Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР инвест саясаты.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
767 Кб
Скачать
☆

1.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды құқықтық реттеу мәселелері

Қазақстандағы шетел инвесторларының кәсіпкерлік іс-әрекеттерін республикалық сыртқы экономикалық іс-әрекеттің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Сәйкесінше «шетел инвесторы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің субъекті» түсініктерінің арақатынастарын қарастырып сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектісіне жататындар:

Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; ҚР өкіметі; азаматтығы жоқ тұлғалар; шетел азаматтары; шетел заңды тұлғалар; шетел мемлекеттері; халықаралық ұйымдары.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының ерекше атап өтетін жағдайы шетелдіктердің кәсіпорында үлесі бар. Шетел кәсіпорындары-ол да заңды тұлға, бірақ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бекітілген шетел емес Қазақстандық.

Шетел заңды тұлғалар-бұл да заңды тұлға. Бірақ ол Қазақстаннан тыс шетел мемлекеттерінің заңына сәйкес құрылған. Қазақстанда өкілеттіліктер, фирмалар арқылы мемлекеттік өндірістерде жұмыс істейді.

Шетел инвесторларының барлығы сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектілері болмағанына қарамастан, барлық шетел инвесторлары сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектісі болып табылады.

Шетел инвесторға мемлекеттік заңды тұлғалар, шетел азаматтары азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде тұрақты тұрғын жайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар.

«Валюталық реттеу туралы» Заңның 1 бабына сәкес резиденттерге жататындар: Қазақстан Республикасында тұрғын жайы бар сонымен қатар уақытша шетелде немесе Қазақстан Республикасынан тыс мемлекетте қызмет бабы бойынша жүрген жеке тұлғалар; дипломатиялық, сауда және басқа да Қазақстан Республикасының ресми өкілеттері. Қазақстан Республикасының заңдылығы сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар.

Резидент еместерге жататындар: Қазақстан Республикасы территориясында және одан тыс жердегі барлық заңды және жеке тұлғалар. Сонымен қатар «президент» түсінігінде көрсетілмеген өкілеттіктер мен фирмалар

Егер осы сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектісінің заңды тұлғаларға қолданылатын болсақ, онда шетел кәсіпорындары резидент болып табылады. Өйткені ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша Қазақстандағы сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің бірі болып сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектілері сияқты жүргізіледі. Шартты түрде Қазақстандағы шетел инвесторларының іс-әрекетін келесідей бөліп көрсетуге болады:

  1. Шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорын түріндегі заңды тұлға;

  2. Қазақстанда заңды тұлғаның фирмалық немес өкілеттігінің құрылуы;

  3. Сыртқы экономикалық инвестициялық келісім-шарттардың жасалуы.

Қазақстан Республикасының территориясындағы іс-әрекеттердің негізгі көздері реттеуші процесстің құрылуының негізгі - Қазақстан Республикасының Шетел инвестициясы туралы Заңы болып табылады.

Қазақстандағы сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің субъектісінің бірі болып шетелдіктермен бірге құрылған кәсіпорын болып табылады. Заңды шетелдіктермен бірге жасалған кәсіпорынға анықтама берілген. Дегенмен, ҚР Президентінің заңды күші бар 31 тамыз 1999 жылғы «ҚР-дағы Банктер және банктік іс-әрекеттер туралы» заңында «Шетелдіктердің қатысуымен жасалған банк» деген түсінік береді.

«Шетел инвестициясы туралы» Заңына сәйкес шетел инвесторларына ұлттық режим беріледі. Осыған байланысты олар Қазақстанда кез-келген ұйымдық құқықтық формада кәсіпкерлік жұмыспен айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша коммерциялық жұмыс атқаратын заңды тұлғалар мемлекеттік, шаруашылық серіктестік және өндірістік кооперативтік түрінде құрылуы мүмкін.

Шетел инвесторларының кәсіпкерлік іс-әрекеттерінің ең тиімдісі ұйымдық-құқықтық форма. Шаруашылық серіктестік ретінде Азаматтық Кодекте қарастырылған. Жеке-дара жағдайларда шаруашылық серіктестік бір ғана тұлғамен құрылады және ол жалғыз мүше болып табылады. Шарашылық серіктестіктер толық серіктестік, командиттік серіктестік, ЖШС, қосымша жауапты серіктестік, акционерлік қоғам ретінде болуы мүмкін.

