Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.29 Mб
Скачать

4.Екіншілік аурулар сатысы

Бұл сатыда вирус белсенді түрде көбейіп, соның нәтижесінде иммунды жүйе төмендей бастайды. СД4+-Т-лимфоциттер саны төмендейді 1мкл 500-ден төмен. Иммунитет тапшылығының ауырлауы бактериальды, вирусты және протозойдты аурулардың (оппортунистикалық инфекциялар) дамуымен жүреді. Оппортунистикалық инфекцияны тудыратын микроорганизмдер адам организмінде еш кедергісіз көбейіп, өлімнің бірден-бір себебі болады. Бұдан басқа ісікті процесстер-лимфомалар, Капоши саркомасы дамиды.АИВ-инфекциясының клиникалық көрінісі сақталған лимфаденопатиямен қоса оппортунистикалық инфекциямен көрінеді.

Бұл сатыда ауруға ем жүргізбесе де және ретровирусқа қарсы терапия жүргізгенде немесе оның нәтижесі жеткіліксіз болғанда да ауру өрши түсуі мүмкін. Кейбір жағдайда өздігінен немесе реровирусқа қарсы терапиялық әсерінен екіншілік аурудың клиникалық көріністері жоғалуы мүмкін және ремиссия сатысы басталуы мүмкін.

АИВ инфекциясының бұл кезеңі аурудың алғашқы көрініс сатысынан кейін немесе жасырын сатыдан кейін дамиды.4А, 4Б, 4В сатылары бөлінеді

ЕКІНШІЛІК АУРУЛАРДЫҢ САТЫЛАРЫ

сатысы

4Б сатысы

4В сатысы

Жұққан сәттен 5-10 жыл өткен соң басталады. Кейде ЖИТС- тің продромальды кезеңі болып саналып, ЖИТС-ассоцирленген кешеніннің дамуына өтуге қызмет етеді. Клиникалық вирусты интоксикацияның белгілері анықталады. Тұрақты немесе ауысып тұратын қызба дене температурасының орташа 38 С –дейін көтерілуімен, түні бойы терлеуі, әлсіздік, қатты шаршау. Арықтауы 10% жетеді. Бастапқыда жиі ауыз қуысы шырышты қабығы зақымданады. Кандидоз, ұшықты және ойық-жаралы некроздалған гингивостоматит дамып, сосын тері зақымданады. Жиі себореялы дерматит, кебек тәрізді теміреткі, жоғары тыныс алу

жолдарының қабынулы аурулары дамиды. Дене салмағы төмендейді. Бұл сатыда оппортунистік аурулар емдеуге оңай көнеді

Жұққан сәттен 7-10 жыл өткен соң, ЖИТС – ассоцирленген кешен дамиды. Қызба 1 айдан астам уақытқа созылады, тұрақты түсініксіз диарея. Арықтауы 10% асады. Тері мен шырышты қабығының ауыр зақымданулары емдеуге көнбейді. Лимфаденитке жайылмалы бола бастайды. Бұл сатыда оппортунистік инфекцияның қарқындылығы өте ауыр. Вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар ішкі мүшелерді зақымдайды. Капоши саркомасының ошақтары пайда болады. Жалпақ жасушалы карцинома, В – жасушалы лимфома, пеИФРериялық нерв жүйесінің зақымдануы мүмкін. Екіншілік аурулар емдеуге нашар көнеді, жиі қайталанады

БДҰ критерийлері бойынша ЖИТС – на ең жақыны. Жұққан сәттен 10-12 жыл өткенде басталады. Вирусты, бактериальды саңырауқұлақты және протозойдты табиғаттағы жайылған, ауыр, өмірге қауіп төндіретін екіншілік оппортунистік ЖИТС –ассоцирленген ауру. Инфекциялы қоздырғыштар ішінен жиі кездесетіні пневмоцистер, саңырауқұлақ Candida , ұшық тобындағы вирустар (қарапайым ұшық,белдемелі ұшық,цитомегаловирус, Эпштейн-Барр вирусы). Кахексия, шашыраған Капоши саркомасы дамиды. Барлық науқастар екіншілік инфекцияға (оппортунистік) байланысты асқынудан қайтыс болады

