Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм пр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
922.11 Кб
Скачать

3. Машықтану сабақтары

1 Машықтану сабағы. Өрнектерді стандартты функциялар көмегімен есепту.

Мақсаты: Деректердің стандартты типтері. Программа структурасы. Стандартты типтерге қолданылатын амсалдар. Өрнектердің жазылуы.

Тапсырмалар:

  1. Конустың бүйір бетінің ауданын есептеу формуласының алгоритмін құру. Есепте конустың табанының диаметрі, жасаушысы берілген.

  2. және арифметикалық өрнектерді шығару алгоритмін құру.

  3. Y=1+xcos2(x)+sin3(x) функциясының мәнін есептеу, мұндағы x=2.346. Алынған нәтижені квадраттау және абсолют шамасын анықтау.

  4. М(-0,8; 0,9)координатты нүкте берілген. Осы нүктенің координаттарынан тәуелді, егер нүкте штрихталған облыста жататын болса ақиқат мәнін, басқа жағдайда жалған мәнін қабылдайтын өрнек жазу.

2 Машықтану сабағы. Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.

Мақсаты: Программалау тілінің операторларын меңгеру. Құрама, бос, меншіктеу,енгізу, шығару, шартты операторларды жазуды, қолдануды үйрену.

  1. Бір сан ойла, оған 1500-ді қос, егер шыққан сан 1550-ден артық болса одан 150-ді ал, егер – кем болса, онда 150-ді қос. Сонда қандай сан шықты? Осы есептің алгоритмін жазу.

  2. ax=b теңдеуін шешу алгоритмін құру.

  3. ах3+bx2+cx+d=0 теңдеуін шығару алгоритмін құру.

3 Машықтану сабағы. Функция кестесін құру.

Мақсаты:

Қайталану, таңдау операторларын меңгерту. Цикл түрлеріне тоқталу.

Тапсырмалар:

  1. функциясының мәндерін х-тің 1 мен 5 аралығындағы 0,5 қадаммен алғандағы мәндері үшін есептеу алгоритмін құру.

  2. Y=f(x) функциясының [a,b] аралығындағы мәндерін h=(b-a)/n қадаммен есептеу. Мұндағы xi=a+ih;i=0,1,2,3,...,m

4 Машықтану сабағы. Программада циклды ұйымдастыру.

Мақсаты:

Циклдік операторларды қолданып есеп шығарту. Кірістірілген, күрделі циклдарды программалау.

Тапсырмалар:

  1. қатар қосындысын анықтау.

  2. қатар қосындысын анықтау.

  3. қатар қосындысын анықтау.

  4. қатар қосындысын анықтау.

5 Машықтану сабағы. Сандар массивімен жұмыс.

Мақсаты:

Массивтер ұғымымен таныстыру. Массив түрлері, оларды есептерде қолдану. Бірөлшемді массивтерді қолдану.

Тапсырмалар:

  1. Бір өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің оң элементтерінің санын анықтау

  2. Бір өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің теріс элементтерінің санын анықтау

  3. Екі өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің оң элементтерінің санын анықтау

  4. Екі өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің теріс элементтерінің санын анықтау

  5. Бір өлшемді 15 элементтен тұратын массивтің 1-ші жолының оң элементтерінің қосындысын анықтау

  6. Екі өлшемді 20 элементтен тұратын массивтің 1-ші бағанының оң элементтерінің қосындысын анықтау

  7. Бір өлшемді 15 элементтен тұратын массивтің n-ші жолының элементтерінің көбейтіндісін анықтау

  8. Екі өлшемді 15 элементтен тұратын массивтің n-ші бағанының элементтерінің қосындысын анықтау анықтау

  9. Екі өлшемді 20 элементтен тұратын массивтің n-ші жолының элементтерін нөлге айналдыру

  10. Екі өлшемді кездейсоқ элементтерден тұратын массивтің n-ші бағанының элементтерін бірге айналдыру

6 Машықтану сабағы. Екі өлшемді массивтер, оларды сипаттау, қолдану.

Мақсаты:

Екі өлшемді массивтер ұғымын тереңдету. Оларды программалауда қолдану әдістерін меңгеру.

Тапсырмалар:

  1. 2 массив берілген. Элементтерінің қосындысын бөлек-бөлек есептеп алып, үлкенін анықтау керек.

  2. Матрицаның бір жолында орналасқан элементтерін өсуі бойынша реттеу.