Кез-келген кәсіпорындардың жарғылық капиталы оның мүшелерінің салымдарынан құрылады. Салымдар материалдық, ақшалай, интеллектуалдық меншіктің нәтижесі құқық түрінде немесе аралас формада болуы мүмкін.

1994 жылы 27 желтоқсандағы шетел инвес. туралы Заңның енгізілуімен байланысты жарғылық капиталды құрудың келесі реті анықталған. Шетелдік араласумен құрылған кәсіпорындардың жарғылық капиталының мөлшері мен структурасы дегеннен, біріккен кәсіпорындар шаруашылық серіктестік түрінде құрылады.

Жарғылық капиталға деген салымды бағалау тәуелсіз аудиторлық тексерудің міндеті. Шетел инвестициясы туралы Заңның 15-бабының 4-пунктіндегі норма жарғылық капитал тәуелсіз аудиторлық тексерудегі бағалау қажеттілігін талап етеді. Ұлттық заңдар тұлғаның тіркеуінен кейін 1 жыл мерзімі өткен соң жарғылық капиталға салым төленбесе, онда қатысушы төленбеген соманың белгілі бір бөлігіне заңды тұлғаға пайыз төлеуге міндетті.

Шетел инвестициясын реттеудің негізгі құқықтық қайнар көзі-қабылдайтын мемлекеттердің ұлттық заңдылықтары. Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі нәтижеге келуге болады:

1. «Шетел инвестициясы» түсінігіне құқық категория ретінде өз құрамына шетел меншігін оның әр түрлі құбылыстарында енгізу қажет.

2. Табыс алу шетел мүлкіне ажырататын шетел инвестицияларын міндетті белгілері болып табылады.

3. Шетлдік қарым-қатынастар әр түрлі құқықтық системалармен реттеледі: экспорттаушы мемлекет, капиталды импорттаушы-мемлекет, халықаралық экономикалық құқықтар формалары.

Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту Қазақстанның тоқырау жағдайынан шығуы мен экономикалық реформаларды тиімді жүргізуде маңызды орын алады. Мемлекеттің ішкі және сыртқы инвестициялық саясаттың мақсаты болып біріншіден-жайлы инвестициялық климаты қалыптастыру үшін шетел инвестициясына жағдай жасау, жайлы инвестициялық климатқа экономикалық және саяси тұрақтылық, саяси тәуелділік деңгейін төмендету Қазақстан іскерлеріне тиімділік және т.б.

Егер құқықтық негіз құрылмаса, мұның бәрі жұмыс істей алмайды. Бұл қарастырылып жатқан салада маңызды орынды экономикалық заңдылық алады. Ол Қазақстанда негізінен қалыптасқан.

Нарықтық экономиканы рет-тін, заңдылықтың дамуы мен негізі болған, кодталған заңды акт қалыптасты-ол Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексі. Оның жалпы бөлімі 1997 ж 27 желтоқсанда қабылданған. Жеке бөлімін Парламент қарастыруда.

Азаматтық кодекстің айналысында ҚР Президентінің жарлықтары, заңдары жинақталған. Олар заң күшіне ие болып табылады. Бұл заңдар заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, меншік тәртібінің құқын, жекешелендіру және басқа да республиканың экономикалық өміріндегі құқықтың статусын анықтайды: «Шаруашылық серіктестіктер жөнінде», «лицензиялау туралы», «заңды тұлғаларды тіркеу туралы», «жекешелендіру туралы», «жылжымайтын мүлікті ипотекалау туралы», «тауар биржасы туралы», «құнды қағаздар мен қор биржасы туралы» және т.б. Маңызды орынды банк және банк қызметі, сақтандыру туралы заңды актілер алады. Меншік қатынастарын реттеуге тікелей қатысты болып шетел инвесторларының қатысуымен ҚР Президентінің 14 сәуір 1995 ж бастап күшіне ие болған «бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемі туралы» жарлығы табылады.

Экономикалық заңдылықтардың ішінде маңызды орынды ҚР Президентінің заң күшіне ие келесі жарлықтары алады: «Жер туралы» (22 желтоқсан 1995 жыл), «мұнай туралы» (28 маусым 1995 жыл), «кен орындары және оны қолдану туралы» (27 қаңтар 1996 жыл), «қымбат металл және қымбат тастармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» және т.б. табиғи ресурстарды пайдалануды реттеулер.

