
- •2.1. Науқастарды тексеру жоспары
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдау элементтері
- •2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері
- •3.1. Механикалық жарақат
- •Жарақатты ойық жара
- •Қызыл иектің жарақатты гиперплазиясы
- •3.2. Химиялық жарақат
- •3.3. Физикалық жарақат.
- •3.4. Лейкоплакия
- •4.1 Ұшық инфекциялары
- •1. Инкубация сатысы
- •2. Алғашқы көрініс сатысы
- •3.Жасырын сатысы
- •4.Екіншілік аурулар сатысы
- •5.Терминальды саты.
- •4.3.Бактериялы инфекциялар
- •4.3.1.Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы
- •4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы.
- •4.4. Венсанның ойық жаралы некроздалған стоматиті
- •4.5.Мерез
- •5.1. Анафилактикалық шок
- •5.2. Ангионевротикалық квинке ісігі. Есекжем
- •5.3. Дәрілік аллергия (5.3-сурет)
- •5.4. Көптүрлі экссудативті эритема
- •5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
- •6.1. Жүрек-қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.2. Асқазан-ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •6.3. Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.3.1. Қант диабеті (6-8, 6-9-суреттер)
- •6.3.2. Иценко-кушинг ауруы
- •6.3.3. Аддисон ауруы
- •6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті (6-10-сурет)
- •6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.4.1. В2 гиповитаминозы (6-11-сурет)
- •6.4.2. В12 гиповитаминозы (6-12-сурет)
- •6.5. Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •6.5.1. Жедел лейкоз (6-13-сурет)
- •6.5.2. Созылмалы лейкоз (6-14-сурет)
- •6.5.3. Верльгоф ауруы (6-15, 6-17-суреттер)
- •6.6. Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістері
- •7.1. Жалпақ теміреткі
- •7.2. Күлдіреуік (пемфигус)
- •3) Дәрілік аллергия;
- •6) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит.
- •7.3. Қызыл жегі
- •5) Қант диабеті.
- •8.1. Десквамативті глоссит (8-1-8-4-суреттер)
- •8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит (8-5, 8-6-суреттер)
- •8.3. Қатпарлы (ұмалық, жүлгелік ) тіл (8-7, 8-8-суреттер)
- •8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл (8-9, 8-10-суреттер)
- •9.1. Атопиялық хейлит (9-1-сурет)
- •9.2. Гландулярлы хейлит (9-2-сурет)
- •9.3. Эксфолиативті хейлит
- •9.4. Макрохейлит (9-6-сурет)
- •9.5. Экзематозды хейлит
- •9.6. Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
- •10.1. Боуэн ауруы (10-7-сурет)
- •10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелдік немесе түйінді рак алды ауруы (10-8-сурет)
- •10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген рак алды ауруы гиперкератозы (10-9-сурет)
- •10.4. Абразивті преканцерозды манганотти хейлиті (10-10-сурет)
5.1. Анафилактикалық шок
Анафилактикалық шок сенсибилизацияланған организмге кез келген дәрілік препараттарды (антигеннің рұқсат етілген мөлшері) енгізу кезінде пайда болады. Аллергеннің түрі және оны енгізу тәсілі анафилактикалық шоктың ауырлығы мен ағымын анықтамайды.
Клиникалық көріністің ауырлығы организмнің аллергенмен байланысуы мен шоктың клиникалық белгілерінің пайда болуы арасындағы интервалға байланысты болады. Анафилактикалық шок болғанда өлім тудыратын жағдайлардың аса көп пайызы ол дамыған кезде аллергенді енгізген соң 3-10 минуттан кейін байқалады.
Жеңіл шок: бас айналуы, тері жамылғысының қызаруы, қышу сезімі.
Ауырлығы орташа шок: үдей түсетін әлсіздік, бас айналуы, кеуде жасушасының жаншылғанын сезіну, лоқсу, құсу.
Ауыр шок: коллапс және коматозды жағдай, есінен тану, тыныс алу ритмінің бұзылуы, дефекацияның және несеп шығуының еріксіз болуы.
5-10 минут ішінде өлімге әкелуі мүмкін.