ОППОРТУНИСТІК ЖӘНЕ АИВ/ЖИТС АССОЦИРЛЕНГЕН ИНФЕКЦИЯЛАР

Классикалық ағымы

АИВ- инфекцияланғандардың клиникалық ағымы

АИВ- инфекцияланғандардың ауыз қуысындағы көрінісі

Қарапайым ұшық

Жедел ұшықты гингивостоматит (біріншілік ұшық) және созылмалы қайталанбалы ұшық. Қарапайым ұшықтың біріншілік элементі – везикула, ал жарылғаннан кейін біріншілік ұшықты афта түріндегі эрозиялар пайда болады. Созылмалы қайталанбалы ұшықты эрозиялар дұрыс емес полициклді пішінді зақымдану элементтері жиі қатты таңдайда, тіл арқасында, қызыл иекте, ұртта, ерінде орналасады. Жиі еріннің қызыл жиегі мен оған жақын жатқан терілер зақымданады

АИВ – инфекциясында қарапайым ұшық ремиссияны білдіртпей жиі қайталанады. Зақымдану элементтері әдеттегі емес жерде орналасады. Везикула жарылғаннан кейін пайда болатын эрозиялар жиі диаметрі 3 см-ге дейінгі ойық жараға өтеді. Ойық жаралар шұңқыр тәрізді, көтеріңкі, дұрыс емес пішінді қырларымен, түбі ашық қызыл түсті, кейде ойық жара сұр ақ қақпен жабылады. Ойық жаралар баяу жазылады, емге нашар көнеді. Қайталанбалы ұшықтың ауыр түрлері дамиды. Тек ауыз қуысының шырышты қабығы ғана емес, тері жамылғысы да зақымданады. Ұшықты инфекцияның диагностикасы өздеріне тән симптоматикаға негізделеді, ал диагноз серологиялық әдіспен немесе бөлінген вируспен дәлелденеді

Везикулалар тілдің, жұмсақ таңдайдың, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығында, еріннің қызыл жиегі мен оған жақын жатқан теріде орналасады. Везикула жарылғаннан кейінгі эрозия диаметрі 0,5- тен 3 см - ге дейінгі болатын ойық жараға өтеді. Ойық жаралар шұңқыр тәрізді, қырлары көтеріңкі, дұрыс емес пішінді. Ойық жара түбі гиперемияланған, сұр-ақ түсті қақпен жабылуы мүмкін. Кейде ойық жаралар көп түрлі экссудативті эритема немесе ойық жаралы некроздалған стоматиттің зақымдану элементтерін еске түсіреді. Ауыз қуысындағы ұшық көріністерін адекватты емдегенде вирустың висцеральды мүшелерге тарауы мүмкін, бұл клиникалық ағымды ауырлатып, кейде өлімнің себебі болып табылады

Белдеме ұшық

Белдеме ұшық вирусына нейродерматотроптық тән. Әдеттегі жағдайда ауру нерв жүйесі бойындағы везикулярлы бөртпелермен көрінеді. Ауыз қуысында везикулалар тез жарылып, жалғыз немесе қосылған эрозияларды түзеді, олар фиброзды қақпен жабылған. Терідегі көпіршіктің орнына қабыршақтар пайда болады. Тәртіп бойынша зақымдану дененің бір жағында қабырға аралық нерв пен үшкіл нервтің тармақтары бойымен орналасады. Қайталану болмайды

Белдеме ұшық – кәдімгі симптоматикамен жүретін АИВ – инфекцияланғандарда жиі кезесетін суперинфекция. Везикулезды бөртпе ганглионит дамыта отырып, зақымданған сезімтал нервтің тармақтарының жүрісі бойында пайда болады. Жайылмалы терідегі өзгерістер 2-4% жағдайда кездеседі. Ұшықтық белдеме қайталануы немесе оның диссеминациясы АИВ инфекциясының өршігенін айтады. Белдеме ұшыққа секемденген немесе жасы 60 – қа жетпеген диагнозы нақтыланған науқастарды АИВ/ЖИТС тексеру қажет