Қазақстанда сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді реттейтін бірқатар нормативтік актілердің блогы қабылданған. Олардың шетел инвестицияларына тікелей қатысы бар: валюталық реттеу туралы Заң (1996 жыл 24 желтоқсан) сырттан қарыз алу және оны басқару туралы (10 сәуір 1997 жыл); Заңды күші бар ҚР Президентінің Жарлығы, «ҚР-дағы кедендік іс туралы» (20 сәуір 1995 жыл), «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» (20 қаңтар 1996 жыл) және т.б.

Осылайша, Қазақстанда әр түрлі және бір-бірімен тығыз байланысты заңдылықтар системасы бар. Олар Қазақстан Республикасының территориясындағы шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың жұмысымен байланысты қарым-қатынастарды тиімді реттеудің қамтамасыз етеді.

Бұлардың ішінен шетел инвестициясын реттейтін заңдылықтарды бөліп қарастыру керек. Біріншіден, бұл шетел «инвестициясы туралы» Заң (27 желтоқсан 1994 ж). Бұл жұмыстардың көп бөлігі дәл осыған қатысты. 1997 ж 28 ақпанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Тікелей инвестициялар туралы Заңда арнайы органның құрылуы қарастырылған-Мемлекеттік инвестициялар комитеті. Комитет инвестицияларды экономиканың басты секториарына жеңілдіктер беру арқылы дамыту мақсатында және ҚР-ң экономикалық тиімділігін жоғарлату үшін инвестицияларды тарту үшін негізгі деп анықталған сала б.т. (2-бап). Басты салалардың тізімін Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды (6-бап).

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың төмендегілермен анықталады:

Жеңілдіктер мен преференциялар системасын құру;

Инвесторларды алдында ҚР-ң жалғыз мемлекеттік органдардың болуы ;

Инвестор жеңілдіктер мен преференцияны алу үшін Комитетпен келісім-шартқа отыруы қажет. Бұндай инвестор заңда бекітілген инвестор деп аталады.

Инвестициялық жбаның тиімді дамуы үшін келесідей жеңілдіктер мен преференциялары ұсынылады:

  1. Мемлекеттік заттай гранттар (мүлік немесе инвестицияға ақшалай емес формада) ҚР-ң мүліктік құқықтары беріледі;

2. Табыс салығының ставкасын, жер салығын және мүлікке деген салықты 100%-ға (келісім-шартқа тұрған уақыттан 5 жыл мерзіміне) дейін төмендету және келесі 5 жылға табыс салдығының ставкасын жер салығы мен мүлікке салықты негізгі ставкадан 50%-ке төмендету;

  1. Инвестициялық проектті жүзеге асыруға арналған материалдар мен шикізаттар және импорттық құрал-жабдықтардың кедендік салымдарынан толық немесе белгілі бір дәрежеде босату (7-бап).

  2. Сонымен қатар, тікелей инвестициялар туралы Заңмен қоса ҚР Президентінің Жарлығына да өзгерістер енгізіледі. Оның заңды күш бар «салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы».

Тікелей инвестициялар туралы Заң Қазақстандағы маңызды экономикалық секторлары инвесторларды тартуға жәрдем береді. Бұл заңды «нүктелі» (точечный) инвестор заңы деп атауының өзі де бекер емес. Заң тиімді жұмыс істеу үшін инвес-ны қай салада және қандай объектілерге жұмсаса, оның пайдалы болатынын анықтап, инвесторды тауып инвесторды қызықтыру үшін оның жеңілдіктерін нақты анықтау қажет.

5 сәуір 1997 жылғы ҚР Президенттің Жарлығы бойынша тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін ҚР-ң келесі басты экономикалық секторлар тізімі бекітілді: өндірістік инфрақұрылым; өңдеуші өнеркәсіп; ақшалай қарастырылатын объектілері; тұрғын үй, әлеуметтік сала және туризм объектілері; ауыл шаруашылығы. Осы Жарлыққа сәйкес ҚР Мемлекеттік Комитеті “2000 жылға дейін тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін ең қажетті инвестицилар тізімін” бекітті. 1997 жылғы 21 наурызда №2 инвестициялар бойынша мемелкеттік Комитетінің Жарлығы бойынша «Экономиканың басты секторларында инвестицилық проекттерді жүзеге асыруға арналған преференция мен Жеңілдіктерді алу үшін инвесторлардың өтініштерін реттеу туралы инструкция» және «экономиканың басты секторларда іс-әрекеттерді жүзеге асыруға преференция мен жеңілдіктерді алу үшін өтініштер» формасы бекітілді.

