- •Инвестициялыј-инновациялыј јызметтi талдаудыЎ Јылыми негiзi.
- •1.2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
- •Инвестицияны қаржылық емес активтерге салу көзі
- •1.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды құқықтық реттеу мәселелері
- •2. Инновациялық салады нарықтық қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •2.1. Нарықтық қатынастағы инновациялық қызметті қалыптастыру
- •Инновациялық қызметті қолдауда мемлекеттің ғылым саясаты
- •Қазақстанның Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық Саясатының концепциясы
- •2003-2015 Жж Қазақстан өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасы
- •2.3. Республикадағы ғылым-техникалық мүмкіндіктің дамуы
- •Ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстарын ұйымдағы қызметкерлер саны
- •Ғылым саласы бойынша аспиранттар саны
- •Ғылым салалары бойынша бітіруші аспиранттар саны
- •3 Қазақстандағы инновациялық қызметті қаржыландыру механизмін дамыту мен жақсарту мәселелкері
- •3.1. Инновациялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету
- •Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындардың қаржыландыру көздері
- •3.2. Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі үшін қарыз қаражатын тарту
Қазақстанның Республикасының мемлекеттік ғылыми-техникалық Саясатының концепциясы
Концепцияда келесідей Қазақстанның ғылым мен ғылыми-техникалық дамуының негізгі нұсқаулары мен механизмдері қарастырылған:
1. Ғылым мен техника «қоғам-өндіріс-нарық» жүйесінің негізгі құрастырушысы болып табылады. Мұнда мемлекеттің негізгі мақсаты болып, халық шаруашылығының дамыған техникалық-экономикалық құрылымын, елдің техникалық және интелектуалдық мүмкіндігін қалыптастыру әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикалық тиімділігін жоғарылату, мемлекеттің технологиялық және экологиялық қауіпсіздігін жоғарылату мен оның тұрақты дамуы.
Ғылыми-техникалық дамудың жүйелі моделінің негізінде қоғамның ғылым, техника және технология саласында нақты шарттары болады:
отандық ғылым, техника және технологияның бәсекелі деңгейін қолдау;
ғылыми зерттеулердің мақсатты бағытталуы;
нормативті-құқықтық актілерді қабылдау. Ол ғылыми-техникалық жаңалық енгізулерді экономикалық негіздейді.
ғылым және инженерлік қоғамдар, арнайы ұйымдардың жұмысының нәтижелеріне бақылауды қамтамасыз ету.
2. Қолда бар ресурстарды және резервтерді мобилизациялау мақсатында, ғылым мен технологияның дамуы үшін концепция келесідей жұмыстарды іске асырмақ:
Маниторинг және материалды-техникалық ғылыми базасы, нақты жағдай және кадрлық потенциядың өзгеру бағыты, ұйымдық құрылымдар және ғылыми және техника басқару саласында тексеру жүргізу;
НИОКР ұйымдардың мақсатты бағдарламасының жүзеге асырылуы, оның қызметіне жоспарлау, қаржыландыру, зерттеу, басқару, бақылау жатады;
Ғылыми техникалық объектілерді жекешелендіруден, шаруашылық қызмет және тауарлық өнімінің өзіндік құнынан шетел компанияларының басқаруындағы кәсіпорындардан және шикізат ресурстарын өңдеуге берілген инвестициялардың үлесінен елдің технологиялық даму фондын құру;
Халықарлық бағдарламалар мен инвестициялық проектте қатысқандығының арқасында ғалым-инноваторлар мен өңдеушілер тобына қаржылық және техникалық көмек түрінде гранттарды қолдану. Ол үшін заңды түрде салық жеңілдіктерін бекіту қажет (ғылыми-техникалық салада): мемлекет тарапынан ғылымды қамтамасыз етуді тұрақтандыру.
3. Экономикалық және экологиялық, жақтардың қоғамға сай келуі; энергетикалық тәуелділіктің жетістіктері және технологиялық қауіпсіздіктегі ең тиімді мақсаттарын қарастыру.
4. Ғылыми-техникалық саладғы басқарудың ұйымдық құрылымдары жаңа ғылыми ұйымдарды құру жолында одан әрі дамуы қажет. Нарықтық экономикаға бейімделуі, мыс, техносаябақтар, ғылыми-техникалық акционерлік қоғамдар, әртүрлі маманданған құрылымдар.
