
- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
Атопиялық хейлит – атопиялық нейродермит симптомдарының бірі және көп жағдайда атопияның жалғыз көрінісі болады. Атопиялық хейлит 7 жастан 19 жасқа дейінгі ұл және қыз балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі.
Аурудың пайда болуында атопиялық аллергияға бейімділік тудыратын генетикалық факторларға күмәнсіз роль атқарады. Аллергендер тағам өнімдері, медикаменттер, гүлдің аталығы, микроорганизмдер болуы мүмкін.
Орталық және вегетативті нерв жүйесі қызметінің бұзылуы атопиялық аллергияның клиникалық іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
АТОПИЯЛЫҚ ХЕЙЛИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Айқындалған симптомдар |
Симптомдардың патогенетикалық негізі |
Шағымдар |
Еріннің қызыл жиегінің, ауыз бұрыштарының, қор-шаған терінің қышуы, ауру-шаңдығы, тыртысуы, эсте-тикалық кемшілік. Жасөспірімдердің мектепке, ЖОО-ға барудан бас тартуы, невротизация |
Орталық және вегетативті нерв жүйе-лерінің қызметі бұзылады. Тіндік сенсибилизация гистологиялық түрде расталады: қызыл жиекте және терінің беттік қабаттарында лимфоциттерден, эозинофилдерден және гистиоциттер-ден инфильтраттар айқындалады. Ұсақ сызаттардың пайда болуы нәти-жесінде аурушаңдық және тыртысу. Жыныстық жетілу кезеңінде ерінде, ауыз бұрыштарында, теріде жылдам жергілікті көріністерімен бірге ауру-дың асқынуы |
9-1-сурет. Атопиялық хейлит
Анамнез
|
Атопиялық дерматит, тағам өнімдеріне, заттарға, мик-роорганизмдерге аллергия. Әдетте атопия жақын туыс-тарда айқындалады
|
Генетикалық факторлардың атқаратын ролі күмәнсіз |
Аурудың пайда болуы
|
6-7 жаста басталады, асқы-ну және ремиссия кезеңдері 17-18 жасқа дейін. Жыныс-тық жетілудің аяқталуына қарай (19-20 жасқа қарай) науқастардың бір бөлігінде едәуір жақсару байқалады. Емдемесе ауру түпкілікті жоғалып кетпейді, ауыз бұрыштарының шамалы қызаруы түрінде сақталады. Күзгі-қысқы кезеңде асқы-нады, жазда ремиссия болады |
Генетикалық тұқым қуалайтын атопияның, әсіресе полиаллергияның ерте көрінісі. Балалар зақымдалған жерлерін қасып тастайды. Организмдегі маңызды гормональды қайта құрылу көптеген аурулардың ремиссиясына әкеліп соғады
|
Қарау сыртқы қарау
ауыз қуысының шырышты қабығын қарау |
Егер атопиялық хейлит дерматитпен үйлессе, онда беттің терісі құрғақ, жақтар, шынтақ иіні және тақым-дық ойыстар терісінде бөртпелер
Еріннің шамалы ісінгендігі және құрғақтығы, еріннің қызыл жиегін қоршаған қызғылт эритема, қызыл жиек инфильтрацияланған, ұсақ қабыршықтармен қа-быршақтанады, оның бүкіл беті жіңішке радиалды жүл-гешелермен кесілген тәрізді
Ауыз бұрыштарында тері лихенизацияға, гиперемия-ға, кейде пигментацияға ұшыраған, ұсақ сызаттар бар
Еріннің шырышты қабығы бозғылт-қызғылт түсті, жет-кілікті ылғалданған, патоло-гиялық элементтері жоқ
|
Еріннің қызыл жиегі, ауыз бұрыштары және периоралды аймақ терісі көбінесе жалпы соматикалық аурулар манифестацияның, жүйелік атопия көрінісінің орны болып табылады
Қызыл жиек пен терінің қорегінің нашарлауы, қызыл жиекте және периоралды аймақ терісінде нейро-дистрофияның дамуы
Ұзақ жергілікті қабыну процесінің нәтижесі
