
- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
3.1. Механикалық жарақат
Шырышты қабығының жедел механикалық жарақатын қысқа мерзімді күшті әсер ету тудырады. Сыдырылу, гематома, эрозия, жара пайда болуы мүмкін. Созылмалы механикалық жарақатта тітіркендіргіш әлсіз, бірақ әсер етуі ұзағырақ болады. Созылмалы жарақат жиі кездеседі. Жарақаттаушы факторларға тістің өткір қырлары, көпіртектес, алып-салмалы протездер, тіс тасы түзілістері, ортодонтиялық аппараттар, зиянды әдеттер жатуы мүмкін.
Шырышты қабығындағы өзгерістер катаральды қабынумен (ісіну, гиперемия), эпителий бүтіндігінің бұзылуымен (эрозия, ойық жара), гиперпластикалық процесстермен (папиллома, фиброма және басқалары), гиперкератинизацияланумен (лейкоплакия) көрінуі мүмкін.
ЖЕДЕЛ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТ (3-2--3-3суреттер)
Тексеру тәртібі |
Анықталған диагностикалық симптомдар |
Симптомдарды патогенетикалық негіздеу |
Сұрау
шағымы
|
Аздап ауыру, күйдіру, жарақатталған аймақтағы шырышты қабығының сыдырылуы
Жарақатталған жердегі түсі өзгерген шырышты қабығының ауыратын бөлігі
Кездейсоқ жарақаттан кейін пайда болған аздап ауыратын көкшіл түсті түзіліс
Жедел ауыру, зақымдалған бөліктен қан ағу |
Эпителийдің шектеулі қабынуымен зақымдалуы, ауыз қуысы шырышты қабығының меншікті табақшасының инфильтрациясы
Ауыз қуысы шырышты қабығындағы ұсақ және ірі қан құйылулар. Қан дәнекер тіннің қан арасындағы кеңістігіне инфильтрацияланады. Нерв ұштарының қысылуы ауыру сезімін тудырады
Эпителийдің бүтіндігін бұзбай тінде қанның шектеулі жиналуы (гематома)
Шырышты қабығының барлық қалыңдығы зақымдалып, қан тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы
|
Аурудың дамуы |
Әлсіз жарақаттаушы агенттің әсерінен ауыз қуысы шырышты қабығының кез келген бөлігіндегі сыдырылу
Геморрагия жарақаттаушы факторлардың күші мен қан тамырлы жүйе жағдайына байланысты әртүрлі таралымдағы қан құйылу. Зақымдалған бөліктің түсі уақыт өте өзгереді
Гематома жарақаттан соң бірден пайда болады. Оның көлемі зақымдалған тамырлардың үлкендігіне, қан қысымына, тін созылғыштығына байланысты болады. Уақыт өте гематома түрі өзгереді
Жара қан ағумен жүреді (зақымдану тереңдігіне байлаысты қысқа мерзімді немесе ұзақ ағу). Жаралану түрі зақымдау жасаған күшке, тіннің тығыздығына байланысты |
Эпителийдің беткейлік қабатының бүтіндігі бүзылады
Тінде құйылған қанның жиналуы. Гемоглобиннің ыдырауы нәтижесінде қанды пигменттер (гемосидерин, гематоидин) пайда болады, соның әсерінен зақымдалған бөлік ұзақ уақыт немесе аз уақыт пигменттелегн болады.
Қан құйылғанда тіндерге қан біркелкі сіңбейді. Қанға толған шектелген қуыс пайда болады. Гемоглобин ыдырауымен пайда болған қанды пигменттер шырышты қабық түсін өзгертеді.
