Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өлшеу тех.студ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

11.1 Сур. Кондуктометрлік лшеу схемасы

Бұл аспаптардың сезімтал элементі - өлшеу көзі екі электродтан тұрады, олар анализденетін ерітінді де бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасады. Ұяшықтың қозғалысы ерітіндінің электроөткізгіштігін көрсетеді. Электродтардың S көлемінде, L электрод пен ерітінді электроөткізгіштігі б өлшеу ұяшығының қозғалысы

R = L/бS =K/б

Потенциометриялық анализаторлар.

Бұл аспаптардың көмегімен ерітіндідегі концентрация да сутек иондарының барлық өзгерістері – қышқылдан сілтілі ортаға дейін әр түрлі заттардың иондары сондай-ақ кез-келген ортаның қышқылды қалыпты потенциалдары өлшенеді. өлшеуіш ретінде кең таралған әйнек және электродтар, көмекші ретінде – хлоркүмісті каломелді.

Оптикалық анализаторлар.

Бұл аспаптар спектральді анализаторлар класына жатады, оларда өлшеу аппаратының шығыстық сигналы анализденетін сұйықтың сәулеленумен әрекеттесуіне байланысты немесе анализденетін сұйықтың шашырау қасиетіне байланысты. Оптикалық аспаптарда тәртіп бойынша оптикалық көлемдерді өлшеу үшін әр түрлі фотоэлектрлі аспаптар қолданылады.

Рефрактометриялық әдіс күн сәулесінің бір ортадан екіншіге ауысқандағы сыну көрсеткішіне байланысты. Автоматты рефрактометрде дифференциалды өлшеу кюветасы қолданылады.Сіуле ағыны бағыттан коллимотордан өтнді, екі бөліктен тұрады: біреуі эталонды сұйықпен толтырылған, ал екіншісінен анализденетін ерітінді ағады. Өлшеу кюветасынан өтіп, сәуле ағыны дифференциалды фотоқабылдағышқа түседі, ол екі бірдей фоторезистордан тұрады. Электронды күшейткішке берілетін сигнал нөлге тең. Анализденетін сұйықтың концентраіиясын өлшеу барысында оның сыну коэффициенті және күн сәулесі жоғары немесе төмен қашады, нәтижесіндефотоқабылдағыш бөліктерінің жарығы өзгереді. Нәтижесінде күшейткіш кірісінде сигнал пайда болады да, ол реверсивті электродвигательге беріледі. Бір мезгілде стрелкалар қойылады.Тағам өндірісінде сондай- ақ белгілі және кең қолданылатын сұйықтардың оптикалық анализаторлары: колориметриялық, поляризационды, нефелометриялық, турбидиметриялық және т. б.

Газ құрамын өлшеу.

Тамақ өндірісіндегазоанализаторлары әр түрлі жағылатын газдар түріне қолданылады, наубайхана және кептіру камераларында газды орта құрамын бақылау үшін, ортаның диоксид концентрацияларын көміртек диоксид және басқа газдарды, шараптың технологиялық процестерінде, қант өндірісінде және басқаларда.

Механикалық газоанализаторлар. Бұл топқа мынадай аспаптар жатады, яғни әр түрлі химиялық реакцияларда қолданған және олармен кқлемі өзгеруіне байланысты немесе газды қоспадағы анализденетін қысымға байланыстылар.

Жылулық газоанализаторлар. Бұл типтегі газоанализаторларда талданатын газды қоспалардың жылуөткізгіштігінің өлшейді, ол белгілі сорттары эталон қоспасының жылуөткізгіштігімен салыстырылады. Егер анализденетін және эталонды газдардың жылуөткізгіштігі бірдей болса, онда бірдей жағдайда қыздырылатын резисторлар бірдей температурада және қозғалыста болады. Егер анализденетін газда қоспа жылуөткізгіштен шықса, көпір теңдігі бұзылады және оның диагоналінде U- дің қосылуы пайда болады.

Оптикалық газоанализаторлар. Бұл қондырғылар үлкен топтағы әр түрлі аспаптар құрамына кіреді, анализденетін газды қоспасының оптикалық өлшеу қасиетіне негізделген.

11-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Олардың жұмыс істеу принципі анализденетін ерітінділердің электр өткізгіштігін өлшеуге негізделген.

*1. Кондуктометриялық аспаптар

2. Механикалық газоанализаторлар

3. Жылулық газоанализаторлар

4. Оптикалық газоанализаторлар

5. Потенциометриялық анализаторлар

2. Бұл аспаптар спектральді анализаторлар класына жатады, оларда өлшеу аппаратының шығыстық сигналы анализденетін сұйықтың сәулеленумен әрекеттесуіне байланысты немесе анализденетін сұйықтың шашырау қасиетіне байланысты.

1. Кондуктометриялық аспаптар

2. Механикалық газоанализаторлар

3. Жылулық газоанализаторлар

*4. Оптикалық газоанализаторлар

5. Потенциометриялық анализаторлар

3. Бұл топқа мынадай аспаптар жатады, яғни әр түрлі химиялық реакцияларда қолданған және олармен кқлемі өзгеруіне байланысты немесе газды қоспадағы анализденетін қысымға байланыстылар.

1. Кондуктометриялық аспаптар

*2. Механикалық газоанализаторлар

3. Жылулық газоанализаторлар

4. Оптикалық газоанализаторлар

5. Потенциометриялық анализаторлар

4. Бұл типтегі газоанализаторларда талданатын газды қоспалардың жылуөткізгіштігінің өлшейді, ол белгілі сорттары эталон қоспасының жылуөткізгіштігімен салыстырылады.

1. Кондуктометриялық аспаптар

2. Механикалық газоанализаторлар

*3. Жылулық газоанализаторлар

4. Оптикалық газоанализаторлар

5. Потенциометриялық анализаторлар

5. Бұл қондырғылар үлкен топтағы әр түрлі аспаптар құрамына кіреді, анализденетін газды қоспасының оптикалық өлшеу қасиетіне негізделген.