  3. Матрицаның i –ші жолы мен j-ші бағанының орындарын ауыстыру.

  4. Матрицаның i –ші жолында орналасқан элементтерді кемуі бойынша реттеу.

  5. Матрицаның және вектордың минималды және максималды элементтерін табу.

  6. 30 жол 30 бағаннан тұратын матрица берілген. Нөмірі берілген баған мен матрицаның соңғы бағанының орындарын ауыстыру.

  7. Матрица берілген оның транспонирленген матрицасын құру.

  8. Матрицаның нөлден өзгеше және нөлге тең элементтерінің санын анықтау

7 Машықтану сабағы. Жолдарды өңдеу.

Мақсаты:

Жолдарды өңдеу функцияларымен танысу. Деректердің жолдық типі. Ішкі жолдар.

Тапсырмалар:

  1. Символдар тізбегі берілген. 2-ші символдың позициясын анықтау.

  2. Символдар тізбегі берілген. 2-ші символды алдыға қарай 1 позицияға жылжыту.

8 Машықтану сабағы. Деректердің жиын типтерімен жұмыс.

Мақсаты:

Жиындар ұғымын қалыптастыру. Жиындарды қолданып есеп шығару. Жиындарға қолданылатын амалдар.

  1. Тақ сандар жиыны берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.

  2. Тақ сандар жиыны берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.

  3. n саннан тұратын жиын берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.

9 Машықтану сабағы. Деректердің аралас типтерімен жұмыс

Мақсаты:

Аралас типті деректер туралы ұғым. Оларды сипаттау, қолдану алгоритмін меңгеру. Жазулар ұғымымен танысу.

Тапсырмалар:

  1. Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, туған датасы берілген. Әр студенттің туған датасын енгізгенде оның жасы нешеде екенін шығаратын программа құру.

  2. Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. 1-семестр және 2-семестр қортындысын жеке жеке шығару.

  3. Бір топта оқитын студенттердің аты – жөні, адресі берілген. Фамилиялары бірдей студенттерді анықтау.

  4. Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. Сессияны тапсыра алмағандардың тізімін шығару.

Зертханалық жұмыс №10. Қосалқы алгоритмдер және олардың қажеттілігі.

Мақсаты:

Қосалқы алгоритмдерді құру, оларды шақыру, қолдану әдістерін меңгеру.

  1. Үш таблица берілген. Сәйкес элементтерінің қосындыларының максимумын табу қосалқы алгоритмін құру..

  2. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын табу қосалқы алгоритмін құру.

  3. n! –ды есептеу қосалқы алгоритмін құрып, оны (n-k)! –ды есептеуде қолдану.

11 Машықтану сабағы. Файлдарды сұрыптау

Мақсаты: Файлдарды сұрыптау әдістерін қарастыру. Реттелген тізбектерді біріктіру немесе жалғастыру. Сұрыптау түрлері.

Тапсырмалар:

  1. Институтқа оқуға тапсырған абитуриенттер тізімін файлға жазу. Онда абитуриенттің аты-жөні, туған датасы, мектепті аяқтаған жылы, аттестаттағы бағасы, жатақханаға мұқтаждық белгісі, оқуға түсу емтиханынан бағалары берілсін. Сыртқы файлда деректерді сұрыптау әдістерін қолдану.

12 Машықтану сабағы. Тізімдер. Тізімнен элементті шығару.

Мақсаты:

Динамикалық жады. Көрсеткіштер. Тізімдер ұғымдарын бекіту.

Тапсырмалар:

  1. 20 студенттен тұратын оқу тобы туралы деректерді тізімге енгізу.

  1. Әрбір студент үшін 4 емтиханнан бағаларын көрсету.

  2. Әрбір студент туралы деректерді экранда енгізгенде оны бір бағытты тізімге енгізетін программа құру.

13 Машықтану сабағы. Тізімдермен жұмыс

Мақсаты: Файлдарды сұрыптау. Динамикалық жадылар. Көрсеткіштер. Тізімдер

Тапсырмалар:

  1. Институтқа оқуға тапсырған абитуриенттер тізімін файлға жазу. Онда абитуриенттің аты-жөні, туған датасы, мектепті аяқтаған жылы, аттестаттағы бағасы, жатақханаға мұқтаждық белгісі, оқуға түсу емтиханынан бағалары берілсін.

  2. Сыртқы файлдан деректерді бір бағытты тізімге енгізу.

  3. Тізімнің соңына, басына элементтерді енгізу.

  4. Тізімнен элементті шығару.