Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР инвест саясаты.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
766.98 Кб
Скачать

Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындардың қаржыландыру көздері

(млн. тенге)

1999

2000

2001

2002

Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындар

Барлығы:

Бюджет қаражаттары

Жоғары оқу орындарын қамтамасыз етуге бөлінген бюджеттік аударымдар

Меншік қаражаты

Тапсырыс берушілер қаражаты

Шетел инвесторларының қаражаттары

3706,9

1534,5

1,7

506,8

1577,0

86,8

4706,9

1980,8

3,0

857,3

1759,5

106,3

7154,1

2847,8

1,1

1592,7

2515,6

196,9

9633,0

3974,0

49,5

2539,5

2989,9

80,1

Қаржыландыру көздері бойынша 1999 жылы зерттеулер мен өңдеу жұмыстарына жұмсалған ішкі шығынның пайыздық құрылымын талдап қарастырсақ, онда тапсырыс берушілердің қаражаты 43%, бюджет қаражаты 40%, меншік қаражаты 14%, ал шетел қаражаты 3% құраған. 2002 жылы осы көрсеткіште дәрежесі мынадай болған. Тапсырыс берушілердің қаражаты 31%, бюджет қаражаты 40%, меншік қаражаты 26%, ал шетел қаражаты 2% құраған. Яғни, 1999 жыл мен 2002 жыл көрсеткіштерін салыстыра отырып соңғы жылдары өз меншігіндегі қаражат арқылы зерттеулер мен өңдеу жұмыстарын іске асырушылардың саны көбейгендігін көруге болады. Оған жекеменшік салада осы зерттеулер мен өңдеу жұмыстарына көп назар аударып жатқаны әсер еткен.

Дамыған нарықтық экономикалы елдер мыс, АҚШ мемлекеттік бюджеттің ЖҰӨ-ң 2,2-2,7% осы зерттеулерге жұмсалған францияда 1,8-2,3%; Германия мен Жапония 2-2,9%; Англияда 2-2,5% жұмсалады. Батыстағы экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін елдердің НИОКР-ға жұмсалатын шығыны ЖҰӨ-ң 2,2% құрайды. “ірі жеті” елдерде-2,4%, ал АҚШ-2,6%, Ресейде 0,9% көрсеткішін құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш өте төмен деңгейде болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы инновациялық саланы қаражаттық қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, мұндай қаржы үшін тек орталықтан емес, сондай-ақ бюджеттік емес әртүрлі қорларды, шартты қайтару несие түрін қолдануға болатынын айтуға болады.

Орталықтанған қорлардан жаңа бәсекелі өнімге баға қосымшаларын төлеуге болады. Мемлкеттік инвестициялық саясат даму бағдарламасының негізінде іске асады. Оған жататындар:

  • капиталдың тез айналымын және жоғары бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ететін салаларда өндірісті дамыту;

  • ғылыми сыйымды салалар мен жоғары технологияны, жоғары деңгейлі өңдеу салаларына қолдау көрсету;

  • экономиканы технологиялық қайта құру негізінде бәсекелі машина жасау өнімін өндіру;

  • Рогов С. НИОКР как способ существования-независимая газета-наука, №4, 19 апрель 2000г-с2. 2 Иннов-ные и инвест-е процессы в переходной пери. Сборник научных трудов/ Под ред. Б.М.Рудзинского.-М.: Институт экономики РАН, 1993.-с64.

Мемлекеттік инвестициялық саясатта маңызды орынды экономикалық өсу ырғағының жоғарлауы алады және дәл осы Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің негізгі бағыты болып табылады. Үкіметтің ағымдағы бағдарламасы оңтайлы инвестициялық жағдай жасауды қамтамасыз етеді . Ол жоғары технологиялы өнімге, өндірістік қызметті қайта қалыптастыруға, өндірістің инфрақұрылымын жаңартуға және жеке секторға қуатты қайта құруға тікелей инвестицияның ағымына үлес қосады.

Экономиканың тоқырау жағдайында мемелкеттік бюджеттен тек жалпы экономикалық деңгейдің дамуына әсер ететін маңызды иннвестициялық жобалар ғана қаржыландырылуы керек. Қайтымсыз бюджеттік қаражатты бөлген кезде несиені беру принциптеріне негізделуі керек, чғни тез, қайтару және төлем принциптері мемелкеттік бюджеттен бөлінетін ақша қаражатаның қайтымын жоғарлату үшін басқа да принциптерді қолдануға болады:

  • тез қайтым принциптері-ақша қаражатын қолда бар жүзеге асу кезеңінде тұрған немесе аз ғана жұмысты қажет ететін жобаларға салу. Мұнымен қатар қайтарым сөзінің мағынасы ретінде инвестициялық қаражаттың қосымша құнмен қайтарылуын түсіну керек.

  • уақытша бөлу принципі-экономикалық барлық салаларын қамтитын инновациялық жоба инвестицияланады.