Тікелей инвестициялар туралы заңдағы үлкен оңтайлы потенциал жүзеге аспай қалуы да мүмкін, өйткені онда бірнеше принциптер бар. Бұл принциптерді орындау оңтайлы потенциалды жоққа шығарып, теріс нәтижеге алып келуі мүмкін.

1. Заң бірқатар жерлерде инвесторлардың емес, инвестициялар бойынша Комитеттің мүддесі алға қояды.

Жеңілдіктер, преференциялар және гранттар, кепілдік пен қорғау барлық инвесторға берілмейді, тек қана бекітілген инвесторға, яғни Комитетпен келісім-шартқа тұрған инвесторға беріледі.

Ал келісім-шарттың нәтижесі толығымен Комитетке байланысты. Ол инвесторларды, олардың жарамдылығын тексеру арқылы келісім-шарттың шарттарын белгілейді және олардың орындалуын бақылап, санкция қолданады. Комитет кімге қандай жеңілдіктер, преференциялар және гранттар берілуін анықтайды.

Мұндай жағдайда потенциялдық инвесторлар үшін инвестицияны қолдау саясаты қосымша қуатты монопольді және бюрократиялық кедергі туғызуы мүмкін.

2. Заң дұрыс емес әдістер негізінде құрылған-жеңілдіктерді тек таңдаулы инвесторларға берілді. Нарықтық экономика жағдайындағы соңғы жылдардағы барлық заңдылықтар мен инвес-қ кәсіпкерлік кері принциппен құрылды: барлық инвесторларға бірдей жеңілдіктер және бірдей мүмкіншіліктер ұсыну, сонымен қатар, бұл ұсыныстар заң бойынша автоматтық мінезі болуы қажет.

Сондықтан, егер экономиканың қандай да бір басты секторын бөліп қарастыратын болсақ, онда инвесторлардың барлығына бірдей жеңілдіктер беріліп, оларды Комитет таңдамауы қажет. Өйткені бұл бәсекелестің жойылуына алып келуі мүмкін.

3. Инвестицияға қатысты нақты сұрақтардың барлығын Комитет шешетін болғандықтан заңның комитетке арналған арнайы бөлімі бар. Ол оның қызметтерін, іскерлік қабілеттерін, құқықтарын және басқару құқықтарын қадағалайды. ҚР Конституциясына сәйкес Министрліктердің немесе Комитеттің аталуы және оның қызметтері толығымен Қазақстан Республикасының Президентіне қатысты. Сондықтан, заңда бұл жағдайлар болмауы қажет еді. Бұның бәрі-заңды актілердің сұрақтары б.т.

Инвестицияға байланысты Комитеттің барлық қызметтері Комитет туралы «Жарғыда» анықталған.

4. Салықтық жеңілдіктерге ерекше тоқталып өтуге болады. Салықтың заңдылықтардың негізгі принциптері-оның жалпыламалығы. Бұл қолданып отырған заңдылық принципі жекелеген салықтың жеңілдіктерге қарсы болды. Салық кодексіне өзгерістердің енгізілуі бұл принциптерді жоққа шығарады және Қазақстанда «Келісімді Салық» заңының пайда болуына алып келді. ҚР-да және Азаматтық кодексінде шетелдік заңды және жеке тұлғалары үшін ұлттық режим белгіленген.

Бұл Азаматтық кодексі 7 пункті 3-бабында нақты көрсетілген: Шетелдік заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, сонымен қатар, азаматтығы жоқ тұлғалар тең құқылы және бірдер міндеттерді орындауға міндетті, егер заңды актілерде басқалар ескерілмеген болса, ҚР-ң азаматтары мен заңды тұлғаларына арналған, азаматтық заңдылықтарында көрсетілген болса, одан мынадай қорытынды шығаруға болады. Шетелдік инвестициялар туралы заңды қабылдамауға да болатын еді. Шетелдік инвес-лар Қазақстандағы бар заңдылықтар базасын қолдануға болады.

Бірақ Қазақстанда шетел инвес-ясы туралы 2-ші Заң қабылданды. Алғашында ҚазССР-ң «ҚазССР-да шетел инвес-я туралы» Заң қабылданған еді (1990 ж 7 желтоқсан), кейіннен оның орнына 1994 ж 27 желтоқсанда ҚР-да «Шетел инвес-сы туралы» Заң қабылданды.