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОКТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру тәртібі |
Айқындалған симптомдар |
Симптомдардың патогенетикалық негізі |
Науқастың шағымдары жеңіл шок
ауырлығы орташа шок
ауыр шок |
Бас айналуы, дененің әр мүшесіндегі жағымсыз сезімдер, қышу
Әлсіздік, бас айналуы, жұтудың қиындауы, кеуде жасушасының жаншылуы
Коматозды жағдайға байланысты көрсете алмайды |
Антиген – антидене кешенінің жасу-ша-эффекторлармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде медиаторлардың көп мөлшері бөлінеді. Оның салдары тыныс алудың, жүрек-қан тамыры жүйесінің бұзылуы болады: артерия-лық қысымның және дене температу-расының, қанның қоюлануының төмендеуі, орталық нерв жүйесі функциясының бұзылуы, майда бұлшық ет мүшелерінің спазмы |
Аурудың басталуы, ағымы |
Жедел |
Емдеу әдісі мен тактикасы дұрыс таңдалмағанда гипоксия нәтижесінде жасушалардағы, органдар мен тіндер-дегі заттар алмасуы бұзылады. Қайтымсыз өзгерістер дамиды. |
Бастан кешірген және ілеспелі аурулар |
Жүрек-қан тамыры және эндокринді аурулар, асқа-зан-ішек жолының, өкпенің созылмалы аурулары |
Организмнің төзімділігінің төмен-деуі, созылмалы инфекция ошақтары организмнің табиғаты әр түрлі аллергендерге сенбилизациясының жоғарылауына мүмкіндік туғызады |
Аллергологиялық статусы |
Тыныс демікпесі, дәрілік препараттарға аллергиялық реакциялар және т.б. |
Аллергиялық фон берілген патология-ның пайда болуына мүмкіндік туғызады |
Қарау |
Тері жамылғысының гипе-ремиясы, кейіннен бозарың-қылыққа ауысады, гипото-ния, тахикардия. Тері гиперемиясының бозарыңқылыққа жылдам ауысуы, суық тер, артериялық қысымның күрт төмендеуі, тахикардия, талып қалу жағдайы. Коллапс және коматозды жағдай, есінен тану, тыныс алу ритмінің бұзылуы, дефекацияның және несеп шығуының еріксіз болуы |
Аллергияның ерекшеленген медиатор-лары (гистамин, серотонин, ацетилхолин, брадикинин, гепарин және т.б.) жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелеріне әсер етеді |
Болжам: анафилактикалық шоктан кейін аллергиялық миокардит, гепатит, гломерулонефрит, вестибулопатия пайда болуы мүмкін.
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОКТЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру |
Жалпы клиникалық белгілері |
Ерекше белгілері |
Талып қалу
Жедел жүрек-қан тамырының жеткіліксіздігі
Жедел миокард инфаркты
Коллапс
|
Бас айналуы, тері жамылғы-сының бозарыңқылығы, суық тер. Есінен тану, көздің қара-шығының кеңеюі, беткей тыныс. Систолалық артерия-лық қысымның төмендеуі
Бас айналуы, тері жамылғы-сының бозарыңқылығы, қал-тырау, артериялық қысымның күрт төмендеуі, тамырдың әлсіз толып соғуы, жиіленген беткей тыныс
Тері жамылғысының бозарың-қылығы, көп суық тер, ерін цианозы. Брадикардия, арте-риялық қысымның төмендеуі. Беткей тыныс. Ақыл-естің бұзылуы
Тері жамылғысының айқын бозарыңқылығы, бас айналуы, артериялық қысымның күрт төмендеуі, жиі беткей тыныс |
Бас миының ишемиясы салдарынан қысқа мерзімге есінен тану (5 секундтан 1 минутқа дейін). Құлақтағы шу, тілі, ерні байланып қалу. Қатты есінен танғанда сіңір тартылуы мүмкін. Ақыл-есі жылдам қалпына келеді
Науқастар есін біледі, бірақ қоршаған айналасына солғын қарайды
Жүрек аймағындағы, кеуде сыр-тындағы аурудың қарқындылығы, сол жақ қолға, иыққа, мойынға, тіпті төменгі жаққа таралады. Абдоминальды немесе гастралгия-лық түр болғанда құрсақ үсті аймағындағы ауру
ПеИФРериялық веналар босап қалады, тамыр тонусының күрт төмендеуі нәтижесінде олардың қабырғалары басылады.науқастар есін біледі, бірақ қоршаған айнала-сына солғын қарайды |
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОКТЫ ЕМДЕУ
Емдеу кезеңдері |
Емдеу құралдары |
Қолдану тәсілі |
Пайдалану мақсаты |
Әсер ету механизмі |
Жалпы емдеу жағдайдың ауырлығына байланысты |
|
Анафилактика-лық шок тудырған дәрілік препаратты тоқтату |
|
Анафилаксия медиаторлары шығарылымы-ның азаюы |
