- •5В050900 – Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5b090200 – Туризм,
- •5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5b020200 – Халықаралық қатынастар, 5b050800 –Есеп және аудит, 5b050600 –Экономика
- •5В011400-Тарих»
- •32. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінін IV съезі.
- •5В050900 – Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5b090200 – Туризм,
- •5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5b020200 – Халықаралық қатынастар, 5b050800 –Есеп және аудит, 5b050600 –Экономика мамандықтары
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Пәннің сипаттамасы
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •(Syllabus)
- •1. Оқытылатын пәннің сипаттамасы
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы.
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5. Дополнительная литература
- •8.Методические рекомендации (в наличии)
- •9. Эумкд
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •1)Үнді-буддизмі - Тхеравада немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстік буддизмі.
- •2)Дао буддизмі - махаяна немесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі.
- •3)Тантрикалық буддизм – ваджрияна немесе Орта Азиялық буддизм.
- •1.Иегова куәгерлері:пайда болуы,құрылымы,әрекеттері,қауіптілігі
- •3.Жетінші күн адвентистерінің қызметі. «Агапе»,«Жаңа өмір», «Грейс», «Рахым»,т.Б.Шіркеулердің Қазақстандағы миссионнерлік қызметі.Олардың діни әдебиеттері.Шіркеулерінің республикаға таралуы
- •1.Кришна санасы қоғамы және оның қызметі мен қауіптілігі
- •2.Бахаи діни ағымы,Бірігу шіркеуі
- •3.Оңтүстік Кориялық протестанттық шіркеулерідің миссионерлік қызметі
- •1. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жазбаша және ауызша үгіт- насихаттары
- •2. Дәстүрлі емес ағымдардың діни ғимараттар салуы,қайырымдылық қызметі,әдебиеттерін тарату
- •1.Уаххабилік ағымның ерекшеліктері.Олардың дәстүрлі исламға қарсы күресі. Уаххабиліктің белгілер, масхабтарды мойындаумауы, қазақтардың салт - дәстүрін, әдет – ғұрыптарын мойындамауы.
- •2.Сопылық ағымның ерекшеліктері.Зікіршілер.Сопылық ағымның заңға қайшы әрекеттері.
- •7. Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •10.Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне арналған реферат тақырыптары.
- •11.Оқу өндірістік және диплом тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар бағдарламамен қарастырылмаған.
- •13. «Дінтану» пәннің мазмұнына сай бағдарламалық және мультимедиялық қолдаумен қоса ( бейне-дәрістер,слайдтар,электрондық оқу құралдары,т.Б.) қарастырылмаған
- •14.Мамандырылған аудитория,кабинет және зертханалар тізімі (кестеге сәйкес аудиторияда өткізіледі).
1)Үнді-буддизмі - Тхеравада немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстік буддизмі.
2)Дао буддизмі - махаяна немесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі.
3)Тантрикалық буддизм – ваджрияна немесе Орта Азиялық буддизм.
Тхераведаағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Ұстаздың бейнесін жай кұрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндістанда етек алды. Мифтік аңыздарда Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі болып көрсетілген, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жұмысы, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдың рөлдері биік болды. Осыған байланысты Тхераведа ағымы немесе хинаяна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жаксы таралған жок.
-Махаянаағымы (үлкен күйме, ұлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртбін сақтау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді. Сол себептен, бұл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандық рөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар паида болды.
Жапониялық буддизмнің «Дзән» деген ағымы таралып, қатардағы будда адамдарының діні болды.«Дзән-буддизм» Шығыс Азияға таралған, жаңартылған түрі.Дзән-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатқа жетуді, саториді уағыздайды. Ішкі сезім, медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шындығына жетуге болады дейді. Дзән - буддизмнің иррационализмі мен интуитивизмі, оның экзотикалық ғұрны, әсіресе, соңғы он жылда Батыс Европа және Америка философтарының назарын аударуда.
Ваджраяна немесе тантраяна ағымы (айрықша салт күймесі) б.э.д. II мыңыншы жылы шықты. Ол Гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шұғылданады. Әрбір гуру өз әдістерімен иога жүйесін қолданады. Иоганы адамның ойын кірден тазарту ояту деп түсіндіреді. Цзян хавай (1357-1419) құрастырған Ламаизм ағымында әрбір гуру немесе басшы тірі құдай есебінде қабылданады.
Индуизм- осыдан 5 мың жыл бүрын Индияда пайда болған дін. Бұл діннің Индуизм деп аталуының себебі, біздің эрамыздың 1200 жылдары Индияны мұсылман жаулаушылары үнді діні мен мұсылман дінінің арасындағы айырмашылықты көрсетуден туындаған.
Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жүртшылығының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған.
Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбары да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың беделі өте күшті. Бұл Дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен талаптары болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, брахман, атман, варна, каста т.б.) бар. Индуизмде құдай тұжырымдамасы әртүрлі, себебі бүл дінде Үндістанда ғасырлар бойы жинақталған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде қабылдаған, сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың (11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і жердеп) бәрі индуизмде мойындалады. Брахман - әлемді жаратушы, бастапқы бірліктің барлық тірі және өтпелі шындықтың мәңгілігін жүзеге асырушы. Бірақ Брахманга онша сыйынбайды, оған арналған храмдар саны да санаулы ғана. Индуистердің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан, шиваиттер мен вишнуиттер болып екіге бөлінеді. Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қосаол — өмірлік күштің және еркектік бастаманың иесі. Шиваға Лингама формасында еркектік өмір жасаушы бастама ретінде табыну өте көп таралған.