Дамушы мемлекет үшін шетел инвестициялары туралы арнайы заңның қажеті жоқ. Тек қана Австралия, Испания, Канада, Жапония сияқты өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде шетел инвес-ясы туралы заңдылықтар бар. Көптеген мемлекеттерде бұл заң жоқ. Бұл дұрыс та. Өйткені шетел инвесторлар үшін ұлттық режим және жалпы ұлттық заңдылықтар қолданылуы қажет.

Бірақ Қазақстан өтпелі экономикалық мемлекеттер сияқты. Бұл заңды қабылдап, оны алып тастайын деп жатқан жоқ. Бұл ұлттық заңдылықтарға деген шетел инвесторларының сенімсіздігімен байланысты, өйткені бұл заңдылықтар тұрақсыз.

Сондықтан да олар өздеріне ерекше кепілдіктер талап етеді.

Ал Қазақстан мемлекеті инвесторларды қызықтыру үшін осындай ерекше кепілдіктер беріп, шетел инвесторларына құқықтық режим құрады.

Нәтижесінде шетел инвестициялар туралы заң уақытша құбылыс деп айтуға болады.

Экономикалық жағдайлардың өзгеруімен және жалпы ұлттық заңның жетілуі шетел инвестициялар туралы заң үнемі дамып отырады.

Шетел инвес-р туралы заңның жалпы идеологиясының дамуы мынадай заңынан бірте-бірте шетел инвесторларға арналған ерекше режимдер, барлық нормалар жойыла бастайды.

Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытынды шығаруға болады:

  1. шетелдік несиелер заң бойынша шетелдік инвестиция ретінде қарастырылады;

  2. шетел инвестициялары туралы Заңның іс-әрекеті сыртқы Займдарға қатысы жоқ. Бұл қатынастар 1997 ж 10 сәуірдегі «Сыртқы займ және сыртқы қарызды басқару туралы» Заңмен реттеледі.

  3. шетел инвестициялары туралы Заңмен, сонымен қатар, басқа елдердегі ұлттық инвестицияларды реттемейді.

Тікелей инвестициялар туралы Заңның қабылдануы шетел инвес-ры туралы Заңға деген қатынасында проблема тудырды. Тікелей инвестициялары туралы заңның мазмұнында ел шетел инвестициялары туралы заңнан бөлек пе немесе оған тәуелді екені анық көрсетілмеген. Бірақ мұндай анықсыздық болмауы қажет. Тікелей инвестициялары туралы Заң мен шетел инвесторлары туралы Заңды нақты сабақтастыру қажет және олар мұнай туралы, жер қойнауы мен оны қолдану туралы лицензияландыру мен жекешелендіру туралы және т.б. жарлықтармен байланысты болу қажет.

Тікелей инвестиция туралы Заңның 4-бабында бұл жағдай көрсетілген. Бірақ тікелей инвестиция туралы Заңдағы қарастырылмаған кейбір қажетті кепілдіктер шетел инвестициялары туралы заңда көрсетілген бірқатар жағдайларды атап айтуға болады. Бұлар тікелей инвестицияларға да қолданылуы мүмкін, әрине, егер ол тікелей инвестиция туралы Заңға қарсы болмаса.

Тікелей инвес. туралы Заңның қабылдануы мен екі заң арасындағы салааралық проблемалар пайда болады.

Екі заңның қызмет жүргізуіне қауіп төндірген тікелей инвестициялар туралы заңдағы негізгі үш жағдай:

1. Тікелей Инвестиция түсінігі және заңды қолдану саласы тікелей инвестицияға инвестицияның барлық түрі жатады. Мыналардан басқа:

  • ҚР жеке кепілдігі бар инвестициялар.

  • ҚР-на берілген гранттар немесе техникалық көмектер шекарасына кіретін инвестициялар (2-бап)

Анықтамаға заңды тұрғыдан мағынасы жоқ. Өйткені техникалық жәрдем немесе грант ешқандай инвес-ға жатпайды. Мұнда кәсіпкерлік іс жоқ. Ал ҚР-ң кепілдігімен қамтамасыз етілген инвес-р оларға кепілдік берілсе де, берілмесе де инвес-қ негізі өзгермейді. Яғни тікелей инвес-лар барлық инвестициялар б.т.

Көп жағдайда инвес-ды тікелей және портфельді деп бөледі. Басқа да варианттар қарастыруға болады. Бірақ тікелей инвес-лар түсінігі заңда көп қарастырылған және оның мағынасы кең.