5. Ең қажетті ұйымдық шешім ретінде нормативті актілерді құру. Ол актіде ғылыми-ұйымдар мен ғалымдардың беделі ғылыми интеллектуалдық меншікті қорғау, ғылыми-инновациялық қызметтерді сақтандыру және де мемлекеттік емес жоғары оқу орындары мен ғылым қызметкерлерін зейнетақылық қамтамасыз ету анықталады.
6. Ғылыми-техникалық саладағы объектілерді приватизациялау мен коммерциялау жөнінде бірнеше шаралар қарастырылады, оның қатарына кейбір ғылыми ұйымдар кірмейді (мемлекеттік ғылыми ұйымдар, академиялық институттар т.б.).
7. Аудандық саясаттың шеңберінде ҚР-ң Концепциясында келесі мәселелер қойылды: аудандық программалар мен салалық дамулардың жалпымемлекеттік және ауданаралық проектілерді сабақтастыру.
8. Концепцияда интеграцияны тереңдету туралы келісімге қол қойған мемлекеттермен Қазақстанның ғылыми-техникалық сотрудничесвоны кеңейту қарастырылған. Бірнеше шаралар ортақ ғылыми-технологияға білім және ақпарат саласында қайта құруға бағытталады. Интернет жүйесі мен басқа да трансұлттық ақпараттық системалармен байланысты кеңейту де қарастырылады.
Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық саясатының концепциясын жүзеге асыру ғылым мен техниканы әлеуметтік-экономикалық және мәдениеттік прогрестің негізгі бөлігі ретінде дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама (РМҒТБ)
РМҒТБ-адресті жоспарлы құжат, ал ресурстармен өзара байланысты комплексті іс-әрекеттерді және барлық жұмыстың орындалу ғылыми-техникалық проблемаларды шешу және ғылым мен техниканың даму бағытындағы негізгі ресурстардың мерзімін қарастыру.
Мемлекеттік мақсаттағы ғылыми-техникалық бағдарламалар ғылыми-техникалық ең маңызды жетістіктерді кең көлемде жүзеге асыру үшін құрылады. Олар ортақ мемлекеттік мағынаға ие және салааралық түрдегі іс-әрекеттерді жүргізуін талап етеді, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің ең тиімді бағыттарын таңдайды.
Республикалық, салалық немесе аудандық мағынадағы ғылыми-техникалық проблемаларды шешу үшін оған сәйкес республикалық, салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар құрылуда.
Бағдарламаларды алға қойған мақсатты толығымен жүзеге асыру мерзіміне жасайды.
Бағдарлама көмегімен шешілетін ғылыми-техникалық проблемалар салааралық мінезге ие болуы техникалық проблемалар салааралық мінезге ие болуы техникалық жаңалықтарға ие болып көптеген министрліктер мен ведомстволардың ортақ іс-әрекетімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларда келесілер қарастырылады:
қайта құрулар және кең көлемде жаңа технологияларды ендіру;
жаңа техника мен жаңа өндірістерді құру және іс жүзінде қолдану;
жоғары өндірістік машиналарды автоматтандырылған құрал-жабдықтардың түрлерін жасау және енгізу, автоматтандырылған өндірістер, комплексті механизмдер және өндірістік процестерді автоматтандыруды тиімді қолдану;
алдын ала белгіленген қасиеттері бар материалдар түрлерін құру және үйрену;
әр-түрлі автоматтандырылған басқару жүйесін құру немесе ендіру, с.қ. машиналарды, құрал-жабдықтарды, техникалық процестер мен өндірістерді автоматты түрде басқару жүйесі т.б.;
сатып алынған үлгілер мен лицензиялар негізінде жаңа техника, технология, материалдарды құру және өндіру, отандық ғылыми-техникалық және шетелдік тәжірибелерді қолдану;
табиғи ресурстарды тиімді қолдануды, қоршаған ортаны қорғау, с.қ. табиғи ортаның жағдайын қадағалау жүйесін қамтамасыз ететін материалдар мен техника, технологиялардың жаңа түрлерін құру;
елімізде жоқ ең жаңа техника, технология және материалдардың тәжірибелік, өнеркәсіптік өңделуі.
Мемлекеттік мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың іс-әрекет құрамына тәжірибелі және тәжірибелі-зерттеулік бекітулер құру қарастырылады, жаңа өнімді шығару үшін өндірістерді іске асыру құру. Бұл бағдарламаларға с.қ. басқа мемлекеттермен және ұйымдармен бірлесіп орындалатын тапсырыстар кіреді.