Шива перілерге қарсы күрестерде ерекше батылдық көрсеткендіктен, оны көбінесе қатал жоюшы ретінде қабылдайды. Бұл ипостасында Шива ырғақ пен биқұдайы да болып келеді. Бидің қозғалысындағы Шиваның төрт қолы оның құдіреттілігі мен мүмкіншіліктерін бейнелейді. Қастарының ортасындағы үшінші көз де жоюшылық күшті білдіреді. Индуистер, әсіресе шиваиттер, Ұлы Шиваға өте көп функцияларды таңады. Соның бірі шакти - Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы. Шактн тек қажетті жағдайларда ғана көрінеді. Индуистердің түсінігі бойынша шактидің көмегімен адам өзінің негізгі мақсатына, мокшаға (жанның туу мен өлім тізбегінен босатылуы) жетеді. Шактиді киелі әйелдік бастама Шиваның зайыбы Шакти құдай деп қабылдайды. Бұл Шактидің көрінісі ретінде көптеген әйел қүдайлар пайда болды. Солардың ішінде Дурға менКалиге сыйынушылар өте көп.
Вишну - индуизмдегі сақтаушы қызметіндегі кұдай. Ол қарапайым және адамдарға өте жақын. Оның зайыбы Лакшми құдай нәзік әйел махаббатының бейнесін символдайды. Вишнудың аваторлары (басқа құдай түріндегі көріністер) өте көп. Төрт бейнеде ол жануар болып көрінеді. Вишнудың қалған белгілі бес аваторлары. Парашурама, Рама, Кришна, Будда және болашақта келетін Калка құдайы болып есептеледі. Будданы Вишнудың аваторы ретінде қабылдау буддизмнің индуизм жүйесіне кіргізілгенін көрсетеді. Рама - “Рамаяна” поэмасындағы патшаның ұлы, тақтың мұрагері, батыр бейнесі. Халықтың санасында ол құрметке бөленіп, Раманың, Вишнудың аваторына айналған. Ол тағы бір белгілі эпостық жырдың кейіпкері Кришна да Вишнудың аваторы болып есептеледі.
Кришна жалпы үнділік жоғарғы құдай дәрежесіне көтерілген. Жыр бойынша батыр жауынгер Арджунаның атқосшысы болып жүріп, оған аспан заңы мен эпикалық заңдардың жоғарғы мәні туралы әңгіме айтады. Кришнаның бұл философиялык тұжырымдары Бхагавад - Гита тарауы түрінде Махабхарата жырына енгізілген. Кейіннен Кришна ақылшы философтан көңілді, жеңіл ойлы бақташы құдайға ауысады. Осы ипостасында ол Үндістан әйелдерінің сүйікті және өте белгілі құдайы ретінде дәріптеледі. Көктемгі діни мейрамдарда Кришнаға арналған көп діни ғибадаттар жасалады. Кришнаға табыну қазіргі кезде Америка және Батыс Еуропа елдерінде вайшна- визм, Кришна санасы қоғамдары арқылы кең таралған.
Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар болып есептеледі. Олар шрути - “тыңдау, естілу” деп аталады. Оның екі себебі бар: олар жоғарғы құдайдан естілген және шәкірттер ұстаздарының әңгімелерінен осы текстерді қабылдаған. Қазіргі индуизмде құдайға құлшылық еткенде осы ведалық мәтіндерден мантралар оқылады. Мантраларды (қасиетті сөздерді) тек санскрит тілінде оку керек. Брахмандар - абыздардың сыйыну мен құлшылық ету оқулығы қара сөзбен жазылған. Бұлар ведалық әдебиеттердің екінші бөлігі болып есептеледі. Абыздар жеті Брахмандық мәтіндерді ерекше бөліп айтады.
Келесі Араньяки мәтіндері де Кұдайға құлшылық, медитаңия туралы айтады. Ал Уианишадтарда индуизм философиясының мистикалык тұжырымдамасы берілген. Упанишад - қатар отыру деген ұғымды білдіреді. Гуру (рухани ұстаз) қасына отырған таңдаулы шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес берген. Дәстүр бойынша Упанишадтар 108 мәтіннен тұрады.
Үнділердің белгілі эпостық жырлары “Махабхарата” мен “Рамая- на” да қасиетті мәтіндер (смрити) құрамына кіреді. “Махабхаратаның” алтыншы кітабының бір бөлігі болып есептелетін “Бхагават-Гита” да индуистер үшін өте құнды кітап.
“Бхагават-Гита” мәтіндерінде Жоғарғы Құдай туралы ұғым ерекше орын алады. Сонымен қоса, мұнда адам өмірінің мәні туралы философиялық тұжырым жасалады. Адамдағы ең маңызды нәрсе тәнде емес, сезімде емес, оның рухында. Әлемде Жоғарғы Рух Атманнан басқа ешнәрсе жоқ. Атман әр адамда бар, сондықтан өлуге де, біреуді өлтіруге де болмайды. Адамның тәні өледі, ал оның негізі - мәңгілік рух қалады. Осы шындықты адам түсініп, өлімнен қорықпай, өзінің адамдық міндетін орындауы керек. Ягни, адам ең бірінші өзін-өзі түсінуі керек.
Алдына рухани мақсат қойған қауымдастықты Үнді жерінде арийлықтар қоғамы деп атаған. Олардың әлеуметтік құрылымы вар- нашрама-дхарма деп аталады. Бүл қауымдастық төрт таптан, төрт рухани даму сатысынан тұрады. Олар: брахмандар (ой-өрістері жоғары тап), кшатрилер (әкімшілік), ваишилер (саудагер-фермер) және шудралар (жұмыскерлер).