Шырышты қабығының бүтіндігінің бұзылуы, зақымдануға дейін сау болған тіндердің жедел механикалық агенттер әсері нәтижесінде қан тамырларын зақымдауы |
3-2-сурет.Тілдің бүйір бетіндегі жарақатты
3-1-сурет.Жоғарғы жақтың жарасы ойық
3-3-сурет.Жоғарғы жақтың шырышты қабығындағы гематома
Қарау
сыртқы қарау, регионарлы лимфа түйіндерін пальпациялау |
Жедел механикалық жарақатта лимфа түйіндері ұлғаймайды. |
|
Ауыз қуысы шырышты қабығын қарау |
Сыдырылу – шырышты қабығының беткейлік ақауы, көрші тіндерден өте ашық түсімен айрықшаланады. Жара үңірейіп, ауырады, қан ағады. Жараның көлемін, пішінін, тереңдігін, орналасуын және инфекцияланғанын белгілейді
Петехия – дөңгелек пішінді қан құйылулар
Экхимоз – бытыраған пішінді ұсақ қан құйылымдар
Гематома – жарақаттан кейін пайда болатын, аздап ауыратын көкшіл түсті түзіліс |
Эпителийдің беткейлік қабатының бүтіндігінің бұзылуы қабынумен бірге жүреді. Сау тіндердің әр түрлі тереңдікте зақымдалуы, тамырлар бүтіндігінің бұзылуы.
Тін ішілік қан құйылуға әкелетін тамырлардың зақымдалуы.
Эпителий бүтіндігін бұзбай қанның шектеліп жиналуы. |
ЖЕДЕЛ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Айыратын белгілері |
Аллергиялық стоматит (медикаментозды стоматит)
Аллергиялық жанаспалы стоматит
Физикалық жарақат (электр тогы)
Термиялық жарақат (жоғары температураның әсері: ыстық су, бу және т.с.с)
Сәулелі жарақат (дистанционды рентген және гамма-терапия)
Верльгоф ауруы
Жедел лейкоз
Капиллярлы гемангиома
Көпіршікті -тамырлы синдром
|
Аздаған ауыру, күйдіріп, ашыту сезімдері, эритема (катаральды қабыну)
Шырышты қабығының күйдіріп ашытуы, бүтіндігінің бұзылуы, гиперемия
Гиперемия, эпителий бүтіндігінің бұзылуы, ауыру, күйдіру
Ауыз қуысы шырышты қабығының шектелген зақымдалуы, күйдіру, ауыру , дуылдату сезімдері болады
Шектелген немесе жайылған жедел қабыну: ауыру, күйдіру, гиперемия, шырышты қабығының бүтіндігінің бұзылуы. Қан құйылу (петехия, экхимоз)
Қабынудан туатын тамақ ішкен кездегі күйдіру, ауыру сезімдері
Ауыз қуысы шырышты қабығының қан құйылулары
Ауыз қуысы шырышты қабығындағы қан құйылу
Ауыз қуысының шырышты қабығындағы түзіліс - көкшіл түсті гематома.
Сыртқы төбесі тығыз, геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршік |
Дәрілік препарат қабылдағаннан кейін туындайтын жайылған, сирек шектелген гиперемия
Өзгеріс ауыз қуысы шырышты қабығының амальгамамен, металл қорытпасымен (протездер), емдік таңғыштармен жанасқан жерінде пайда болады
Клиникалық көрініс алғашқы жанасқаннан кейін 7-10 күннен соң байқалады
Электр тогының әсер етуіне байланысты өзгерістер
Анамнезінде термиялық тітіркендіргіштердің әсері
Сәулелі терапия кезінде өзгеріс өрши түседі (гиперемия, ісіну, мүйіздену, ошақты, жұқа қабықты және біріккен радиомукозит), гипосаливация
Тромбоцитопения. Мұрыннан қан кету, қызыл иек пен ауыз қуысы шырышты қабығының басқа да бөліктеріндегі қан құйылулар
Жарақатқа байланысты емес кең ауқымды қан құйылу, мұрында қан құйылу, жұлынған тіс ұяшығынан қан кету. Жалпы жағдайының бұзылуы, қан суретінің өзгерісі (лейкоциттер санының көбеюі, тромбоцитопения)
Гемангиома – ісік, оның негізіне жаңа түзілісті капиллярлар мен артерияның өсуі жатады. Ұзақ уақыт жүретін түзіліс кейде бірінші рет бала кезінде анықталады
Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларына шалдыққан 40-50 жастан асқан адамдардың таңдайының шырышты қабығында жиі пайда болады. Көпіршік жарылғаннан кейін оның орнына эрозия қалады, ол тез жарылады. |
ЖЕДЕЛ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТЫ ЕМДЕУ
Емдеу сатысы |
Емдік шаралар |
Қолданылу мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Жергілікті жарақаттаушы факторлар мен олардың әсерін жою
Жансыздандыру
Антисептикалық өңдеу (эпителий тұтастығы бұзылғанда)
Эпителизациялайтын дәрі-дәрмекті қолдану
|
Тампондау, жараны тігу
2% лидокаин , 3% тримекаин , 2% пиромекаин ерітінділерімен, анестезиннің майдағы жүзіндісімен (зәйтүн және т.б.)
