Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A__1178_Sh__1178__AURULARY_OKONChATEL_NYJ_VARIA...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.29 Mб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Бөлім 1. Ауыз қуысы шырышты қабығының құрылымы......................................................... 7

Бөлім 2. Ауыз қуысы шырышты қабығы ауруларымен сырқат науқастарды тексеру...........24

2.1 Науқастарды тексеру жоспары................................................................................... 24

2.2 Ауыз қуысы шырышты қабығын зақымдау элементтері..........................................31

Бөлім 3. Ауық қуысы шырышты қабығының жарақатты зақымданулары..............................43

3.1. Механикалық жарақат................................................................................................ 43

3.2. Химиялық жарақат .................................................................................................... 62

3.3. Физикалық жарақат.................................................................................................... 71

3.4. Лейкоплакия................................................................................................................ 80

Бөлім 4. Ауыз қуысы шырышты қабығының инфекциялы аурулары.................................... 96

4.1 Ұшық инфекциялары.................................................................................................. 96

4.2. АИВ-инфекциясы....................................................................................................... 115

4.3. Бактериялық инфекциялар......................................................................................... 135

4.3.1. Үлкен адамдардағы балалар инфекциясы............................................................ 135

4.3.2. Ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы................................................. 148

4.4. Венсанның ойық жаралары........................................................................................ 164

4.5.Мерез............................................................................................................................ 177

Бөлім 5.Аллергиялық аурулар……………………………………………………………………197

5.1. Анафилактикалық шок................................................................................................ 197

5.2. Ангионевротикалық Квинке ісігі. Есекжем................................................................ 202

5.3. Дәрілік аллергия........................................................................................................... 207

5.4. Көп түрлі экссудативті эритема.................................................................................. 218

5.5. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит............................................................. 230

Бөлім 6. Кейбір жүйелі аурулар және зат алмасудың бұзылуы кезіндегі ауыз қуысы

Шырышты қабығының өзгерістері............................................................................. 241

6.1. Жүрек – қан тамыры аурулары кезіндегі ауыз қуысы Шырышты қабығының

өзгерістері........................................................................................................................ 243

6.2.Асқазан – ішек аурулары кезіндегі ауыз қуысы Шырышты қабығының

өзгерістері......................................................................................................................... 252

6.3.Эндокринді патология кезіндегі ауыз қуысы Шырышты қабығының

өзгерістері......................................................................................................................... 266

6.3.1. Қант диабеті............................................................................................................ 266

6.3.2. Иценко – Кушинг ауруы........................................................................................ 268

6.3.3. Аддисон ауруы........................................................................................................ 269

6.3.4. Жүкті әйелдер гингивиті........................................................................................ 269

6.4. Гипо және авитаминоздар кезіндегі ауыз қуысы Шырышты қабығының

өзгерістері........................................................................................................................... 271

6.4.1. В2 Гиповитаминозы............................................................................................ 271

6.4.2. В12 Гиповитаминозы.................................................................................................. 272

6.5.Қан және қан жасайтын мүшелер аурулары кезіндегі ауыз қуысы

Шырышты қабығының өзгерістері............................................................................ 273

6.5.1. Жедел лейкоз.......................................................................................................... 273

6.5.2. Созылмалы лейкоз................................................................................................. 274

6.5.3. Верльгоф ауруы..................................................................................................... 276

6.5.4. Аганулоцитоз......................................................................................................... 277

6.6.Нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауыз қуысы Шырышты қабығының

өзгерістері................................................................................................................. 280

Бөлім 7. Дерматоздар кезіндегі ауыз қуысы Шырышты қабығының өзгерісі............................. 291

7.1. Жалпақ теміреткі………………………………………………………………………. 291

7.2. Күлдіреуік (пемфигус).................................................................................................... 315

7.3. Қызыл жегі...................................................................................................................... 323

Бөлім 8. Тіл аурулары……………………………………………………………………………… 329

8.1. Десквамитивті глоссит.................................................................................................... 330

8.2. Ромб тәрізді (ромбтық) глоссит.................................................................................... 337

8.3. Қатпарлы (ұмалық. жүлгелік ) тіл................................................................................. 342

8.4. Қара «түкті» (қылшықты) тіл........................................................................................ 345

Бөлім 9. Ерін аурулары.................................................................................................................... 356

9.1.Атопиялық хейлит............................................................................................................ 356

9.2. Гландулярлы хейлит......................................................................................................... 364

9.3. Эксфолиативті хейлит..................................................................................................... 370

9.4. Макрохейлит.................................................................................................................... 379

9.5. Экзематозды хейлит........................................................................................................ 383

9.6. Еріннің созылмалы қайталамалы жарылуы...................................................... . 384 Бөлім 10.Ауыз қуысы шырышты қабығы мен еріннің қызыл жиегінің ракалды

аурулары................................................................................................................................ 395

10.1. Боэун аурулары............................................................................................................ 398

10.2. Еріннің қызыл жиегінің сүйелді немесе түйінді ракалды ауруы........................... 400

10.3. Еріннің қызыл жиегінің шектелген ракалды гиперкератозы.................................. 403

10.4. Абразивті преканцерозды Манганотти хейлиті....................................................... 406

1-Бөлім

АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Ауыз қуысы асқазан – ішек жолының алдынғы бөлігі болып саналады да, онда негізінен тамақ механикалық өңделіп жұмсақ түйірге айналады. Ауыз қуысы асқазан – ішек жолының басқа бөліктері сияқты ауыз қуысы да шырышты қабықпен, ал оның үсті көп қабатты жалпақ эпителиймен жабылған.

Шырышты қабығының құрамы эпителиальды және меншікті (дәнекер тінді ) табақшаларға бөлінген.Бұдан басқа шырышты қабығының қозғалмалы және қатпар түзе алатын бөліктерінде меншікті табақша шырыш асты негізінде орналасады.

Ауыз қуысы шырышты қабығының басқа шырышты қабықтардан айырмашылығы меншікті қабатты шырыш асты негізден айырып тұратын бұлшықет табақшасы болмайды.

Ауыз қуысының шырышты қабығы сұйық ішкендегі, тамақ шайнағандағы және т.с.с әр- түрлі механикалық, химиялық және термиялық факторлар әсеріне таңқаларлықтай төзімді. Ауыз қуысының шырышты қабығына жоғары регенераторлық бейімділік және инфекцияның кіруіне беріктілік тән. Ауыз қуысы шырышты қабығының бұл қасиеті оның құрылысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты.

Ауыз қуысының шырышты қабығының қызметі әр түрлі. Қорғаныш қызметінде – шырышты қабығының эпителиі өзінің астындағы тіндерді зиянды факторлар әсерінен қорғайды. Зақымданбаған эпителий көптеген микроорганизмдерді өткізбейді. Бұдан басқа шырышты қабығының эпителийінің беттік қабатынан түлеген эпителиоциттердің бактерицидтік қасиеті бар.

Бірқатар дәрілік препараттарды және кейбір заттарды (йод, калий, натрий және басқалары) сіңіру қызметі шырышты қабығының өткізгіштігі арқасында іске асады.

Сенсорлық (сезу) қызметі тактильді, температуралық, ауру және дәм сезу тітіркендіргіштерін қабылдайтын көптеген және әр түрлі рецепторларға байланысты.

Ауыз қуысының шырышты қабығы асқазан- ішек жолының төменгі бөліктерінің жұмыс істеуіне әсер ететін күшті рефлексогенді алаң болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, ауыз қуысы шырышты қабығының өне бойы көп қабатты жалпақ эпителиймен жабылған. Эпителиальды қабаттың қалыңдығы әр бөлігінде 200- ден 500- мкм- ге дейін өзгереді. Ауыз қуысы эпителиі құрамында жыныстық айырмашылық байқалмайды.

Эпителий қабаты(пласты) бір – бірімен десмосомдар арқылы байланысқан жасушаның бірнеше қабатынан тұрады. Эпителийдің ең терең қабаты – базальды мембранада орналасып, цилиндр және куб тәрізді жасушалардан тұратын базальды қабат. Осында Меркель мен Лангерганстың өсінді жасушалары табылған. Меркель жасушасының өсінді және фестон тәрізді ядросы бар. Олардың өсінділері жоғары қабатта орналасқан эпителий жасушаларының арасынан өтіп, олармен десмосом арқылы байланысады. Бұл жасушалардың гормон тәрізді заттарды пайда болғызу мүмкіншілігі бар деп болжайды. Олар эпителий регенерациясына және сол сияқты шырышты қабық қан тамырларының өткізгіштігі мен тонусын жақсартуға қатысады.

Лангерганс жасушалары да өсінді тәріздес, бірақ Меркель жасушаларынан айырмашылығы эпителиальды жасушалармен десмосом арқылы байланыспаған. Олардың ядросы ірі,ұя қуысты. Бұл жасушалар эпителийге енген антигенді ұстап алады. Бұдан басқа Лангерганс жасушасы Т – лимфоциттерді белсендіретін интерлейкиндерді өндіреді.

Лангерганс жасушаларының эпителиоциттердің көбеюі (пролиферация ) мен пісіп – жетілуіне (дифференцировка) әсері анықталған. Ауыз қуысы шырышты қабығының әр бөлігінде бұл жасушалардың құрамы әр түрлі. Оның ішінде , әдебиеттерде көрсетілгендей , еріннің , ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығының эпителиінде эпителий қабатының 1 мм2 алаңында 500 –ге жуық жасушалар, қатты таңдай мен қызыл иектің эпителиінде 1 мм2 - да 150-200 жасуша болады.

Бұл жасушалар еркектерге қарағанда , әйелдерде көп кездеседі. Олардың саны шылым шегетіндерде көбейе түседі.