Варнашрамадхарма – тұқымқуалаушылық, касталық жүйеге айналған құрылым. Бұл кұрылымды алғашында Жоғарғы Құдай Бхагаван қалыптағандықтан, адамдар оны табиғи түрде, ойға
қонымды қабылдаулары керек деп есептеледі. Адамдар осындай табиғи таптарға бөлініп, рухани жетілу сатысында бірлікте болса, қоғам жоғары жетістікке жетеді.
Төрт варнадан басқа жоғарыда айтылған төрт ашрама немесе өмірдің рухани сатылары бар: брахмачари (некесіздікті ұстанатын шәкірттік кезең), грихастха (отбасылық өмір), ванапрастха (қоғамдық өмірден бас тарту), санньяси (тариқаттылық).
Қазіргі Үндістанда варнашрама-дхарма қасиетті кітаптарында жазылғандай, таза варнамшрам қоғамы жоқ деп сенімді тұжырым жасауға болады. Мұны иидуистердің оздері де мойындайды. Себебі, қазіргі заман Ведаларда жазылған Калиюға ғасыры, бүкіл әлемнің тоқырау заманы деп түсіндіріледі. Осы замандағы Қүдайға жетудің бірден-бір жолы оған қажетінше құлшылық ету. Индуистердің осы жолдағы діни рәсімдері үш категорияға бөлінеді: нитья, наймиттика, камьия.
Нитья - бүл күн сайын жасалатын рәсім. Әр үндіс таңертең Кұнге арнап сумен құрбандық шалады немесе отбасы құдайларының алдында пуджи (құдайларға құрмет көрсету) өткізеді. Наймиттиканы адам өмірінің ерекше кезеңдерінде жасайды. Бүл отбасына кіріс болғанда, балаға есім бергенде, некелескенде өткізілетін рәсім.
Иудаизм- еврей халқының ұлттық діні.
Иврит тілінде «Иудаизм” термині XIX ғасырдың соңынан бастап кең тарала бастаған. Иудаизм әлемдегі екі ірі діні — христиан мен исламның дінінің пайда болуына әсер етті.
Иудаизмнің жолымен жүретіндер өздерін Құдайдың айрықша назары түскен халық деп есептейтін болған.
Израильде Иудаизмнің діни институттары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Жоғарғы раввинат діни ұйымдар мен бірлестіктерді қадағалайды. Парламент және үкіметте раввинаттың мүддесін қорғайтын басты діни-саяси партия Мафдал болып саналады.
Израиль мемлекетінің қалалары мен елді мекендерінде 200 діни кеңестер (моацот, датиот) жұмыс істейді, Израильде 24 раввинаттық сот бар. Діни мектептер (ешибот) үлесі орта білім беру орындарының 17 пайызын құрайды. Израильдің барлық мектептерінде діни пәндер оқытылады. Білікті дін мамандары діни институттарда дайындалады.
Ақырзаман жэне өлілердің қайта тірілуіне сенім - еврейлердің Жаратушының таңдаулы халқы екендігіне сенім. Бұл түсінік бойынша Моисей (Мұса) арқылы Израиль халқына заң (Тора) беріп, одақ құрғанИудаизмнің негізгі қағидаттары XII ғасырда өмір сүрген атақты философ-талмудшы, рабби Моисей мен Маймон (1135-1204) іліміне сүйенген төмендегідей 13 ережеден тұрады:
Құдай бар.
Құдай бір.
Құдай денелік пішінде болмайды.
Құдай мәңгі.
Яһудилер тек бір Құдайға табынуы тиіс.
Құдаймен карым-қатынас тек пайғамбар арқылы болады.
Моисей (Мұса) - ең ұлы пайғамбар.
Тораның шығуы касиетті.
Тора өзінің мән-мағынасын еш жоғалтпайды.
Құдай адамдардың барлық іс-әрекетін біледі.
Құдай зұлымдықты жазалап, қайырымдылықты мадақтайды.
Құдай өзінің Мессиясын (құткарушысын) жібереді.
Құдай өлілерді қайта тірілтеді.
Маңызды әдет-ғұрыптық талаптар қатарына мыналар жатады:
сүндетке отырғызу ұл балалар дүниеге келген соң сегізінші күні жасалады. Бұл-Яхвеге сыйынушылар қатарына қосылу белгісі. Сүндетке отырғызуды могель (сүндетке отырғызушы) атқарады.
сенбі күнін тыныштық пен дұға жасау күні ретінде қастерлеу. Ивритте сенбі - шаббат деп аталады. Сенбі күні жұмыс жасауға бол- майды (малаха); Іс-әрекеттің шұғыл түрлеріне: (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер және т.б.) рұқсат етіледі. Үйде жұмыс істеуге тыйым салынады. Сенбі күні өлген адамдарды жерлеуге болмайды және т.б. Шаббат басында, яғни жұма күні күн батар кешқұрым мезгілде отанасының батасымен сенбілік шырағдан жағылады. Отбасы синагоғаға барады. Үйіне келген соң ол балаларына бата береді және әйелін Соломонның (Сүлеймен) Өсиет кітабының 31-тарауының сөздерімен мадақтайды. Отбасы сенбілік тамақ ішуге кіріседі. Тамак ішер алдында нан және шарап негізінде бата жасалады. Шаббат күні от жағуға болмайды. Егер от бұрыннан жанып тұрса, онда жанып тұра береді. Сенбі күні ұзақ сапарға шығуға, кеме бортында отырған жолаушыларға борттан түсуге болмайды. Сенбі күні автомобиль жүргізе алмайды. Қоғамдық көлікті де пайдалана алмайды.
