- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
Ауыз қуысының шырышты қабығының дәрілік аллергиялық зақымдалуы аса жиі пайда болады, себебі бұл аллергенмен қатынасатын бірінші орын. Аллергиялық реакция типін антигеннің қасиеттері және организмнің реактивтілігі анықтайды.
Ауыздың шырышты қабыққа патологиялық өзгерістердің орын алуына байланысты хейлитті, гингивитті, глосситті, палатинитті және стоматитті ажыратады.
Дәрілік стоматиттер катаральды, катаральды-геморрагиялық, эрозиялық және жаралы-некроздық болып бөлінеді.
ҚАТЫНАСТЫҚ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ХЕЙЛИТ (5-4-сурет), ПАЛАТИНИТ (5-5-сурет) ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕДИКАМЕНТОЗДЫ СТОМАТИТ (5-6-сурет) НЕМЕСЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ЭРИТЕМА
Себептері күміс амальгамадан жасалған пломбалар, біртекті және әр текті металдардан және акрил пластмассалардан жасалған протездер, косметикалық және гигиеналық құралдар болуы мүмкін.
Әдетте аллергия 5-7 күннен кейін, жеке жағдайларда аллергенмен қатынасқан соң бірнеше айдан кейін айқындалады. Ісік, гиперемия, геморрагиялар, нүктелік эрозиялар пайда болады.
5-3-сурет – Дәрілік аллергия
Препаратты, жиі жағдайда сульфаниламидтік препаратты қабылдаған соң бірнеше сағаттан кейін ауыз қуысының шырышты қабыққа эритематозды дақтар пайда болады. Дақтың ортасында сірлі құрамды қабырғасы жұқа үлкен көпіршік пайда болуы мүмкін; оны тілген соң эрозия қалып қояды. 7-10 күннен кейін жазылады. Препаратты қайта қабылдау бұрынғы орында аурудың қайталануын тудырады.
5-4-сурет – Қатынастық аллергиялық хейлит
5-5-сурет – Қатынастық аллергиялық палатинит
5-6-сурет – Белгіленген медикаментозды стоматит
ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Айқындалған симптомдар |
Симптомдардың патогенетикалық негізі |
Сұрау шағымдары жеңіл аллергиялық реакция болғанда
ауырлығы орташа аллергиялық реакция болғанда
ауыр аллергиялық реакция болғанда
|
Ауыз қуысының шырышты қабығының қызаруы. Қышу, ашу, құрғақтық, тамақ ішкенде ауыру
Қызыл иектің қанағышты-ғы; тамақ ішкенде, тыныш-тықта, сөйлегенде ұзақ ауы-рушылық, әлсіздік, дененің субфебрилді температурасы
Әлсіздік, дене температура-сының көтерілуі, бас ауруы, ауыздан иіс шығу, гиперса-ливация, тамақ ішкенде ауыру |
Сезімтал нерв талшықтарының қабы-ну медиаторларымен, токсиндермен тітіркенуі.
|
Анамнез аурудың басталуы
қайталанулар жиілігі |
Клиникалық симптомдары аллергенмен қатынасқан соң бірнеше күннен кейін байқалады
Дәрілік препараттарды қай-та қабылдау, косметикалық, гигиеналық құралдарды және т.б. қолдану салдары-нан болған қайталанулар |
Иммундық компоненттердің бар болуы, организмнің тұрақты сенсибилизациясы
Организмнің төзімділігінің төмен-деуі, сенсибилизацияның күшеюі |
Бұрын жүргізіл-ген емдеудің тиімділігі
бастан кешірген және ілеспелі аурулар
аллергологиялық статусы
кәсіби зияндылықтар |
Сауықтандырылмаған ауыз қуысы, ЛОР-органдарының, асқазан-ішек жолының созылмалы аурулары, эндокринді аурулар
Тыныс демікпесі, экзема, вазомоторлы риниттер, аллергиялық табиғатты конъюнктивиттер
Антибиотиктермен, сульфа-ниламидті препараттармен, бояулармен және лактармен ұзақ уақыт өндірістік қатынаста болу |
Этиотроптық және патогенетикалық емдеу дұрыс жүргізілген жағдайда тұрақты ремиссияға қол жеткізіледі.