1. Кондуктометриялық аспаптар

2. Механикалық газоанализаторлар

3. Жылулық газоанализаторлар

*4. Оптикалық газоанализаторлар

5. Потенциометриялық анализаторлар

12-ДӘРІС

АВТОМАТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢТ ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Қ

12.1-сурет. Ақпаратты аналогтық түрде беруші өлшеу жүйесі

арапайым автоматты өлшеу құралдарының структуралық схемасы 5.1-суретте келтірілген. Өлшенетін физикалық шамалар өлшеу түрлендіргіші ИП арқылы қабылданады. Өлшеу түрлендіргіштерінің шығыстық сигналы коммутатор Км арқылы кезекпен бергіш түрлендіргішіне (шығыстық түрлендіргіш) ВП түседі. Шығыстық түрлендіргіштің шығысы байланыс каналымент КС жалғасқан. Ақпараттық сигнал байланыс каналы арқылы қабылдау түрлендіргішіне ПП түсіп, одан әрі сигналдарды аналогтық өңдеу құрылғысына өтіп, сигнал күшейтіледі.Өңделген сигнал аналогтық-цифрлік түрлендіргіште АЦП аналогтық сигнал цифрлік түрге түрленеді. Цифрлік сигнал ары қарай өлшеу нәтижесінің индикаторына ИР беріледі. Өлшеу нәтижесін бағалау және басқару шешімдерін оператор жүзеге асырады. Бұл жүйе ақпараттарды жинақтау және оларды тіркеу функцияларын ғана орындайды. Блоктардың орналасу тәртібіне қарай, бұл жүйенің бірнеше модификациясы кездеседі. Мысалға, кейбір жүйелерде АЦП коммутатордан Км кейін орналасуы мүмкін, бұл жағдайда байланыс каналына КС тікелей цифрлік ақпарат беріліп, ақпараттардың бөгелуге қарсы тұру қабілеттілігі күшейеді. Қазіргі таңдағы интегралдық технология әрбір өлшеу түрлендіргіштері ИП мен АЦП-і конструктивтік түрде буртұтас қондырғы қылып жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйенің ерекшелігі аналогтық сигналдарды коммутациялау операциясының қажетсіз екендігіне, яғни цифрлік ақпарат байланыс каналына тікелей беріледі. (12.2-сурет)

12.2-сурет. Ақпараттарды цифрлік түрде беруші өлшеу жүйесі

12.3-сурет. Құрамында ЭЕМ бар радиалды интерфейсті жүйесінің структуралық схемасы

Қабылдау бөлімі жағында орналасқан цифрлік өңдеу қабырғасы УЦО келіп түскн ақпараттарды одан әрі өңдеуге арналған. Өлшеу процессін басқару үшін, белгілі бір құрылған алгоритм бойынша істейтін логикалық басқарушы құрылғы (жүйелік немесе аспаптық контроллер) қолданылады. Контролердің функциясына параметрлерді өлшеу тактісінің ұзақтығын тағайындау, коммутаторды ажыратып - қосу, тіркеу және өлшеу нәтижелерін цифрлік өңдеу процесстері кіреді. Қазіргі кезде микропроцессорлық контроллердің ерекшелігі, өлшеу жүйесі жұмысының алгоритмін өзгертіп отыруға мүмкіншілік туғызады. Контроллердің орнына қазіргі кезде электрондық есептеу машиналары да қолданылады. 12.3 – суретте құрамында есептеу машинасы ЭВМ бер жүйенің структуралық схемасы келтірілген. Өлшеу аспаптарынан есептеу машинасына ақпараттар арнайы басқарушы программа арқылы беріліп отырады.

Ж

12.4 – сурет. Нәтижені беру каналының құрылымы (магистралдық интерфейс)

оғарыдағы құрылымдық схеманың кемшілігі, жүйе құрамына көптеген өлшеу аспаптары кірген жағдайда, олардың әрқайсысына арнайы интерфейс қажет болады, сол себептен ЭЕМ кірістік құрылғыларының саны күрт көбейіп кетеді. Бұл жағдай өз кезегінде ЭЕМ – мен сыртқы құрылғылардың арасындағы байланысты қиындатады және де жүйенің структуралық схемасын күрделі етіп жібереді. Бұл кемшілікті жою үшін сыртқы өлшеу аспаптарымен байланыс структурасы магистралдық түрде болып келеді (12.4-сурет).

Бұл каналда ақпараттармен алмасу асинхрондық принциппен жүреді. Нәтижені беру каналына қосылған әрбір құрылғы төмендегі үш функцияның кез-келгенін атқара алады: ақпараттарды беруші құрылғы, ақпараттарды қабылдаушы құрылғы, ақпараттарды қабылдаушы құрылғы немесе басқарушы құрылғы (контроллер). Мұндай структуралы жүйенің артықшылығы, аспаптар мен құралдардың аз мөлшерде қажеттілігі және түрлі функцияны атқарушы жүйені құруға мүмкіншілік туады.

Жалпы жағдайда нәтижелерді беру каналы келесі жабдықтардан тұрады:

Жүйелік контроллер, жүйенің жеке элементтерінің жұмысын ұйымдастырып, қадағалау функциясын атқарады.

Байланыс желісінің жүйесі, басқару және өлшеу ақпараттары беріліп отырады.

А

12.5 – сурет. Құрамында микропроцессоры бар өлшеу жүйесінің структуралық схемасы

лмасудың интерфейстік схемасы (ИСО), өлшеу аспаптары мен түрлендіргіштерін ИП жүйелік байланыс каналымен түйістіреді.

Ақпараттарды микропроцессорлық өңдеуге және басқаруға негізделген өлшеу жүйесінің жалпылама структуралық схемасы 12.5-суретте келтірілген.

Өлшеу жүйесінде аналогтық өлшеу ақпараттарын жинақтау, оны цифрлік кодқа алмастыру, түрлі түрлендіру процестері және тіркеу процестері жүзеге асады. Жүйе құрамына аналогтық өлшеу жүйешесі ПИП, операциондық жүйешесі ОП және ақпараттарды енгізу және шығару жүйешесі ПВВ кіреді.