күшейтілген дұға жасауға (тфила), дұға жасауға (кавана) толық берілу қажет. Қол жуарда, тамақ алдында және тамақтан кейін дұғаоқу керек. Тамақтың әрбір түрі үшін өзіндік дұға мэтіні болады. Сенбілік, мерекелік шырағданды жағар алдында да дүға оқылады.
синагогада біріккен құлшылык ету он ересек адам, яғни «діни қатынаста қүқығы бар ер адамдар болғанда ғана жүргізіледі. Бірак ерекше жағдайда жалғыз дүға жасауға болады .
- Пост (ауыз бекіту, Ораза) - күнәдан тазару, тәубеге келу күндері және т.б. Яһудилік діни ілім бойынша, тек күйіс қайыратын жануарлардың, шехит ережесі бойынша бауыздалған үй құстарының етін жеуге болады. Шошқа, жылқы, коян етін жеуге, бір уакытта ет және сүт тамактарын колдануға тыйым салынады. Егер тамақ алдында яһуди сүт тағамын ішсе, онда ет тағамдарын жеу алдында, олар ауыз шайқауы немесе бейтарап (нан түйірін) тағам жеуі керек. Тамаққа қанды колдануға айырықша тыйым салынған.
Қазақстандағы иудаизм. Біздің елімізге еврейлердің жаппай келуі сталиндік репрессиямен байланысты.
Қазақстанда мұсылмандар мен еврейлердің көптеген жылдар бойына қатар өмір сүруі кенфессияаралык келісімнің оң мысалы бола алады. Израильдің президенті әлемдік және дәстүрлі діндердіңсьезіне келіп қатысып отырады. Қазақстанда соңғы жылдарда оннан аса жаңа синагогалар қүрылды.Синагогалар Алматы, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Теміртау, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. 2001 жылы тамыз айында Павлодар қаласында жаңа еврейлер ғибадатханасы ашылды. Сондай-ақ, республиканың барлық облыстарында жеке еврейлік діни қоғамдастықтар құрылған. Барлық ірі қалаларда еврейжексенбілік мектептері бар.Жалпы алғанда, Қазакстанда 10-нанаса синагога, 70 мыңға жуыкдін ұстанушылар бар.
Христиан діні — әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Палестинада б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан кауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өмірінеде қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен сүрді. Мұның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы тұрды. ол кезде христиандар қуғынға ұшырап, азап шекті.
II ғасырдан бастап кұл иеленуші жүйенің дағдарысқа ұшырауы салдарынан империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағдарысқа түсіп, пессимизмге ұшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптын адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан қауымының кұрамы взгерді. Еписков пен пресвитерлерқауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әртүрл культті өткізу, уағыз айту күнделікті жұмысты басқару осы адамдардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиясының жоғарғы топтары құл иеленуші мемлекетпеп жақындасты. II ғ. аяғы кезшде Христиан діні Рим империясының барлык облыстарына таралды. III ғ. бас кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан діні ерікті түрде қабылдауды жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды Ал 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның басшылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіл әлемдік христиан шіркеулерін соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қыскаша түрде қаулы алды. Бұл қаулы Құдайға «сенуші - Никкеилш символы» деп аталды. Сойтіп, император өкіметі мен христиан шіркеу одағы кұрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды.
Католик дінінің шығуы. Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шықты. IV ғ. Рим империясы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлшген кезде Батыс Рим империясының христиан шіркеу батыстық немесе шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген үғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.
Он бір ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен келісе отырып, Рим каласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік кала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.
Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы - Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қаламемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының ұзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі, т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы - Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен катынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жұмысын орындайтындар Ватиканның Куриясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жұмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары койылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атак өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндықтар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бұл атақты Поляк кардиналы король Войтыл алды.
II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел II шынында «ұлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордың шешімдерін іс жүзінде алға дамытқан Папа болды. Ол Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды.
Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жұмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды каласында Орта Азия мен Қазақстан жерінің Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатиялық қатынасы басталды. 2001 жылы кыркүйек айының 22-25 күндері аралығында Рим папасы Иоани Павелдің біздің елге ерекше сапармен келуі католик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетті.
Православие шіркеуі. Грек сөзі «ортодоксия» немесе «дұрыс ойлау», «құдайды дұрыс мақтай білу дегенді білдіреді. Православиенің негізі қасиетті жазу(Көне және Жаңа кітаптар) және Киелі аңыз (предание) Христиандықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие
шіркеуі бар: Константинополь (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак және Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әрбір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.
Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) және приход (жергілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шіркеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Кон- стантинопольде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.
Догматтары бір Жаратушы Құдайға сену Христос құдайдың ұлы. Ол жерге адамдарды құтқару үшін түсті және сол үшін айшыққа шегеленіп өлтірілді. Үшінші күні қайта тіріліп аспанға ұшып кетті оның екінші жерге кайта оралуы тірілер мен өлілерді соттау үшін жасалады. Сондай-ақ, Құдай Әкеден туындайтын қасиетті рухқа сенім білдіріледі. Шіркеу біреу және ол қасиетті саборлык (барлык сенім білдірушілерді ерікті түрде біріктіруші әлемдік сипатта). Құдай Қасиетті Үштіктен - Құдай-Әке, Құдай-Ұлы және Қасиетті- Құдай Рухтан тұрады. Бұл ұғым үш Құдайлықты білдірмейді. Бұл ұғым Құдайдың бірлігін бірак оның үш сипаттын (ипостас) білдіреді. Құдай біреу.