Ауыз қуысы шырышты қабығы эпителийінде кездесетін өсінді жасушалардың тағы бір түрінде меланоциттер жатады. Бұл пигментті жасушалар эпителийдің көрші жасушалармен десмосом арқылы байланыспайды. Олардың негізгі қызметі меланин пигментін өндіру. Ауыз қуысының эпителиінде меланоциттер рөлі анықталмаған.

Эпителиальды қабаттың базальды жасушаларынан кейін тікенекті жасушалар қабаты орналасады. Бұл қабаттың жасушалары полигональды тәріздес. Тікенек тәрізді цитоплазманың қысқа өсінділері бір – бірімен десмосом арқылы байланысады. Олардың цитоплазмасында бір будаға бірігіп тонофибриллдер түзетін тонофиламенттер бар.

Жоғарыда айтылған жасушалардан басқа эпителий қабығында лимфоциттер , көбінесе Т – жасушалар анықталған.

Қабаттың үстіңгі бетіне жақындаған сайын тікенекті қабат жасушалары тығыздалады да, жалпақ жасуша қабатына айналады. Ауыз қуысының әр - түрлі бөлігіндегі эпителий қабығында беттік қабат құрылымы әр түрлі боолады. Бір жағдайда ядросы сақталған тығыздалған жасушалардан құралса, ал екінші жағдайда – ядросын жоғалтып , мүйізді қабыршаққа айналған мүйізделген жасушалар қабаты. Олар кератиннен тұратын аморфты матрикспен оралған, кератинді фибриллдерге толған қалың қабаттан тұрады. Ең қалың мүйізді қабат қатты таңдайдың шырышты қабығында , оның құрамына 15-20 жасушалар қатары кіреді. Мүйізді қабаттың сыртқы бөлігіндегі қабыршақ арасындағы десмосомда өте көп мөлшерде катионды белок болып, бейспецификалық эстераза мен қышқыл фосфатазаның белсенділігі байқалады. Бұл мүйізді қабыршақтың ауыз қуысының қорғаныш реакциясына қатысуын және биологиялық белсенділігін көрсетеді. Бұл қорғаныш реакциялары механикалық жолмен – мүйізді қабыршақтың өзіне жабысқан микроорганизмдермен және бактерицидті-катионды белоктармен , гидролитикалық ферменттермен бірге түлеу арқылы іске асады. Лейкоплакия кезінде түлеген қабыршақта катионды белок пен гидролитикалық фермент құрамы төмендейді.

Ауыз қуысының шырышты қабығының кейбір аймақтарында мүйізгектелетін эпителий 4 қабаттан тұрады: базальды, тікенекті, түйіршікті және мүйізді. Базальды, тікенекті, мүйізді қабаттар туралы жоғарыда айтылған.

Түйіршікті қабат мүйізді қабат пен тікенекті жасушалар қабаты арасында орналасады. Түйіршікті қабат жасушалары тікенекті жасушалардан ірілеу. Түйіршікті қабат жасушаларының құрамында түйіршік (гранула) екі түрге бөлінеді. Түйіршіктің бірінші түрі- гидролитикалық ферменттер мен липидтерден тұратын табақша тәрізді кератиносомалар , олар жасуша аралық затына бөлініп, сол жерде су өткізгіш түзеді. Екінші түріне – әр түрлі көлемді , дұрыс емес пішінді кератогиалинді базофильді ірі түйіршіктер жатады. Олардың құрамында филагрин және басқада байланыстар бар, олар үнемі кератин түзе отырып бірігеді. Түйіршікті жасушалардың ядросы пикнозды. қабатқа өткенде белоктардың синтезі тоқтайды. Бұл жасуша қабаты белокты синтездеу қабілетін сақтайды. Жасушалар мүйізді қабатқа өткенде белоктардың синтезі тоқтайды.Мүйізді қабат ядросы жоқ мүйізгектенетін қабыршақтар мен жасуша элементтерінен тұрады. Бұл қабаттың мүйізді қабыршағында тығыз кератин филаминттері мен аморфты заттарды электронды микроскоп анықтайды. Эпителийдің мүйізді қабыршақ қабатының құрамына инволюкрин белогы және кератогиалин кіреді. Олар белокты қабаттың плазмолеммасының астында орналасқан, оны гидролитикалық фермент кератиносом мен лизосоманың әсерінен қорғайды. Заманауи көзқарастарға сәйкес ауыз қуысы эпителиі қабаты құрамындағы эпителиальды жасушалардың мүйізгектенуі кезінде спецификалық белоктардың синтезімен байланысты саралау процесі де жүреді. Эпителиоциттер саралануының маркері болып аралық филаминттер белоктары- цитокератиндер табылады. Бұлардың эпителиальды ісіктердің пайда болуын анықтауда диагностикалық маңызы бар.

Ауыз қуысының мүйізгектелетін және мүйізгектенбейтін эпителиінің саралау процессі ұқсас кезеңдермен жүреді, айырмашылығы негізінен морфологиялық процесстердің реттеушісі ретінде жүретін синтезделген катионды белоктардың санына байланысты. Оның ішінде оның беткейлік жасушалар ядросын бұзу механизміне қатысуы анықталған.

Қазіргі кезде мүйізденудің жай түрі ортокератоз болып және құрамында кератині бар беткейлік жасушалар пикнозды өзгерген ядроны сақтаған кезде паракератоз болып бөлінеді.Ортокератозды жасушаларға қарағанда, паракератоз құбылысы бар жасушалардың митотикалық индексі аса жоғары .

Ауыз қуысы мүшелерінің әр түрлі бөлігіндегі эпителийдің өзгешелігі гистохимиялық әдістер қолданған кезде де көрінген. Адам ауыз қуысының мүйізгектенбейтін эпителиінің синтездеу және көп мөлшерде гликогенді жинау мүмкіншілігі бар(1-1сурет). Тәртіп бойынша жиналған гликоген тікенекті қабат жасушаларының цитоплазмасында,кейде эпителиальды қабаттың беткейлік жасушаларында орналасады.Эпителийдің базальды қабығында гликоген болмайды (эмбрионды кезеңді қоспағанда). Гликоген көп мөлшерде еріннің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың , өтпелі қатпардың және тілдің кілегей қабаттарының эпителиінде болады. Керісінше , гликоген қатты таңдай мен қызыл иектің эпителиінде қалыпты жағдайда болмайды немесе тек оның іздері ғана анықталады. Сонымен, гликоген саны мен мүйіздену процессі айқындылығы арасында тәуелділік бар. Егер мүйіздену процессі патология кезінде әлсіресе немесе мүлдем болмаса , онда гликоген саны күрт өседі . Айта кететін жайт , жануарлардың ауыз қуысы эпителиінде гликоген болмайды, ол мүйізденудің болуына немесе болмауына байланысты емес.

Эпителиальды қабаттың ең маңызды компоненті болып эпителий мен оның астындағы дәнекер тіннің арасында орналасқан базальды мембрана табылады.

Б

А

1-1-сурет.Ұрттың шырышты қабығы эпителиіндегі гликоген.Шик-реакциясы:А-1-ұрт шырышты қабығының көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителиі ;а-эпителийдің беттік және ортаңғы қабаттарында гликогеннің жиналуы;2-шырышты қабығының меншікті табақшасы;3-шырышасты негіз.Б-адам ұрты шырышты қабығындағы түлеген беттік эпителиальды жасушалардың цитоплазмасындағы катионды белоктар

Бұл шекаралық құрылымның құрылысы күрделі. Электронды – микроскопиялық зерттеулер көрсеткендей , ол қалыңдығы 40нм – ге жуық эпителий асты электронды мөлдір ақшыл түсті табақшадан және қалыңдығы 50-60 нм қара – қоңыр түсті тығыз табақшадан тұрады. Эпителиальды жасушалар мембранаға жарты десмосомның көмегімен жабысады. Мембрананың аморфты затында күрделі белоктар – гликопротеиндер мен протеогликандар болады. Фибронектин мен ламинин гликопротеиндері адгезивті материал ретінде,эпителиоциттердің жарты десмосомы мен базальды мембрана құрылысы байланысын қамтамасыз етеді. Протеогликандар базальды мембрананың серпінділігі мен оның теріс зарядын қамтамасыз етеді, осыған оның іріктелген өткізгіштігі байланысты.

Тығыз табақшаның құрамына ламинин мен байланыстыратын IV типтік коллаген мен энтактин кіреді. VII типтік коллаген мембрана негізінде ілгек тәрізді орналасқан ядролы фибриллдер түзеді , олар базальды мембрананың ретикулярлы - үшінші табақшасының құрамына енетін , дәнекер тін асты коллаген фибриллдерінің I және III типтерін жарып өтеді (1-2 суреттер). Дәлірек айтқанда , ауыз қуысы эпителиінің базальды мембранасының құрылысы , тері эпителиінің базальды мембранасындай.

Механикалық қызметінен басқа (эпителиальды жасушалардың жабысуын қамтамасыз ету), базальды мембрана трофикалық және морфогенетикалық қызмет атқарады.

Жоғарыда айтылғандай, шырышты қабық құрылысы ауыз қуысының әр бөлігінде әр түрлі , бұл ең алдымен осы аймақтардың функциональды ерекшеліктерімен айқындалады.Шырышты қабықты шайнайтын (қатты таңдай мен қызыл иек), жабатын (ұрт, ерін, ауыз қуысының түбі, тілдің астыңғы беті, жұмсақ таңдай), арнайы ( тілдің арқасы) деп бөлінеді.