Атопия тек теріде және еріннің қызыл жиегінде көрінеді
|
Қосымша зерттеу әдістері аллергологиялық сынамалар
лазерлік допплер-лік флуометрия
|
Көптік аллергендерді қол-данып, арнайыландырылған зертханаларда жүргізеді
Зақымдалған орындардағы микроциркуляцияны анықтау |
Аса сәтті емдеу үшін моно- немесе полиаллергияны айқындау
Микроциркуляцияға тән өзгерістер тіндік қан ағымын реттеудің нейроген-ді бұзылыстары туралы куәландырады
|
Мамандардың кеңесі |
Терапевт, дерматолог, эндо-кринолог, невропатолог, аллерголог |
Ілеспелі ауруларды айқындау және емдеу (асқазан-ішек жолы, эндокрин-дік, иммундық және нерв жүйесі патологиясының, дәрілік препарат-тарға сенсибилизацияның және т.б. әсері туралы мәліметтер бар)
|
АТОПИЯЛЫҚ ХЕЙЛИТТІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Ерекше белгілері |
Эксфолиативті хейлит
Актиниялық хейлит
Аллергиялық жанасулық хейлит
|
Еріннің зақымдалуы, құрғақ-тық, қышу, ашу, тыртысу
Аллергиялық реакция, еріннің қышуы және ашуы
Еріннің зақымдалуы, қабыну-дың еріннің қызыл жиегінен теріге ауысуы. Баяулаған типті аллергиялық реакция
|
Эксфолиативті хейлит кезінде әрқа-шан еріннің қызыл жиегінің тек бір бөлігі зақымдалады. Процесс ешқа-шан қоршаған теріге және ауыз бұрыштарына ауыспайды. Ауру бір қалыпты, ремиссияларсыз өтеді
Актиниялық хейлитке шалдыққан науқастарда анамнезде асқынудың инсоляцияға тәуелділігі анық бай-қалады; ауыз бұрыштары зақым-далмайды. Көбінесе 20-дан 60 жасқа дейінгі еркектер ауырады. Төменгі ерін зақымдалады. Күннің көзінде болған соң төменгі еріннің бүкіл қызыл жиегі ашық қызыл түсті болады, ұсақ қабыршақтармен жабылады. Бірқатар авторлар актиниялық хейлитті факультативті рак алды ауруы деп есептейді
Ерін қабынуының аллергенмен: ерін далабымен, ауызда қарындаш-ты ұстау, газ тұтқыштың резеңке шлангының, үрлемелі аспаптар мүштігінің орнымен, тіс сықпалары-ның нақты түрлерін, пластмассадан жасалған жаңа тіс протездерін қолданумен нақты байланысы |
АТОПИЯЛЫҚ ХЕЙЛИТТІ ЕМДЕУ
Емдеу кезеңдері |
Емдеу құралдары |
Қолдану тәсілі |
Пайдалану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Айқындалған аллергендерді (көбінесе тағамдық) жою |
Диета, сенсибилиза-циялайтын фактор-ларды жоюдың басқа әдістері |
Өзін-өзі бақылау, ата-аналар тарапы-нан бақылау |
Аллергеннің әсерін жою |
Организмнен ерекше антидене-лерді шығару, атопия механиз-мін іске қосатын биологиялық бел-сенді заттар лақ-тырысын азайту
|
Диета
|
|
Ащы, тұзды, татымды тамақты, алкогольді жоққа шығару, көмірсу-ларды шектеу
|
Итермелейтін факторларды жою |
|
Сенсибилизация-ны азайтатын ерекше емес терапия |
Супрастин 25 мг таблетка
Димедрол 5 мг таблетка
Гистаглобулин 2 мл
|
Күніне 3 рет тамақ ішкен кезде 1 таблеткадан
Күніне 3 рет 1 таблеткадан
Тері ішіне инъек-циялар: курсқа 6-8 инъекция (аптасына 2 рет) |
Аллергиялық реакцияның дамуын ескерту және жеңілдету, қышығанды жою, тыныштан-дыратын әсер
Алмасу процес-терін стимуля-циялау, орга-низмнің төзімді-лігін арттыру
|
Н1-рецепторла-рының блокаторлары
Антиденелерді шығарады және қан сарысуының бос гистаминді инактивациялау қабілетін арттырады
|
Витаминді кешендер |
Компливит
Центрум, витрум және т.б.
