теория арқылы жану, тотығу процесстері «флогистон» заты арқылы жүретінін дәлелдегісі келді. Флогистон теориясын И.Бехер және Г.Шталь. Флогистондық жақтастар оттегі теориясын химиялық ойдың ұшқыры ретінде есептеді. Оттегіні алғаш Швед ғалым, фармацевті К.Шееле ашты.
Екінші кезең(XVIII). Бұл кезең химияның нақ дамыған кезі. Химия ғылымына таңқаларлық жаңалықтарды фармацевтер енгізді. Француз фармацевті Л.Воклен хром, берилийэлементтерін ашты. Фармацевт Б.Куртуа теңіз балдырынан иодты тапты. Франциялық фармацевт Сеген опийден морфинді алды. Пельте мен Кавенту өсімдік шикізатынан стрихнин, бруцин және басқа да алкалоидтарды алды.
Сонымен қатар фармацевтикалық анализге үлес қосқан аптекарь Мор. Ол алғашқылардан болып бюретка, пипетка, дәріханалық таразыны қолданды. Осылайша фармацевтикалық химия иатрохимиядан соң өз дамуын жалғастырды.
3 |