- •Егер кері байланыс байланыс оң болса, онда
- •Тура тізбекте үш буын орналасқан жағдайдағы беріліс функциясы
- •Егерде төмендегі қатынастарды еске алсақ
- •Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады
- •4.1 Сур. Өзекті дилатометр
- •4.2 Сур. Биметалды термометр
- •4.3 Сур. Манометрлік термометр
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар тізімі.
- •1. Қандай аспаптың жұмыс принципі зерттелетін ортада қалтқыға әсер ететін итергіш күш шамасын не оның бату тереңдігін өлшеуге негізделген.
- •11.1 Сур. Кондуктометрлік лшеу схемасы
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының үлгілік тізімі (сөж)
Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады
|
(3.15) |
Шығыстық шаманың кескіні бойынша Y(р), оның түпнұсқасын Y(t) анықтайық. Ол үшін келесі белгілі жәйтті қолданамыз
Яғни, шығыстық шаманың тұрақталған мәнін Yуст (t=∞ кезіндегі мәні) Y(р) кескіні арқылы анықтауға болады.
1 жағдай. Интегралдаушы буын жоқ n = 0; Бұл жағдайда, егер Х0 = const болса, онда Карсон бойыншаХ(р)=Х0. Бұдан
Соңғы теңдеуден көретініміз, егер Х0=0 болса, шығыстық мән Ууст және компенсациялаушы Хк мәні 0-ге тең болуы керек еді, сондықтан компенсациондық аспаптарда толық компенсациялау мүмкін емес.
2 жағдай. Тура тізбекте бір интегралдаушы буын бар (n = 1). Шығыстық шама кескіні
Бұл жағдайда, егер Х0, онда шығыстық тұрақталған мән Ууст үздіксіз ұлғая береді, сондықтан Yуст шамасының бірінші туындысын қарастырайық. Компенациялау тұрақты болған жағдайда Х(р) = Х0 , алатынымыз
Яғни, Х0 мәні кірістік шаманың X өзгеру жылдамдығына тәуелді. Егер Х0=0, автокомпенсатордың шығыстық шамасының мәні тұрақты Yycт = const. Толық компенсациялау режимі X = const болған жағдайда ғана мүмкін болады, себебі бұл жағдайда ғана Yycт = const.
3-жағдай. Тура тізбекте екі интегралдаушы буын бар (n=2). (3.15) – формуласын сәйкесінше түрлендірудің нәтижесінде алатынымыз.
Яғни,
Х0
кірістік шаманың екінші туындысына X"
(t) тәуелді. Мұндай аспаптарда толық
компенсациялау режимі жүзеге асады,
яғни
Х0=0
шарты тек Y
= const
және X = const болғанда ғана орындалмай,
және
болғанда
да орындалады.
Бірақта мұндай аспаптардың кемшілігі, олардың құрылымдық орнықсыз болуында. Орнықты күйде жұмыс істеуі үшін олардың құрылымдық схемасына икемді (гибких) тұрақтаушы кері байланыс енгізу қажет.
3-дәріс бойынша тест сұрақтары
1. Қандай тәсілге негізделген аспаптарда, теңгеру процессін іске асыру үшін салыстыру элементінде Х = X - Хк айырымы түзіледі.
*1. Теңгеру
2. Астатикалық
3. Динамикалық
4. Абсолюттік
5. Салыстыру
2. Кез келген буынның статикалық сипаттамасы жалпы түрдк келесідей жазылады:
*1.
2.
3.
4.
5.
3. Өлшеу аспабының көрсеткішінің бұрыштық және сызықтық қатынасы өлшенетін шаманың мәнінің өзгерісі нені сипаттайды?
А) дәлділік
В) сенімділік
С) қателік
*D) сезімталдық
Е) орнықтылық
4. Өлшеу құрылғысының инерционды қасиеті қалай анықталады?
А) статикалық сипаттама арқылы
*В) динамикалық сипаттама арқылы
С) жұмыстық сипаттама арқылы
D) белгіленген сипаттама арқылы
Е) сенімділік арқылы
5. Арнайы стандарттардың талабына сай деңгейі мен түріне келтірілген сигналдар қалай аталады?
*А) унифицирланған
В) аналогтық
С) цифрлық
D) кездейсоқ
Е) дискретті
ДӘРІС
ТЕМПЕРАТУРА ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР
Температура технологиялық процесстерді қадағалауда және реттеуде негізгі параметрлердің бірі болып саналады. Температура шартты статикалық шама, ол заттық бөлшектердің (молекула не атом) орташа кинетикалық энергиясына тура пропорционал. «Халықаралық тәжрибелік температуралық шкала» тағайындаған температура бірлігінде Кельвинмен (К) өрнектелетін термодинамикалық температура алынған. Кельвин судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі ретінде анықталады. Температура бірлігі ретінде Цельсий (оС) градусы пайдаланылады. Кельвинмен өрнектелген Т температура мен Цельсиймен өрнектелген t температура арасындағы байланысты келесідей көрсетуге болады:
Т= t+273,16
Температураны әрекет принципіне сәйкес өлшеуге арналған аспаптарды келесідей жіктейді: ұлғаю термометрлері (сұйық, дилотометрлік, биметалдық); манометрлік термометрлер; термоэлектрлік түрлендіргіштер; кедергі термотүрлендіргіштері, пирометрлері.
Ұлғаю термометрі.
1.Сұйық шыны термометрлер.
Сұйық шыны термометрлердің жұмыс істеу принципі термометрлерге құйылған термометрлік сұйықтың жылулық ұлғаюына, яғни осы сұйықтың көлемінің өзгерісіне негізделген. Термометрлік сұйық ретінде сынап, толул, этил спирті,эфир т.б. пайдаланылады.
Сұйық
шыны термометрлер -90
С-тан
600
С-қа
дейінгі температураны өлшеуге
пайдаланылады, ішіне шкала орнатылған
таяқша түрінде жасалынады. Батырылатын
ұшы шкаласы бар термометрлерде тік және
бұрышты болып келеді.
Сигнал беру үшін және температураны автоматты позициялық реттеу үшін дәнекерленген жанаспалары бар техникалық электр жанаспалы термометрлер пайдаланылады. Жанаспаның бірі қозғалмалы, ол магнит муфтаның көмегімен жылжиды, ал келесі жанаспа капилярға қозғалмайтындай етіліп дәнекерленеді.
2.Дилатометрлік термометрлер.
Бұлардың жұмыс істеу принципі түтікше мен стерженнің сызықтық температуралық ұлғаю коэффициентінің әртүрлі болуына қарай қыздырған кездегі ұзындықтарының өзгеру айырымын пайдалануға негізделген (4-сурет).