Христос Құдай ұлы ретінде Құдаймен бірмазмұнда немесе Құдайдың нағыз өзі және ол адам кейіпінде болған соң нағыз адам. Христоста екі түрлі табиғат, жаратылу бекітілген.
Проваславия ілімінің католик ілімінен айырмашылығы Рим Папасының күнәсіздігі туралы догматтың жоқтығы. Сондай-ақ, Қасиетті Рух және Мария Қыз туралы ілімдерде, шіркеулік кызмет ісінде және календарьда, постылар санында айырмалар бар. Христиан адамның өмірі храммен тығыз байланысты. Провославия храмы 3 бөліктен: 1) алтарь; 2) ортағы бөлік; 3) притвордан тұрады. Алтарь храмның негізгі орны, аспан патшылығының символы Құдайдың өзінің тұрғын жайы. Храмның орталығында қасиетті тақ тұрады. ол ағаштан, мрамордан кейде күміс немесе алтыннан жасалуы мүмкін. Алтарьға кіруші Қасиетті Таққа қарай үш рет жерге бас иеді. Әскерилер қарусыз кіреді. Храмның орта бөлігінде – иконо- спастаста Құтқарушы Христостың, Құдай Ананың,
архангелдердің (әулиелердің), көне өсиетті уағыздаушылардың, пайғамбарлардың икондары койылады. Иконопостас көбіне 3-5 кабатты болып келеді және ең жоғарғысында крест тұрады. Ортада екіжақты Патшалар базасы немесе алтарьға негізгі кіру есігі орналасқан. Сондай-ақ, екі жақта оңтүстік және солтүстік бөлігінде орналасады. Алтарь храмның күншығыс бөлігінде орналасады. Храмның батыс бөлігін притвор дейді. Бұл жерде дәстүр бойынша күнәсіне өкінгендер және шоқынуға дайындалушылар тұрады.
Провославиядагы қызметші атақтар 3 дәрежеге бөлінеді: диакон, пресвитер (священник, иерей), епископ (архииерей). Осы 3 шенді сатыдан тұратын дәрежелердің биіктеу мынадай түрлері бар: архидиакон, протоиерей, архиепископ, митрополит, патриарх т.б.
Лютерандық дін оның негізін салушы Мартин Лютердің атымен байланысты. Бұл ағым ХV-ХІV ғасырларды католік ширкеуінің қысымға қарсы пайда болды. Католик шіркеуі ерекше сот инквизицияны шығарды. Бұл сот еретиктермен және католик шіркеуіне қарсы айтылған барлық ойлармен күресті. Рим Папасы Иннокентий III 1198-1216 жылдары Франңияның оңтүстігіндегі өзіне қарсы христиандарды қатты қудалады. Папа Григорий IX 1227-1241 жылдары еретиктерді ұстау, қинау, соттау, өлтіру, мүлкін шіркеу есебіне тәркілеу туралы булла (арнайы жарлық) шығарды. Инквизиция6ОО жылдай өмір сүрді. Осы жылдары 500 мыңдай адам қиналды, өлтірілді. Тек бір Испанияда 1481-1808 жылдары арасында 288 мың 214 адам қудаланып, олардың 34 638 тірідей өртелді. 1484 жылы Папа Иннокентий VIII мыстандарды (ведьма) қудалау туралы була шығарды. 100 мыңдай әйелдер мыстан ретінде инквизиция сотының қабырғаларында өлтірілді.
Индульгенция – күнәлігі үшін жазадан құтқару туралы Рим папасы берген арнайы грамоталар таратылды. Бұл грамоталар сатып алынды және шіркеуді байытуға арналды.
Осының бәрі де қатардагы христиандардың, шіркеу қызметкерлерінің Рим папасына наразылығын тудырды, күреске тартты. Бұл кезеңді Еуропада реформация кезеңі деп аталды. Оның басында Реформация Рим католик шіркеуін бөлуге әкелді. Реформация Рим папасының шіркеудің Құдай мен адам арасындағы байланыстырушылық догмасын жоққа шығарды. Реформацияның өзегі адам Құдаймен тікелей байланысады деген доктринаға
негізделді. Реформация кезінде германияда притестанттық ілім пайда болды. Оның негізін Мартин Лютер салды. 1517 жылы Виттенберх университетінің профессоры М. Лютер шіркеудің есігіне өзінің атакты 95 тезистерін шегелеп қойды. Бұл ақиқатқа жету үшін жасалды деп жариялады. Тезистерде Рим папасының әрекеттері қатты сынға алынды. 1519 жылы Лютер шіркеу папасыз өмір сүре алады деп мәлімдеді. Оған қарсы папа Лютерді шіркеуден аластау туралы булла қабылдады. Бірақ папаның булласы Виттенберг университетінің алдында салтанатты түрде отқа жығылды. Жаңа діни ағым лютерандық пайда болды. Лютердің ілімін халык қолдап Томас Мюнцер бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Қазір лютерандық дін әлемде 80 миллиондай адамды біріктіреді. Бұл ілімнің даму себебінің бірі Лютердің 2 патшалық туралы идеясы болды. Оның мәні Лютер діни және қоғамдық өмірді бөлді. Бірінші діни ілімді сенім христиандық уағыз, шіркеу қызметі қүрайды. Екіншісін заманауи қызмет, мемлекет және ақыл қүрайды.
