
- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
3.3. Физикалық жарақат.
ТЕРМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТ (3-10 сурет).
Ыстық су, бу, ыстық заттар, электр тогы, термиялық жарақаттар себебі болуы мүмкін. Олар ауыз қуысы шырышты қабығының жедел шектелген немесе жайылған зақымдануларын тудырады. Диагностика ешқандай қиындық тудырмайды. Шешуші орынды анамнез алады.
3-10-сурет.Ұрттың шырышты қабығының термиялық күюі
ТЕРМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Анықталған симптомдар |
Симптомдарды патогенетикалық негіздеу |
Шағымы
|
Тез әлсірейтін, қатты ауыру. Шырышты қабықта кедір-бұдырлық пайда болу сезімі. Қатты күйгенде, үлкен көпіршіктің пайда болуы. Науқас тура себебін айтады. |
Қабыну медиаторларының әсері, термиялық агенттер нерв ұштарын тітіркендіреді. |
Аурудың дамуы
|
Ауыз қуысы шырышты қабығының гиперемияланған жерінде эпителийдің жартылай немесе толық мацерациялы үлкен көпіршіктің пайда болуы. Ол тез жарылады да эрозия пайда болады. 100`C жоғары температура әсер еткенде шырышты қабыққа шектелген некроз пайда болады.
|
Жасушалар қызметі өзгереді, зат алмасу бұзылады, биологиялық белсенді заттардың шығуы, микроциркуляцияның бұзылуы, капиллярлар өткізгіштігінің артуы, ауыз қуысы шырышты қабығында жедел спецификалық емес қабынудың дамуы. |
Қарау сырқы қарау
лимфа түйіндерін пальпациялау
ауыз қуысы шырышты қабығын қарау |
Көзге көрінетін өзгеріс болмайды.
Регионарлы лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырады, қоршаған тіндермен бірікпеген.
Жарақат орнындағы эпителий
Шырышты қабығының гиперемияланған жерінде эпителийдің жартылай немесе толық мацерациясы.
Гиперемияланған шырышты қабығындағы үлкен көпіршіктер
Гиперемияланған шырышты қабығындағы пішіні дұрыс емес аурушаң эрозиялар. |
Екіншілік инфекция қосылғанда ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуға реакциясы
Шырышты қабыққа термиялық агенттің қысқа мерзімді әсері: қан тамырының кеңеюі, өткізгіштігінің артуы.
Қабынумен жүретін эпителий бүтіндігінің бұзылуы.
Спонгиоз, вакуольды дистрофия, баллонды дегенерация.Үлкен көпіршік базальды мембрана талшықтарының арасында пайда болады.
Үлкен көпіршіктің жамылғысы зақымдалғанда пайда болады. |
ТЕРМИЯЛЫҚ ЖАРАҚАТТЫ ЕМДЕУ
Емдеусатылары |
Емдейтін дәрі-дәрмектер |
Қолдану тәсілі |
Қолдану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Жергілікті аурусыздандыру
|
2% лидокаин ерітіндісі
5% пиромекаин жақпасы |
Аппликация. 1-2 минуттан ауыз бұлауы
3-5 минутқа аппликация |
Ауыруды басу |
Ауыз қуысы шырышты қабық нерв талшықтарының сезімтал ұштарын бөгейді |
Ауыз қуысын антисептикалық өңдеу |
0,06% хлоргексидин, 1% сутегі асқын тотығы, 1:5000 калий перманганаты ерітінділері, гексорал. |
Тығындармен өңдеу, ауыз бұлауы |
Екіншілік инфекция әсерін әлсірету немесе жою |
Бактерицидті, бактериостатика-лық әсері. Тазартатын, дезодарациялау әсері |
Эпителизацияны ширату
|
А,Е дәрумендерінің майлы ерітінділері, солкосерил (гель, жақпа), дентальды-адгезивті сықпа, актовегин ( гель,жақпа)
|
15-20 минутқа аппликация
|
Ауыз қуысы шырышты қабығы ақауларының эпителизациясын тездету
|
Регенерация процессін ширатады, ауыз қуысы шырышты қыбығының жазылуын тездетеді
|
Науқасқа ұсыныс
|
Ауыз қуысы гигиенасын сақтау, тітіркендіретін тағам қабылдамау
|
|
Тітіркендіретін факторлар-ды жою
|
Шырышты қабық жарақаттарының екіншілік инфекциялануы-ның профилактикасы |
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
50 жастағы науқас қатты таңдай шырышты қабығындағы ыңғайсыз сезімге, ауыратынына, ыстық тамақ ішкенде және тіс тазалағанда күшейе түсетініне шағымданады. Ауыру 2 тәулік бойы мазалаған. Науқас ауыру сезімінің пайда болуын байқаусыз ыстық тамақ қабылдаумен байланыстырады. Анамнезінде созылмалы гастрит. Қатты таңдайдың шырышты қабығы гиперемияланған, ісінген, эпителийде мацерацияланған жерлер бар. Қатты таңдайдың сол жағында дұрыс емес пішінді, фибринозды қақпен жабылған, пальпацияда ауыратын эрозия бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, қозғалғыш. Тістерде жұмсақ қақ пен тіс тастары өте көп.