Бұнымен заңның қолдану саласы да байланысты. Заңның және шетелдік инвес-я туралы Заңның іс-әрекеттер жүргізу саласын нақты бөліп қарастыруға болмайды. Тікелей инвес тур заңның негізгі жағдайы экон-қ басты секторлары туралы.

Тікелей инвестициялдар туралы заңдағы ең негізгісі экон-ң басты секторының жағдайы б.т. Сол үшін тік инвес туралы заң жайында емес, экономиканың басты секторының инвестициялары туралы айтқан жөн болады. Сонда тікелей инвестиция түсінігін алып тастап, заңды ҚР экономикасының басты секторларындағы инвестицияны мемлекеттік қолдау деп айтуға болатын еді.

Инвестиция жайында ҚР- ң мемлекеттік Комитетінің іскерлік қабілеті Заңда әр түрлі анықтаклған, 14 баптың 1 пунктінде Комитет ҚР-ң тікелей инвестицияны қолдау саясатын жүргізуге негізделген, жалғыз мемлекеттік орган экономиканың басты секторындағы инвестиция жөнінде айтылып отырғандықтан, бұл формула көп зиян келтірмейді. Бірақ өте қауіпті формула ретінде 4 бапты айтуға болады. Ол бапта инвесторлар алдында ҚР-ң жалғыз мемлекеттік органы болады. Ол заңның 1-ші пунктінің 11-бабына қарама-қарсы келеді, Комитеттің қызметтерін кеңейтеді және басқа заңдардың негізін бұзады. Егер Комитет – жалғыз орган болса, онда басқа заңдардың қажеті бар ма

18-баптың 2 – пунктіндегі жағдай. Бұл өте қауіпті норма. Мүмкін лицензиялар, мұнай, жер, шетел инвесторлар туралы заңдардың іс-әрекеті орында тұрып қалған шығар. Тікелей инвесторлар туралы заңды жөндеу қиын. Бірақ оларды кейбір теріс нәтижелерін жеңілдету қажет. Біріншіден оны шетел инвесторлары туралы заңмен келістіру.

Менің пікірімше, шетел инвесторлары туралы заңға келесідей қосымшалар енгізу қажет: экономиканың басты секторларына тікелей инвесторды тартуды мемлекеттік қолдау процесіндегі қарым – қатынастарды реттеудің ерекшеліктерді арнайы заң актілерімен ескерілуі мүмкін. Берілген жағдайдан шығатыны: 1) екі заңның өзара байланысы; 2) олардың тікелей инвес-р туралы Заң және инвес. тур. Заңдардың қатынастарында қолдану; 3) шетел инвес. туралы Заңның тікелей инв. тур. Заң реттелмейтін бөлігінде ғана қолданып және қарсы келмеуі қажет.

Қолданылатын құқық. Қолданылатын құқық қай мемлекетке қатысты шетел инвес-ры бойынша құқықтары беріледі: Қазақстанның немесе шетел инвесторының ба, әлде басқа бір үшінші мемлекеттің бе? Құқықты қолдану сұрағы шетел инвес-р туралы Заңды тікелей шешілмеген.

Азаматтық заң негізінде екі жақтың да таңдай құқы бар. Егер осы жақтардың құқықтары анықталмаған болса, онда (жұмыс, қызмет) өнім өндіруші жақтың құқы қорғалады. Шет инвес-рына қатысты екі мемлекеттің де құқықтарын қорғауға болады. Тек қана бірігіп құрылатын өнеркәсіптерде Қазақстанның құқығымен реттеледі.

Құқықтарды қолдану жайындағы мәселе табиғи ресурстарды пайдалану заңдылығында анығырақ көрсетілген.

Мұнай туралы Жарлықтың 1-бабында және жер қойнауы туралы Жарлықтың 1-бабында келесі анықтама берілген: «Егер де ол заң актілерінде қарастырылса немесе келісім-шарттардың талаптарында бұл құқықтар анықталмаған болса, қолданылатын құқық-ҚР-ң құқығы болып табылады».

Кез-келген келісімде екі жақтың да құқығы таңдалуы мүмкін, еге заң актілерімен бекітілген кейбір кейбір жағдайлар боласа. Бірақ та, екі жақтың да келісімге қолданылатын құқығы анықталмаған болса, Қазақстан құқы қолданылатын болады. Келісім-шарт талаптарында немесе басқа жасалатын инвесторлар келісімінде нақты көрсетілмеген жағдайда, тікелей инвес-ды мемлекеттік қолдау туралы заңында ҚР-ң құқы қолданылады.