1-2-сурет.Базальды мембрана құрылысының жалпы жоспары:1-ақшыл табақша;2-қара-қоңыр табақша;3-базальды мембрана;4-эпителиоциттердің цитоплазмасы;5-жарты десмосомдар;6-кератинді тонофиламенттер;7-якорлі филаменттер;8-қабықтың якорленген фибрилдері.Шайнау түріндегі шырышты қабық эпителиі мүйізгектенетін,ал жабатын түрдегі шырышты қабық қалыпты жағдайда мүйізгектенбейтін эпителиймен жабылған.Сонымен,тілдің арнайы шырышты қабығы өсінді-тіл бүртігін түзеді.

Ауыз қуысы шырышты қабығының меншікті (дәнекер тінді) табақшасы, оның үстінде талшықты дәнекер тінінен тұратын эпителий қабаты жатады. Осы дәнекер тінінің бетекейлік бөлігінде көптеген дөңестер мен бүртіктер бар. Олар эпителий қабатына енеді. Дәнекер тінді бүртіктер борпылдақ дәнекер тінінен тұрады, одан эпителийді қоректендіретін қан тамыры өтеді. Соған сәйкес, эпителий дәнекер тінді бүртіктер арасындағы аралықты толтыратын дөңестер түзеді. Бұл бүртіктер эпителий мен дәнекер тін арасындағы жанасу алаңын көбейтіп,олардың арасындағы зат алмасуды жақсартады. Одан басқа , олар эпителиальды қабаттың меншікті табақшаға өте мықты бекуін қамтамасыз етеді . Бұл бүртіктердің биіктігі ауыз қуысының шырышты қабығының әр бөлігінде әртүрлі. Жиі орналасқан өте биік бүртіктер шырышты қабығының ең көп механикалық ұшырайтын бөліктерінде (қызыл иек, қатты таңдай ) болады.

Шырышты қабығының меншікті табақшасы жасушалардан және талшықты құрылымды жасуша аралық зат пен аморфты заттан тұрады. Шырышты қабықтың меншікті табақшасының жасушалық элементтері әр түрлі : фибробластар, макрофагтар, бұлтты жасушалар, плазматикалық жасушалар, лимфоциттер,лейкоциттер. Шырышты қабық дәнекер тінінің негізгі жасушалық элементі фибробластар. Олар жетілу дәрежесі бойынша бөлінеді , түйіршікті эндоплазматикалық торшаның жақсы дамыған түтікшелермен бірге жас түрлері және Гольджи кешені басым болады (1-3 сурет). Бұл жасушалардың ядросы сопақ пішінді, дәнегі ірі. Фибробластар жасуша аралық заттың пайда болуына белсенді түрде қатысады. Бұл жасушалардың ең нақтыланған түрі – фиброциттер. Олар созыңқы , онда қысқа , жалпақ өсінділері мен органеллдің аздаған мөлшері болады. Макрофагтар – фагоцитозға қабілетті жасушалар. Олардың арасынан еркін макрофагтарды немесе амеба тәрізді жүретін гистиоциттерді және бекітілген, қозғалмайтын түрлерін бөледі. Осындай түрлерге бөлінуі олардың функциональдық жағдайына байланысты. Цитоплазмасы базофильді , құрамында лизосома өте көп , плазмолемма астынан актиндік филаменттер табылған. Плазмолемманың үстінде олардың иммунды реакцияға қатысуын қамтамассыз ететін рецепторлар мен иммуноглобулиндер , гормондар бар. Сонымен қатар, макрофагтар өлген жасушаларды, жасуша аралық заттың бұзғыш компоненттерін жұтып, қайтадан қорытады.

Ауыз қуысының шырышты қабық толық жасушаларының дененің басқа бөлігіндегі толық жасушалардан айырмашылығы болмайды. Бұл ірі жасушаның ядросы домалақ, әр түрлі, жиі сопақша пішінді болады. Олар көбінесе борпылдақ дәнекер тінде , қан тамырларға жақын жерлерде орналасады. Толықша жасушалар цитоплазмасында метахромазииге қабілетті (негізгі бояғыштың түсін өзгертеді) базофильді түйіршіктер бар. Толықша жасушаларда органелла нашар дамыған. Гранула құрамында гепарин, гистамин, гиалурон қышқылдары бар. Толық жасушалар әр түрлі факторлардың әсерлеріне жауап ретінде гранула шығара алады. Толық жасушалар қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін реттеп, аллергиялық реакцияларға да қатысады.

Плазматикалық жасушалар үнемі шырышты қабығының әр түрлі бөлігінде кездеседі , олар әсіресе қызыл иек саңылауы түбі аймағында өте көп. Олар домалақ пішінді , ядросы шеңбер тәрізді , құрамында хроматиннің ірі үйіндісі бар. Цитоплазмада түйіршікті эндоплазматикалық торшаның шоғырланып орналасқан түтікшелері жаксы дамыған. Плазматикалық жасушалардың қызметі антидене өндіруге байланысты. Олардың саны инфекциялы – аллергиялық ауруларға көбейеді.

Шырышты қабығының дәнекер тіні жасушаралық заттың құрылысы талшықты дәнекер тінінің құрылысына сәйкес. Оның құрамына талшықтар мен аморфты зат кіреді. Соңғысы гель тәрізді субстанция, су, белок, неорганикалық иондар, протеогликандар, гликопротеиндер,фибронектин, ламинин енеді. Бұл жасушалық элементер мен талшықты құрылымды қоршап тұратын негізгі орта. Осы жерде дәнекер тін талшықтарының пайда болуы мен күрделі метаболикалық процесстер жүреді. Аморфты заттың саны шырышты қабығының әр бөлігінде әртүрлі. Оған ерін мен ұрттың шырышты қабығы өте бай. Шырышты қабығының, дәнекер тінінің талшықты құрылымы негізінен коллагенді, ретикулярлы , эластикалық талшықтардан тұрады. Шырышты қабығының коллагенді талшықтары иректелген немесе оралған лента тәрізді жүріп шоғырлар құрайды. Оның құрамына теріде, сіңірде, сүйекте және басқаларында кездесетін 1 типтік коллаген кіреді. Ретикулярлы талшық торша тәрізді орналасқан, 3 типтік коллагеннен тұратын коллаген талшықтарының бір түрі болып саналады. Бұл талшықтар күміс тұздарымен импрегнациялау кезінде , жұқа қара құрылымға (аргирофильді талшықтар) айналады. Эластикалық талшықтар серпінді және созылған коллаген талшықтары шоғырының арасында орналасады. Олардың құрамына эластин белогы кіреді. Жетілген эластикалық талшықтардан басқа , микрофибриллдерден тұратын, окситолонды немесе элаунин талшықтары деп аталатын жетілмеген түрлері де кездеседі.

1-3-сурет.Адам ауыз қуысы шырышты қабығы фибробластарының ультрамикроскопиялық құрылысы:1-жас фибробласт;2-піскен фибробласт;3-фиброцит

Шырышты қабық асты негіз. Ауыз қуысының шырышты қабығының меншікті табақшасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұратын шырышты қабық асты негізге ешқандай шекарасыз өтеді. Ауыз қуысының қабырғасында шырышты қабықты асқазан ішек жолы шырыш асты негізінен бөліп тұратын шырышты қабығының бұлшықетті табақшасы болмайды. Шырышты қабығының кейбір бөліктерінде (тілдің арқасы мен бүйір беттері, қызыл иек, қатты таңдайдың тігіс аймағы және латеральды бөліктері) шырыш асты негіз дамымаған . Бұл жерде шырышты қабық бұлшықет аралық дәнекер тінімен (тіл) немесе сүйек қаппен(қызыл иек , қатты таңдай) бірігіп тұтасқан. Жоғарыда айтылғандай , шырышты қабық асты негіз майлы жасушалар шоғыры немесе ұсақ сілекей бездерінің соңғы (секреторлық) бөліктері , тамырлар мен жүйке элементтері кіретін борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.

АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ИННЕРВАЦИЯСЫ

Шырышты қабықтың құрамында нерв талшықтары мен нерв аяқтамалары өте көп. Негізінен олар нерв жүйесінің орталық бөлігіне импульс беретін афферентті сезімтал талшықтардан тұрады. Бұл талшықтар үшкіл нервтің, сол сияқты бет, тіл – жұтқыншақ, кезбе нервтің құрамында болады. Нерв талшықтарының көп бөлігі тамырлы бағананың жүрісін қайталайды.

Шырышты қабықтың дәнекер тінді табақшасында нерв талшықтары өрім түзеді. Осы жерден талшықтардың бір бөлігі бүртікті қабатқа қарай бағытталып , сол жерде тағы бір эпителий асты өрімін түзеді. Бұл тармақтар еркін немесе қапшықтанған нервтердің соңын құрауға қатысады. Нерв тармақтарының кейбіреуі эпителий пластының құрамындағы Меркель жасушаларымен жанасса, ал басқалары эпителий жасушаларының арасынан өтіп, беттік қабатқа жетеді.

Қапшықтанған нервтердің ұшы дәнекер тінді бүртіктерде орналасады да, Мейсснер немесе Краузе ұштары сияқты көрінеді.

АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ МЕН ЛИМФА АҒЫСЫ

Ауыз қуысының шырышты қабығы қан тамырларымен өте жақсы қамтамасыз етілген, әсіресе шырыш асты негізден өтіп шырышты қабығының бетіне параллель жүретін артериямен. Бұл артериялар шырышты қабығының бетіне перпендикуляр жүретін тармақтар береді. Бүртікті қабатқа өту жолында олардан шырышты қабығының дәнекер тінді табақшасына тармақтар тарайды. Бірақ та артериальды тармақтардың басым бөлігі бүртікті қабатқа еніп, сол жерде күшті капиллярлық өрім түзеді. Сонымен қоса капиллярлар ілмектері эпителий пластына өте жақын келіп орналасады.