Автоматты өлшеу аспабында өлшенетін физикалық шама Xi алғашқы өлшеу түрлендіргіші ПИП көмегімен аналогтық сигналға Yi алғашқы өлшеу түрленеді. Түрленген сигнал өлшеу тізбегіне ИЦ беріледі. Өлшеу тізбегінің ИЦ құрамына аналогтық коммутатор, көпірлік схемалар, күшейткіштер, фильтрлер, дедекторлар т.с.с. жабдықтар енеді. Өлшеу тізбегінің шығыстық сигналы унификацияланған болып келеді де, ары қарай шығыстық аналогты-цифрлі түрлендіргішке АЦП түседі. Ақпараттар АЦП арқылы алмасудың жүйелік каналына беріледі.

Операциондық жүйеше ОП АЦП түрлендіргішінен түскен ақпараттарды өңдеп, өлшенетін физикалық шаманың xi сандық мәнін анықтайды. Операциондық жүйешесінің міндетіне жүйе элементтерінің жұмысын үйлестіру және басқару ықпалын тудыру функциялары да кіреді. Операциондық түрлендіргіштің орнына кей жағдайларда есептеу машиналары да қолданылады.

12.6 – суретте операциондық түрлендіру жұйешесінің орнына интегралдық схемада орындалған микропроцессорлық комплект МПК БИС енгізілген өлшеу жүйесінің структуралық схемасы

12.6 Сурет Операциондық жүйені микропроцессорлық комплектімен алмастыру

келтірілген. Ақпараттар ағыны А операциондық жүйеге кірістік интерфейс ВХИ арқылы беріледі. Интерфейсте кірістік код деңгей бойынша және формат бойынша қалыпқа келтіріледі. Операциондық жүйедегі кірістік ақпараттық ағынның А өңделу алгоритмін үйлестіретін және басқаратын құрылғы жергілікті басқару құрылғысы УМУ болып табылады. Жергілікті басқару құрылғысында операциондық жүйенің жұмыс істеу программасы сақталған. Ақпараттарды арифметикалық-логикалық өңдеу процессі микропроцессорда МП іске асырады. Өңдеу нәтижесі оперативтік есте сақтау құрылғысына ОЗУ түседі немесе шығыстық интерфейс арқылы ВыхИ операциондық жүйеден сыртқы тізбекке жіберіледі (В-ағыны). Операциондық жүйе жұмысын және оның жеке элементтерінің жұмыстарын синхронды түрде жүзеге асырушы құрылғы синхрогенератор СГ болып табылады. Микропроцессор, кірістік және шығыстық интерфейстер орталық процессорды ЦП құрайды.

Жоғарыда келтірілген өлшеу жүйелернде түрлі құрылғылардың өзара сәйкестендіру міндетін интерфейстік алмасу схемасы атқарады, сол себебтен интерфейсті дұрыс ұйымдастырудан өлшеу жүйесінің тиімділігі артады.

12-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Нәтижені беру каналына қосылған әрбір құрылғы төмендегі үш функцияның кез-келгенін атқара алады:, , немесе.

1. ақпараттарды беруші құрылғы

2. ақпараттарды қабылдаушы құрылғы

3. басқарушы құрылғы (контроллер)

*4. барлық нұсқа дұрыс

2. Жалпы жағдайда нәтижелерді беру каналы келесі жабдықтардан тұрады:

1. жүйелік контроллер,

2. жүйенің жеке элементтерінің жұмысын ұйымдастыру,

3. қадағалау функциясын атқарады.

*4. барлық нұсқа дұрыс

3. Алмасудың интерфейстік схемасы (ИСО), өлшеу аспаптары мен түрлендіргіштерін ИП немен түйістіреді?

*1. жүйелік байланыс каналымен

2. кірістік каналымен

3. шығыстық каналымен

4. аралық каналымен

4. Операциондық жүйеше ОП АЦП түрлендіргішінен түскен ақпараттарды өңдеп, өлшенетін физикалық шаманың xi несін анықтайды?

*1. сандық мәнін

2. шамасын

3. деңгейін

4. түрін

5. Қандай жүйешесінің міндетіне жүйе элементтерінің жұмысын үйлестіру және басқару ықпалын тудыру функциялары да кіреді?

1. каналдық

*2. операциондық

3. күшейткіштік

4. аралық

13-ДӘРІС

АВТОМАТТЫ БАҚЫЛАУ

Бақылау кезінде бақыланатын объектінің күйінің алдын-ала берілген нормаға сәйкестік дәрежесі тексеріледі.

Автоматты бақылау жүйесі (САК) көптеген шамаларды бақылауға және ақпараттарды өңдеуді қамтамасыз етеді де технологиялық процесстердің автоматтандырылғын басқару жүйелерінде қолданылады. Өлшеу және бақылау процесстерді өзара байланысты физикалық шамаларды өлшеу кезінде олардың сандық мәндері алынады, ал сол сандық мәндер арқылы объектінің нақты күйін бағалап, қажет кезінде түрлі алдын орау шаралары қарастырылады. Ал бақылау процессі кезінде объектінің тағайындалған техникалық талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Бақылау кезінде негізінен е

13.1 – сурет. Автоматты бақылау жүйесінің құрылмдық схемасы

кі операция орындалады (ГОСТ16504-81):

Қайсыбір объектінің нақты күйі туралы ақпарат алу (алғашқы ақпарат).

Алынған алғашқы ақпаратты алдын-ала берілген талаптармен, нормалармен, критерийлермен салыстыру (екінші ақпаратты алу). Бақыланатын параметрдің тағайындалған шекаралық аймағын норма деп аталады. Соныменен, бақылау кезінде физикалық параметр тағайындалған нормамен салыстырады, нәтижесінде объектінің сапалық сипаттамалары туралы мағлұмат алынады, ол өлшеу кезінде физикалық параметр өлшеу бірлігімен салыстырылып, параметрдің сандық мәні табылады.

Бақылау операциясымен қатар кей жағдайларда техникалық диагностика да қолданылады. Техникалық диагностика кезінде бақылау объектісі тағайындалған нормаға сәйкес немесе сәйкес емес деген тұжерыммен қатар, объектінің қалыпты жұмыс режимін бұзушы түрлі себебтер анықталады.