Бұл анықтама мұнай және жер қойнауы туралы жарлықтан артық-шылығы жоқ сяқты. Тік. инвес-ң мем-к қолдау туралы заңмен ретте-летін қатынастар үшін өте қауіпте емес,инвесторлар мен инвес-лар бойынша Мемлекеттік Комитеттің міндетті түрде жасалатын келісімдерді реттейді. Шет. инвес-р тур. Заң және тік. инвес-р тур. Заңына қолданылатын құқықтарды еңгізу туралы ұсыныстар өте қауіпті болып табылады.

Бұл жағдайда жалпы Азаматтық заңдылықтары және Азаматтық кодекстен шет. инвес. туралы Заңның арасында қарама-қайшылық п.б. Сондықтан бұл проблеманы шешудің 3-мүмкіндігі бар;

1. Мұнай туралы Жарлықтар бекітілген қолданылатын құқық анықтамасы шет. инвес. тур. Заң еңгізу;

2. Тікелей инвес-тур. Заңда бекітілген қолданылатын құқық анықтамасын келесі сөйлеммен толықтыру: «Заңды актілермен тек қана ҚР-ң құқығы қолданылған жағдайлар қарастырылады».

3. Шет. инвес. туралы Заңға қолданылатын құқық анықтамасын мүлдем енгізбеу. Бұл жағдайда азаматтық заңдылықтардың жалпы жағдайы қолданылады.

Шиеленістерді шешу туралы нормалар «Шетел инвес. туралы» Заңда бекітілген (27 бап). Шетел инвес. туралы заңның 27 бабы өзінің дұрыстығына байланысты:

  1. Инвесторлар мен мемлекет және мем-ң органдар.

  2. Инвестор мен заңды тұлғалар және келісім-шарт жасасқан азаматтар.

27 баптың негізіне инвестиция саласындағы халықаралық келісім-шарттар алынған. Мысалы: Қазақстанның 1994 ж 17 желтоқсандағы энергетикалық хартиямен жасалған келісім-шарт. Бірақ энергетикалық хартия келісім-шартының 26 бабында мемлекетпен инвестор арасындағы шиеленістер шешімі баяндалған. Барлық басқа да халықаралық келісім-шарттар мемлекеттен инвесторларды қорғауға бағытталған. Оған жатпайтындар мемлекетке қатысы жоқ жасалған келісім-шарттар.

Шетел инвес. туралы Заңның 27 бабының 1-3 бөлімдерінде мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы шиеленістер қарастырылады. Бірақ ол нақты анықталмаған.

27 баптың 1-пункті: Шетел инвестициялары мен олардың қызметтеріне байланысты п.б. келіспеушіліктер мен шиеленістер келіссөз арқылы шешіледі.

Берілген пункте екі жағдай қарастырылады:

1. Қолданылатын процедураның бағыты. Халықаралық тәжірибеде халықаралық эксперттерді тарту арқылы келіссөз процедуралары кең тараған. Ал Қазақстан үшін бұл жаңалық. Бұдан алдын міндетті түрде келіспеушіліктің не себептен пайда болғаны және оның кемшіліктері қарастырылатын. Бірақ келіссөз туралы мәселе болған жоқ.

2. Шиеленістің қай жерде және қандай ретпен болатыны алдын ала келісім процедуралар арқылы инвестициялық келіспеушілікті шешу. Бұл жағдайды шешуде заң екі жақты келіссөзге көп назар аударады.

Егер келіссөз болмаса және екі жақты шиеленісті 3 ай ішінде келіссөз арқылы шеше алмаса, 27-баптың 2 пункті іске қосылады.

Кез-келген жақ та шетел инвесторының жазбаша келісімі арқылы шиеленісті сот органы арқылы шешуге мүмкіндігі бар.

Егер арбитраждық орган шетел инвесторын таңдайтын болса, ешқандай проблема болмайды. Өйткені сотқа жүгінудің өзі шетел инвесторының жазбаша келісімі бар екендігін білдіреді. Бірақ, егер іс сотқа берілсе немесе арбитражға берілсе, ол алдын-ала шетел инвесторының жазбаша келісімін алып, бұл істің белгілі бір органда қарастырылуына мүмкіндік береді. Яғни шиеленісті шешу жерін әрдайым шетел инвесторы таңдайды. Шетел инвесторлары инвес-ны жүзеге асыраты мем-к сот органдарына сенбейді. Себебі, олардың объективтілігіне және тәуелсіздігіне күмәні бар. Сондықтан мем. Шетел инвесторларын тартуды мақсат ететіндіктен оларға (инвесторларға) келіспеушілікті шешетін орын таңдау мүмкіндігін берген.