|
Күніне 3 рет 1 драже
Күніне 1 рет тамақтан кейін 1 капсула
|
Организмді витаминдермен қанықтыру және организмдегі микроэлементтік балансты реттеу
|
Алмасу процестерінің жақсаруы, нерв жасушаларында-ғы нервтің қозу жылдамдығының қалыптануы. Жамылғы тіндері жағдайының жақсаруы
|
Ауыз қуысының рационалды гигиенасына үйрету |
Тіс өңезінің индика-торлары, тіс щеткасы, сықпасы |
Гигиеналық жағ-дайын анықтау үшін тістерді бояу. Па-циентті тісті тазалау кезіндегі дұрыс қимылдарға үйрету, тазалау уақытын бақылау |
Еріннің шырыш-ты қабатын тітір-кендіргіш ретін-де инфекциялан-ған тіс өңезін жою және ауыз қуысының жал-пы инфекцияла-нуын азайту
|
Жақсы гигиена ауыз қуысында қолайлы жағдай тудырады, ша-ғымдарды азайта-ды және емдеу тиімділігін артты-рады |
Тіс шөгінділерін жою |
Ульрадыбыстық аппа-рат, ілмектер, экска-ваторлар, ағаш бас-тиектер, резеңке тос-тағандар, щеткалар, жылтырату сықпалары |
Қызыл иек үсті және асты тіс шөгінділерін жүйелі жою, тістердің бет-терін мұқият жыл-тырату |
Ерін үшін жара-қаттаушы факторды болдырмау |
Тістердің тегіс беті еріннің шы-рышты қабаты-ның күйін қалып-тандыруға мүм-кіндік туғызады
|
Тіс жегілі тістерді емдеу |
Пломбалау материалдары |
Қуыстардың қалып-тасуы және тістер-дің анатомиялық пішінін қалпына келтіру
|
Тітіркендіруші факторларды және инфекция ошақтарын жою |
Шайнау функция-сын қалыптанды-ру |
Протездердің үшкір шеттерін, төмпешіктерін ажарлау, түзету, бүлінген тістерді жұлу |
Карборундты тастар, бастиектер, резеңке дискілер, ажарлау сықпалары, реминера-лизациялау ерітінді-лері, фторлы лактар, хирургиялық қысқыштар
|
Супертүйіспелерді ажарлаған соң флюоризация қажет |
Ерін үшін тітір-кендіргіштерді жою |
Беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалыптандыру |
Ортопедиялық емдеу |
Рационалды конструкциялы протездер жасау, әр текті металдан жасалған протездерді ауыстыру |
Стоматолог-тера-певтің кеңесінен кейін ортопедиялық емдеу |
Жарақаттаушы факторды: тіс қа-тарлары ақаула-рын, гальваноз-ды болдырмау, тістем биіктігін қалыптандыру |
Еріннің шырыш-ты қабатының жә-не қызыл жиегі-нің механикалық және физикалық жарақаты фактор-лары жойылады |
Глюкокортико-стероидты жақпалар |
Лоринден-С |
Еріннің қызыл жие-гінің және қоршаған терінің зақымдалған бөліктеріне күніне 3-4 рет жұқалап сіңдіріп жағу
|
Жергілікті қабы-нуға қарсы, ал-лергияға қарсы және қышуға қарсы әсер |
|
Гомеопатиялық заттар (балалар және жасөспірім-дер жасында сте-роидты жақпа-лардың орнына пайдаланылады) |
«Траумель С» жақпасы |
Еріннің қызыл жие-гінің және қоршаған терінің зақымдалған бөліктеріне күніне 3 рет жұқалап сіңдіріп жағу |
Аурудың симптомдарын болдырмау |
Қабынуға қарсы айқын әсер |
Протеолитикалық ферменттер |
0,1% трипсин, химо-трипсин, химопсин ерітіндісі |
Еріннің бүкіл қызыл жиегіне және перио-ралды аймақ терісі-не жұқа полимер пленканың астына 20 минут апплика-ция |
Ерін мен терінің зақымдалған бөліктерін жарақаттан тазарту |
Протеолитикалық ферменттер тірші-лікке қабілетсіз тіндерді жұмсар-тады және олар-дың оңай жойы-луына, сондай-ақ кейіннен пайдала-нылатын дәрілік заттардың аса те-рең өтуіне мүм-кіндік туғызады
|
Антисептиктер |