Экономикалық әртүрлі салаларына мемелкеттік бюджет қаражатын инвестициялау таңдауын жүргізгенде бірінші кезекке импорт алмастырушы тауарларына бәсекелі тауар және қызметке сұр. Жоғары тауарларға бағытталған өндіріске назар аудару керек. Инновациялық қызметке инвестиция тарту үшін несие пайызын төмендету керек. Бизнес-жоспарда маңызды орынды маркетингтік зерттеулер алады. Оның негізінде өнімді тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің деңгейі анықталады. Капитал салымының өтелу мерзімі екі жылдан аспауы керек.

Инновациялық процестерді мемелкеттік-комерциялық қаржыландыруды жүзеге асыру жобаларды сертификаттау мен инвесторларға мемлекеттік кепілдік беруді қарастырады. Жобаларды сертификаттау шетел және отандық инвесторлардың оған деген сенімділігін артырады. Жекеменшік инвесторларға мемелкеттік кепілдік берілсе, онда мемлкет сол жоба іске аспай қалса, салынған ресурстың бөлігін қайтарып беруі міндетті.

Қаржылық салымдардың қайтымын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз экспертиза жүйесін және инновациялық жобаларды сақтандыру процестерін қолдану керек.

Инновациялық қызметті қаржыландырудың ішкі көздері жетіспеген кезде, Қазақстанға ғылыми сыйымды технологияны тарту процесін қалыптастыру керек. Осыған байланысты инновацияны мемлекеттік қаржыландыру шегінде, мемлекет шекарасы арқылы дамыған техника және технологияны енгізуде кеден салығын толық жою мәселесін қарастырған жөн. Сонымен қатар отандық ғылыми сыйымды өнеркәсіпті қорғау мәселелерін де ескеру қажет.

Өнеркәсіп кәсіпорындарда инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі болып-олардың меншікті қаржы ресурсы табылады. Олар зерттеулер мен конструкторлық бөлімдердің жұмыстарына немесе келісім шарт негізінде іске асатын жобаларға бағытталады. Инновацияға жұмсалатын меншік қаражаты 1999 ж 14%, ал 2002 ж 26% құраған. Яғни жыл сайын зерттеулер мен өңдеулерге меншік қаражатын жұмсау артуда. Нақты ақшамен көрсететін болсақ 1999 ж 506,8 мли. теңге, 2000 ж 857,3 мли. теңге, 2001 ж 1592,7 мли. теңге, ал 2002 ж 2539,5 мли. теңге құралған.

Инновациялық қызметке бағытталған кәсіпорындардың меншікті көздері болып, акционерлер арасында бөлінбеген пайда бөлігі, амортизациялық аударымдар мен кәсіпорындардың акционерлік капиталы табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс дамуының қоры мен амортизациялық аударымдар қорында жинақталған, өз меншігіндегі қаражаттары арқылы конструкторлық және технологиялық жаңалықтарды игереді.

Өндірісті дамыту қоры негізінен өндірістің кеңеюі мен жаңалауына, ғылыми зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және технологиялық жобалар мен жаңа өнім түрлерін игеру үшін, өзінің айналымын қаражатын көбейтуге, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық базасын күшейту үшін арналады. Инновацияны іске асырушы кәсіпорындар үшін ең маңызды орынды ҒЗ және КЖ (НИОКР)-ға жұмсалған шығынды өнімнің өз құнына енгізу алады. Қазіргі таңда НИОКР-ға жұмсалған қаражат сомасы өз құнға енгізілмейді және бұл шығындарды есепке алудың әлемдік тәжірибесіне сай келмейді, бұл өз кезегінде кәсіпорындардың инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қолданатын меншік қаражатының көлемін азайтады.

Бөлінбеген пайдадан қаржыландыру ірі орта немесе ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда қолданылмайды. Себебі ол шаруашылық айналымынан ақша қаражат алумен, ол өндірістік тұрақтылықты бұзумен байланысты болып табылады.

Шетелдік компаниялар тәжірибесіне сүйене отырып, акционерлік капитал да жаңа өнім өндірумен байланысты ірі және орта жобаларды қаржыландырудың көзі болып табылатынын айту керек.

Өтандық кәсіпорындар, инвесторлар үшін қайтымсыз капитал көзінің салымы болады. Себебі кәсіпорындарда құрылғылардың тозуы 50% жеткен. Қазақстан Республиксынада негізгі құрылғылардың тозуы №6 БЕСТанд/мен реттеледі. Негізгі құрылғылардың тозуы дегеніміз олардың физикалық және моральдық қасиеттерінің жойылу процесі. Амортицация-тозудың ақшалай көрінісі. Амортизациялық төлемдер өнімінің өзіндік құнының негізгі элементі болып табылады. Амортизациялық төлемдердің жаңа формасына енгізілуіне дейін Қазақстан Республикасының территориясындабіріңғай амортизациялық нормалар қолданылған. Амортизация негізгі құрал құнын, шығарылған өнімінің құнына енгізудің объективтік процесі. Амортизациялық төлемдер реновацияға жіберіледі. Реновация д/з негізгі құрылымдардың бастапқы құнын қалпына келтіру. Амортизациялық төлемдер амортизация нормалары арқылы есептеледі. Амортизация нормасы, амортизация төлемдерінің орта жылдық сомасының негізгі құр/р орта жылдық құнына қатынасы. Нормалар негізгі құралдардың пайд. Мерзіміне байланысты бекітіледі. Амортизациялық негізгі құралдарының баланстық құнынан ес-ді. Есептелген амортизациялық сомалар өнімінің өзіндік құнынаесептеледі. Жаңадан түскен негізгі қорлардың амортизациясы келесі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі.