1% сутегі асқын тотығы, 0.06% хлоргексидин, 1:5000 калий перманганаты ерітінділерімен және т.б шаю
Солкосерилмен (мазь, желе), А және В дәрумендерінің майлы ерітіндісімен, актовегинмен 15-20 минут аппликация жасау |
Қан ағуын тоқтатып, жара шеттерін біріктіру
Емдік өңдеу, тамақ ішу кездеріндегі ауыру сезімін басады.
Екіншілік инфекциялануын жою немесе әлсірету
Эпителизацияны жеделдетеді |
Қан тамырларына механикалық күш түсіру (жаншу)
Ауыз қуысы шырышты қабығының шырышты қабығы нерв талшықтарының сезімтал ұштарын тежеу
Оттегі бөлінуі нәтижесінде пайда болатын әлсіз антисептикалық және дезодорациялау әсері
Ауыз қуысы шырышты қабығының регенерациясын қуаттандырды. |
Болжамы Қолайлы
Алдын алу. Тістерді күтетін стандартты емес ортаны қолданбау, стоматологиялық манипуляциялар негізінде кескіш аспаптарды байқап қолдану
СОЗЫЛМАЛЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТ (3-4--3-6 суреттер)
Тексеру тәртібі
|
Анықталған симптомдар |
Патогенетикалық дәлелдеу |
Сұрау шағымы |
Ыңғайсыз сезімдер, ауыз қуысы шырышты қабығы бөлігінің күйдіріп-ашытуы, дуылдап ауыруы
Ауыз қуысы шырышты қабығының жарақаттанған аймағының сөйлеген кезде, тамақ ішкенде ауыруы, эрозияның пайда болуы
|
Шырышты қабықты үнемі жарақаттау созылмалы қабынуға, шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясына әкеледі.
Эрозия жарақаттаушы фактордың ұзақ әсер етуінен пайда болады, шырышты қабығының бүтіндігі бұзылады. Ауыру – нерв ұштарының қысылуының нәтижесі. |
3-4- сурет Ұрттың шырышты қабығының жарақатты эрозиясы
3-6-сурет.Таңдай папилломатозы
3-5- сурет Жоғарғы жақтың өтпелі
қатпарының бөлшекті фибромасы
|
Жарақаттаушы агентпен жанасқан жердегі ойық жараның қатты ауыруы
Процесстің динамикасында аурушаңдықтың жоғалуы
Қатты таңдайдағы, қызыл иектегі, тілдегі, протез астындағы өсінділер
Шырышты қабығының үнемі жарақатталатын жерінің ақшыл түсі
|
Шырышты қабығының созылмалы ошақты-іріңді қабынуы. Ауыру қоршаған тіндердің нерв талшықтары мен рецепторларына қабыну өнімдерінің механикалық және химиялық әсер етуі нәтижесінде туады
Жасушалық пролиферациямен жүретін созылмалы қабыну
Механикалық агенттің ұзақ әсер етуі жасушалардың көбеюі мен трансформациясымен жүретін пролиферативті қабынуға әкеледі. Жасушалық пролиферация (көбінесе фибробласттық) процессінде дәнекер тінде жаңа түзілістер пайда болады
Шырышты қабықты үнемі тітіркендіру тіпті шырышты қабығының қалыпты жағдайда мүйізденбейтін жерлерінің эпителиін гиперкератоздандыруы мүмкін |
|
Басынан өткерген және қосарласқан аурулары
Зиянды әдеттері
Аурудың дамуы |
Созылмалы аурулар ағзаның реактивтілігін төмендетеді, ол ауыз қуысы шырышты қабық жарақаттарының жазылуына кедергі жасайды
Ауыздың шырышты қабығын тістеуге әдетке айналдыру, ауыз қуысы гигиенасы үшін стандартты емес ортаны қолдану
Созылмалы механикалық жарақат -шырышты қабығының доғадан тыс жатқан тістермен, тіс шөгінділерімен, протездер мен тістердің өткір қырларымен үнемі тітіркену нәтижесі