Бағдарламалардың міндетіне нақты обектілердің жаңа техника мен технологияларды өндірудегі көрсеткіштер кіреді. Құрылатын жаңа объектілерде техника, технология, материалдардың жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында техникалық деңгейіндегі проектілермен бірге құрылады және ұсынылады. Бұл карталарда отандық және шетелдік үлгілермен салыстырғандағы негізгі техникалық және технологиялық параметрлері көрсетіледі және де құрылатын техникалық, технологияның, материалдардың үлгілері, олардың экономикалық тиімділігі, бағасы, құруға және оны игеруге қажетті шығындар жатады.
Әр бір тапсырыстың соңында жаңа техникалар мен материалдарды игеруі, техникалық процестерді ендіру мерзімдері, жоспарланған көлемдер, тапсырыс бойынша барлық жұмыстың бағасы бекітіледі.
ҒТП-і ынталандыруда мемлекеттің ролі
(шетелдік тәжірибе)
Қазіргі кезде дамыған мемлекеттерде ең маңызды қызметтердің бірі экономикалық өсудің негізі ретінде ҒТП-і қамтамасыз ету.
Зерттеулер мен ірі ғылыми-техникалық проектілердің қаржыландырылуы жеке капитал тарапынан емес, дамыған мемлекеттерде мемлекеттік бюджетпен қаржыландырады. Өндірістердің өнім өндіруіндегі НИОКР нәтижелерін қолдану оған қызықты фирмалар мен корпорациялардың үлесімен жүзеге асады.
Дамыған елдерде мемлекеттер мен жеке фирмалардың НИОКР-ға жалпы шығындары өсуде. Мысалы: АҚШ-та олар 1960 ж-43,7 млн. $; 1970-62,2 млн. $; 1980-73,0 млн. $; 1985-96,7 млн. $; 1990-110 млн. $;
Ұлттық өнімге қатысты НИОКР-ға меншікті салмақ шығыны 1990 ж АҚШ-2,8%, Жапония-2,9%, ФРГ-2,8%, Франция-2,3% құрады.
70 жж. Дейін мемлекеттік маңызды НИОКР-ды орындау үшін, әсіресе қорғаныс саласында, мемлекетті бюджет тарапынан қаржыландырылатын ірі мемлекеттікзерттеу орындары, институттар және ұлттық лабораториялар құрылған болатын. 70 жж.-дан бастап бұл жұмыстарды орындауға мемлекеттік келісімдер, субсидистер, с.қ. мемлекеттік және жеке құралдардан гранттар беру арқылы кең көлемде университеттер жұмылдырыла бастады.
70 жж. –дан кейін дамыған елдерде ғылыми-саясатта зерттеу ресурстарын қолдануды жақсартуға ұмтылыс жоғарылады. Көптеген мемлекеттер ғылымға шығынды жоғарылатуға көңіл бөле бастады.
Соңғы жылдарда АҚШ, Англия, Франция сияқты дамыған капиталистік мемлекеттер ғылыми зерттеулік және тәжірибелік жұмыстардың шығындардың жартысын және одан да көп бөлігін қаржыландыруда. ФРГ-да бұл көрсеткіш шамамен 40%, Жапония-20-30 %.
Соңғы кездерде ғылыми зерттеулерді жүргізу саласында Жапонияның саясаты өзгерді. Егер де 60-70 жж. Жапония шетел технологияларына лицензияларды сатып алса, бүгінгі күнде ол электроника, биотехнология, жаңа материалдар, энергияның жаңа қайнар көздері, робот техникасы, ресурстарды үнемдейтін жаңа технологиялар, информатика және коммуникация құралдарының жаңа үлгілері және т.б. өндіруде бүкіл әлемді алдыңғы қатарда тұр.
Сонымен бірге шетелдік лицензияларды импорттау және сапалы, арзан тауарларды жоғарыға ұмтылу стротегиясын құра отырып, Жапония негізінен қысқа мерзімді қолданбалы және коммерциялық өңдеулерге көп көңіл бөледі, ал іргетастың зерттеулер олар үшін екінші орында. Ал қазір ҒТП-ң бойынша іргетастың зерттеулерге көп көңіл бөлінуде:
Информатика және ЭЕМ құру;
Жаңа материалдар;
Космосты игеру;
Жаңа кезеңнің химиясы;
Байланыс құралдары.