Лютерандық ілімінің негізі адамды тек Христосқа таза сенім арқылы Құдай ғана құтқара алады. Осылай ол адамның жеке сенімін құткарудың негізгі шарты деп есептеді. Жазу жалғыз бедел Жазу болып жарияланды. Лютер жазуды адам өз ақылымен түсіне алады ол үшін кандайда бір басқа нәрсе қажет емес.
Реформацияның негізін қалаушылар шіркеудің жаңа түсінігін қалыптастырды. Шіркеу жерде және жердік сипатта дей келе Лютер оған көрінбейтін шіркеуді қарсы қойды. Бүл көрінбейтін Шіркеу ғасырлар бойы көрінетін Шіркеудің ішінде «денедегі жан» сияқты түрды. Басқаша айтқанда көрінбейтін шіркеуге тек нағыз христиндар, ақиқатты сенушілер кіреді. Ал күнәлілер болса жердегі шіркеуге тиісті болғанымен ақиқатты шіркеудің мүшесі бола алмайды. Протестанттар шіркеулік иерархияны жоққа шығарды. Протестанттар барлық адамдар өз бетімен Қүдайға жол таба алады деп санады.
Протестанттық Пастор (шіркеу қызметшісі) жазбаны көбірек білетін бедел иесі. Шіркеу қызметкерлерінің қатардағы сенушілерден айырмасы жоқ. Кейбір протестанттық ағымдарда әйелдер де шіркеу қызметшісі бола алады. Протестанттар монахтық өмірді жоққа шығарады. Шіркеу қүпиялары протестанттарда тек символдық сипатта болды. Протестанттық табыну салтанаттылықты қажет етпейді. Шіркеу қарапайым және Құдаймен байланысу үшін кәдімгі бөлмелер де жеткілікті. Икондар мен есерткіштер қойылмайды.
Крест символ ретінде пайдаланылады. Оның болуы қажет те емес. Діни мейрамдар аз. Олар сенушілердің заманауи өміріне үлкен мән береді. Батыстың көптеген елдерінде протестанттық еңбек этикасы - адал тырысып еңбек етуі қажеттілігі негізделген. Протестанттық ағым қазіргі әлемнің кәсіпкерлік дамуына сәйкес келеді.
Англикан діні.Германиядагы реформаторлар қозғалысы Англияға жетті. 1534 жылы Король Генрих VIII г. (1491-1547) Англиядағы монастырьлерді жауып, өзіи шіркеудің бастығымын деп жариялады. Содан бастап Англияда протестант діні тарады. Оның ерекшелігі - әрбір құрамның конгрегацияның толық дербестігінде және діндарлар құрамы өкімет орындарынан тәуелсіз. Олар алғашқыдаиерархияға қарсы болғанымен, кейіннен Англияда және Уэльсте Конгрегациялық одақтар құрылды. Басқа протестанттарға қарағанда, англикалықтар шіркеудің қызметін қалдырды. Шіркеудің иерархиясын, епископтар мен священиктерді король өзі тағайындайды. Табыну, сиыну ағылшын тілінде өткізіледі. Діни әдет-ғұрыптардан екеуін қалдырған: крещение «шоқыну» және причащение. Құдайға құлшылық ету - басты орын алатын литургия. Ол күрделі ғүрыптармен, салтанаттылығымен ерекшеленеді. Жалпы англикан шіркеуі реформаторлардың ішінде евангелиялық жаққа бұрмалайды.
Христиан ілімі.Алғашқы христиандарда алғашқы діни ілім қалыптаспады. Христиандық оның догматтары қалыптасқанша. бірнеше ғасырлық жолдан өтті.
Алғашқы Інжілге дейінгі христиандардың ілімі «он екі апостолдың ілімі» болды. Бұл ілімді«Дидахе» деп атады. «Дидахенің» пайда болуы I ғ. екінші жартысына сәйкес келеді. Дидахе аса үлкен емес төрт бөлімнен түрады.
Христиандық 325 жылы Никея қаласындағы Вселенедік соборда жинақталды. Бұл соборды император Константин шақырды. Собор Никея сенім Символдығын, пасха мейрамын қабылдады, 20 канондардарды немесе Құдайға табыну ережелерін қабылдады.
Екінші Әлемдік (Вселендік) собор 381 жылы Канстантинополде өтті. Мұнда Құдайдың үштігі формуласын қабылдады. Ол Әке құдай, Ұл құдай және Қасиетті рух.
V ғ. Византияда Несториандық ағым пайда болды. Оның негізін салушы Константинополь патриархы Нестор болды. Нестор «құдайадам» идеясына қарсы шықты. Нестордың айтуынша Мария
Қыз (Дева) алдымен Иса пайғамбарды адам ретінде туды, сосын Иса пайғамбар адамның әлсіздіғін жеңіп Қүдай Ұлына (Мессия) айналды. Христоста адамдық және Құдайлық бейнелер болғанымен олар ешқашан жындасып кетпеген.
431 жылы Эфес қаласындағы Үшінші Вселендік Соборда Нестордың ілімі эресь(ауытқу, қатеге ұшырау) ретінде айыпталды. Несторияндар Иран, Орта Азия жэне Қытайға қашты. Осы жақта олар өз ұйымдарын құрды.
IV-VI ғ. готтар, вандалдар, Германия, франктер христиандықты қабылдады.
Христиан дінінің негізгі кітабы Інжіл. Інжіл (Евангелие) - барлық жаңа өсиеттің тұтас атауы. Құран дерегі бойынша Иса (ғ.с.) пайғамбарға жолданұан қасиетті кітап. Қасиетті Құран Кәрімге дейін Құдайдан түскені хақ деп білетін қасиетті үш кітаптың (Забур, Тәурат, Інжіл) бірі.
Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады.
Христиан ілімі Қасиетті Жазу — Библия мен Қасиетті Аңызға
шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді.
Христианшылдық біртұтас діни ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинңияларына таралу барысында ол әр елдің жағдайына, калыптасқан әлеуметтік қатынастарга, жергілікті дәстүрлерге бейімделді.
Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың
православие мен католиңизмнің пайда болуы еді. Бұл жіктелу бірнеше ғасырлар бойы жүрді. Ол Рим империясының батыс пен шығыс бөлігіндегі феодалдық қатынастардың даму ерекшеліктеріне және олардың арасындағы бәсекелестікке байланысты болды.
Христиан дінінің үлкен саласының бірі - православие(әділ, дұрыс жол). Православие шіркеуі алдымен Византияда пайда болды. Ресей, Украина, Белоруссия, Грекия, Сербия, Болгария, Венгрия т.б. елдер осы шіркеуді ұстанады. Киев Русі православие дінін 988 жылы қабылдады. қазіргі кезде православие шіркеуі әлемде тоғыс патриархтан тұрады. Москва және бүкіл Ресей патриархы, Константинополь, Александрия, Грузия, Румыния, Иерусалим, Болгария, Антиохия, Сербия патриархтары.
Протестанттық (карсылық) ағым діни уағыз бен саясатта католик шіркеуінің үстемдіғгне Қарсы XVI ғ. пайда болған христиандық ағым. Оның негізін неміс дін профессоры Мартин Лютер қалады. Лютердің қарсылығындағы котоликтердің мынадай кемшіліктері көрсетілді:
католик шіркеуінің индульгенция сатуы;
шіркеу басшыларының адамдардың күнәсін жоя алуы;
діни рәсімдердің көбеюі және католик шіркеуінін тойымсыздығы;
шіркеу қызметкерлерінің монахтық өмір салты;
монахтардың целибат антын (үйленбеу антын) қабылдауы.
М. Лютер мүның бәрі де Інжілге қайшы деп тапты. Мұның арты
үлкен соғыстарға айналды. М.Лютердің идеяларын, әрекеттерін ре- формаңия деп атады. Оны Швейңарияда Ульрих Цвингли мен Жан Кальвин қолдады. Швейцарияда Кальвиндік шіркеу бой көтерді. Ре- формация идеясы Англияға әсер етіп король Генрих VIII Ағылшын шіркеуін Рим-католик шіркеуінен бөліп алды. Содан бері ағылшын шіркеуі Англикан шіркеуі деп аталады. Англикан шіркеуінің басшысы король, ілімі католицизм жэне протестантизм лементтерінен тұрады.
Баптизм.Ағылшын Джон Смит (1554-1612) Англияда бірінші баптистік қауымды ұйымдастырды. Баптистік (грек, суға батырамын, сумен шоқындырамын) қауымда ересек адамдарды суға түсіріп шоқындыратын әдет ендіреді, өйткені олардың ойынша, кәмелетке жасы толғандар шын сеніммен келеді дейді. Баптистердің мінәжәт (дом молитвы) үйіне кіретін есік кімге болса да ашық. Баптистер діни бостандықты талап етеді, қандай бір дін болмасын дербес өмір сүруі керек, шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек, діни қауымдарға адамдардың барлыгы тең құқықты. Олар Троицаны, Христостың Құдай тектес екендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар арасындағы байланысшы болатынына, иконға бас июге, крест, әулиелерге сиынуға, монахтыққа қарсы болуды мойындамайды. Литургия, месса сияқтылардың орнына баталық жиындар (молитвенные собрания) өткізеді. Христиандық әдет-ғұрыптар мен мейрамдардан шоқындыруды, нан үзіп жеу салты (хлебопреломлена) және қолалақан мен басқа дем (рукоположениені) және де Христостың атына байланысты мейрамдарды қолдайды.
XIX ғ. ортасында баптистер Ресейге, ал XX ғ. басында Қазакстан жеріне де тарады. 1944 жылы КСРО-да Евангел христиан баптистерінің одағы құрылды. Одан бір жылдан соң пятидесятниктер, ал 1963 жылы менониттер қосылып одақ кұрды - ВСЕХБ. Белгіленген уақытында съездері өтіп тұрады. Съездер арасында «Братский Вестник» - деген журнал арқылы жаңалықтармен бөлісіп отырады. 1960 жылдан бастап ЕХБ ішінде басталып, 70 жылдары қауымдык дербес одақтар шыға бастады. Қазіргі кезде дербес үш қауымдық одақ құрылды. Олар ЕХБ одағы, ЕХБ шіркеуі кеңес және ЕХБ шіркеу автономиясы.
Баптизм Қазақстанда ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басында пайда болды. Қазіргі кезде інжілдің христиан баптистері (ІХБ) Қазақстан Республикасындағы шіркеулер кеңесін құрды. Оның діни орталығы Қарағанды облысының Саран қаласында. ҚР ШК негізінде 7 аймақаралык кұрылған. Қазіргі кезде Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ІХБШК топтары жұмыс істейді.
Ислам (араб тілінде бас июшілік, кұлшылык) - ең жас әлемдікдін.Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін ұстанады. Мұсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мұсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі.Жалпы тарихи жағынан Ислам VII ғасырда Араб халықтарының алғашкы қауымдық кұрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдык-теократиялык мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуініңидеологиялық бейнесі болды.
