- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Алгоритм абстрактілі машина іспеттес.
- •Примитивті рекурсия
- •Черч тезисі
- •4. Реттелмеген массивте біртіндеп іздеу алгоритмі
- •5. Реттелмеген массивте бинарлы іздеу алгоритмі
- •2. Сызықты сұрыптау
- •3. Кірістіру арқылы сұрыптау.
- •3. Машықтану сабақтары
- •4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары
- •4.1 Студенттің оқытушы басқаруымен орындайтын өздік жұмыстарының құрылымы
- •4.3 Рефераттар тақырыптары
- •4.4 Өзін тексеру үшін тест тапсырмалары
- •4.5 Межелік бақылау сұрақтары:
4.5 Межелік бақылау сұрақтары:
№1 - межелік бақылау сұрақтары
1-вариант
Алгоритмдерге қойылатын негізгі талаптар?
Алгоритмнің детерминделгендік қасиеті?
Алгоритмнің дискреттілік қасиеті?
Алгоритмнің ортақтық қасиеті?
Алгоритмдер командалардың қандай екі негізгі типінен құрылады?
Алгоритмнің белгілері. Олардың атқаратын қызметі?
Блок-схема деген не? Ол қалай қолданылады?
Деректер деген не?
Деректердің қандай түрлері бар?
Деректердің сипатталуы, программада қолданылуы.
2-вариант
Есептеу алгоритмі деген не?
Формула көмегімен шешілетін есептерге қандай алгоритм құрылады?
Таблица деген не?
Таблицалық әдістің блок схемадан айырмашылығы неде?
Екі санның үлкенін табу алгоритмі қандай алгоритмге жатады?
Ақиқат және жалған мәндерді қабылдайтын айнымалыларды қалай атайды?
Әріптер мен сандардың бірігуінен құралған мән қандай айнымалыға жатады?
Алгоритмнің түрлері -
Құрылған әрекеттер жиыны бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалатын болса, қай алгоритмге жатады?
Айнымалының мәніне байланысты 1 немесе бірнеше әрекеттерді таңдап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?
3-вариант
Айнымалының мәніне байланысты бір немесе бірнеше әрекеттерді қайталап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?
Алгоритм геометриялық фигуралармен құрылса қалай аталады?
Алгоритмнің берілу тәсілдері?
Таблицалық әдіс деген не?
Төртбұрыштың ауданын есептеу қандай алгоритмге жатады?
Алгоритм белгілі бір класқа жататын есептерді шығаратындай құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?
Алгоритмнің барлық нұсқауларын дәл орындаған жағдайда шектеулі қадамнан соң белгілі бір жауап алынса, қай қасиетті қнағаттандырады?
Алгоритмде мағынасын әрқалай түсінетін нұсқаулар болмаса, қай қасиетті қанағаттандырады?
Алгоритмде орындалатын әрекеттердің бірнеше жеке жеке қадамдар тізбегіне бөлінуі қай қасиетін анықтайды?
Алгоритм адамның бір тілді білетін, оқи алатын қасиеттеріне сүйеніп құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?
4-вариант
Команда немесе нұсқау деген не?
Математикалық формула көмегімен шығарылатын есептерге құрылған алгоритм қалай аталады?
Пост машинасы.
Пост машинасы мен Тьюринг машинасын салыстыру.
Пост машинасын құру әдістері.
Тьюринг машинасын құру әдістері.
Алгоритмнің формальды анықтамасы?
Массив деген не?
Массивтің қандай түрлері бар?
Массивті құрастыру?
5-вариант
Массивтің типтері деген не?
Массив қандай деректерді қабылдайды, қалай сипатталады?
Циклдік операторлардың массивтегі рөлі?
Берілген есеп бойынша деректерді анықтау қалай жүреді?
Математика курсынан функция анықтамасы мен есептелетін функция анықтамасын салыстырыңыз
Программалық орындалуы қиын алгоритмдерге мысалдар келтіріңіз
Алгоритмдер теориясынан болған маңызды жетістіктердің хронологиялық таблицасын жасаңыз. Автордың аты-жөні, өмір сүру датасы белгілі болсын. Әр автордың өмірінің нешінші жылында қай жұмысты жасағанын есептеңіз.
Алгоритмнің күрделілігі дегенді қалай түсінесіз?
Уақытша күрделілік деген не?
Теориялық күрделілік деген не?
№2-межелік бақылау сұрақтары
1-вариант
Шама деген не?
Шаманың неше түрі бар?
Айнымалы шама деген не?
Тұрақты шама деген не?
Енетін шама деген не?
Шығатын шама деген не?
Аралық шама деген не?
Литерлік шама деген не?
Сандық шамалардың қандай типтері бар?
Логикалық шама деген не?
2-вариант
Күрделілік қалай бағаланады?
Екі өлшемді массив қалай сипатталады?
Екі өлшемді массивтерге циклдық операторлар қалай қолданылады?
Күрделі есептеулерге не жатады?
Көпмүшелік деген не?
Көпмүшеліктердің мәнін есептеу үшін қандай операторлар қолданылады?
Цикл деген не?
Циклдың қандай түрлері бар?
Таңдау операторы қай уақытта қолданылады?
Таңдау операторының жазылу форматы қандай?
3-вариант
Деректердің статикалық және статикалық емес структурасын атаңыз.
Деректердің жартылай статикалық структурасына жататын деректер?
Деректердің динамикалық структурасына жататын деректер?
Деректердің Сызықты емес структурасы?
Деректердің файлдық структурасы деген не?
Сұрыптау алгоритмдерінің түрлері?
Іздеу алгоритмдерін атаңыз?
Алгоритм күрделілігі деген не?
Үлкен көлемді ақпараттан қажетті ақпаратты іздеуді қолданатын мысалдар келтіру.
Интернет желісінде ақпарат іздеудің қандай серверлерін білесіз?
4-вариант
Интернет желісінде іздеу алгоритмін құрастырыңыз.
Интернеттен Аллан Тьюринг, Эмиль Пост туралы ақпаратты іздеу.
Жол деген не?
Жолдар қандай типті деректерден тұрады, қалай сипатталады?
Жолдарға қандай операциялар қолданылады?
Ішкі жол деген не?
Жолдарды қандай проблемаларды шешуге қолдануға болады?
Жолдарды программада қала қолданады?
Сұрыптау деген не?
Сұрыптаудың неше тәсілі бар?
5-вариант
Бір өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?
Екі өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?
Іздеу алгоритмі қалай орындалады?
Жиын деген не?
Жиынды есептерге қолануға болатын жағдайлар№
Жиындарды сипаттау
Жиындарды программалау әдістері
Жиын мен массивтің айырмашылықтары
Деректердің құрылымды типі деген не?
Деректердің құрылымды емес типтері деген не?