Японияда ғылыми-зерттеулерге бөлінетін шығындардың ¾ бөлігі жеке корпорациялар мен компаниялар қаржыландырғанмен, ол шығындарды реттеуде мемлекет үлкен роль атқарады.
Соңғы жылдары Жапония мемлекеттің ішкі зерттеулерімен ғана шектелмей, халықаралық ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып қаржы бөлуде.
Шетел мемлекеттерінде ғылыми зерттеулік және тәжірибелі-кострукторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) үш негізгі құрылымдық бөлімдерде жүргізіледі: ЖОО-да жеке компаниялар мен фирмалар, мемлекеттік лабораториялар, коммерциялық емес зерттеу ұйымдарында.
Әр түрлі мемлекеттерде ҒЗТКЖ-ға бөлінетін мемлекеттік қаржы әр түрлі болып реттеледі. Мемлекеттің меншігіндегі ғылыми ұйымдарға ғана емес, қаражатты басқа салаларда да жүргізілетін ғылыми қызметтерге де бөледі. МысалыАҚШ-та ҒЗТКЖ-ға деген мемлекеттік шығындардың 40-50%-ті жеке кәсіпкерлік және өнеркәсіп секторларына бағытталады; 25%-жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметтерді қаржыландыру үшін қолданады, ал 20% мемлекеттік лабораторияларға құйылады. Францияда ҒЗТКЖ-ға бөлінетін мемлекеттік қаржының 40%-ті мемлекеттік лабораторияларға жұмсалады. Жапонияда ҒЗТКЖ-ды мемлекеттік қаржыландыруының 45%-ті мемлекеттік лабораториялар мен университеттерге құйылады.
Көптеген капиталистік мемлекеттерде іргетастың зерттеудің негізгі базасы жоғарғы оқу орындар болып табылады. ЖОО-ң міндеттеріне қолданбалы жұмыстардың негізгі бөлігі, әсіресе, ұзақ мерзімді жоспарлар кіреді. ЖОО-ғы ғылыми қызметтерді қыржыландыру негізінен мемлекет тарапынан жүргізіледі. Мемлекеттің қолдаусыз іргетастың даму мен басқа да көптеген ғылыми бағыттардың дамуы мүмкін болмас еді. Жеке фирмалар іргетастың зерттеулер жүргізуге қызығушылық білдірмейді, өйткені, жеке кәсіпкерлік қызметте оның табыс әкелетіні анық емес. АҚШ-та іргетастың зерттеулердің 80%-тін мемлекет, ал 5-7%-ін жеке компаниялар қаржыландырады.
Қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік өңдеулердің қаржыландыруы негізінен жеке компаниялар мен фирмалар тарапынан жүргізіледі. Ал мемлекет болса шығындардың белгілі бір бөлігі ғана өз мойнына алады, дегенмен, кейбір жағдайларда электроника сияқты ғылым салаларындағы тездетілген дамуында жағдай өзгереді. Мысалы, бесінші ұрпақтың ЭЕМ проектін жапонияда толығымен мемлекет қаржыландырған; Англияда-50%; АҚШ-та-формальді түрде проекті жеке компаниялар жүзеге асырғанымен, жасырын түрде қорғаныс министерствосы және басқа да ведомстволар субси. бөлген.
Мемлекет ғылыми зерттеулерді тікелей бюджеттік ассигнация түрінде немесе орындаушы-қызметкерлермен келісім қатынаста болғанда қаржыландырады. Мысалы, АҚШ-та келісімдік әдіс негізгі болып қолданылады және ЖОО-нын қосқанда экономиканың салалардың барлығында, жеке кәсіпкерлік секторларында ҒЗТКЖ-ды мемлекеттік қаржыландыруда да қолданылады.