Жарақаттанған жердегі шырышты қабығының шектелген немесе жайылған гиперемиясы
Жарақат алған жердің немесе оған жақын жатқан аймақтағы шырышты қабығының шектелген немесе жайылған қызаруы (дақ), шырышты қабығының бүтіндігін бұзбай жүретін қан тамырларының кеңеюі
Ойық жара созылмалы жарақат орнына орналасады, ұзақ жүруі мүмкін
Тіс аралық бүртіктердің өсуі қызыл иек астына терең енген жасанды сауыт қырлары әсерінен немесе тіс тастарының тітіркендіргіш әсерінен
Папилламатозды гиперплазия -(протез астындағы шырышты қабығының өсуі) сапасыз протезді ұзақ кигенде, әсіресе үстіңгі жақта жиі кездеседі.
Бөлікшелі фиброма – протез қырымен ұзақ жарақаттың әсерінен өтпелі қатпар шырышты қабығының өсуі
Гиперкератинизация (мүйізденудің артуы) – шырышты қабығының ұзақ уақыт жарақаттанатын жерлерінде, еріннің, ұрттың шырышты қабықтарын үйреншікті тістеуі
|
Қабыну дегеніміз – науқастың жағдайымен анықталатын жергілікті реакция
Бірнеше рет жарақаттау қабыну процессі дамыған созылмалы механикалық жарақатты тудыруы мүмкін
Клиникалық көрінісі жарақаттаушы факторлардың ұзақ әсер етуіне, шырышты қабығының жағдайына, оның резистенттілігіне, науқастың жалпы жағдайына байланысты
Тіндердегі бастапқы бұзылыс молекулярлық деңгейде болуы мүмкін. Шектелген катаральды қабыну
Инфекцияланған және қабыну реакциясы дамыған эпителий бүтіндігінің жарақатты бұзылысы. Жарақаттаушы факторды жойғаннан кейін эрозия тез жазылады
Шырышты қабығының ақауы тіннің некроздаушы әсерінен пайда болады. Ойық жараның пайда болу механизмін тіндердің қоректенуінің бұзылуы мен ыдырауы түсіндіреді. Ойық жара жарақаттаушы агентті жойғаннан кейін және емдеуді бастағаннан кейін 7-10 күн бойы жазылады
Қызыл иек қырларының созылмалы жарақаттануы пролиферативті қабынуға әкеліп соғады
Созылмалы пролиферативті қабыну.Зақымдану ошағы протез дұрыс отырмағандағы қатты таңдайдың шырышты қабығының үнемі тітіркенетін аймағына дәл келеді
Алмалы-салмалы протездің ұзын өткір қырлары шырышты қабығының пролиферациясын тудырып, жиі жағдайда ол жараның ойылуымен қабаттасады
Шырышты қабықты тітіркендіру мүйізді қабаттың қатты қалыңдауына әкеледі де, қалыпты жағдайда мүйізденбейтін жерлерде мүйіздену ошағы пайда болады |
|
Қарау сыртқы қарау |
Ешқандай өзгеріссіз |
|
|
регионарлы лимфа түйіндерін пальпациялау
ауыз қуысы шырышты қабығын қарау
тіс қатарларын қарау
|
Лимфа түйіндері ұлғаяды, ауырады. Өзгерістің дамуы зақымдану ауырлығына байланысты
Жарақат орнындағы қабынулы дақ немесе эритема
Эрозияның орналасуы жарақаттаушы агентке сай келеді, эрозия қатты ауырады, гиперемияланған шырышты қабықта орналасады
Алғашқы кезде ойық жара сөйлегенде, тамақ ішкенде ауырады, ойық жараның қыры мен негізі созылмалы қабыну әсерінен біраз тығыздалған. Қоршаған тіндері ісінген, гиперемияланған. Ойық жараның түбі көбінесе төмпешікті, қақпен жабылған