Тамырды тарылтатын терапия |
Гидрохлорид адреналинінің 0,1% ерітіндісі
1 мл гидротартрат норадреналині-нің 0,2% ерітіндісін 5% глюкоза ерітіндісімен немесе натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен ерітеді
5% гидрохлорид эфедрині ерітіндісі
0,5 мл мезатонның 1% ерітіндісін 40 мл 5-40% глюкоза ерітіндісімен немесе натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен ерітеді
2,4% эуфиллин ерітіндісі
0,05% изадрин ерітіндісі
|
0,5-1 мл вена ішіне тамшылатып тамызу
1 мл вена ішіне тамшылатып тамызу
0,4-1 мл вена ішіне сорғалатып тамызып
Вена ішіне ақырындатып
Вена ішіне 10 мл
Вена ішіне 0,5-1 мл |
Тамыр тарылтушы әсер
Орталық нерв жүйесіне қоздырушы әсер етеді, тыныс алу ортасының қозуын арттырады
Вазодилата-цияны жою
Жедел жүрек жеткіліксіз-дігін жою
Жедел тыныс жеткіліксіздігін жою |
α-адренорецеп-торларға әсер етеді, жүректің β-рецепторлары-ның әсер етуіне себеп-ші болады, кезбе нерв тонусын арттырады
α- және β-адрено-рецепторлары-на себепші болады. Тамырдың тарылуын тудырады, артериялық қысымды арттырады
α-адренорецеп-торларға себепші болады, жүректің β-рецепторлары-на әлсіз әсер етеді, тамырлар тонусын, артериялық қысымды арттырады
α-адренорецеп-торларға себепші болады, кеңірдек тарамдарын күшті кеңіту әсерін береді, жүрек жиы-рылуының жиілеуі мен күшеюін тудырады |
Десенсибилизациялайтын терапия |
2% супрастин ерітіндісі
0,1% тавегил ерітіндісі
1% димедрол ерітіндісі |
Вена ішіне 2 мл
Вена ішіне 2 мл
Вена ішіне 2-4 мл |
Антигиста-минді әсер |
Нысана-жасуша-лардағы Н-гистаминді рецепторлар блокадасы. Капиллярлар өткізгіштігінің, ісіктің азаюы |
Қабынуға қарсы терапия |
60-120 мг преднизолонды 250-500 мл натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен, 5% глюкоза немесе полиглюкин ерітіндісімен ерітеді
8-16 мг дексазонды немесе дексаметазонды 250-500 мл натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен, 5% глюкоза немесе полиглюкин ерітіндісімен ерітеді |
Вена ішіне алдымен сорғалатып тамызып, сонан соң тамшылатып тамызып
Вена ішіне алдымен сорғалатып тамызып, сонан соң тамшылатып тамызып
|
Қабынуды жою, экссудацияны азайту |
Қабынуға қарсы, антиаллергия-лық және десенсиби-лизациялаушы әсер етеді, тамырлар өткізгіштігі-нің азаюы |
Дегидратациялық терапия |
50-100 мг этакрин қышқылын (урегит) натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен ерітеді
Фуросемидтің (лазикс) 1% ерітіндісі |
Вена ішіне 2 мл
Вена ішіне 2 мл
|
Тіндердегі сұйықтық мөлшерін азайту |
Бүйрек өзекшеле-ріндегі натрий мен калий иондары реабсорбция-сының тежелуі, су реарсорбция-сының азаюы |
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
58 жастағы науқас ортопедиялық емделу мақсатында 11, 21, 23 сау тістерін депульпациялау үшін клиникаға келді.
Анамнезде антибиотиктерге аллергия, ІІ сатылы гипертония ауруы, асқазанның жаралы ауруы, ішектің дисбактериозы жазылған.
Лидокаин ерітіндісімен (2 мл 1% ерітіндісі) инфильтрациялық анестезия жасаған соң 3-4 минуттан кейін коллапс пайда болды, тыныс алу ритмі бұзылды, науқас есінен танып қалды.
Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрыңыз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Анафилактикалық шок ауру ретінде өтеді:
жедел;
созылмалы.
Анафилактикалық шоктың дамуына мүмкіндік туғызады:
эндокринді аурулар;
аллергиялық аурулар;
төзімділік тапшылығы жағдайы;
қан жүйесінің аурулары.
Анафилактикалық шоктың дифференциалдық диагностикасы жүргізіледі:
талумен;
коллапспен;
жедел жүрек-қан тамыры жеткіліксіздігімен;
жедел миокард инфарктімен;
истериямен.
Анафилактикалық шок болғанда емдеу жүргізеді:
сенсибилизацияны азайтатын;
дегидратациялық;
тамыр тарылтатын;
бактерияға қарсы;
жазылуға ықпал ететін.
Анафилактикалық шоктың ауырлығына байланысты болжамы болады:
қолайлы;
қолайсыз.
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
1 – 1. 2 – 1, 2, 3. 3 – 1, 2, 3, 4. 4 – 1, 2, 3. 5 – 1, 2.