Жеке ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануы сирек. Үшкіл нервтің екінші және үшінші тармақтары және үшкіл нервтің түйіндері зақымданғанда везикула бөртпелері ауыз қуысы шырышты қабығында соған сәйкес бір мезгілде тері бөлігінде де пайда болады. Науқастың кейбір бөлігінде бет терісінің параличі және үшкіл нервтің невралгиясы байқалады

4-10-сурет. АИВ инфекциясы кезіндегі Капоши саркомасы:А-терідегі зақымдау

элементтері, Б-ауыз қуысындағы зақымдау элементтері

4-11 -сурет.Түкті лейкоплакия.АИВ-инфекциясы

4-12-сурет.АИВ- инфекциясы кезіндегі кандидоз

Капоши саркомасы (4-10 сурет).

АИВ- инфекциясы бар науқастарда жиі Капоши саркомасы, қатерлі лимфомалар , кейде тіл мен аноректальды аймақтың жалпақ жасушалы карциномасы, глиомалар кездеседі. Капоши саркомасы, лимфа тамырларының қатерлі ісігі 60 жастан асқан адамдарда, жиі ер адамдарда кездеседі. АИВ- инфекциясымен байланысы жоқ дамыған Капоши саркомасында көбінесе аяқтардың терісінде дақ, түйіндер немесе білемдер , қоңыр қызыл немесе көк қызыл түсте пайда болады. Ауру баяулап өршиді, науқас 10-15 жылдан соң өледі

АИВ – инфекциясында Капоши саркомасы екіншілік аурулар сатысында кездеседі. Этиологиялық рөлді 8 типтегі адамның ұшық вирусы алады. АИВ- инфекциясында Капоши саркомасы жас адамдарда дамиды. Зақымдану өте көп, ассиметриялы, таралмалы болады. Ауру теріні (4.10, А суретті қара), ауыз қуысы шырышты қабығы жоғарғы тыныс алу жолдарын, ішкі мүшелер мен лимфа түйіндерін зақымдай отырып тез жайылады,жиі оппортунистік инфекциямен бірігеді. Шырышты қабық пен лимфа түйіндерінің жеке зақымдануы мүмкін. Жарты жағдайда лимфаденопатия Капоши саркомасының метастазымен байланысты. Өлім көрсеткіші жоғары, екі жылда ауырғандардың 20% ғана тірі қалады

АИВ- инфекциясына ұшырағандардың ауыз қуысында Капоши саркомасы көкшіл-қызғылт және күрең немесе қара түсті дақтар пайда болады. Кейде зақымдау элементтрері пигменттелмейді. Бастапқы сатыда дақ жалпақ сосын үлкейеді, бөлшектерге бөлініп, ашық жараға айналады. Ойық жара сатысында зақымдау элементтері қатты ауырады. Ойық жара эпителизацияға бейім емес. Капоши саркомасы (4.10,Бсуреті қара), ауыз қуысында , қатты және жұмсақ таңдайда, сирек қызыл иек пен тілде кездеседі. Қызыл иектегі Капоши саркомасы эпулис тәрізді. Тілде зақымдау элементтері науа тәрізді бүртіктер аймағында орналасады

Түкті лейкоплакия (4-11-сурет)

АИВ-инфекциясынан басқада кездеспейді.

Түкті лейкоплакия (ауыздың вирусты лейкоплакиясы, жалпақ кандилома,түкті лейкоплакия) ауыз қуысы шырышты қыбығының эпителиальды жасушаларына Эпштейн-Барр вирусы ену нәтижесінде пайда болады. Түкті лейкоплакияның пайда болуы ЖИТС-тің даму мүмкіндігін ұлғайтады. ЖИТС – пен ауыратын науқастардың 98% кездеседі. Ауыз қуысының шырышты қабығы ғана зақымданады

Клиникалық түкті лейкоплакия тілдің бүйір беттерінде және арқасын зақымдаумен көрінеді. Лейкоплакия ошақтары ұрттың , ауыз қуысы түбінің ,таңдайдың шырышты қабығына таралуы мүмкін. Зақымдану элементтері гиперкератоз бөлігіндегі ақ сызық, қатпар, түк түрінде болады. Гиперкератоз бөліктері қырылмайды, классикалық лейкоплакияның зақымдануына ұқсас жалпақ білем тәрізді түрде болады. Білем беттері тегіс те, кедір-бұдырлы да болуы мүмкін. (4-11 суретті қара)

Кандидоз (4-12 сурет).