АҚШ-та 750 мемлекеттік лабораториялар қымбат, ұзақ мерзімді, с.қ. іргетастың зерттеулер мен қаржылық қауіп дәрежесі өте жоғары проектілермен айналысады. Мемлекеттің саяси жағынан қарағанда, бұл ғылыми-техникалық программалар басты болып табылады. Бұл мемлекеттік лабораториялар сонымен қоса, егер нәтижелер қоғамға қол жетерліктей және оның бақылауында болуын қажет етсе, зерттеулер жүргізеді. Немесе зерттеулер тиімді және қымбат құрал-жабдықтарды талап етеді немес бұл зерттеулер жеке компаниялар мен университеттердің қызығушылығын тудырмайтын білім саласына қатысты болады. Лабораторияларда бағдарламаға енгізілген жұмыстардың бірнеше бағыттағы ғылыми-зерттеулері жүргізіледі. Әрбір бағдарламаны жүзеге асыру үшін, тапсырыс беруші (көбінесе мемлекеттік ведомство) бір емес бірнеше ұлттық лабораторияны немесе зерттеу орталықтарын таратады. Ұлттық бағдарламалар бойынша жұмыстарды жүргізу сәйкес министерстволармен, агенттіктермен немесе ұлттық ғылыми қормен реттеледі.
Францияда мемлекеттік лабораториялар ғылымға бюджеттік ассигнацияның 40 %-ін алады. Соңғы жылдары жеке өнеркәсіп, фирмалармен байланысты кеңейту арқылы тиімділікті арттыру қажет болып отыр.
ФРГ-де 90%-і Федералдық Үкіметпен және 10%-і Жер Үкіметімен қаржыландырылатын “үлкен ғылымның” 13 центнері мемлекеттің және компанияның қажетіліктерін қанағаттандыра алатын іргетастық зерттеулерді жүргізуге бағытталған. Ол үшін зерттеу нәтижелерінің потенциялдық қолданушылары басынан бастап зерттеу проектілерін құруға тартылады. Ғылыми орталықтар мен өнеркәсіптік фирмалар арасында мамандарды айырбастау жүріп жатыр. Мемлекеттік емес қайнар көздерден қаржыландыратын зерттеулердің үлесін жоғарылату қолдау алуда.
ЖОО-да зерттеу қызметтері әр түрлі формада жүзеге асып жатыр, ал оның масштаптары тез кеңеюде.
Өте маңызды ғылыми зерттеулер және жоғары квалификациалық мамандар дайындау үшін мемлекет университеттердің ғажайып ғылыми-техникалық потенциялдарын қолданады. АҚШ-та осы мақсаттарда үкімет қаржыландыратын және университетпен басқарылатын зерттеу орталықтары құрылған. Қазіргі уақытта бұндай орталықтар Еуропаның кей мемлекеттерінде және Жапонияда пайда болған.
Университеттік орталықтардың артықшылығына келесі жатады:
университеттердегі жоғары квалификациялық маман-оқытушылардыдың ғылыми потенциалын кең түрде қолдану мүмкіндігі;
жүргізіліп отырған зерттеулерге әр түрлі саладағы мамандарды тарту;
студенттерге тәжірибе жүзінде жаңа ғылыми-зерттеулердің әдістерін үйрету.
АҚШ-та университеттерді ғылыми-зерттеулерді қаржыландырудың көп бөлігі мемлекет тарапынан болғаны мен, олар толық тәуелсіздігін сақтап қалды. Университеттер өздері ғылыми даму бағыттарын, оқу жоспары мен бағдарламаларды анықтайды, ҒЗТКЖ-ны жүргізу бойынша келісім шарттарға тұрады, өз қызметтерін жоспарлайды.
АҚШ-ғы университет оқытушылары бұл, ең біріншіден, өнеркәсіппен тығыз байланысты ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілер болып саналады, кейіннен оқу процесінің қатысушысы. Олардың қызметтерінің көп бөлігі ғылыми өнім құруға бағытталған. АҚШ-та ғылыми жұмыстардың нәтижесін тапсыру жүйесі бар.
Өкіметпен қаржыландырылатын университеттер мен бірге жаңалықтарды ендіру үшін өнеркәсіптік технологиялық орталықтар құрылған.
Өкімет ғылыми инфраструктуралардың даму бағыттарына да үлкен қолдау көрсетуде. Соңғы онжылдықта көптеген дамыған мемлекеттер инновациялық қамтамасыз ету сияқты салаларға өте көп қаржы бөлді. АҚШ-та информатика саласындағы зерттеулерге көп шығын жасайды. Бұның бәрі автоматтандырылған ақпараттық байланыстардағы индустрия қызметтерінің табысты дамуына жол ашады. Бұл саладағы мемлекет саясатының мақсаты ғылыми ақпараттық коммуникацияның жаңа системаларын құру және оның базасында ғылыми еңбекті жоғарлату болып табылады.