Созылмалы инфекция ошақтары орга-низмнің төзімділігінің, табиғаты әр түрлі аллергендерге сенбилизация-ның төмендеуіне мүмкіндік туғызады
Аллергиялық фон берілген патология-ның дамуы үшін жағдайлар жасайды
Организмнің сенбилизациясына мүмкіндік туғызады |
Қарау сыртқы қарау
ауыз қуысын қарау жеңіл аллергиялық реакция
ауырлығы орташа аллергиялық реакция
ауыр аллергиялық реакция
қатынастық аллер-гиялық стоматит
|
Төменгі жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, ауыра-ды, астында жатқан тіндер-мен байланыспаған. Еріннің қызыл жиегінде ісік және гиперемия фонында қалың қанды қабықтар, сызаттар пайда болған
Жайылған гиперемия, ауыз қуысының шырышты қабығының ісігі, көптік геморрагиялар. Тілдің қабырғасы ашық қызыл түсті, эпителий десквамациясы құбылыста-ры, жіп тәрізді бүртіктердің тегістігі және атрофиясы
Ісінген қызарған шырышты қабық фонында фибринозды өңезі бар эрозиялар
Ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, ісігі, некрозы
Аллергенмен қатынасқан орындағы ісік, эритема, геморрагиялар, ұсақ үлбі-ректер, нүктелік эрозиялар |
Екіншілік инфекция токсиндерінің әсері салдарынан лимфоидты жасуша-лардың пролиферациясы, қорғаныш-тық реакцияның күшеюі. Капиллярлар өткізгіштігінің артуы, периваскулярлы тін ісігі, гиперемия
Капиллярлар эндотелийін зақымдай-тын биологиялық белсенді заттардың бөлінуі. Капиллярлар қабырғалары өткізгіштігінің артуы тін ісігінің дамуына мүмкіндік туғызады
Қабыну медиаторларының, эпителий жасушаларын зақымдайтын биология-лық белсенді заттардың (гистамин, серотонин, простагландиндер, кинин-дер) бөлінуі салдарынан эпителий тұтастығының бұзылуы |
Қосымша тексеру әдістері жалпы клиникалық қан анализі
гистаминдік сынама
лейкоцитоз реак-циясы (ремиссия сатысында)
цитологиялық зерттеу |
Лейкоцитоз; қан формула-сының солға ығысуы, эозинофилдер мөлшерінің көбеюі, ЭТЖ жоғарылауы
оң, папула 5 мм артық
Нейтрофилдердің 25-34% деформациясы – жақсы, 35% артығы күрт жақсы реакцияға сәйкес келеді
Арнайы емес қабыну көрінісі |
Организмнің антигендік табиғатты биологиялық белсенді затты ендіруге қорғаныштық реакциясы
Қандағы гистаминнің мөлшері жоғары
Аллергиялық реакция болғанда медиа-торлардың әсері нәтижесінде нейтро-филдердің бұзылуы көбейеді, себебі олар нысана-жасушалар болып табылады
Шырышты қабығының зақымдаушы фактор (қабыну медиаторлары) әсеріне қабыну реакциясы |
Басқа мамандар-дың кеңесі |
Терапевт
Аллерголог
|
Ішкі органдар мен жүйелер аурулары-мен патогенетикалық байланыс болуы мүмкін
Аллергологиялық картаны құрастыру емдеу әдістерін таңдауда көмектеседі |
ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Ерекше белгілері |
Гиповитаминоз С
Асқазан-ішек жо-лының аурулары (жедел гастрит, созылмалы гаст-рит, жаралы ауру, асқазан мен он екі елі ішек аурула-ры)
Саңырауқұлақтық зақымдалу (жедел түрі)
Жедел герпесті стоматит
Көптүрлі экс-судативті эритема
Ойық жаралы-некроздалған Венсан гингивостоматиті
Агранулоцитоз, лейкоз болғандағы жаралы зақымдалулар
|
Геморрагиялық синдром: гиперемия және ісік фонында ауыз қуысының шырышты қабығына қан құйылу
Тіл қызыл күрең-қызыл түсті, жұмыр, құрғақ, тамақ ішкенде ауырады, жіп тәрізді бүртік-тердің атрофиясы. Күрт ауыратын жаралар
Ауыз қуысы шырышты қабығының ашуы, ауыздың құрғақ-тығы, ауыз қуысының шы-рышты қабаты қызарған, ісінген
Гиперемия, ауыз қуысы шы-рышты қабатының ісігі, фиб-ринозды өңезді көптік өңез