Бақылау операциясы адамдардың көмегімен немесе автоматты түрде өткізілуі мүмкін. Автоматты бақылау жүйесінің жалпылама құрылымдық схемасының құрамына өлшеу түрленгіштері, бақыланатын параметрлерді нормамен салыстырушы құрылғы, және де бақылау, басқару нәтижелерін беру құрылғылары кіреді. Жүйедегі өңделетін, алынатын ақпараттардың барлығы да аналогтық немесе цифрлік формада жүргізілуі мүмкін. 13.1 – суретте автоматты бақылау жүйесінің құрылымдық схемасыныңң бір варианты келтірілген. Схема құрамына бірнеше жүйешелер кіреді: 1- коммутация және байланыс жұйешесі, 2 - өлшеу түрленгіштері және сынақ генераторлары, 3 -– сәйкестендіру жүйешесі, 4 - операциондық жүйешесі, 5 - ақпараттарды енгізу, шығару құрылғысы. Құрылымдық схемада түрлендіру операциясы бірнеше сатыдан өтеді, бақыланатын параметрлер унификацияланған электрлік сигналға түрленіп, ЭЕМ – да өңдеу операциялары орындалады.

Кей жағдайларда бақыланатын параметрлерді объектінің жұмыссыздық күйінде тексеру қажет болады, мысалы ұшақтың жерде тұрған кезінде. Тексеру үшін объекті элементтеріне әдейіленген сынақ сигналдары беріліп, сол сигналдарға бақыланатын элементтерді реакциясы зерттеліп, талданады.

Төменде автоматты бақылау жүйесіне кіретін жүйешелердің атқаратын функциялары қарастырылған. Коммутация және байланыс жүйешесі бақыланатын объектіні тікелей автоматты бақылау жүйесіне қосады. Екі арадағы байланыста сым немесе кабельдік желілерді немесе жоғарғы жиіліктегі радиоканалдарды қолданады.

Өлшеу, түрлендіру жүйешелері және сынақ генераторы – түрлі физикалық шамаларды түрлендіргіш құралдары енеді. Түрлендіру нәтижесі унификацияланған сигналдар түрінде беріледі. Сонымен қатар сынақ сигналдарын беруші сынақ генераторы кіреді.

Сәйкестендіру түрлендіргіштері – унификацияланған аналогтық сигналдарды кодқа түрлендіргіштерден және кері код-аналог түрлендіргіштерінен тұрады. Бұл сигналдар сынақ ықпалдарын туғызу кезінде қолданылады.

Операциондық жүйешесіне микропроцессорлық жүйеде орындалған, арнайы электрондық есептеу машинасы кіреді.

Ақпараттарды енгізу, шығару жүйешесіне операторды бақылау жүйесімен байланыстырушы құрылғылар (басқару пульті, дисплей,т.с.с.), ақпараттарды тіркеу құралдары, сыртқы есте сақтау құрылғысы және де түрлі басқару программаларды енгізу құрылғылары кіреді.

Қазіргі кезде автоматты бақылау жүйесі 40-500-ге дейін түрлі бақылау параметрлерімен жұмыс істей алады. Ақпараттар ағынын азайту үшін және сенімділікті жоғарлату үшін, әрбір бақыланатын объект өзіне тиесілі бақылау жүйешелерімен қамтамасыз етіледі.

13-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Көптеген шамаларды бақылауға және ақпараттарды өңдеуді қамтамасыз етеді де технологиялық процесстердің автоматтандырылғын басқару жүйелерінде не қолданылады?

1. автоматты реттеу жүйесі

*2. автоматты бақылау жүйесі

3. автоматты басқару құрылғысы

4. автоматты реттеу аспабы

2. Бақылау кезінде физикалық параметр тағайындалған нормамен салыстырады, нәтижесінде:

1. объектінің сапалық сипаттамалары туралы мағлұмат алынады

2. ол өлшеу кезінде физикалық параметр өлшеу бірлігімен салыстырылады

3. параметрдің сандық мәні табылады

*4. барлық нұсқа дұрыс

3. Автоматты бақылау жүйесінің жалпылама құрылымдық схемасының құрамына не кіреді.?

1. өлшеу түрленгіштері

2. бақыланатын параметрлерді нормамен салыстырушы құрылғы

3. бақылау, басқару нәтижелерін беру құрылғылары

*4. барлық нұсқа дұрыс

4. Коммутация және байланыс жүйешесі бақыланатын объектіні тікелей қайда қосады?

*1. автоматты бақылау жүйесіне

2. автоматты реттеу жүйесіне

3. автоматты басқару құрылғысына

4. автоматты реттеу аспабына

14-ДӘРІС

АНАЛОГТЫҚ-ЦИФРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛІК-АНАЛОГТЫҚ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Аналогтық аспаптармен салыстырғанда келесі операциялар міндетті түрде орындалады: өлшенетін шамаларды деңгей бойынша кванттау; өлшенетін шамалардың уақыт бойынша дискреттеу; ақпараттарды кодтау.

Цифрлік өлшеу аспаптары деп, өлшеу ақпараттарының автоматты түрде дискретті сигналдарға көшіретін және нәтижелерді цифрлік түрде көрсететін аспаптарды айтады.

Өлшеу ақпараттарын код түрінде бейнелеу, ақпараттарды сақтау мерзімін ұзартады, кез келген байланыс каналы арқылы байланыс каналы арқылы ақпараттарды өзгеріссіз жіберуге мүмкіндік тудырады, ақпараттардың түрлі бөгеуілдерге қарсы тұру қабілеттілі жоғарлайды, ЭЕМ-да ақпараттарды өңдеуге мүмкіншілік тудырады, аспаптардың жылдамдығы жоғарлайды және де өлшеу процесстерін автоматтандыру процессін жеңілдетеді.

Цифрлік өлшеу аспаптарының құрамына ақпараттарды кодтауда қолданылатын өлшеу түрлендіргіштері кіреді. Кодтау әдетте түрлі санақ жүйелерін қолдану арқылы іске асуы мүмкін. Қазіргі кезде, кодтау кезінде негізінен екілік санақ жүйесі қолданылады. Өлшеу нәтижелері ондық санақ жүйесінде келтірілетіндіктен, өлшеу аспаптарының құрамына екілік санақ жүйесінен ондық санақжүйесіне көшіретін түрлендіргіштер кіреді. Егерде екілік кодттық разрядттары өте көп болған жағдайда, нәтижелерді ыңғайлы түрде көрсету үшін оналтыншы санақ жүйелері де қолданылады.