ҚР-ң мем-к органы Мұнай тұран Жарлығының 58-бабында шиеленістерді шешу үшін ҚР-ң сот органына шетел инвесторының келісімінсіз-ақ жүзеге алады. Бұл жағдайда шетел инвесторы Шетел инвес. туралы заң нормаларын қолдануды талап ете алады. Дегенмен мұнай туралы жарлықтың 2-бабының 3-пункті кедергі жасауы мүмкін. Бұл Жарлықта Жарлық пен басқа Заң актілері арасында қарама-қайшылықтар пайда болса, онда Мұнай туралы Жарлықтың нормалары қолданылады.

Осы жағдай жеңілдігі халықаралық энергетикалық хартия мен басқа да халықаралық келісімдер нормалары қолданылады. Сонымен қатар, қиындықтарды болдырмау үшін шетелдік инвесторларға міндетті түрде мұнай келісім-шарттарында шиеленістерді шешу туралы бап енгізу қажет.

17-баптың 3-пунктінде мемлекет сотқа жүгінгісі келіп, бірақ инвесторлар жазбаша келісім бермеген жағдайда да қарастырады. 2- пунктке сәйкес ол келісімді беруі тиіс. Мынадай жағдай пайда болуы да мүмкін. Инвестор шиеленісті арбитражда қарастыруға қаржы болғандықтан жазбаша келісім бермейді. Сөйтіп, бұл мәселелердің шешілуі белгісіз уақытқа созылады.

Осы пункттің ең негізгі кемшілігі мемлекеттің инвестордан жазбаша келісімді күту мерзімінің көрсетілмегендігі. Ар-ұлт және туралы Азаматтық кодекс нормаларын қолдану тиіс. ( 8-бап, 4-пункт).

Инвестор өзінің келісімін белгілі бір мерзімде беруі қажет, егер ол осы кезеңде келісім бермесе, мемлекет ҚР-ң сот органдарының қызметіне жүгінуге құқылы. 27-баптың 4-пунктінде ҚР-ң заңды тұлғалары мен азаматтарының шетел инвесторлары арасындағы шиеленістерді қарастырады. Егер инвестор мемлекетік органдармен келісім шартқа тұратын болса немесе мемлекет кепілдігін берсе шиеленістер 27-баптың 1-3 пункттерінің ережелері бойынша қарастырылады, сонымен қатар инвесторлардың құқын бұзған мемлекеттік органдармен де шиеленістер шешіледі.

Бірақ егер ҚР-ң азаматтары мен заңды тұлғаларымен келісім - шартқа тұратын болса, мұндай шиеленістер ҚР-ң сот органы арқылы шешіледі. Дегенмен , бұл норма кері позитивті: „егер заң актілеріне немесе екі жақтың келісімінде қарастырылмаған болса”, яғни ҚР-ң заңды тұлғалары мен азаматтары мен шетел инвесторларының келісімі бойынша шиеленістерді шешу кез-келген жерде қарастырылады.

27-баптың 5-пунктінде бекітілгендей шешімді орындау, сот шешімдерін орындау туралы ҚР-ң заңының негізінде жүзеге асырылады. Ал шетел эксперттерінің пікірінше бұл норма ҚР-ң Сот органдарының шешіміне ғана қатысты. Бірақ 5-пункт сот және арбитраж органдарының барлық шешімдерін қамтидыжәне барлық баптарға қатысы бар.

ҚР-да халықаралық арбитажды органдардың шешімі сот органдарының шешімімен бірдей орындалады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ҚР-ң Президентінің Жарлығы бойынша 1995 ж 4-қазанда Конвенцияға енуімен жағдай жақсарады.

Конвенцияда шетел арбитражды шешімдерді күштеп орындату мәселесі қарастырылған.

Оған 1958 ж 10июньда Нью-Йоркта қол қойылды.

27 бап тек шетел инвесторларына ғана қолданылады. Іс жүзінде біріккен өндірістер арасында да дау-тартыстарпайда болады. Оларға бұл бапты қолдануға бола ма? Менің ойымша болмайды. Өйткені шетелдіктермен бірге құрылған өндірістер ұлттық заңды тұлға болып табылады. Олар ҚР-ң заңдарына сай құрылғандықтан оларға ұлттық заңды тұлғаларға қатысты барлық заңдар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]