Шырышты қабық капиллярлар құрылысының да регионарлық ерекшеліктері бар. Ауыз қуысы түбінің шырышты қабығында, қызыл иек құрамында фенестрленген эпителий бар капиллярлар болады. Ұрттың шырышты қабығында капиллярлардың көпшілігі үздіксіз төсем сияқты.

Веноздық арнаның тамырлары артерия жүрісін қайталайды.

Ауыз қуысы шырышты қабығында лимфа тамырлары дәнекер тінді бүртіктердің басында орналасқан саңылауы кең лимфалық капиллярлардың соқыр ұштарымен басталады. Лимфа капиллярлары қан тамырларының жүрісін қайталайтын лимфа тамырларына өтеді де, лимфаны төменгі жақ асты немесе мойын лимфа түйіндеріне жеткізеді.

АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ауыз қуысы шырышты қабығының құрылымы жасқа байланысты өзгеруге ыңғайланған. Бұл эпителиальды пластқа қатысты. Әсіресе жаңа туған нәрестелерде эпителий пласты жұқа, қызыл иек пен қатты таңдайда мүйізді қабат әлсіз дамығын.

Эпителий құрамы бала қатты компоненттері бар аралас тамақтануға өткенде қалыптасады. Мүйіздену аймағында мүйізді қабат қалыңдай түседі.

Эпителийдің қалыңдауы 15-16 жасқа дейін созылады. 60-70 жасқа қарай эпителийдің жұқаруымен байланысты кері процесс жүреді. Эпителийдің тікенекті қабығында вакуольденген жасушалар құрамы артады. Эпителиальды бүртіктер тегістеле бастайды. Эпителийдегі Лангерганс жасушаларының саны азаяды.

Қартаю кезінде мүйіздену прцоессі паракератоз құбылысымен алмасады.

50-ден 75 жасқа дейінгі аралықта эпителий пластында митоздық белсенділік артады.

Жас кезде шырышты қабығының өзіндік табақшасында коллагенді талшықтардың жұқа шоғырлары мен анық жетілген дәнекер тінді бүртіктер болады.

45 жастан бастап дәнекер тінді бүртіктердің біртіндеп тегістелуі, соған қоса бір мезгілде коллаген талшықтары шоғырының қалыңдауы жүреді. Жасушалық элементтердің сандық және сапалық құрамы өзгереді. Майлы тіндердің көлемі ұлғайып, олар талшықты дәнекер тіндерінің бөліктерін алмастырады. Лимфоидты қатардағы жасушалар құрамы азаяды.Ауыз қуысы шырышты қабығының әр бөлігінде орналасқан ұсақ сілекей бездері атрофияға ұшырайды.

ЕРІН

Еріннің сыртқы бетін жабатын, ерін аймағындағы тері жамылғысы біртіндеп ауыз қуысының шырышты қабығына өтеді. Соған сәйкес ерін 3 бөлікке бөлінеді: тері, өтпелі немесе қызыл жиекті және шырышты. Тері бөлігінің теріге сай құрылысы болады, көпқабатты мүйізгектенетін эпителиймен жабылған. Мұнда шаш, май және тер бездері кездеседі (1-4сур.).

Тек адамдарда ғана кездесетін еріннің қызыл жиегі – бұл өтпелі аймақ. Бұл аймақта шаш пен тер бездері жоғалып, май бездері сақталады. Олардың көпшілігі үстіңгі ерінде, әсіресе шығу түтіктері бірден эпителий бетіне ашылатын ауыз бұрышы аймағында. Еріннің қызыл жиегі мүйіздену құбылысы бар көп қабатты жалпақ эпителиймен жабылған. Бірақ бұл жерде мүйізді қабат теріге қарағанда жұқалау. Түйіршікті қабат жақсы жетілген. Эпителийдің астында орналасқан шырышты қабығының өзіндік табақшасы терінің үздіксіз жалғасы болып табылады. Олар осы жерде эпителий пластына тереңдеп енетін көптеген бүртіктерді түзеді. Бұл бүртіктерде эпителийдің беткейлік қабаты арқылы көрініп, еріннің осы бөлігіне қызыл түс беретін өте көп капиллярлар ілмектері бар.

Еріннің шырышты бөлігі жасушаларының құрамында көп мөлшерде гликоген бар, көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителийдің қалың қабатымен төселген кәдімгі шырышты қабықпен жабылған. Мүйіздену мүлдем болмайды. Шырышты қабығының меншікті табақшасы дәнекер тінді бүртіктерді түзеді, олар көп емес және өте қысқа. Осы жерде май бездері жоғалып, олардың орынын шырыш асты негізде орналасқан ұсақ сілекей бездері басады. Олар күрделі, альвеолярлы – түтікшелі, шырышы көп шырыш – белокты сөл бөледі. Еріннің ішінде көлденең – жолақты бұлшықет талшықтарының шоғыры орналасады. Бұлшықет арасындағы дәнекер тін шырыш асты негіздегі коллаген талшықтарының шоғырымен біріккен. Бұл қатпардың пайда болуынан сақтайды.

1-4- сурет.Еріннің құрылысы:А-тері бөлігі:1-эпидермис;2-дерма;3-шаш түбірі;4-май бездері;5-тер бездері;Б-ортаңғы бөлігі(ішкі аймағы):1-көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий;2-қан капиллярлары бар биік дәнекер тінді бүртіктер;В-шырышты бөлігі:1-шырышты қабығының көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителиі;2-шырышты қабығының меншікті табақшасы;3-шырышасты негіз;4-аралас еріннің сілекей бездері(соңғы бөліктері);5-ерін бездерінің шығатын түтіктері.Гематоксилин және эозинмен бояу.

Жаңа нәрестелер мен еметін балалардың еріндері толық болса, ал оларды жабатын шырышты қабық жұқа болып келеді. Соған қоса, жаңа туған нәрестелер еріндерінің қызыл жиегінің ішкі аймағында өзіне тән бүртіктері болады.

Еріннің негізгі құрылымы 16 жасқа дейін пайда болады. Организм қартайғанда ерін дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Дәнекер тінді бүртіктер тегістеледі. Коллагенді талшықтар шоғырының қалыңдығы азайып, шырыш асты негізде майлы тіннің құрамы артады.

Еріннің қызыл жиегі мен шырышты қабығында нерв ұштарының рецепторлары өте көп. Бұл жерден бос және қапшықтанған нерв ұштарын, оның ішінде Мейссер денешігі мен Краузе буылтығын анықтаған.

Еріннің ішкі бетінде үзбе орналасады. Ол шырышты қабығының қатпары тәріздес, әлсіз дамыған бүртікті қабаты бар, көпқабатты мүйізгектенбейтін эпителий пластымен жабылған. Үзбенің дәнекерлі тінінде коллагенді талшықтардан басқа, эластикалық талшықтар торы кездеседі.

ҰРТ

Ұрттың шырышты қабығы еріннің шырышты қабығының жалғасы болып табылады да, құрылысы оған өте ұқсас келеді. Оны гликогенге бай (1-5 сур.) көпқабатты мүйізгектенбейтін эпителийдің қалың пласты (500-600 мкм) жабады. Шырышты қабығының меншікті табақшасы әртүрлі көлемдегі бүртіктерді түзіп, эластикалық талшықтарға бай тығыз дәнекер тінінен тұрады. Ол еш шекарасыз шырыш асты негізге өтіп, оның талшықтарының шоғыры ұрт бұлшықетінің бұлшықет аралық дәнекер тінімен бірігіп кетеді. Бұл ұрт шырышты қабығының тегістігі мен серпінділігін анықтайды. Ұрттың шырыш асты негізінде майлы тін аралықтары мен аралас түрдегі ұсақ шырыш бездері орналасады.

Тістердің қабысу деңгейінде орналасқан ұрттың шырышты қабығы оның басқа бөліктерінен ерекшеленеді. Бұл жердің эпителийі жиі мүйізденеді, шырышты бездер болмайды, бірақ еріннің қызыл жиегінде болатындай майлы бездердің түрлері жиі кездеседі. Жаңа туған нәрестелердің ұртында бұл аймақ көбінесе еріннің қызыл жиегіндегідей эпителиальды өсінді – бүрлермен жабылған.

Ұрттың шырышты қабығының қанмен қамтамасыз етілуі шырыш асты негізде орналасып, эпителий пластына параллель жүретін артериялар арқылы іске асады. Бұл артериялардан шыққан тармақтар эпителийдің бүртікті қабығында қалың капиллярлы өрім түзеді. Капиллярларды үздіксіз эпителиальды төселім мен базальды мембрана бар. Капиллярлардан қан артериоланың жолын қайталайтын венулаға құяды.

1-5- сурет.Ұрттың максиллярлы аймағының құрылысы:1-ұрт шырышты қабығының көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителиі;2-шырышты қабығының меншікті табақшасы;3-шырышасты негіз;4-еріннің сілекей бездері;5-көлденең-жолақты бұлшықет талшықтары;6-май жасушалары;7-қан тамырлары; Гематоксилин және эозинмен бояу.

Шырыш асты негізде нерв талшықтары өрім түзеді де, вертикальды тармақтары шырышты қабығының меншікті табақшасына бағыт алады. Ол жерде тағы да бір өрім пайда болып, оның терминальды тармақтары дәнекер тінді бүртіктерге өтеді. Еркін және қапшықтанған нерв ұштарыда кездеседі.

АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ТҮБІ ЖӘНЕ ЕРІН МЕН ҰРТТЫҢ ӨТПЕЛІ ҚАТПАРЛАРЫ

Ауыз қуысы шырышты қабығының бұл бөліктерінде шырыш асты негіз жақсы дамыған. Шырышты қабық бұл жерде астындағы тіндермен бос байланысқандықтан тез қатпар түзе алады да, еріннің, ұрттың, тілдің еркін қимылдауына мүмкіндік береді. Ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы басқа бөліктеріне қарағанда жұқалау.Бұның осы жерде орналасқан көпқабатты мүйізгектенбейтін эпителий пластына да (қалыңдығы 200мкм дейін) қатысы бар. Шырышты қабықтың меншікті табақшасының құрамында өте жұқа және бос орналасқан коллаген талшықтарының шоғыры бар. Дәнекер тінде бүртіктер биік емес, ұштары дөңгеленген. Шырыш асты негізде майлы жасушалар мен ұсақ шырыш бездері топтанған. Шырышты қабықтың меншікті табақшасында қалың өрім түзетін қан тамырлары орналасады.

ҚАТТЫ ТАҢДАЙ

Қатты таңдайдың шырышты қабығының біраз бөлігі таңдай сүйегінің сүйек қабымен тығыз біріккен, сондықтан қозғалмайды. Шырыш асты негіз болмайды. Мұндай шырышты қабықтың меншікті табақшасы бірден сүйекқаппен біріккен бөліктерге тіске жақын жатқан шеткі аймақ және таңдай тігісі аймағы жатады. Қатты таңдайдың басқа бөліктерінде шырыш асты негіз жақсы жетілген. Қатты таңдайдың алдыңғы бөлігінде топтасқан майлы тіндер, ал артқы бөлігінде – көптеген ұсақ шырыш бездері орналасады. Қатты таңдай 4 аймаққа бөлінген: майлы, безді, тігіс және шеткі аймақтар (1-6 сур.). Қатты таңдайдың шырышты қабығының меншікті табақшасы коллаген талшықтарының өрілген шоғырларынан тұратын тығыз дәнекер тінінен құралған. Қатты таңдайдың шырышты қабығының беті түйіршікті және мүйізді қабаты анық дамыған көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителиймен жабылған. Шырышты қабық меншікті табақша жағынан эпителий пластына ұштары үшкір биік бүртіктер енеді. Қатты таңдайдың шырышты қабығы томпақтар қатарын түзеді. Таңдай тігісінің алдыңғы аяқталуында ортаңғы күрек тістерге жақын күрек тістік бүртік жақсы байқалады. Ол тамырлар мен нервтер өтетін таңдайдың сүйекті негізінде орналасқан күрек тістік тесікке сәйкес келеді. Қатты таңдайдың алдыңғы үштігінде тігістің жан-жағынан көлденең қатпарлар жүреді (2-ден 6-ға дейін). Олар балаларда жақсы дамыған,жас келген сайын тегістеле береді.

.а

б

1-6 -сурет.Қатты таңдай аймақтары:а-1-шеткі аймақ;2-таңдайдың тігіс аймағы;3-майлы аймақ;4-безді аймақ;б-қатты таңдай:безді(артқы) аймақ.1- шырышты қабығының көп қабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителиі;2-шырышты қабығының меншікті табақшасы;3-шырышты сілекейлі таңдай бездері бар шырышасты негіз; Гематоксилин және эозинмен бояу.

Қатты таңдайға қан таңдай артериясы арқылы түседі, ол сүйек негізіндегі үлкен таңдай тесігі арқылы еніп, тармақтарын алдыңғы жаққа береді. Олардан бүртікті қабатқа қарай жүретін тармақтар шығады да, сол жерде олар капиллярлар торына бөлінеді. Капиллярлардан қан артерияның жүрісін қайталайтын венаға жиналады. Таңдайдың алдыңғы бөлігі күрек тіс артериясы арқылы қанмен қамтамасыз етіледі, соған сәйкес алдыңғы бөліктегі қан ағу күрек тістік венаға келіп, одан әрі мұрын қуысындағы венаға кетеді. Қатты таңдайда лимфа тамырлары өте көп. Нерв ұштары көбінесе таңдайдың алдыңғы бөлігіндегі бүртіктері қабатта орналасады. Олардың ішінде Мейсснер денешігі мен Краузе буылтығы да кездеседі

1-7 -сурет.Қызыл иектің құрылысы:1-көп қабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителий;1а-мүйізді қабат;2-меншікті табақшадағы дәнекер тінді бүртіктер;3-қызыл иектің меншікті табақшасындағы торшалы қабат. Гематоксилин және эозинмен бояу.

ЖҰМСАҚ ТАҢДАЙ

Жұмсақ таңдай көлденең – жолақты бұлшықет бекітілген фиброзды табақша мен оны үстінен және астынан жабатын шырышты қабықтан тұрады. Жұмсақ таңдай мен тілшіктің (uvula)- жұмсақ таңдайдың өсіндісінің - төменгі немесе оральды беттерінің шырышты қабығы көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителиймен жабылған. Тікенекті немесе беттік қабаттың цитоплазмасы гликогенге бай. Шырышты қабықтың меншікті табақшасы тығыз дәнекер тіннен тұрады. Шырышты қабықтың меншікті табақшасы мен шырыш асты негіздің шекарасында эластикалық талшықтардың қалың қабаты орналасқан. Шырыш асты негізде көптеген ұсақ шырыш бездерінің соңғы бөліктері орналасып, олардың шығару түтіктері шырышты қабығының бетінде ашылады. Жұмсақ таңдайдың артқы беті мұрын-жұтқыншаққа қараған және тек тыныс алу жолдарына тән көп қатарлы жыбырлағыш эпителиймен жабылған. Үлкен адамдарда тілшіктің екі бетіде көпқабатты жалпақ эпителиймен жабылса, ал жаңа туған нәрестелердің тілшігінің артқы бетінде көпқатарлы жыбырлағыш эпителий болады. Әрі қарай ол көпқабатты эпителиймен алмасады. Жұмсақ таңдай қан тамырларына өте бай, соған байланысты шырышты қабығының түсі қызғылтым болады. Жұмсақ таңдайда лимфа түйіндері де кездеседі

1-8-сурет.3,5жастағы баланың уақытша тісі аймағындағы қызыл иек сайы;1-эмаль декальцинациясына дейінгі кеңістік ;2-бекітілген эпителий;3-қызыл иек сайының түбі;4-кутикула;5-қызыл иектің ішкі эпителиі;6-қызыл иек қыры;7-сыртқы эпителий

ҚЫЗЫЛ ИЕК

Қызыл иек- жақтың альвеолярлы өсіндісін жабатын ауыз қуысының шырышты қабығы, ол бірден тіспен жанасады. Қызыл иек мүйізді қабаты жақсы дамыған көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителиймен жабылған (1-7 сур.). Мүйіздену көбінесе қызыл иектің вестибулярлы бетінде жақсы дамыған, ал оральды бетінде паракератоз құбылысы кездеседі. Қызыл иектің меншікті табақшасы құрылысы жағынан теріге ұқсас, борпылдақ дәнекер тіні бар бүртікті қабаттан және өрілген коллагенді талшықтардың қалың шоғыры бар тығыз дәнекер тінді торлы қабаттардан тұрады. Борпылдақ дәнекер тінді бүртіктердің пішіні мен көлемдері әртүрлі. Бүртіктерде қан капиллярларының қалың торы мен көптеген рецептор ұштары орналасқан. Олардың ішінде ілгек, шумақ тәрізді бос түрі, Мейсснер денешігі мен Краузе буылтығы түріндегі қапшықтанған және интраэпителиальды нерв ұштары кездеседі. Қызыл иекте шырыш асты негіз бен бездер болмайды. Оның меншікті табақшасы жақ альвеолярлы өсіндісінің сүйек қабымен бірігіп кеткен. Тіс мойын аймағында қызыл иектің меншікті табақшасына тістің айналмалы байланысының талшықтыры өріліп енеді. Бұл да қызыл иектің тіс бетіне қарай тығыз бекуіне мүмкіндік жасайды. Барлық осы альвеолярлы өсіндінің сүйекқабымен біріккен қызылиек бөлігін бекіген қызыл иек деп атайды. Тіс бетіне бекімеген және одан тек саңылау тәрізді аралықпен бөлінетін қызыл иек қыры аймағын бекімеген қызыл иек деп атайды.

Бекімеген және бекіген қызыл иектің шекарасында қызыл иек науашығы бар. Қызыл иек науашығы қызыл иек қырына параллель одан 0,5-1,5 мм қашықтықта орналасады. Оның орналасқан жері шамамен қызыл иек саңылауының түбіне сәйкес келеді.

Тіс аралығындағы қызыл иек бөлігін тіс аралық бүртіктер деп атайды. Бүртіктер көпқабатты эпителиймен жабылған, бірақ бұл жерде шынайы мүйіздену жиі паракератозбен алмасады. Биік дәнекер тінді бүртіктер өздеріне назар аудартады. Альвеолярлы өсіндінің

негізінде қызыл иек жақ сүйегі денесін жабатын шырышты қабықпен алмасады. Олардың арасындағы шекара біркелкі емес.Бұл жерде эпителий мүйізденбейді. Жақтың шырышты қабықтары сүйекқаппаен бос бірігіп, еріннің немесе ұрттың өтпелі қатпарына немесе соған сәйкес қатты таңдайдың шеткі аймағының шырышты қабығына немесе ауыз қуысы түбіне жалғасады.