Кодтық сигналдардың символдарын уақыт бойынша шығару процесстеріне қарай параллель және тізбектелген кодтар болып бөлінеді. Параллель кодттауда барлық разрядтардың күйі туралы ақпарат бір мезетте беріледі. Бұл жағдайда код разрядттармен оларды беретін желі сандары өзара тең болуы қажет. Кодттар символын тізбектегі беруде импульстер тізбегі қолданылады.

1

14.1.- сурет. Цифрлік өлшеу аспабының құрылымдық схемасы. АЦП – аналогтық-цифрлік түрлендіргіш; УУ – басқару құрылғысы; УУП – аспапты басқару құрылғысы; УИ – индикациялау құралы, Пр - түрлендіргіштер

4.1-суретте цифрлік өлшеу аспабының құрылымдық схемасы келтірілген.

Кірістік түрлендіргіште Пр1 аналогтық сигнал бір түрден екінші түрге түрленеді, мысалға кірістік сигналды масштабтау, кернеулерді уақыт интервалына немесе айнымалы (тұрақты) кернеуге түрлендіру т.с.с. Бұл жерде сигналдарды алдын-ала уақыт бойынша дискреттеу процессі де жүруі мүмкін. Аналогтық сигналды кодқа түрлендіру Пр2 түрлендіргішінде іске асады. Егер алынған код одан әрі қолдануға жарамсыз болса, онда Пр3 түрлендіргішінде қосымша түрлендірулер жүргізіледі. Пр3 түрлендіргішінде қосымша түрлендірулер жүргізіледі. Пр3-түрлендіргішінен өткен ақпарат АЦП-нің шығыстық коды болып есептеледі.

Шығыстық код индикациялау құралына ИУ беріледі. АЦП блогының жұмыстарын УУ-құрылғысының сигналы сәйкестендіріп отырады.

Өлшенетін шамалардың түрлеріне қарай, цифрлік өлшеу аспабын вольтметр, жиілік өлшеуіштер (частотометр), фазометр, омметр т.с.с. болып бөлінеді. Қандайда бір интервал уақытында сигналдың орта мәнін өлшейтін аспаптарды интегралдаушы аспаптар деп атайды. Түрлендіру процессін ұйымдастыру тәсіліне қарай, цифрлік өлшеу аспаптары циклдік және қадағалаушы (следящие) аспаптар болып бөлінеді. Циклдік аспаптарда бүкіл түрлендіру процессі өлшенетін шаманың мәніне тәуелсіз, алдын ала құралған программа бойынша жүзеге асады. Бұл аспаптардың көрсетулерін тек белгілі бір тактілерде (индикация уақыты) ғана алуға болады. Қадағалаушы аспаптарда, түрлендірудің келесі этапына көшу, кірісітік сигналдың қандай да бір параметрлерінің өзгерісі нәтижесінде іске асады. Өзгермелі параметрлер ретінде сигнал амплитудасы, периоды, жиілігі т.с.с. қарастырылады.

Аналогтық сигналды цифрлік сигналға түрлендіру уақыт ағымында түрліше тәсілмен жүргізілуі мүмкін (түрлендіру алгоритмі). Бұл тәсілдерге біртіндеп санақ тәсілі (метод последовательного счета), разрядттар бойынша теңгеру тәсілі (метод поразрядного уравновешивания) және бір мезеттегі санақ тәсілі (метод одновременного считывания)

Біртіндеп санау тәсілі. Бұл тәсілдің негізінде өлшенетін шаманы уақыттың әр мәндерінде белгілі бір өлшеммен салыстыру жатыр. Өлшенетін шама мәні келесі интервалға кіреді.

11.2а-суретінде тәсілдің бірінші варианты келтірілген. Кванттық (өлшем) x0 қандайда бір санында n келесі теңдік nx0=xK қандайда бір қателікпен : nxQ + =x* орындалады, мұндағы x* —өлшенетін шаманың мәні, хК - өлшемнің уақыт ағымындағы мәні.

Егер х0 шамасын х – шамасының өлшем бірлігіне тең деп алсақ, онда n – саны өлшенетін шаманың бірлік коды болып есептеледі.

Түрлендіру қателігі алынатын x0 – мәніне тәуелді, себебі кванттау қателігі мынаған тең 0x0.

Б

14.2-сурет. Біртіндеп санақ тәсілі: а-әр қадам бойынша салыстыру; б – разрядтар бойынша салыстыру; в – бір мезетте салыстыру

ұл тәсілдің артықшылығы түрлендіру процессінің қарапайымдылығында және статикалық қателіктің аз мөлшерде болуында, ал кемшілігіне жататыны – түрлендіру уақытының ұзақтығы. Бұл тәсілдің қолдану аймағы – цифрлік тұрақты тоқ вольтметрінде және де тұрақты кернеумен немесе баяу өзгеретін кернеулермен жұмыс істейтін цифрлік аспаптар.

Разряд бойынша теңгеру тәсілінде. (11.2б-суреті) (кодоимпульстік тәсіл) х және хК мәндері алдыңғы тәсілдегідей, уақыттың әр мәндерінде салыстырылып отырады. Бұл жерде алынатын кванттың мәндері х0 өзара тең болмай, әрқилы болып келеді {x0i}. Салыстыру кезінде x0i бір кванттары қосылып немесе ажыратылып отырылады. Бұл тәсілдің артықшылығы, түрлендіру уақыты анағұрлым шапшаңдайды.

Бір мезеттегі санақ тәсілінде (11.2в-сурет) өлшенетін шама мен өлшемнің жиынтығы белгілі бір мезетте салыстырылады. Өлшем жиынтығы белгілі бір ережеге сүйене отырып алынады. Шығыстық кодтың мәні xoi өлшеміне жақын орналасқан мәнді алады. Бір мезетте салыстыру деп, салыстыру процесіне барлық кванттарды {x0i} бір мезгілде қосуды түсіну керек. Бұл тәсіл толығымен параллель тәсіліне жатқызуға болады да, түрлендіру жиілігі өте жоғары 100-200 мГц. Кейінгі кездерде бұл тәсілдердің аралас қолданулары да кездеседі. Қорыта айтсақ АЦП-ің жылдамдығы қолданылатын санақ жүйесіне тәуелсіз, тек түрлендіру алгоритміне байланысты болып келеді.