Диагноз қойып, емдеу жоспарын құрыңыз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Ауыз қуысы шырышты қабығының термиялық күйігі жататын жарақат:
химиялық;
физикалық;
механикалық.
Термиялық күйік:
жедел жарақат;
созылмалы жарақат.
Термиялық күйікте ауыз қуысы шырышты қабығының көп зақымдайтын бөлігі:
шырыш асты қабаты бар бөлігі;
шырыш асты қабаты жоқ бөлігі.
Термиялық күйікте үлкен көпіршіктің пайда болуы:
спонгиоз әсерінен;
акантолиз әсерінен;
паракератоз әсерінен.
Үлкен көпіршіктің жамылғысы зақымдалғанда пайда болады:
афта;
эрозия;
ойық жара.
Термиялық жарақат диагностикасында шешуші орын алатын зерттеу әдісі:
негізгі;
қосымша.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
1-2. 2-1. 3-1. 4-2. 5-2. 6-1.
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮЗІЛІСТЕРІНДЕ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯДА АУЫЗ ҚУЫСЫНДА БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР
Жақ-бет аймағының рентгенорадио сәулелеуі емдік мақсатта жүргізіледі. Тіннің сәулеге реакциясы терапия түріне, бір реттік және жинақталған мөлшеріне (дозасына), тіннің радиосезімталдығына, сол сияқты сәулелеуге дейінгі ауыз қуысының жағдайына байланысты. Ауыз қуысы шырышты қабығының сәулелеуге реакциясы біртіндеп дамиды және әр бөлігінде клиникалық ерекшеліктері болады. Ауыз қуысы шырышты қабығының патологиялық процесстері сілекей бездерінің зақымдануымен
асқынады (сәулелеудің дистанционды әдісінде), ол гипосаливация, сілекейдің ферментативті белсенділігі мен тұтқырлығының төмендеуімен көрінеді. Тілдің дәм сезу буылтығы жиынтығында дәм сезу бұзылады. Шырышты қабығының құрғауы мен дәм сезудің бұзылуы науқастың психикасына әсер етуі мүмкін.
СӘУЛЕЛІ ТЕРАПИЯ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Анықталған симптомдар |
Патогенетикалық негіздеу |
Шағымы |
Жағымсыз сезімдер, күйдіру, ауыру, ауыздың кебуі, дәм сезудің бұзылуы. |
Дистанционды қысқа фокусты, тінішілік сәулелік терапия әсерінен. |
Аурудың дамуы (сатылары сәулелеудің жұтылған дозасына байланысты) (3-11-3-15 сур.) |
Гиперемия, шырышты қабығының ісінуі, күңгірттену, жылтырлығын жоғалту, қатпар түзе отырып тығыздалу, мүйіздену, десквамация, жалғыз эрозияның пайда болуы, ошақты немесе жайылған қабықшалы радиомукозит.
Шырышты қабығындағы қайтадан қалпына келмейтін өзгерістер (телеангиэктазия, атрофия, сәуле ойық жарасы), сүйек тінінің некрозы (радиоостеомиелит) |
Сәулелі терапияның қандай әдісі болсын. Қан жүйесінің реакциясы, эпителий митозын жою, жасушалардың дегенеративті өзгерістері, эпителийдің түлеуі әрі қарай жасуша шығарып, олардың кератоздалған және кератоздалмаған жасушаларға айналуы.