Еріннің қызыл жиегінде ісік пен гиперемия фонында жа-насқан кезде қанайтын сызат-тар, қанды қыртыстар. Ауыз қуысы мен қызыл иектің шы-рышты қабаты қызарған, ісін-ген; эрозиялар, фибринозды өңезді беттік жаралар
Гиперемия, ісік, қызыл иек пен ауыз қуысы шырышты қабығының некрозы
Геморрагиялық синдром, тін некрозы |
Ауру байқаусыз басталады, әлсіз-діктің, шаршағыштықтың артуы-мен жалғасады. Қатты таңдайдың, тілдің шырышты қабығына, қызыл иекке қан құйылу. Қызыл иек қызыл күрең түсті, жиегі цианды реңкті. Жалған пародонт қалтала-рын түзіледі. Тістер қозғалады және түседі
Баттасқан тіл асқазан-ішек жолы ауруы белгілерінің бірі болып табылады. Ауыз қуысының микро-флорасына байланысты болатын сұр, ақ-сұр, қоңыр түсті өңез
Жақ пен тілдің шырышты қабығында ақ түсті сүзбе тәрізді өңез, қыр-ғанда оңай алынады; өңезді жойған соң қызарған тегіс бет қалады. Эпителий жасушасының қырынды-сында лейкоциттер, мицелий және Candida саңырауқұлағының спора-лары көп
Қызыл иектің, әсіресе таңдай жа-ғынан диффузды зақымдалуы. Эро-зияның пайда болуына ұсақ везику-лалардың шығуы жол береді, көбі-несе топтық; 2-3 бастап бірнеше ондағанға дейін. Эрозиялар поли-циклдік, жиектері фестонды. Эро-зиялар қырындыларында алғашқы 2-3 күнде арнайы емес қабыну элементтерімен қатар көп ядролы алып жасушалар байқалады
Токсикоаллергиялық табиғатты көптүрлі экссудативті эритема кенеттен басталады: дімкәстік, тем-ператураның көтерілуі (ауыр жағ-дайларда 38 0С дейін), бас ауыруы, бұлшық ет пен буындардың ауы-руы. Теріде «кокардалар» пайда болады. Бір сәтті полиморфизм тән: дақтар, үлкен көпіршіктер, эрозиялар, жаралар, афталар және т.б. Ауыз қуысының шырышты қабыққа жайылған гиперемия мен ісік фонында жылдам жарылатын суб-эпетелийлі үлкен көпіршіктер пайда болады; олардың орнында фибринозды өңезді эрозиялар түзіледі, эрозияның жиегінде үлкен көпіршік қабының үзіктері көрінеді. Симптомдық көптүрлі эритема аллергенмен қайта қатынасқан жағдайда ғана қайталанады
Ойық жаралы-некроздалған Венсан гингивостоматитін қоздырушылар ұршық тәрізді таяқшалар мен спирохеталар болып табылады. Берілген патология кезінде бұл микроорганизмдер өте көп мөл-шерде кездеседі және көп жағдайда басқа флорадан басым болады. Аурудың пайда болуы үшін шы-рышты қабаттың тұтастығы бұзы-луы қажет. Жиі вирустық инфек-циямен, әсіресе ауыз қуысы сауық-тырылмаған және гигиенасы нашар тұлғаларда көптүрлі экссудативті эритемамен жалғасады
Агранулоцитоз болғанда тері жа-мылғысының күрт бозарыңқылы-ғы, қызыл иектен қан кетуі, бадам-шалардың және шырышты қабық-тың басқа бөліктерінің некрозы байқалады. Агранулоцитоз грану-лоциттері толық жойылған күрт лейкопениямен айқындалады. Лей-коз болғандағы бастапқы айқында-лу: терінің және көрінетін шырыш-ты қабаттың күрт бозарыңқылығы, жақтың ауыруы, қызыл иектен қан кетуі. Айқын клиникалық көрінісі болғанда дене температурасының 38-40 0С дейін көтерілуі, шеті реак-тивті қабынбаған жаралы-некроз-дық гингивит. Қызыл иек гипер-плазиясы, ауыздың сүйегінде және шырышты қабыққа лейкемиялық инфильтраттар түзіледі. Лейкоцит-тер саны күрт, кейде жүздеген мыңға дейін ұлғаяды. Жедел лейкоз болғанда лимфа түйіндері үлкейеді, жұмсақ, ауырмайды |
ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯНЫ ЕМДЕУ
Емдеу кезеңдері |
Емдеу құралдары |
Қолдану тәсілі |
Пайдалану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Жалпы емдеу жағдайдың ауырлығына байланысты