Амортизацияны есептеу әдістері:

  • Біріңғай немесе сызықтық әдісі-амортизация негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне байланысты есептеледі.

  • Комулятивтік әдіс – комулятивті сандар қосындысы арқылы анықталады. Комулятивті сандар негізгі қорларының пайдалану мерзімімен анықталады

  • Регрессивтік әдіс-сызықтық әдістей нормалар қолданылады, бірақ амортизация бастапқы құнынан еселі қалдық құнынан есептеледі.

Қазіргі таңда амортизациялық аударымдар негізгі құрылымдарға салынған жалпы капитал салымының 7% ғана табады.

Кейбір елдерде мысалы Жапонияда арнайы амортизация әдісі қолданылады, ол қосымша салық жеңілдіктерін беруге негізделген. Оларға мысалы алғашқы жеңілдік беру әдісі және жай әдіспен есептелген амортизацияға нақты процент қосу әдісі. Алғ. әдіс жай амортизацияға алғаш есеп кезінде негізгі құрылымдардың 10-50% дейін құнын есептеп шығаруға мүмкіндігін береді. Атқарушы органдар жылдам амортизациясы қолданылатын белсенді өндірістік қорларды анықтап, ол жоғары технологиялық экономика саласына мен прогрессивті құрылғыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Акционерлік капитал да ірі және орта инновациялық жобаларды қаржыландыру көзінің негізі бола алады. Олар жаңа өнім түрі немесе техникалық қайта қалыпқа келуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған ұйымдары, инновациялық қызметке өз қаражаты жетпегенде қосымша құнды қағаз шығаруына мүмкіндік бар. Акция экономикасы тәжірибеде тек инновациялық қызметті қаржыландыру үшін ғана емес, сондай-ақ айналым құралдарын толықтыру, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын артыру үшін де қолданады. Инвесторлар нақты инновациялық жобалар туралы көрініс алуы керек, алдағы жұмыстың мерзімі мен көлемін, бизнес жоспарымен таныс болуы керек.

Өз құралдарын кәсіпорындар көбіне құнды қағаздар ашық орналастыру арқылы, инвесторларға келісім шарттар бойынша сату арқылы орналастырады. Құнды қағаздарды ресми түрде орналастыру-күрделі әрі қымбат процесс. Оны негізінен ірі кәсіпорындар жүзеге асыра алады. Кіші және орта кәсіпорындар акцияларын жекеше (жабық) түрде орналастырады. Бұл әдісті ірі кәсіпорындар акцияларын өз акционерлері арасында орналастырғанда қолданылады.

Бірақ инновациялық жобаларды қаржыландыруды қажет ететін отандық кәсіпорындар, көбінесе инвесторлар үшін қажет кіріс деңгейін өнімділік пен аз акцияларының сенімділігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл акционерлік қоғамдар үшін инновациялық қызметті қаржыландыруды қиындата түседі және басқа жақтан ресурстар тартуға итермелейді.

Қазақстанның шаруашылық тәжірибесінде қарыз міндеттемесін қажет қаржылық ресурстарды тарту үшін жер инновациялық қызмет үшін шығару кең таралмаған. Себебі оны қайтару мерзімінің ұзақтығы мен кірісінің төмендігі және оған деген мемлекеттік кепілдіктің жоқтығынан.

Сондықтан қарыз шарты инвесторлар үшін тиімді болуы керек. Соның нәтижесіне қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсу кезеңіне жетуге болады. Корпоративті облигациялармен қатар Қазақстанның қор нарығында деривативтер таралуы керек-опциондар мен варианттар. Оларға корпоративті құнды қағаздарды алу құны сатылады. Ол да инновациялық қызметке қажет қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Қаз/н экономикалық нақты саласындағы кіріс деңгейі экономикалық өсу мүмкіндіктерін анықтайды және келесілерге б/ты б/т:

  • ұлттық тауар өндірушілердің өніміне бағаның әлемдік конъюнктурасына, себебі экспорттан қолма-қол ақша көп түседі;

  • табиғи монополия қызметіне бағаның өсуіне;

  • қарыз капиталының құнына, сондай-ақ экономикадағы ақшаның сан және сапасына;

Капиталдың жетіспеуі-өндірістік мүмкіндіктің іске асуы мен импортты алмастыру және сұраныстың кеңейтуге кедергі болатын сепебтердің бірі болып табылады. Зерттеулер нәтижесінде кәсіпорындардың тек жартысы ғана өз кірісін өндірісті дамытуға бағыттайтыны анықталды. Кірістің көп бөлігі қызметкерлердің еңбек ақысын жоғарылату мен мемелкеттік құнды қағаздарды жинақтауға жұмсалады екен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]