Ақпараттарды кодтық түрден аналогтық түрге түрлендіруде қолданылатын негізгі жабдықтарға, дәлдігі өте жоғары кедергілер және электрондық кілттер болып табылады. 11.3а-суретте резистрлік матрица негізіндегі, ал 11.3б-суретте R-2R тізбекті матрица негізінде орындалған цифрлік – аналогтық түрлендіргіштердің ЦАП құрылымдық схемалары келтірілген.

Ц

14.3- сурет. Цифрлік-аналогтық түрлендіргіштің құрылымдық схемасы: а – салмақтық резисторлық матрицалы; б - R-2R-тізбекті матрицалы

ифр-аналогтық түрлендіргіштің негізгі сипаттамасы ретінде, олардың түрлендіру разряды N болып табылады. Егер ЦАП N - екілік разрядтты болса6 онда ол кірістік сигналдың 2N түрлі мәндерін алуға мүмкіндік тудырады, ол мүмкіншілігі (разрешающая способность) . Мысалға егер N = 12 және шығыстық кернеудің максималдық мәні (кернеу шкаласы) Uшк = 10 В болса, онда шығыстық кванттың минималдық абсолюттік мәні (абсолютная разрешающая способность)

Цифрлік-аналогтық түрлендіргіштің динамикалық параметрлеріне жататыны шығыстық шамасының тұрақталу уақыты және түрлендіру жиілігінің максималдық мәні. Тұрақталу уақыты tУСТ кірістік кодтты беру уақыты мен алдын-ала берілген қателікті қанағаттандыратындай аналогтық деңгейге шығуға кететін уақыттың аралығындағы интервалмен анықталады. Түрлендірудің максималдық жиілігі fПРб – кірістік кодтың ең жоғарғы берілу жиілігмен сипатталады. Цифрлік-аналогтық түрлендіргіштің негізгі қателіктеріне жататыны: дискретизациялау қателігі xД, кванттау деңгейінен болуынан туындайтын қателік xР, сезімталдық аймағының болуынан туындайтын қателік хч және түрлі бөгеулердің әсерінен туындайтын қателік xп.

xР, хч, xп – қателіктерді аспаптық түрлі кемшіліктерінен туындайды да, саймандық (инструменталдық) қателікке жатады, ал дискреттілік қателік xД - әдістемелік қателікке жатады (кез келген түрлендіргішке тән қателік).

14-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Қандай өлшеу аспаптарын өлшеу ақпараттарының автоматты түрде дискретті сигналдарға көшіретін және нәтижелерді цифрлік түрде көрсететін аспаптарды айтады?

*1. цифрлык

2. аналогты

3. дискретті

4. параметрлі

5. аралық

2. Қандайда бір интервал уақытында сигналдың орта мәнін өлшейтін аспаптарды қандай аспаптар деп атайды?

1. аналогты

*2. интегралдаушы

3. дискретті

4. параметрлі

5. аралық

3. Бұл тәсілдің негізінде өлшенетін шаманы уақыттың әр мәндерінде белгілі бір өлшеммен салыстыру жатыр.

1. Разряд бойынша теңгеру тәсілі

2. Қарапайым теңгеру тәсілі

3. Паралель сынау тәсілі

*4. Біртіндеп санау тәсілі

5. Біріктіріп сынау тәсілі

4. Қандай санақ тәсілінде өлшенетін шама мен өлшемнің жиынтығы белгілі бір мезетте салыстырылады?

1. Разряд бойынша теңгеру тәсілінде

2. Қарапайым теңгеру тәсілінде

3. Паралель сынау тәсілінде

4. Біртіндеп санау тәсілінде

*5. Бір мезеттегі санақ тәсілінде

5. Қандай тәсілде х және хК мәндері алдыңғы тәсілдегідей, уақыттың әр мәндерінде салыстырылып отырады. Бұл жерде алынатын кванттың мәндері х0 өзара тең болмай, әрқилы болып келеді {x0i}. Салыстыру кезінде x0i бір кванттары қосылып немесе ажыратылып отырылады. Бұл тәсілдің артықшылығы, түрлендіру уақыты анағұрлым шапшаңдайды.

*1. Разряд бойынша теңгеру тәсілінде

2. Қарапайым теңгеру тәсілінде

3. Паралель сынау тәсілінде

4. Біртіндеп санау тәсілінде

5. Бір мезеттегі санақ тәсілінде

15-ДӘРІС

ӨЛШЕУ СИГНАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН ЦИФРЛІК АСПАПТАР

Көп жағдайларда цифрлік өлшеу аспаптарында кодталған шамаларға уақыт интервалы, импульстер жиілігі және тұрақты тоқ кернеуі жатады. Өлшеу техникасында, қашықтықтан өлшеу кезінде жиілік, фаза немес импульс ұзақтығы бойынша модуляцияланған синусоидалы және импульстік сигналдар қолданылады. Модуляцияланған сигналдар бөгеуге қарсы тұру қабілеті зор және байланыс каналының ықпалына тәуелсіз болып келеді. Цифрлік аспаптардың ішінде жиілікті өлшеу аспабы және уақыттық интервалдарды өлшеу аспабы кең тараған.

15.1 Сурет Периодты өлшеуге арналған сандық өлшеу аспабы

а- структуралық схема б- уақыттық диаграмма УФ-қалыпқа кел-

тіруші күшейткіш К- кілт, ГИ- импульстер генераторы, Сч-санау-

ыш, УИ- индикациялау құрылғысы

Уақыттық интервалдарды өлшеу аспаптарының негізінде біртіндеп санау тәсілі жатыр, бұлар арқылы гармоникалық немесе импульстік сигналдардың периодын және импульстердің ұзақтығын өлшеуге болады.

Уақыттық интервал TX, сол интервалды толтырушы периоды Т0 тең, жиілігі fо =1/Tо тең импульстік кванттаушы сигналдарды uN(t) санау арқылы анықталады..