|
Дәрілік аллергияны тудырған дәрілік препаратты қолданбау. Аллергия ту-дырған затпен қатынасты тоқтату (қа-тынастық аллергия жағдайында) |
|
|
|
Десенсибилизация-лайтын терапия
|
2% супрастин ерітіндісі
Супрастин0,025г
0,1% тавегил ерітіндісі
Тавегил 0,001 г
1% димедрол ерітіндісі
Димедрол 0,05 г
Кетотифен0,001г
Задитен 0,001 г
Фенкарол 0,05 г
|
Вена ішіне 2 мл
Күніне 3 рет 1 таблеткадан
Вена ішіне 2 мл
Күніне 2 рет тамақтан кейін 1 таблеткадан
Вена ішіне 2 мл
Күніне 3 рет 1 таблеткадан
Күніне 2 рет 1 таблеткадан
Күніне 2 рет 1 таблеткадан
Күніне 3 рет 1 таблеткадан |
Антигистаминді әсер |
Гистаминнің әсерін жояды немесе тежейді, капиллярлар өткізгіштігін, ісікті, гиперемияны, қышуды азайтады |
Қабынуға қарсы терапия |
60-120 мг преднизолонды 250-500 мл натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітеді
Дексазон немесе дексаметазон фосфатонатрий тұзы 2% ерітіндісі |
Вена ішіне там-шылатып тамызып
Вена ішіне 1 мл-ден |
Қабынуды жою, экссудацияны азайту
|
Қабынуға қарсы, антиаллергиялық және десенсиби-лизациялаушы әсер етеді, тамырлардың өткізгіштігін азайтады
|
Дегидратациялық терапия |
Этакрин қышқылы 0,05 г
Фуросемид0,04 г
Лазикс 1% ерітіндісі |
Таңертең тамақтан кейін 1 таблеткадан
Таңертең тамаққа дейін 1 таблеткадан
Вена ішіне 2 мл
|
Тіндердегі сұйықтық мөлшерін азайту |
Бүйрек өзекшеле-ріндегі натрий мен калий иондары реабсорбция-сын тежейді. Су реарсорбция-сын азайтады |
Дезинтоксикация-лық терапия |
Натрий тиосульфа-тының 30 % ерітіндісі |
Вена ішіне 10 мл; 10-12 инъекция
|
Интоксика-цияны, қабынуды жою |
Антитоксинді, қабынуға қарсы, де-сенсибилизациялаушы әсер етеді |
Иммунды-модульдейтін терапия |
Имудон |
20 күн бойы күніне 3 рет 2 таблеткадан |
Организмнің төзімділігін арттыру |
Ауыз қуысының жасушалы және гуморальды иммунитетін ынталандыра-ды |
Дәруменді терапия |
Сдәрумені 0,05 г аскорутин 0,1 г |
Күніне 3 рет 1 таблеткадан |
Организмнің төзімділігін арттыру, алмасу процестерін жақсарту. С дәруменін Р дәруменімен үйлестірген-де емдеудің жақсы әсері байқалады |
С дәрумені тотығу-тотықсыздану процестерін реттеуге қатысады, тіндердің ре-генерациясын, коллаген және проколлаген синтезін жақсартады, капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді |
Құрамында аллерге-дері болмайтын тітір-кендірмейтін диета |
Денсаулықты сақтайтын механикалық және химиялық тамақ. Аллергиялық реакция тудыратын өнімдерді (кофе, шоколад, ысталған өнімдер) қолданыстан шығару |
|
Тамақ ішкенде ауыруды азайту |
Аллергиялық қасиеттері бар өнімдерді қолданыстан шығару, организмнің сенсибилиза-циясын азайтады |
Жергілікті емдеу жансыздандыру
антисептикалық өңдеу
энзимотерапия
жазылуға ықпал ететін терапия
қабынуға қарсы терапия |
1% димедрол ерітіндісінің 1 мл 100-200 мл суға ерітеді
2% супрастин ерітіндісінің 1 мл 1/2-2/3 стакан суға ерітеді
1-2% лидокаин ерітіндісі
Xylostesin, Anaesthesia-spray аэрозольдары
Сутегі асқын тотығының 1% ерітіндісі
Калий перманганаты-ның 1:5000 ерітіндісі
Хлоргексидин-нің 0,06 % ерітіндісі 30 мл корсодил 30 мл стомафит
Кристалдық трипсинді, химотрипсинді натрий хлориді-нің изотонды ерітіндісінде ерітеді
А, Е дәрумендерінің майлы ерітіндісі, итмұрын, бүрген майы, каротолин, солкосерил (желе, жақпа), актовегин (желе, жақпа), мундизал гелі, холисал гелі, Дент метрогилі
Глюкокортико-стероидты жақпалар: преднизолон 0,5%, гидрокорти-зон 1 %, флуцинар, лоринден С