Кандидозды Candida тектес шартты-патогенді саңырауқұлақтар тудырады, олар ауыз қуысының асқазан-ішек жолы шырышты қабығының , қынаптың, терінің қалыпты микрофлорасының өкілі болып табылады. Ауыз қуысында гиперемияланған шырышты қабықта ірімшік тәрізді оңай алынатын қағы бар жедел псевдомембранозды кандидоз (уылу) дамиды. Жедел атрофиялық кандидоз шырышты қабықтың гиперемиясымен жүреді, қақ болмайды немесе тек терең қатпарлар ғана сақталады. Созылмалы гиперпластикалық кандидозда ауыз қуысының гиперемияланған шырышты қабығында астындағы шырышты қабықпен тығыз біріккен,түйінше немесе білем түріндегі мықты отырған қақтың қалың қабаты пайда болады

АИВ инфекциясында микоздар жиі пайда болады, оппортунистік және ЖИТС – ассоцирленген ауру. Микоздың дамуы АИВ – инфекциясының өршігенін айтады және аурудың екіншілік аурулар сатысына өткендігін білдіреді. Жиі криптококкоз,гистоплазмоз және кокцидиоидмикоз, зигомикоз, пенициллиноз, кандидоз кездеседі. АИВ инфекциясына ұшырағандардың кандидозының клиникалық көрінісі иммунитет тапшылығының дамуына байланысты. Орофарингеальды түрінде процесске ауыз қуысы шырышты қабығы ұшырайды, клиникалық көрінісі кандидозды ангина, стоматит тәрізді. Иммунитет тапшылығының анық көрінетін түрінде СД4+- жасушаларының саны 1 мкл 200- ден төмен түскенде, ауыз қуысы шырышты қабығынан төмендеп өңешті, трахеяны, бронхты, өкпені зақымдайды

Ең жиі ұзақ түрде өтетін жедел псевдомембранозды кандидоз дамиды. Клиникалық көрінісі кәдімгі кандидозбен бірдей – шырышты қабығындағы ақ ірімшік тәрізді қақтар. Қақ жеңіл алынады. Оның астынан гиперемияланған шырышты қабық көрінеді. Тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің атрофияланған бөліктері сияқты жедел атрофиялық кандидоз дамуы мүмкін. Гиперпластикалық кандидоз сирек кездеседі (4-12 сурет)

Себореялы дерматит

АИВ-инфекциясынан басқада кездеспейді.

АИВ-инфекциясына ұшырағандарда себореялы дерматит беттің, мойынның, бастың шашты бөлігіндегі, құлақ қалқанының артындағы, қолдың жазылатын бетіндегі терілерде әлсіз эритема бөліктері түрінде көрінеді. Зақымданудың әдеттегі орналасатын жері – қас, кеңсірік, үстіңгі ерін тесігі, мұрын-ерін қатпары. Эритематозды бөліктер көрінетін сау теріден әлсіз шектелген, дұрыс емес пішінді, аздаған майлы қабық пен сарғыш түсті қабыршақтармен жабылған. Сірлі немесе іріңді сұйықтығы бар ұсақ көпіршіктер пайда болуы мүмкін. Зақымдану элементтері жарылған соң атрофия ошағы қалады. Науқастар қатты қышу сезіміне шағымданады. Себореялы дерматиттің барлық тері жамылғысына таралуы- аурудың жағымсыз болжамын білдіреді

Ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданбайды

ЦИТОМЕГАЛОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ

Цитомегаловирусты инфекция АИВ/ЖИТС – дағы ең ауыр суперинфекцияға жатады, науқастардың 20-40% байқалады, жиі өлімнің бірден бір себебі болып табылады. Жұғу науқас адамнан немесе вирус тасымалдаушыдан болады. Цитомегаловирус (ЦМВ) қоршаған ортаға шырыш, ана сүті, шәует арқылы бөлінеді, көз жасынан, қаннан, вагинальды бөлінулерден де тапқан. ЦМВ организмге жоғары демалу жолдары мен сілекей бездері арқылы енеді, сілекей бездерінің жасушаларына тропизмдік әсері бар және солардан табылады. Организмге еніп алып ЦМВ онда бүкіл өмір бойы сақталады, зәрмен, сілекеймен шығып отырады.