Клиникалық көрінісі тітіркендіргіштердің күшіне, жергілікті жағдайға, екіншілік инфекцияның жабысуына, ойық жараның ұзақ уақыт бойы болуына, организмнің жалпы жағдайына байланысты әр түрлі. Ауыру сезімінің азайып, жоғалуы, бүртікті өсінділердің пайда болуы қатерленуді көрсетеді
Қыры қызыл иек астына терең енген жасанды сауыт аймағындағы қызыл иектің өсуі. Қызыл иек гиперемияланған тығыз білік түріне енеді. Қызыл иек бүртіктері ісінген, сәл тиіп кетсең тез қанағыш. Кейде бүртіктердің тығыздалу гипертрофиясы анықталады
Папилламатозды гиперплазия – протез астындағы, жиі қатты таңдай аймағындағы жұмсақ, түйіршікті, беті ашық қызыл түсті папилломалар
Бөлікшелі фиброма – протез қырымен шырышты қабықты ұзақ тітіркендірген жерге пайда болатын тығыз, аз ауыратын түзіліс. Протез қырының жанасқан жерінде беткейлік сызықты ойық жара немесе эрозия бар қатпар пайда болады
Папиллома – ұртта, ерінде, тілде болатын ауырмайтын, жалғыз,дөңгелек өсінді. Үнемі жарақаттаушы фактордың созылмалы әсер еткен жеріне сай орналасады
Гиперкератоз – жарақаттың әсер ететін жеріне сай орналасатын шырышты қабығының ақшыл бөлігі, ауырмайды, қырғанда алынбайды
Тістердің өткір қырлары.Тіс шөгінділері.Тістем аномалиясы. Сапасыз протездер |
Созылмалы қабынуға организмнің қорғаныс барьерлік реакциясы. Молекулярлық деңгейдегі тіндердің бұзылысы
Қабыну ошағында гистамин, ацетилхолин және басқа да белсенді заттар жиналады, олар тамырлар қабырғасының өткізгіштігін арттырып, қабыну ошағының гиперемиясын, ісінуін тудырады
Созылмалы механикалық зақымдану жасушалық құрылымды бұзады, алмасудың барлық түрі бұзылады, қоршаған тінде реактивті өзгерістер болады
Ойық жара жазылуға қабілеті төмен ұзақ уақыт болған шырышты қабығының гранулденген ақауы. Ойық жараның патогенезінде- тіндердің өлуі мен ақаудың пайда болуын тудыратын қабыну немесе некроз
Ойық жараның орналасуы жарақаттаушы фактордың жанасатын жеріне сәйкес келеді
Созылмалы жарақат кезінде катаральды қабыну дамиды. Тамырлы тіндік өткізгіштіктің артуына байланысты ісіну, гиперемия, тіндер инфильтрациясы анықталады. Бұл өзгерістердің айқындылығы тітіркендіргіштердің күші мен әсер ету ұзақтығына байланысты.Қабыну реакциясының пролиферативті сатысы басым
Созылмалы пролиферативті қабыну. Шырышты қабығының меншікті табақшасының бүртікті қабаты өсе келе шырышты қабық деңгейіне жетеді, оның конфигурациясын бұзады
Протез қырының ұзақ әсер еткен жерінде созылмалы альтернативті және экссудативті қабыну; қоршаған тіндерде- созылмалы пролиферативті қабыну
Созылмалы пролиферативті қабыну шырышты қабық меншікті табақшасының бүртікті қабатының өсуі. Қатерсіз ісікке жатады
Созылмалы тітіркендіру шырышты қабығының қалыпты жағдайда мүйізденбейтін жерлерінде шырышты қабығының гиперкератизациясын тудыруы мүмкін
Шырышты қабығының қабынуымен жүретін зақымдану |
|
Қосымша зерттеу әдістері. цитологиялық зерттеу- зақымдану ошағынан қырынды алу