Қызыл иек саңылауы (жүлгесі). Бұл термин тіс бетімен оған жалғасатын бекімеген қызыл иек шеті арасындағы саңылау тәрізді кеңістікті білдіреді (1-8 сур.). Қалыпты жағдайда бұл саңылаудың түбі эмальдың мойын бөлігі деңгейінде немесе цемент –эмаль шекарасы аймағында орналасады. Қызыл иек саңылауын жабатын эпителий оның түбі аймағында тіс бетіне өтеді де, оған тығыз жабысады. Қызыл иектің эпителиальды төселімі эмаль кутикуласымен тығыз бірігіп кеткен. Эпителиальды төселімнің осы бөлігін эпителиальды бекініс деп атайды. Қызыл иек саңылауының эпителиі қызыл иектің көпқабатты эпителиінің жалғасы болып саналады, бірақ олардың құрылысы мен шығу тегі әр түрлі. Қызыл иек саңылауы мен эпителиальды бекіністің көпқабатты эпителийі мүйізденбейді. Оның астындағы дәнекер тінді табақша бүртіктер түзбейді, сондықтан эпителиймен дәнекер тін арасындағы шекара түзу сызық тәрізді болады. Эпителиальды бекініс аймағы эпителиінің пайда болуына тіс жарып шығар кезде барлық эмальды жабатын эмаль мүшесінің редукцияланатын эпителиі қатысады деп есептейді. Тіс сауыты жарып шығар кезде, редукцияланған эпителий қызыл иек эпителиімен қосылып, эпителиальды бекініске айналады («Тістің жарып шығуы»қараңыз).

Әрі қарай эпителиальды бекіністі құрайтын эмаль мүшесі эпителиінің қалыңдығы біртіндеп қызыл иек эпителиіне ауысады. Эмаль кутикуласымен тығыз бірігіп өскен эпителиальды бекініс тіс маңайы тіндеріне инфекцияның және басқа да сыртқы ортаның зиянды агенттерінің енуіне биологиялық қорғаныс жасауда маңызды роль атқарады. Қызыл иек саңылауы эпителийінің бүтіндігі бұзылып, оның астындағы дәнекерлі тін ашылғанда саңылау қызыл иек қалтасына айналады.Қызыл иек эпителиі тіс түбірі бойымен өсе бастайды да, ол периодонт талшықтарын бұзып, соның нәтижесінде тістер қозғалып, түсе бастайды.

ТІЛ

Тіл шырышты қабықпен жабылған, бұлшықетті мүше. Ол дорсальды және бүйір беттерімен бұлшықет аралық дәнекер тінімен тығыз біріккен. Үстіңгі, дорсальды, тіл арқасының бетінде, бүйір беттерінде шырыш асты негіз дамымаған. Тілдің бұл бөлігінде шырышты қабық қозғалмайды және қатпарланып жиналмайды. Тілдің шырышты қабығының беті көпқабатты жалпақ эпителиймен жабылған, олар тіл арқасында шоғырлар түзеді, оны тіл бүртіктері деп атайды. Тіл бүртіктерінің 4 түрі бар: жіп тәрізді , саңырауқұлақ тәрізді, жапырақ тәрізді, білікпен қоршалған немесе науа тәрізді. Тілдің төменгі бетінде бұл бүртіктер болмайды, сондықтан сілемейлі қабық біркелкі,тегіс,эпителиі көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін, шырыш асты негіз бар.

Бүртіктердің көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителиінде дәм сезгіш буылтықтар орналасады. Олар тек жіп тәрізді бүртіктердің көпқабатты мүйізденетін эпителиінде болмайды.

Ең көп жіп тәрізді бүртіктер тіл арқасының бүкіл бойында орналасады (1-9сур.). Бүртіктің негізін шырышты қабықтың меншікті табақшасының борпылдақ талшықты дәнекер тіннің томпаюы құрайды. Бұл томпаю бет үстіне тағы да жұқа және ұзын өсінділерді – екіншілік бүртіктерді алып келеді.

1-9-сурет.Адам тілі арқасының жіп тәрізді бүртіктері

Сонымен, адам тілінің жіп тәрізді бүртіктерінің бірнеше ұшы болады. Жануарларда жіп тәрізді бүртіктер өте қарапайым. Оларда екіншілік бүртіктер болмайды, жіп тәрізді бүртіктің тек бір өткір ұшы болады. Жіп тәрізді бүртіктің ұшын жабатын эпителий мүйізденеді.Мүйізгектенген қабыршақтар өздеріне тән ақшыл түсті болады. Жіп тәрізді бүртіктердің мүйізденуі дене температурасы көтерілгенде күшейеді (өңез басқан тіл). Бұндай өзгерістер ас қорыту бұзылғанда (гастрит), бауыр ауруларында кездеседі. Кейде жіп тәрізді бүртіктер беттің мүйізденуі кенеттен күшейгенде, олардағы мүйізді қабыршақтанудың түлеуі әлсірейді.Сол кезде бүртіктер бірден ұзарып,пигменттеледі (қара «шашты» тіл). Тілдің кейбір бөлігіндегі жіп тәрізді бүртіктердің атрофиясы тәрізді кері процесс жүруі мүмкін.

Саңырауқұлақ тәрізді бүртіктердің негізі тар, төбесі кең, дөңгеленген (1-10 сур.). Саңырауқұлақ тәрізді бүртіктерді жабатын эпителий мүйізденбейді, одан қан тамырлары сыртқа көрініп тұрады. Макроскопияда саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер жіп тәрізді бүртіктердің арасына шашылған қызыл нүкте түрінде болады. Саңырауқұлақ тәрізді бүртіктердің төбесінде эпителий пластына дәнекер тінді бүртіктер енеді.

Жапырақ тәрізді бүртіктер тілдің бүйір беттерінде, оның негізіне қарай тар науашықтармен бөлінген, ұзындығы 2-ден 5 мм-ге дейінгі 3-8 параллельді қатпар түрінде орналасады (1-11сур).

1-10-сурет.Адам тілінің саңырауқұлақ тәрізді бүртіктері:1-саңырауқұлақ тәрізді бүртік;2-көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий;3-біріншілік дәнекер тінді бүртіктер;4-екіншілік дәнекер тінді бүртіктер;5-шырышты қабық меншікті табақшасының борпылдақ дәнекер тініндегі қан тамырлары. Гематоксилин және эозинмен бояу.

1-11-сурет.Адам тілінің жапырақ тәрізді бүртіктері:1-жапырақ тәрізді бүртік;2-біріншілік дәнекер тінді бүртік;3-екіншілік дәнекер тінді бүртік;4- көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий. Гематоксилин және эозинмен бояу.

1-12-сурет.Қоян тілінің жапырақ тәрізді бүртіктері:1-жапырақ тәрізді бүртік;2-дәнекер тәрізді бүртік;3- көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий;4-дәм сезгіш буылтықтар. Гематоксилин және эозинмен бояу.

1-13-суретДәм сезгіш шоғыр:1-қолдаушы жасушалар;1а-микротүктер;2-сенсоэпителиальды жасушалар;3-эпителий;4-базальды сараланбаған жасушалар;5-перифериялық(перигеммальды)жасушалар;6-базальды мембрана;7-нерв талшықтары;8-мукопротеидтер;9-дәм сезгіш тесіктер(Я.А.Винников,Ю.Н.Афанасьев,Н.А.Юрин бойынша)

Олар жаңа туған нәрестелерде, кейбір жануарлардың тілдерінде, оның ішінде қоянда жақсы дамыған. Бұл қатпарлар көлденең кесіндіде крепстік қабырғалардың иректерін еске түсіреді. Науашықпен бөлініп, бір-біріне қараған осы бүртіктердің бүйір бөліктерін жабатын эпителийде көптеген дәм сезгіш буылтықтар орналасады(1-12сурет).Дәм сезгіш буылтықтар дәм сезгіш анализатордың шеткі бөлігі болып табылады, сопақша пішінді, эпителий пластында орналасады. Оның құрамына апельсин бөлікшелері сияқты бір-біріне тығыз жанасқан эпителиальды жасушалар кіреді. Осы жасушалардың ішінен сенсоэпителиальды (ақшыл жасушалар), ортасында орналасқан, демеуші жасушалар (қара-қоңыр), ақшыл жасушалардың арасында және шетінде жататын, базальды (аз сараланған) және шеткі (перигеммальды) жасушалар (1-13сур.) бөлінеді. Астындағы дәнекер тіннен дәм сезгіш буылтық базальды мембрана арқылы бөлінеді. Сенсоэпителиальды жасушалардың шеткі ұштары микробүрлермен аяқталады. Бұл микробүрлер дәм сезу өзегіне еніп, эпителий пласт бетіне дәм сезу тесігі арқылы ашылады. Микробүрлер арасында химиялық заттар молекуласын абсорбциялайтын жоғары белсенді фосфатаза мен рецепторлы белок пен гликопротеидтердің біраз мөлшері бар электронды тығыз заттар болады. Химиялық заттардың әсері рецепторлы потенциалға тасымалданып, соның әсерінен сенсорлы эпителиальды жасушалардан медиатор бөлінеді. Ол осы жасушаларға келетін нерв талшықтарына әсер етеді. Әрбір дәм сезгіш бүршікке 50-ге жуық нерв талшықтары енеді.

Тілдің алдыңғы бөлігіндегі дәм сезгіш бүршікте тәттіні сезетін, ал артқы бөлігінде ащыны сезетін рецепторлы белок анықталған. Химиялық заттар рецепторлы белок молекуласына сенсорлы жасушалар мембранасының өткізгіштігін өзгерте отырып әсер етеді.