50-60 гр жоғары жұтылған мөлшерде |
Басынан өткерген және қосарланған аурулары |
Организмнің қорғаныш күшіне әсер ететін созылмалы ұзақ уақыт жүретін патология. |
Сауықтырылмаған ауыз қуысындағы сәулелі реакция өте ауыр өтеді. |
3-11-сурет.Ісіну және гиперемия
3-14-сурет.Ошақты қабықшалы радиомукозит
3-12сурет.Эпителийдің мүйізденуі
3-13-сурет.Эпителий десквамациясы
3-15-сурет.Жайылған қабықшалы мукозит
Ауыз қуысы шырышты қабығын қарау
|
Шырышты қабығының гиперемиясы, ісінуі, күңгірттенуі, жылтырлығын жоғалтуы. Қатпарланудың пайда болуы
Ажыратылған және десквамацияланған жерлері бар мүйізгектенген эпителий , эрозиялар желім тәрізді некроздалған қақпен жабылған (ошақты қабықшалы радиомукозит)
Некрозды қақпен жабылған жайылған эрозивті бет (жайылған қабықшалы радиомукозит)
Телеангиэктазия, шырышты қабығының атрофиясы, сәулелі ойық жара. |
Мүйіздену бейімділігі жоқ (ұрт, ауыз қуысы түбі, жұмсақ таңдай) ауыз қуысы шырышты қабығының сәулелеуге ең сезімтал жерлері.
Мүйізденуге ұшырамайтын шырышты қабық бөліктерінде сәулелі реакция ошақты десквамация немесе бір эрозияны түзеді. Сәулелеуді тоқтатқан соң, 2-3 аптадан кейін шырышты қабық қалыпты жағдайына қайтып оралады.
Сауықтырылмаған ауыз қуысында ұзақ уақыт бойы сәулелі әсер етудің нәтижесінде
50-60 Гр жоғары мөлшерде сілекей бездері мен ауыз қуысы шырышты қабығында қайтадан қалпына келмейтін өзгерістер пайда болады. |
Қосымша тексеру әдістері.
ойық жара түбінің қырындысын цитологиялық зерттеу. |
Сәулелі ойық жара әр түрлі тереңдікте, шеттері жақсы жетілген, тығыз, дөңгеленген. Ойық жара түбін тығыз некроздалған қақ жабады, Ойық жара қатты ауырады. |
Спецификалық емес қабынудың көрінісі. Сәулелік ойық жаралар емделген ісіктің орнына пайда болады, сондықтан ойық жараның сипатын білу маңызды, ісіктің қайталануынан айыруымыз қажет. Сәулелі неврит. |
АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ СӘУЛЕЛІ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН ЕМДЕУ
Емдеу сатылары
|
Қолданылатын дәрілер |
Қолдану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Сәулелі реакцияның бастапқы көріністері Жергілікті емдеу
жергілікті өңдеу (жуу, шаю)
антисептикалық өңдеу |
Қайнаған су
1:5000 калий перманганатының ерітіндісі, 1% сутегі асқын тотығы ертіндісі – жуу, шаю, ауызды бұлаулау |
Ауыз қуысы шырышты қабығын дымқылдау, тамақ қалдықтырын жою
Екіншілік инфекция қосылуының профилактикасы |
Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын жақсарту
Ауыз қуысының микрофлорасына бактерицидті, бактериостатикалық әсері, тазартатын, дезодарациялау әсері |
Сәулелі реакцияның өршуі (ошақты және жайылған қабықшалы радиомукозит, сәулелі ойық-жара) жергілікті аурусыздандыру
ауыз қуысын антисептикалық өңдеу
Эпителизацияны ширату |
2% лидокаин, 2% тримекаин ертінділері, 10% майдағы анестезин-аппликация
Протеолитикалық ферменттермен (трипсин, химотрипсин, натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісінде) -10-15 мин аппликация
1% сутегі асқын тотығы, 1:5000 калий перманганаты ертінділері, өрік немесе өсімдік майындағы 1% цитраль – жуу, ауызды бұлаулау
А, Е дәрумендерінің майлы ертіндісімен, шырғанақ майымен аппликация; прополис, галаскорбин,солкосерил (желе, жақпа) - аппликация |
Сөйлегендегі, тағам қабылдағандағы ауру сезімдерін жою
Некроздалған масса лизисі, олардың жеңіл алынуы
Екіншілік инфекция қосылуының профилактикасы