Сутегі тотығының 1% жылы ерітіндісі |
Сутегі тотығы ері-тіндісіне батырыл-ған тампонмен қы-зыл жиектің, ауыз бұрыштарының жә-не терінің зақым-далған бөліктерін тазалайды
|
Дәрілік заттар-дың тін тереңіне өтуін тежейтін қабықшалар мен қабыршақтарды жою |
Атомдық оттегі үстіңгі беттің та-заруына мүм-кіндік туғызады және антисепти-калық әсер етеді |
Күрделі жақпа |
Rp.: Sol. Retinoli ace-tatis oleosae – 1,0 Sol. Tokopheroli oleosae – 1,0 Thiamini bromidi - 0,2 Insulini acropidi – 3,0 Ung. Celestodermi – 30,0 Ung. Solcoseryli – 20,0 M.f. unguentum
|
Еріннің қызыл жие-гіне, ауыз бұрышта-рының және перио-ралды аймақ терісі-не жұқа полимер пленканың астына 20 минут апплика-ция |
Тіндер регенера-циясын стимуля-циялау және эпи-телий жамылғы-ларын қалыптан-дыру. Қышу мен ашуды болдыр-майды, қабыну-ды азайтады |
Тіндердегі тоты-ғу-тотықсыздану процестерін қалыптандыру. Эпителийдегі және ерін строма-сындағы нерв тал-шықтарының күйін жергілікті жақсарту. В1 вита-мині ацетилхолин синтезіне әсер етеді, оның жетіс-пеуі қоректің бұзылуына әкеліп соғады; капилляр-лар өтімділігін азайтады; ісікті азайтады; прост- агландиндер син-тезін тежейді; гистаминге қарсы әсер етеді
|
Блокаданың алдында аппликациялық жансыздандыру |
10% лидокаин ерітін-дісі, 5% «Эмла» кремі
|
Ине салған орынға 5 минут бойы аппликация |
Жергілікті жансыздандыру |
Еріннің шырыш-ты қабығындағы сезімтал нерв талшықтарының блокадасы
|
Блокаданың алдындағы премедикация |
Аподиазепам 50 кг дене массасына 5 мг |
Тіл астына |
Блокада алдын-дағы ішкі күйзе-лісті, қорқыныш-ты болдырмау |
Серотонинді кері қамтитын селективті ингибитор
|
Комиссуралар және басқа зақым-далу бөліктерінің блокадасы |
1% жылы лидокаин ерітіндісі, инесі жіңішке екі грамдық шприц (инсулиндік)
|
2 мл 1% лидокаин ерітіндісін комиссу-раларға және ерін мен периоралды аймақ терісінің бас-қа зақымдалған бөліктеріне егу |
Ауру симптомдарын болдырмау |
Артериолалардың тегіс бұлшық ет элементтеріне тікелей әсер ету, С тобына жататын симпатикалық талшықтар бойы-мен түсетін тамыр тарылтқыш нерв импульстерін бөгеттеу есебінен егілген орындағы айқын тамыр кеңейткіш әсер. С тобының безмие-линді нерв тал-шықтарына анес-тетик жылдам өтеді және енгізіл-ген орнында емдік әсер береді. Лидо-каин концентра-циясын азайту оның уыттылы-ғын барынша азайтады
|
Айқындалған ілеспелі аурулар-ды емдеу |
Дәрілік препараттар-ды және әдістемелер-ді дәрігер-маман тағайындайды |
|
Ілеспелі ауру-дың негізгі симптомдарын болдырмау және жергілікті емдеу тиімділігін арттыру
|
Патогенездің жеке буындарына әсер ету |
Өмір үшін болжам қолайлы, ауру үшін – қайталанатын созылмалы ағым. Кешенді және білікті емдеусіз сауығу болмайды. Ауру 19-20 жаста жеңілдеуі мүмкін.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
17 жастағы науқас эстетикалық кемшілікке, еріннің және қоршаған терінің қышуына, құрғақтыққа шағыммен келді. Ауырғандықтан ауызды кеңінен ашу қиынға соғады. Анасының айтуы бойынша терінің жарылуы 7 жасында пайда болды. Уақытша жақсаруға қол жеткізіп, әр түрлі жақпаларды пайдаланған. 14 жаста ауыз бұрыштарының және еріннің жағдайы жақсарған. Дерматологта емделген, айқын нәтиже болмаған.
Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басқанда ауырмайды, еріннің қызыл жиегінің айналасында ауқымды эритема, қызыл жиегі құрғақ, ұсақ қабыршақтар. Комиссуралар айналасындағы 3 см радиустағы тері лихенизацияға ұшыраған және пигменттелген. Ауыз бұрыштарында сызаттар. Ауыз қуысы гигиенасы қанағаттанарлықсыз, қызыл жиек үстінде тіс шөгінділері бар.
Анамнезде цитрустарға және белокты тағамның жеке түрлеріне аллергия.
Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын белгілеңіз.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
14 жастағы науқас ауырғандықтан ауызды ашудың шектелгеніне, сөйлегенде, тамақ ішкенде аурушаңдыққа шағыммен келді.
Қышу, ауыз бұрыштарындағы тыртысқандық сезімі, эстетикалық кемшілік мазасын алады.
Ауру 10 жасында пайда болған. Дерматологта емделген, айқын нәтиже болмаған. Жасы өскен сайын ауру ілгерілеген.
Анамнезде шоколад пен цитрустарға аллергия.
Анасында көптеген жылдар бойы терінің жарылуы болған.
Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басқанда ауырмайды. Жоғарғы, төменгі еріннің қызыл жиегінде және ауыз бұрыштарында теріге ауысатын ұсақ сызаттар. Бүкіл периоралды аймақ терісінде эритема, құрғақтық және қабыршақтар байқалады.
Ауыз қуысының гигиенасы қанағаттанарлықсыз, тіс шөгінділері, өңез, 36, 46-тістерде тіс жегілі қуыстар бар.
Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын белгілеңіз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Атопиялық хейлит - бұл :
1) дербес ауру;
2) жүйелі атопия симптомы;
3) герпестік инфекцияның асқынуы.
Атопиялық хейлит этиологиясында ерекшелейді:
генетикалық факторды;
зиянды әдеттерді;
сенсибилизацияны;
стрептококкты инфекциянын;
вирустық инфекцияны.
3. Атопиялық хейлит болғанда зақымдалады:
1) еріннің қызыл жиегі;
2) еріннің шырышты қабықшасы;
3) ауыз бұрыштары;
4) периоралды аймақ терісі.
4. Атопиялық хейлиттің ағымы:
1) қысқа;
2) ұзақ;
3)асқынулармен жәнеремиссиялармен.
5. Аурудың басталуы жататын жас:
1) қарттық;
2) кемел;
3) балалық;
4) бозбалалық.
6. Атопиялық хейлит рак алды ауруы ауруы:
1) болып табылады;
2) болып табылмайды.
7. Атопиялық хейлит болғандағы емдеу шаралары:
1) вирусқа қарсы терапия;
2) поливитаминдер қабылдау;
3) сенсибилизацияны азайтатын терапия;
4) саңырауқұлаққа қарсы терапия;
5) жергілікті нейродистрофияны болдырмау;
6) созылмалы қабынуды болдырмау.
8. Атопиялық хейлитті жергілікті емдеудің дұрыс тізбектілігін белгілеңіз:
1) премедикация;
2) протеолитикалық ферменттер аппликациясы;
3) ерінді және периоралды теріні тазалау;
4) стероидты жақпа жағу;
5) лидокаин блокадасы;
6) аппликациялық жансыздандыру.
9. Ұсынылатын физиотерапиялық ем-шаралар:
1) УЖЖ-терапия;
2) гелий-неон лазерімен әсер ету;
3) магнитті терапия.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
1 – 2. 2 – 1, 2, 3. 3 – 1, 3, 4. 4 – 2, 3. 5 – 3, 4.
6 – 2. 7 – 2, 3, 5, 6. 8 – 1, 2, 3, 4, 1, 6, 5. 9 – 2.