15.1а-суретте периодтты өлшеуге арналған цифрлік өлшеу аспабының құрылымдық УФ-ің шығысында периодтты сигнал ұзақтығы TX тең импульстік сигналға ux(t) түрленіп шығады. Импульс ұзақтығы өлшенетін сигналдың периодына тең. Импульс К кілтін іске қосады да импульстер тізбегі счетчикті Сч толтырады. ТХ уақытында счетчик арқылы саналған импульстер саны

Өлшем ретінде үлгі сигналдың периоды Т0, жиілігі f0 алынады. Код счетчиктен цифрлік индикациялау құралына беріледі.

f0 – жиілігінің тұрақтылығы кварцтік импульс генераторды қолдану арқылы жүзеге асады, сол себептен негізгі қателік өлшенетін шаманы TX кванттау кезінде жіберілетін қателік. Егер де tx интервалының бас жағы генератордан келген импульспен беттеспеген жағдайда, кванттау қателігі мынаған тең

Сол себептен кванттаудың максималдық салыстырмалы қателігі

яғни, егер . онда

f0 жиілігі tx интревалының ең кіші мәнін өлшеуде кететін қателіктің шектелген мәнімен және счетчиктің жылдамдығымен анықталады.

Ө

15.2 сурет Цифрлік фазометр а ) құрылымдық схемасы б) уақыттық диаграммасы, БВВИ уақыттық интервалды бөліп алу блогы, Ф қалыпқа келтіруші, К кілт.

12.2-сурет. Цифрлік фазометр: а –құрылымдық схемасы; б –уақыттық диаграмма; БВВИ –уақыттық интервалдарды бөліп алу блогы; Ф – қалыпқа келтіруші; К – кілт;

лшеу дәлдігін жоғарлату үшін Тх интервалының басталу уақытымен кванттаушы импульсті uT(t) синхронизациялайды. Бұл жағдайда кванттау қателігі t10; Сонымен қатар t2 интервалының мәнін қосымша бағалайды. Кванттау қателігі n- периодтты өлшеу кезіндегі өлшеу нәтижесінің орта мәнін алу арқылы да азайтылады. Соңғы тәсілде өлшеу уақыты мынаған тең Т'x = nТх (n-ің мәні әдетте 10k, мұндағы k — бүтін оң сан), ал кванттаудың салыстырмалы қателігі

Гармоникалық сигналдың фазалық ығысуы

мұндағы - тербеліс периоды; — тербелістер арасындағы уақыттық ығысу.

Соныменен, 12.2, а – суретте келтірілген құрылымдық схема бойынша, счетчикке Сч - уақытында импульстер генераторынан ГИ жиілігі f0 – тең импульстік сигналдардың uN(t) саны мынаған тең

бұдан

(15.1)

(15.1) – теңдеуінен көретініміз, фазалық ығысуды өлшеу үшін: өлшенетін сигналдың жиілігін тұрақты мәнде ұстап тұру қажет немесе жиіліктер қатынасын fx/f0 тұрақты мәнде ұстап тұру немесе периодттың мәнін өлшеп алып, сонан соң фазалық ығысуды есептеу.

Фазалы өлшеу кезіндегі кванттау қателігінің максималдық мәні кірістік сигналдың жиілігіне пропорционал

Уақыт интервалын, фазометр және жиілікті өлшеу цифрлік аспаптары құрылымдық жағынан және аспаптардың жұмыс істеу алгоритмі жағынан өзара жақын, сол себептен оларды біріктіріп универсалды цифрлік аспап – жиіліктің электрондық есептеу аспабы деген жұмыс режиміндері қарастырылған: периодтты сигналдардың жиілігін өлшеу, периодын өлшеу, жиіліктер қатынасын f1/f2 және қатынасын периодов Т2/Т1 өлшеу және қандайда бір уақыт интервалындағы импульстер N есептеу.

Төменде цифрлік вольтметрдің (ЦВ) құрылымдық схемасы қарастырылған. Цифрлік вольтметрдің (ЦВ) - өз кезегінде интегралдаушы емес және интегралдаушы болып екі түрге бөлінеді.

Интегралдаушы емес ЦВ шығыстық кернеудің лездік мәндерін өлшеуге арналған. Бұл аспаптардың бөгеуілдерге қарсы тұру қабілеті және сезімталдығы нашар.

Өлшенетін кернеудің uX мәні алдын ала уақыт интервалына ТX түрлендіріледі, содан соң біртіндеп санақ тәсілімен кодтталады.

15.3 – суретте уақыттық түрлендіруге негізделген цифрлік вольтметрдің құрылымдық схемасы келтірілген. Схемада иX мәні алдын ала уақыт интервалына ТX түрлендіру, иX - шамасын сызықты түрде өзгеретін кернеумен иP (ара тісті кернеу генераторының ГИ жіберу импульсі u3 жиілікті бөлгіштен ДУ өтіп, тригерді Т бірлік күйге түсіреді және ГПН-ді жібереді. ГПН-ің шығысында сызықты кернеу uP=Pt түзіледі,

15.3 сурет Цифрлік вольтметрдің құрылымдық схемасы және уақыттық диаграммасы

мұндағы vP = иPM/TP — ара тісті кернеудің ұлғаю жылдамдығы; иPM – кернеудің максималдық мәні; Т — кернеудің өсу уақыты.

их пен иР мәндерінің арасында өзара теңесу орнаған жағдайда салыстыру құрылғысы УС тригерді нольдік күйге түсіруші импульс жібереді. Триггер uт импульсін түзеді. Импульс ұзақтығы

- уақытында кілт К ашық, жиілігі f0-ге тең импульстер тізбегі сччетчикке Сч келіп түседі. Счетчикте жинақталған импульстер саны

N=Txf0=uxf0/Vp.

Келесі шарттан fo/vР = 10К, k-нің мәнін алу арқылы, индикациялау құрылғысында УИ қажетті өлшем бірлігінде (вольт, милливольт и т.д.) кернеудің мәнін и алуға болады.

Интегралдаушы цифрлік вольтметрдің артықшалағы, олардың бөгеуілге қарсы тұру қабілеттілігінде. Мысалға, бөгеуіл келесі түрде өзгерсін

мұндағы иПMAX – бөгеуіл кернеуінің амплитудасы

Интегралдаушы цифрлік вольтметрдің көрсетілуі келесі өрнектен анықталады

tn =2k/ = Tk (k =1, 2, 3 ...) деп алып, uxcр =uX теңдігін аламыз.