Цитомегаловируспен инфекцияның клиникалық диагностикасы өте үлкен қиындықтар туғызады, өйткені ЦМВ бөлінуі оның белсенділігі туралы ештеме айтпайды. АИВ-инфекциясына ұшырағандардың диагностикасында ең жақсы ақпарат беретіні – қандағы ДНК-да жоғары немесе орташа концентрациялы ЦМВ болуы, оған қоса міндетті түрде ұзақ уақыт, үш айдан артық персистенциялы цитомегаловирусты IgM антиденесі мен зәрден ЦМВ табу.

ЦМВ АИВ сияқты иммунды статусты бұзып, оппортунистік инфекцияны ширықтырады. АИВ-ның барлық симптомсыз тасымалдаушылары цитомегаловирусты инфекцияға өтеді, ал АИВ/ЦМВ қосылуы микроорганизмдердің диссеминациясы мен цитомегаловирус инфекциясының жайылуына әкеледі, жиі өліммен аяқталады. Цитомегаловирусты инфекцияға секемденгенде немесе нақтыланған диагнозда АИВ – инфекциясына тексеру міндетті түрде.

БАСҚА ДА ВИРУСТЫ АУРУЛАР

АИВ-инфекциясына ұшырағандарда кейде папилловирустар тудыратын сүйелдер, үстіңгі және астыңғы жақ сүйегінің альвеолярлы өсінділерінде, таңдайда көптеген кандиломалар байқалады. Контагиозды маллюск тудыратын бөртпелер болуы мүмкін, олар бет пен мойын аймағында орналасады. Емдеудің нәтижесі шамалы.

БАКТЕРИАЛЬДЫ ИНФЕКЦИЯ

Оппортунистік және ЖИТС – ассоцирленген бактериальды суперинфекцияның дамуында маңызды орынды анаэробтар алады.

Анаэробтар терінің, ауыз қуысы шырышты қабығының, жоғары тыныс дем алу жолдарының, асқазан-ішек жолының кәдімгі микрофлоралары болып табылады. АИВ-инфекциясына ұшырағандардың ауыз қуысындағы ойық –жаралы некроздалған процесстердің дамуына стрепто- стафилококкты микрофлорамен қатар фузобактериялар симбиозы мен спирохеттер маңызды орын алады деп есептейді. Бактериальды инфекциялар жиі АИВ-инфекциясы/ЖИТС- да пародонт ауруларының себебі болып

табылады. Науқастарда ойық жаралы-некроздалған гингивит (4-13 сурет) дамып, ол тез

өршитін пародонтитке өтеді (4-14 сурет), ал кейде ойық-жаралы некроздалған стоматитке.

4-13-сурет.АИВ-инфекциясы кезіндегі

ойық жаралы-некроздалған гингивит

4-14-сурет. АИВ-инфекциясы кезіндегі

соылмалы пародонтиттің асқынуы

Қызыл иекте, тілдің бүйір беттерінде, ұртта, ретромолярлы аймақта шеттері жұмсақ, тегіс емес гиперемияланған, ісінген негізде орналасқан ойық жаралар пайда болады. Ойық жаралар кір сұр түсті қақпен жабылған. Қақ жеңіл алынады, оның астынан қатты ауыратын, қанағыш бет көрінеді. Қызыл иектің маргинальды бөлігіндегі некроз бекінген қызыл иекке таралуы мүмкін. Нәтижесінде тіс аралық альвеолярлы перде ашылып, олардың секвестрациясы жүреді. Науқастарды жиі қызыл иектегі қатты ауыру сезімі мен тез қанағыштық, ауыздан жағымсыз иістің шығуы мазалайды.

Бактериальды инфекцияда пародонт тінінің диффузды деструкциясы байқалады. Жылан көздер мен абсцесстер пайда болып , тіс мойыны мен түбірі ашылады, тіс босай бастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]