Науа тәрізді бүртіктер немесе білікпен қоршалған бүртіктер(papilla vallata), тіл денесі мен түбірі арасындағы шекарада орналасады (1-14 сур.).Тілдің басқа бүртіктерінен айырмашылығы., олар шырышты қабығының бетіне шықпай, керісінше оның қалыңдығына кіре түскен.

1-14-сурет.Адамның тілі.Білікпен қоршалған тіл бүртігі:1-желбезек тәрізді(білікпен қоршалған)бүртік;2-көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий;3-шырышты қабығының меншікті табақшасы;4- біріншілік дәнекер тінді бүртік;5-екіншілік дәнекер тінді бүртік;6-білік;7-желбезек;8-дәм сезгіш буылтықтар. Гематоксилин және эозинмен бояу.

Әрбір бүртік келесі бүртіктен терең жүлге арқылы бөлінетін шырышты қабығының білігімен қоршалған. Бұл жүлге бүртіктер негізіндегі бұлшықет арасындағы дәнекер тінінде орналасқан ұсақ белок бездерінің шығу түтіктерінің орыны болып табылады. Науа тәрізді бүртіктердің бүйір беттерін жабатын эпителийде өте көп дәм сезгіш буылтықтар орналасады.

Тілдің сілекей бездері. Тілде сілекей бездерінің 3 түрі болады: аралас-тілдің алдыңғы бөлігінде, шырышты-тілдің түбірі аймағында, тілдің бадамша безі орналасқан жерде, белокты- науа тәрізді бүртіктер аймағындағы тілдің түбірі мен денесі шекарасында.

Тілдің қанмен қамтамасыз етілуі тіл артериясы арқылы іске асады. Оның тарамдары бұлшықет талшықтары жүрісі бойымен шырышты қабықта қалың капиллярлар торын құрайды. Тілдің төменгі бетінде шырыш асты негізде венозды өрім жақсы дамыған. Тілде сол сияқты лимфа тамырларының және капиллярлардың өрімі болады, олар әсіресе тілдің төменгі беті мен тіл бадамша безі аймағында өте мол.

Тіл бадамша безі. Тіл түбірінде шырышты қабығының меншікті табақшасында топтанған лимфоидты тіндер – лимфа түйіншектері мен олардың арасындағы диффузды лимфоидты тіндер орналасады. Тіл бадамша безі басқа бадамша бездермен қоса қорғаныш лимфоэпителиальды дөңгелегі құрамына кіреді. Бадамша без аймағында көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий (жиі лимфойдпен шоғырланған) ойық ұңғыл-крипта түзеді. Крипта беті микрооранизмдерге, түлеген эпителиоциттерге, лимфоциттер мен түйіршікті лейкоциттерге толы болады.

.

2- БӨЛІМ

АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ АУРУЛАРЫМЕН СЫРҚАТ НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ

Ауыз қуысы шырышты қабығы алмасу процестерінің бұзылуын, кейбір мүшелер мен организм жүйелерінің патологиясын бейнелеуі мүмкін. Сонымен қоса ауыз қуысының құрылысы мен қызмет ету ерекшеліктері шырышты қабыққа жарақаттаушы факторлардың, ауру тудыратын микроорганизмдер мен вирустардың әсер етуі үшін жағдай жасайды.

Ауыз қуысы шырышты қабығының өзгерістеріне, көп жағдайда шырышты қабықтың сыртқы түріне, ал кей жағдайда терінің де сыртқа түріне қарап диагноз қоюға және емдеу тәсілін анықтауға болатындай қатаң арнайылық тән. Бірақ көбінесе шырышты қабықта көрінетін ауруларды диагностикалау қиынға соғады, өйткені клиникалық көріністері өздеріне тән емес, жиі қосымша жағымсыз жергілікті (гигиенаның жеткіліксіздігі, жарақат, екіншілік инфекция) және жалпы (гиповитаминоз, соматикалық патология) факторларымен асқынады.

Әрбір науқасқа дұрыс диагноз қою үшін мұқият сұрау, қарау, қосымша тексеру әдістерінің жоспарын құру қажет.

2.1. Науқастарды тексеру жоспары

Тексерудің негізгі әдістері

Клиникалық симптомдары

Симптомдарды патогентикалық негіздеу

Сұрау

шағымы

Ауыз қуысы шырышты қабығының қандай да бір бөлігінің ауруы

Жағымсыз сезімдер (шаншу, күйдіру, тартылу сезімі, металл дәмі)

Шырышты қабық рельефінің өзгерісі

Ауыздың кебуі

Жалпы жағдайының өзгеруі (дененің температурасы, әлсіздік, дімкәстік)

Ауыздан жағымсыз иіс шығуы

Шағым болмайды

Қабыну және басқада патологиялық процесстерде нерв ұштарының тітіркенуі, қысылуы, бұзылуы.

Вегетативті иннервацияның бұзылуы (глоссалгия, стомалгия)

Біріншілік және екіншілік зақымдау элементтері

Нерв сабағындағы вегетативті талшықтардың тітіркенуі (глоссалгия), сілекей бездері мен олардың шығаратын түтіктерінің аурулары

Жедел инфекциялық аурулар, токсико-аллергиялық реакция (жедел герпетикалық стоматит, көп түрлі экссудативті эритема)

Гигиеналық күтімінің нашарлығы, ауыз қуысындағы өліеттенген процесстер (Венсан стоматиті), ісіктің ыдырауы кезінде, уремия, диабет және т.б.

Аурудың симптомсыз жүруінен ауыздағы патологиялық өзгерістерді кездейсоқ қарау кезінде байқайды

Анамнез

жынысы,жасы

ауырған және қосарласқан аурулары

кәсіптік зияндылықтар

зиянды әдеттер

аллергологиялық статус

тұқымқуалаушылық

Кейбір аурулардың дамуы белгілі бір жасқа байланысты (Венсанның ойық-жаралы өліеттенген гингивиті жас ер адамдарда жиі кездеседі, жедел ұшықты стоматит-балаларда, жалпақ теміреткі және глоссалгия- климакс кезеңіндегі әйелдерде)

Асқазан-ішек жолы аурулары

Эндокринді аурулар (қант диабеті)

Қан аурулары (лейкоз,анемия, полицитемия)

АИВ – инфекциясы

Жүрек-қан тамырлары аурулары

Мұнай өндіретін химиялық өнеркәсіптің, бояу лак өндіретін өндірістер мен басқаларының жұмысшылары, ауыл шаруашылық химиясының жұмысшылары (пестицидтермен жұмыс істеу)

Радиоактивті заттармен, ауыл металлдармен, химиялық реактивтермен жанасу

Көшедегі,даладағы жұмысшылар

Шылым шегу, алкоголь ішу, наркотикалық заттарды шайнау

Тамақ өнімдеріне, тұрмыстық химиялық заттарға аллергия

Осындай аурудың туысқандарында болуы

Ауыз қуысы шырышты қабық патологиясына бейім (глосситтер, гиповитаминоздар) және оған қосарласатындар

Пародонтиттің, кандидоздың, жалпақ теміреткенің пайда болуына мүмкіндік жасайды

Ауыз қуысында көріністері бар (шырышты қабығының түрі өзгереді,ойық жаралы-өліеттенген процесстер)

Ауыз қуысында көріністері бар (шашты лейкоплакия, кандидоз, ұшық, ойық-жаралы некрозды пародонтит)

Ауыз қуысында шырышты қабық ауруларының пайда болуына бейім(көпіршік тамырлы синдромы, трофикалық жара)

Канцерогенді заттар мен жанасу рак алды ауруы ауруларын қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етеді

Сәулелік аурудың пайда болуы мүмкін. Ауыр металлдардың тұздары– қорғасынмен,висмутпен, сынаппен улану ойық жаралы – некрозды процесстерді тудырады; химиялық реактивтермен жанасқанда тері, шырышты қабық тітіркенеді

Жоғары инсоляция(күн сәулесі түсу),жел ракалды ауруларының пайда болуына бейімдейді(актиникалық,метеоро-логиялық хейлит)немесе созылмалы аурулардың қайталауын қоздырады(созылмалы ұшық,еріннің созылмалы жарығы)

Ауыз қуысында ракалды жағдайдың пайда болуына мүмкіндік жасайды (лейкоплакия)

Аллергологиялық статусы ауыр науқастарда болады және әртүрлі аллергиялық аурулар ауыр түрде өтеді (аллергиялық жанасқан стоматит, актиникалық хейлит және басқалары )

Тұқымдарының осы ауруға бейімділігі (макроглоссит, экзематозды хейлит)

Осы аурудың дамуы

Бастапқы симптомдар

Аурудың қашан басталғаны

Аурудың болуы мүмкін себептері

Қайталау жиілігі жыл мезгілімен байланысты

Алдында жүргізген емнің нәтижесі

Продромальдық кезең болуы мүмкін

Аурудың ауырлығына,ағымына, асқынулардың пайда болуына, емдеу әдістерін таңдауға әсері

Кейде аурудың тікелей себебін атауға болады (жарақаттаушы факторлар)

Аурудың ауыр ағымын анықтайды, диагностикаға көмектеседі (актиникалық хейлит)

Оптимальды емдеу әдісі мен дәрі-дәрмектерді таңдауға мүмкіндік етеді.