бактериологиялық зерттеу-зақымдалған жерден жағынды алу (ойық жара мен зрозия кезінде жүргізеді) |
Ұзақ жүретін жарақатты ойық жараларда қабыну элементтері жалпақ эпителийдің жасушаларынан күрт артады
Эрозия мен ойық жара жазылуға бейім болса, цитологиялық көрініс өзгереді
Кокктар, таяқшалар, лептотрихтер, кейде бірді-екілі фузобактериялар |
Нейтрофилдер өте көп, бір бөлігі фагоцитоз сатысында, біразы бұзылған; бірді-екілі лимфоциттер, полибластар, макрофагтар мен қабыну элементтері жалпақ эпителий жасушаларынан басым
Нейтрофилдер саны артады, көбісі фагоцитоз сатысында, полибластар, макрофагтар көбейеді, плазматикалық жасушалар пайда болады
Ауыз қуысының кәдімгі микрофлорасы, спецификалық емес қабыну суреті |
СОЗЫЛМАЛЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Айыратын белгілері |
|
|
|
|
Жарақатты эритема
Жанаспалы аллергиялық стоматит
|
Ащы және ыстық тамақ қабылдағанда ауыру, күйдіру сезімдері. Ауыз қуысы шырышты қабығының гиперемиясы |
Амальгамамен, протез материалдарымен (алтын, пластмасса және басқалары) жанасқан жерде жайылған гиперемия, бірінші жанасқаннан кейін (сенсибилизация кезеңі) 7-10 күн өткен соң |
Гальваноз
Жалпақ теміреткі (экссудативті – гиперемиялық түрі)
|
Ауыз қуысы шырышты қабығының гиперемиясы, күйдіру, ыңғайсыз сезімдері
Тітіркендіретін тамақ қабылдаған кездегі ашыту, аздаған ауыру сезімдері |
Анық орналасуы жоқ, жарақатпен байланысы жоқ.. Ауыздан металл дәмі сезінеді, протез әр түрлі металлдан жасалған, микроток көбейген
Гиперемияланған жердегі папулезді бөрткендер, көбінесе ауыздың шырышты қабығы симметриялы зақымданады, ағымы ұзақ |
Жарақатты эрозия
|
||
Созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит
Вирусты аурулар (қарапайым, белдемелі теміреткі және басқалары)
Жалпақ теміреткі(эрозивті-ойық жаралы түрі)
Вульгарлы күлдіреуікше
|
Ауыратын эрозия, шырышты қабықты қоршайтын гиперемия
Ауыз қуысы шырышты қабығының гиперемиясы, эрозия, тамақ қабылдағандағы ауыру сезімдері
Ауыз қуысы шырышты қабығының гиперемиясы, эрозия, тамақ қабылдағандағы ауыру сезімдері
Эрозия, тамақ қабылдағандағы ауыру сезімдері
|
Эрозия сопақша пішінді, қатты ауырады, қырғанда алынбайтын тығыз қақпен жабылған гиперемияланған жиегі бар. Эрозия қайталанады, қалыпты жағдайда мүйізденбейтін шырышты қабық бөліктерінде орналасады. Жарақаттаушы фактордың әсерімен байланысы жоқ
Эрозияның пайда болуы көпіршікті бөртпені тудырады.Эрозияның қырлары эрозияның немесе ұсақ көпіршіктердің қосылуы нәтижесінде фестон тәрізді болады
Лихенойдты бөртпелері бар шырышты қабығының гиперемиясы, сұр ақ түсті папулалардың сурет түрінде қосылуы, эрозия ошақ ортасында пайда болады, емдеуге қиын көнеді, қайталанады
Көптеген эрозиялар көпіршік жарылғаннан кейін пайда болады. Қоршаған шырышты қабық өзгермейді.Эрозия жазылуға бейім емес. Цитологиялық зерттеу кезінде аконтолитикалық жасушалар анықталады. Никольский симптомы оң |