|
Ауыз қуысын шаю
Аппликациялар
Аппликациялар
Тозаңдату
Ауыз қуысын шаю
Зақымдалған жерлерді өңдеу
Ауыз қуысын шаю
Аппликациялар
Аппликациялар
15 минуттан аппликациялар |
Жергілікті анестезиялық әсер етеді, капиллялар өткізгіштігін азайтады. Сезімтал нерв тал-шықтарына әсер етіп, препараттар генерацияға және қозуға кедергі келтіреді
Ауыруды жою
Екіншілік микрофлораның әсерін жою немесе бәсеңдету
Некроздалған массаларды жұмсарту, кейбір бактериялық токсиндерді белсенділендірмеу
Жазылуды жеделдету
Қабынуды жою |
Бактерияға қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді.Сілекей-дегі лизоцимнің мөлшерін көбейтеді, бұл жергілікті иммунитеттің жоғарылауына мүмкіндік туғызады
Басқа медика-менттердің микрофлораға әсерін күшейтеді, фагоцитозды ынталан-дырады, қабынуға қарсы және ісінуге әсер етеді
Ауыз қуысының Шырышты қабығындағы алмасу және регенерация-лық процестерді арттырады
Қабынуға қарсы, антиаллергиялық және десенсиби-лизациялаушы әсер етеді, тамырлар өткізгіштігін азайтады, аллергиялық реакцияның барлық фаза-ларын тежейді |
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
45 жастағы науқас ауыз қуысының ашығанына, қан құйылуына, жарақаттардың пайда болуына, тамақ ішкенде ауыратындыққа шағымданып келді.
Осы шағымдар пайда болғанға дейін салқын тигенге байланысты эритромицин қабылдаған. Мұндай құбылыстар линкомицинді қабылдаған кезде байқалды.
Төменгі жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, саусақпен басқанда ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, ісінген, көптік эрозиялары бар. Қызыл иегі қызарған, ісінген, қан кетеді, сұр түсті өңезбен жабылған, қырғанда қиындықпен алынады.
46-тістің шайнайтын бетінде тіс жегілік қуыс бар; қатты тіс шөгінділері елеулі мөлшерде; 36, 47-тістердің шеттері үшкір.
Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрыңыз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Дәрілік аллергия кезінде айқындалады:
гиперемия;
гиперемия, ісік, геморрагия;
ісік, гиперемия, афта.
Дәрілік стоматитті ... саралайды:
Көптүрлі экссудативті эритемамен;
жедел герпесті стоматитпен;
созылмалы қайталанушы афтозды стоматитпен.
Дәрілік стоматит болғандағы зақымдалу элементтері орналасады:
теріде;
еріннің қызыл жиегінде;
ауыз қуысының шырышты қабыққа.
Дәрілік аллергия болғанда қосымша зерттеулер жүргізеді:
жалпы клиникалық қан анализі;
иммунограмма;
цитологиялық зерттеу;
серологиялық зерттеу.
Дәрілік аллергияның дамуына мүмкіндік туғызады:
кәсіби зияндылықтар;
дәрілік препаратты қабылдау;
белсенділендірілген көмірді қолдану;
жеке гигиена құралдарын қолдану.
Аллергиялық стоматит болғанда төменгі жақ асты лимфа түйіндері :
үлкеймеген;
үлкейген, ауырады.
Дәрілік аллергия болғанда аллергологиялық сынамаларды жүргізетін кезең:
жедел;
ремиссия;
продромальды.
Дәрілік стоматит болғанда арнайы емес сенсибилизацияны азайтатын терапияны жүргізетін кезең:
жедел;
продромальды;
қайталану аралық.
Дәрілік стоматит кезінде жүргізілетін ем:
бактерияға қарсы;
жазылуға ықпал ететін;
сенсибилизацияны азайтатын;
криодеструкциялық;
қабынуға қарсы.
Аллергиялық жаралы-некроздық гингивостоматит болғанда қолданады:
химотрипсин, химопсин;
лидаза;
хлоргексидин.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
1 – 1. 2 – 1, 2. 3 – 3. 4 – 1, 2, 3. 5 – 1, 2, 3. 6 – 2. 7 – 2. 8 – 1. 9 – 1, 2, 3, 4, 5. 10 – 1, 3.