Қарау

сыртқы қарау

тері

жамылғысының, еріннің қызыл жиегінің, көздің, мұрынның көрінетін шырышты қабығының жағдайы

регионарлы лимфа түйіндерінің жағдайы

үштармақты нерв шығатын орындарын тексеру

Түсі

Терідегі зақымдау элементтері

Мұрынның, конъюктиваның шырышты қабықтарының зақымдану элементтері

Өлшемі

Тығыздығы

Ауырсынуы

Қоршалған тіндермен бітісуі

Пальпация кезінде ауырсынуы

Организмнің жалпы жағдайы бұзылғанда терінің және шырышты қабығының түсі өзгеруі мүмкін,(қан ауруы,гепатит,Аддисон ауруы және басқалары)

Жалпақ теміреткі,қызыл жегі, күлдіреуік, көп түрлі экссудативті эритема, вирусты зақымдану және басқалары

Көп түрлі экссудативті эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, вирусты зақымдану, Бехчет синдромы

Мерезде, ракта, ауыз қуысының жедел қабынулы жағдайларында ұлғаюы

Мерезде тығыз эластикалық консистенция

Жедел қабыну процесстерінде ауырсынуы, ракта, мерезде ауырсыну болмайды.

Ракта

Үштармақты нерв тармағының невриті

Ауыз қуысын қарау

ауыз қуысының кіреберісін және меншікті ауыз қуысын қарау

Зақымдау элементтерін зерттеу

сілекей бездерінің шығару қызметін тексеру

тіс қатарын қарау

Түсі

Ылғалдануы

Зақымдау элементтері, олардың орналасуы

Саны, пішіні, өлшемі, келбеті

Пальпация

Қыру

Никольский симптомы

Сілекей бездерін пальпациялау (құлақмаңы, төменгі жақ асты, тіл асты)

Тіс қатарының жағдайы, тістесу түрі, ортопедиялық, ортодонтиялық конструкциялардың жағдайы, бары немесе жоғы

Тіс түзілістері

Организмнің жалпы жағдайын көрсетеді: қан ауруларындағы бозғылт түс, бауыр ауруларында сарғайып кету, полицитемияда шие тәрізді түс

Кандидозда, Шегрен синдромында, атропин, аэрон қабылдағанда құрғайды, жедел герпетикалық стоматитте, аусылда – гиперсаливация

Ауыз қуысындағы шырышты қабығының әр түрлі бөлігіндегі біріншілік және екіншілік морфологиялық элементтер

Мономорфизмді немесе полиморфизмді (табиғи, жалған) бөртуі

Элементтердің аурушаңдығы мен тығыздығы

Зақымдау элементі қырғанда алынбауы мүмкін (түйін, білем) немесе алынады (қақ, қабық, қабыршық)

Вульгарлы кулдіреуікшеде зақымдау элементіне жақын көзге сау көрінетін ауыз қуысы шырышты қабығы қабаттарының сыдырылуы

Сілекейдің көп бөлінуі, сілекей бездері сөлінің болмауы, оның түрінің, консистенциясының өзгеруі, іріңнің, иістің пайда болуы

Жарақаттаушы факторлардың болуы мүмкін

Тістердің қанағаттанарлық емес гигиеналық жағдайы ауыз қуысы шырышты қабық ауруларын ауырлатады

Қосымша тексеру әдістері

цитологиялық зерттеу

бактериоскопиялық зерттеу

қанның жалпы клиникалық анализі

қанның биохимиялық анализі

гистологиялық зерттеу

аллергологиялық зерттеу

in vivo

in vitro

Иммунологиялық зерттеу

Серологиялық зерттеу

Люминесцентті зерттеу

Рентгенологиялық зерттеу

Мамандар кеңесі

Эрозияның, ойық-жараның бетінен із немесе қырынды алу

Ауыз қуысы шырышты қабық бетіндегі қақтың қырындысы (боялған препарат)

Қараңғы алаңды микроскопия

Эритроциттер саны

Лейкоциттер саны, лейкоцитарлық формула

Түстік көрсеткіш

ЭШЖ

Глюкозаның мөлшері

Биопсия

Тері-аллергиялық сынама

Терілік аппликациялы және скаИФРикациялы сынамалар

Лейкоциттер миграциясының тежелу реакциясы, бласты трансформация реакциясы,лейкоцитолиз реакциясы, ммунофлюоресценцияның (ИФР) тік және тік емес реакциялары

Қаннан Т-лимфоциттерді, Т-хелперлерді,Т-cупрессорларды, В-лимфоциттерді және басқаларын анықтау

Лизоцим, В-лизин, иммуноглобулиндер құрамын білу үшін сілекейді зерттеу

Вассерман реакциясы, бозғылт трепонеманы иммобилизациялау реакциясы, ИФР, микроорганизмдерге, вирусқа антитела титрін анықтау реакциясы

Вуд сәулесімен жарықтандыру

Ауыз ішілік рентгенограмма, ауыз сыртынан (панорамды, ортопантомография)

Гастроэнтеролог, эндокринолог, аллерголог және басқалары

Рак, туберкулез, күлдіреуікше ауруларында жасушалар құрамынан спецификалық өзгерістерді анықтайды.

Зақымдалған шырышты қабықтан микрофлора табады

Мерездің қоздырғышы-бозғылт трепонеманы табады

Анемияда азайып, полицитемияда көбейеді

Организмде қабыну процесін(лейкоцитоз), қан ауруларын (лейкоз, агрогранулоцитоз) анықтайды

Пернициозды анемияда жоғары (бірден артық), анемияның басқа түрлерінде (темір тапшылықты анемия) төмен

Әртүрлі ауыру кезінде көтеріледі (қабыну, ісіктері)

Қант диабетіне күдіктенгенде

Диагнозды нақтылау үшін қолданылады

Созылмалы қайталанбалы афтозды стоматитте, көптүрлі экссудативті эритема және басқаларында бактериальды аллергияны диагностикалау үшін қолданады.

Аллергиялық статусты диагностикалау үшін әртүрлі аллергендермен жүргізеді.

Себепті-маңызды аллергендерді анықтау үшін әртүрлі аллергендермен жүргізеді.

Жалпы (жүйелі) иммунитетті бағалау үшін

Ауыз қуысындағы жергілікті иммунитетті бағалау үшін

Мерезді, ЖИТС-ын, инфекциялы-алллергиялық ауруларды диагностикалау үшін қолданады

Қызыл жегіні, лейкоплакияны, жалпақ теміреткіні диагностикалау үшін қолданады

Бактериальды аллергия мен сырқат науқастардан одонтогенді инфекция ошағын табу

Көрсеткіш бойынша

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

35 жастағы науқас жалпы жайсыздыққа, дене температурасының 38,2 С –дейін көтрілуіне, қызыл иектің ауыруына шағымданады.Қызыл иек қыры некроздалған, ауыз қуысының шырышты қабығында нүктелі қан құйылу көрінеді.

Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз?

КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

20 жастағы науқас әйел клиникаға кенеттен ерінінің ісінуіне, ауыруына, қызаруына шағымданып түскен. Жоғарғы және төменгі ерін қызыл жиектері ісінген, қан кернеген, ұсақ эрозиялар, қабыршықтар анықталады. Ісіну мен қан кернеу ерін маңайындағы теріге таралады.

Диагнозды нақтылау үшін қандай негізгі және қосымша тексеру әдістері көмектеседі?

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

  1. Тері жамылғысының сыртқы түрін анықтайтын тексеру әдістері:

  1. негізгі;

  2. қосымша.

  1. Бактериоскопиялық зерттеу әдісі жататын тексеру әдістері:

  1. негізгі;

  2. қосымша.

  1. Никольский симптомы жататын зерттеу әдістері

  1. қосымша;

  2. негізгі.

  1. Регионарлы лимфа түйіндерін тексергенде олардан анықтау қажет:

  1. тығыздығын;

  2. қан кернегенін;

  3. көлемін;

  4. абсцесстелгенін.

  1. Осы аурудың дамуын науқастан сұраған кезде назар аударатыны:

  1. тұқым қуалаушылық;

  2. аурудың қашан басталғаны;

  3. бастапқы белгілері;

  4. басынан өткерген және қосарласқан ауруларына;

  5. жүргізілген емнің нәтижесіне.

  1. Ашық ауада жұмыс істейтіндердің кәсіптік ауруларының байланысы бар патологиялар:

  1. ауыз қуысының шырышты қабығының патологиясы;

  2. еріннің қызыл жиегінің патологиясы;

  3. бет терісінің патологиясы.

  1. Шылым шегетіндерден сұрау кезінде көңіл аудару қажет:

  1. жақсы көретін сигаретінің маркасына ;

  2. бір күнде тартатын сигаретінің санына;

  3. зиянды әдетінің ұзақтығына.

  1. Ауыз қуысы шырышты қабығы мен теріні тексеру қажет төмендегі аурудың диагностикасы үшін:

  1. лейкоплакияның ;

  2. боуэн ауруының;

  3. мерездің;

  4. көп түрлі экссудативті эритеманың.

  1. АИВ-инфекциясына күдіктенгенде соңғы диагнозды қою үшін қолданылатын шешуші зерттеу әдісі:

  1. гистологиялық;

  2. аллергологиялық;

  3. серологиялық;

  4. биохимиялық.

  1. Қатерлі ісікке күдіктенгенде жақтың альвеолярлы өсіндісінің шырышты қабығына жүргізілетін тексеру:

  1. серологиялық және биохимиялық;

  2. биохимиялық және рентгенологиялық;

  3. рентгенологиялық және цитологиялық.

  1. Рак ойық жарасының салыстырмалы диагностикасында шешуші орын алатыны:

  1. анализ жинау;

  2. ауыз қуысын қарау;

  3. цитологиялық зерттеу нәтижесі;

  4. рентгенологиялық зертеу нәтижесі.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ

1-1.2-2.3-1.4-1,2,4,5.5-2,3,5.6-2,3.7-2,3.8-3,4.9-3.10-3.11-3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]