15.4-суретте екі тактілі интегралдау цифрлік вольтметрінің құрылымдық схемасы келтірілген. Вольтметрдің жұмысы басқару құрылғысына іске қосу импульсі иЗ түсуден басталады. Бұл кезде тригер Т1 кілтті К2 ашу арқылы, интеграторға И өлшенетін кернеудің их түсуін қамтамасыз етеді. бір мезетте К3 – кілті ашылып, импульстер генераторынан жиілігі f0 тең импульстер жиілікті бөлгіштің ДУ кірісіне беріледі. Бөлу коэффициенті К0 берілген жағдайда Т0 = t2 — t1 уақыты өткен соң жиілік бөлгіштің ДУ шығысында тригерлердің Т2 және Т1 күйлерін инвертерлейтін басқару импульсі пайда болады. Нәтижесінде К2 кілті жабылады да өлшенетін кернеуді uX интегралдау бітеді, бұл кезде К1 кілті ашылып, интегратор И кірісіне тірек кернеуін иОП қосады. Тірек кернеуінің полярлығы uX кернеуіне қарама – қарсы. t2 уақыт моментінде интегратордың шығысындағы кернеу

15.4 сурет Екі тактілі интегралдаушы цифрлік аспап:

а- құрылымдық схема; б- уақыттық диаграмма(К - кілт; Т - триггер; И-интегратор; УС – салыстыру элементі; Сч - счетчик; ДЧ –бөлгіш ( делитель) частоты; ГИ - генератор импульсов; УИ - устройство индикации)

мұндағы  — интегралдау уақыт тұрақтысы.

t > t2 уақытындағы интегратордың шығысындағы кернеу

t3 – уақыт моментінде ип(t3) = 0, салыстыру құрылғысы (УС) іске қосылады, Т2 тригері бастапқы күйіне қайтып оралады, К1 кілті жабылады да интегралдау операциясын аяқталады.закрывается и интегрирование заканчивается.

Бұл кезде

Бұдан

немесе

мұндағы - өлшенетін кернеудің T0= K0/f0 уақытындағы орта мәні; TX=t3-t2 – тригердің T2 шығысындағы импульстің ұзақтылығы. uT2 импульсі (ұзақтылығы ТX тең) счетчикті Сч ашады. Счетчиктен өтетін импульстердің саны

(15.2)

Яғни, импульстер саны өлшенетін шаманың орта мәніне пропорционал. Екі тактілі интегралдау тәсілінде, өлшенетін шама алдымен уақыт интервалына түрленеді , содан соң біртіндеп санақ тәсілімен кодтталады. (15.2) – формуладан көретініміз өлшеу нәтижесі

nx интегралдаудың уақыт тұрағына  және f0 жиілігіне тәуелсіз. Өлшеу жылдамдығы секундына 10-20 өлшем.

Жиіліктік түрлендіру цифрлік вольтметрінің жұмысы кезінде өлшенетін шама ux(t) алдымен импульстік немесе гармоникалық сигналдың жиілігіне түрленеді, содан соң бұл жиілікті кодқа түрлендіреді. Мысалға

мұндағы k — түрлендіру коэффициенті.

fX – жиілігі цифрлік жиілік өлшеу аспабымен өлшенеді. Интегралдау операциясы Т0 – уақытындағы счетчиктен өткен импульстер санымен анықталады: .

Жиіліктік түрлендіргіш вольтметрінің көрсетуі мынаған тең Яғни, көрсету өлшенетін шаманың Т0 – уақытындағы орта мәніне тең .

15-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Өлшеу техникасында, қашықтықтан өлшеу кезінде жиілік, фаза немес импульс ұзақтығы бойынша қандай сигналдар қолданылады?

1. уақыттық

*2. модуляцияланған синусоидалы және импульстік

3. дискретті

4. интегралдық

5. дифференциалдық

2. Қандай сигналдар бөгеуге қарсы тұру қабілеті зор және байланыс каналының ықпалына тәуелсіз болып келеді?

1. модуляцияланған

2. уақыттық

3. дискретті

4. интегралдық

5. дифференциалдық

3. Уақыт моментінде t2 шығыстағы кернеу и қалай анықталады , мұнда  — интегралдаудың уақыт тұрақтысы.

*1.

2.

3.

4.

5.

4. Жиілік fX қандай аспаппен өлшенеді?

1. цифрлық *

2. уақыттық

3. дискретті

4. интегралдық

5. дифференциалдық

5. Тх интервалының басталу уақытымен кванттаушы импульсті uT(t) не үшін синхронизациялайды?

*1. өлшеу дәлдігін жоғарлату үшін

2. сенімділікті жоғарылату үшін

3. уақытты азайту үшін

4. қателікті орталау үшін

5. ортақ мән табу үшін

. СОӨЖ тақырыптары

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар тізімі.

№ п/п

Тақырып атаулары

Өткізу түрлері

Әдістемелік нұсқау

8

Сұйықтарды араластыру процессіне арналған типтік автоматтандыру схемасы

Автоматтандырудың функционалдық схемасын құруға мысалдар

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

9

Сусымалы заттарды дозалау процессіне арналған автоматтандыру схемасы

Автоматтандырудың функционалдық схемасын құруға мысалдар

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

10

Сұйықтардың шығынына арналған типтік автоматтандыру схемасы

Автоматтандырудың функционалдық схемасын құруға мысалдар

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

11

Сұйықтардың деңгейін реттеуге арналған типтік автоматтандыру схемасы

Автоматтандырудың функционалдық схемасын құруға мысалдар

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

12

Сұйықтардың деңгейін реттеуге арналған типтік автоматтандыру схемасы

Автоматтандырудың функционалдық схемасын құруға мысалдар

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

13

Автоматтандырудың принципалдық электрлік схемасын құру тәртібі

Принципиалдық электрлік схемадағы позициондық белгілеу тәртіптері

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

14

Сигнализацияның принципиалдық электрлік схемасын құру тәртібі

Бақылау және техникалық ескерту сигнализацияларын құрастыру мысалдары

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

15

Автоматты қорғау және қармау (блокировки) жабдықтары, олардың электрлік схемасы

Автоматты қорғау және алдын ала қармау сигнализацияларын құрастыру мысалдары

жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

Барлық сағат: 30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]