Эпителийдің пайда болуын шынықтыру, эпителизацияны, регенерацияны тездету |
Нерв ұштарының сезімталдығын төмендету
Некроздалған тіндердің, фибринозды түзілістердің ыдырауы
Ауыз қуысының микрофлорасына бактерицидті, бактериостатикалық әсері, тазартатын, дезодарациялау әсері
Дәруменді препараттар зат алмасуына әсер етеді, тін трофикасын жақсартады, регенеративті процесстердің белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайды, эрозия, ойық-жара бетіне майлы қабықша түзеді. Алмасу процесстерінің белсенділігін арттырады |
Сау тін деңгейінде сәулелі ойық жараны кесіп алып тастап, пластика жасау |
Хирургияялық ем |
2 айға дейін консервативті ем нәтиже бермегенде |
|
Сәулелі терапия кезінде берілетін ұсыныстар |
Шылым шекпеу, алкоголь қабылдамау. Дөрекі тітіркендіретін тағамды қабылдамау тіс щеткасын пайдаланбау |
Шырышты қабық жарақатын азайтады |
|
Ауыз қуысын сәулелі терапияға дайындау
|
Сәулелі терапияны бастауға 3-5 күн қалғанға дейін тіс түбірлерін, периодонтиті бар тістерді, қозғалмалы тістерді жұлып, тігіс салады. Тістердің өткір қырларын тегістейді, жұмсақ тіс қақтарын, қызыл иек үсті, қызыл иек асты тіс тастарын алып, қалталарға кюретаж жасайды. Кариесі бар тістерді емдейді, металлды протездер мен пломбыларды алып тастайды.
Қалыңдығы 2-3 мм болатындай пластамассалы және резеңкелі капп дайындау
Сәулелі зақымдалудың көрінісін әлсірететін препараттар: жалпы әсер ететін радиопротекторлар: сәулелеуге 1 сағат қалғанда 0,2-0,8 г цистамин, 0,002 г батилол күніне 2 рет, сәулелі терапияға 30-40 мин. қалғанда 0,05г мексамин
Жергілікті алдын-алу мен сәулелі зақымдануды емдеу үшін – тезан линименті, 5% диэтон, 5% пармидин жақпалары (ауыз қуысы шырышты қабығына аппликация түрінде) |
Емдеу кезінде сәулелі реакцияның жұмсақ өтуімен, оның асқынуының алдын алу
Екіншілік сәулелеуді жою үшін
Иондалған сәулелеу әсерін азайтады |
Сәулелеудің жинақталған мөлшерін азайту
Сәулелеу кезінде тіндерде пайда болатын иондалған және қозған молекула радикалдарының санын азайту
Тамыр қабырғаларын өткізгіштігі азаюы нәтижесінде, сәулелеу аймағына түсетін сау тіндердің радиорезистенттілігі артады |
ГАЛЬВАНОЗ ( 3-16 суреттер)
Тексеру тәртібі |
Анықталған симптомдары |
Патогенетикалық негіздеу |
Шағымы |
Металл дәмі, дәмнің бұзылуы, тілде және ауыз қуысы шырышты қабығының басқа да бөліктеріндегі күйдіру сезімдері |
Пайда болатын тоқ күші мен потенциал айырмасы сілекейдің рН-на (рН қай жаққа бұрылса да тоқ күші күшейеді), сол сияқты металл бетіндегі (коррозия) өзгерістерге байланысты |
3-16 -сурет.Гальваноз
Аурудың дамуы
|
Протез салғаннан кейін жағымсыз субъективті сезімдер пайда болады
|
Субъективті сезімдердің қатты дамуы ауыз қуысында алтын-амальгама, алтын-жез, болат-жез (жез дәнекер құрамына енеді) қоспасы кезінде пайда болады |
Қарау сыртқы қарау
ауыз қуысы шырышты қабығын қарау
|
Көзге көрінетін өзгерістерсіз
Шырышты қабығының қатты мүйізденуге бейімділігі |
Регионарлы лимфа түйіндері пальпацияланбайды
Ауыз қуысында микротоктың жоғарылауы лейкоплакия мен жалпақ теміреткенің бастамасын қоздыруы және оны ұзақ уақыт бойы ұстауы мүмкін |
Қосымша тексеру әдістері (ауыз қуысындағы микротокты өлшеу) |
10-нан19мкА-дейін және одан да жоғары микротоктың көбеюі |
|
ЕМДЕУІ: металл протездерін басқа материалдан жасалған конструкцияға айырбастау, амальгама пломбасын цемент пломбасына, композитті және керамикалық вкладкаларға айырбастау.