ХІІ ғасырларда Арабия түбегі әртүрлі діни ілімдерге бай болды. Араб жерінде орын алған, Иудаизм және Христиан, зороастризм діни ағымдары, сондай-ақ политеистік көзқарастарды да исламның идеялық көзкарасының қалыптасуына әсерін тигізді.
Ислам діні шықканға дейін Алла (Аллаһ) деген Құдайға бас иген, бірақ бұл ұғымды арабтар қатардағы бір Құдайлардың есебінде
қабылдады. Күрейіштер тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Құдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Құдайлардың бейнелерін сақтап қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мұхаммед пайғамбардың тұсында «Аллаға» жеке Құдай түсінігі берілді. Мұхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күш» - Алла еді. Міне, сол себепті ислам дінінің шығуы тікелей Мұхаммедтің өмірбаянына тығыз байланысты болды.
Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мұхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жасқа дейін баласын «ауылға», бедуинге - Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мұхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мұхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу-Талиб Мұхаммедті өзінің жанұясына алады.
12 жасынан бастап Абу-Талиб Мұхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мұхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хувайлиданың қызы Хадиджа (жесір әйел) Мұхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиджаның тауарларын сатып, үлкен олжамен қайтканы үшін, оның адалдығы үшін, Хадиджа Мұхаммедке тұрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мұхаммедтің 25, ал Хадиджаның 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жастык айырмашылыққа қарамай, олар бақытты өмір сүреді. Хадиджа болса Мұхаммедке 6 бала: екі үл, төрт қыз туады. Өкінішке орай, Фатимадан басқа балалары Мұхаммедтің тірі кезінде өледі. Хадиджа Мұхаммедтің тек әйелі ғана болған жоқ, ол ең жақын дос болса Хадиджаны сүйгенінен және сыйлағанынан, оның тірі кезінде басқа әйел алған жоқ.
Мұхаммедтің қай кезде, неше жаста дін жолын бастағанын ешкім де айта алмайды. Бірақ білетініміз ол өз уақытында көптеген діндермен таныс болғандығы. Сауда-саттық жолда, көптеген елдерге барып, олардың діндерімен танысты. Меккенің өзінде де көптеген діндер болғандығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ Мұхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай өз жолымен жүрді.
Мұсылмандар түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» Алланың үмбеті Мұхаммедке Жәбірәйіл періште көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты. Ал Мұхаммед сол Құдайдың берген өсиеттерін халыққа ауызша жеткізіп отырды. Құран Құдай сөзі болғандықтан бұған ешкім де ешбір шек келтіруге тиіс емес.
Қазіргі «Осман шығарған Құран» 114 сүре, 6225 аяттан (басқа да Құранның түрлерінде 6204 және 6336 аяттан) тұрады. «Медина Құранында» аяттардың саны 6000, «Куфа Кұраны» мен үнді мұсылмандарының Құранында 6232 аяттан тұратын Құрандар кездеседі. Шиитер қолданып жүрген Құранында 115 сүре бар.
Барлық сүрелер көлеміне карай орналасқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта, ақырында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұнұ сәйкес келмейтіні де бар.
Біздің заманымызда ең дүрысы Құранның араб тілінен аудармасы болып есептелетін академик И. Ю. Крачковскийдің еңбегі, оның аудармасы 1963 ж. шықты. Қазақ тіліне араб тілінен «Құран кәрім» аудармасын 1991 жылы Алматы қаласынан қажы Р. Нысанбайұлы мен У. Қыдырханұлы аударды. Дегенмен Құранды аударуға рұқсат болғанымен, намаз оқу бес парызды орындау тек араб тілінде жүруі керек.
Ислам дінінің шығуына байланысты, Мұхаммедтің ауызекі айтқан қасиетті сөздері және Мүхаммедтің күнделікті өмірдегі мінезқкұлқы мен әдет-ғұрыптарын іс-әрекеттері аркылы айтылуы суннаны шығарды.
Исламның негізгі қағидасы сену, иман келтіру:
Аллаһқа иман келтіру
Періштелерге иман келтіру
Қасиетті кітаптарға иман
Пайғамбарларға иман келтіру
Ақырет күніне иман келтіру
Тағдыр мен қазаға иман келтіру
Иман сөзі-араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен шығып, ифғал бабында қолданылған масдар болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы - бір адамның сөйлеген сөзін куаттау, айтқанын кабыл ету, шын көңілімен кабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин», иман етілген нәрселерге де «муминун биһ» дейді.
Аллаға сену. Мұсылмандардың сенімі бойынша, Аллаһ - бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Аллаһтан басқа ешкімде бұндай күш жоқ. Аллаһқа тең ешкім жоқ және оны барша адам мойындайды. Аллаһ - сөзінің маңызы зор. Аллаһ жалғыз, Аллаһ мәңгі, ол туылмаған және туылмайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкін емес.
Қасиетті кітаптарға сену. Ислам дінінде Алладан келген кітаптарға сену шарт болып есептеледі. Қасиетті кітаптар деп мыналар аталады: Таурат кітабы; Забур кітабы; Інжіл кітабы; Құран Кәрім кітабы;
Періштелерге сену.Періштелер Ислам дінінде Алламен пайғамбарлардың арасын байланыстырушы елшілер. Ислам дінінде төмендегідей періштелердің аттары аталады:
Жәбірейіл: Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің бірі.
Микайл: Төрт үлкен періштенің бірі Микайлдың (а.с.) қызметі жер бетіндегі мақлұқаттар мен тіршілік атаулының ырыс-несібесі мен ауру, шипа, рахмет, берекет секілді жайттарды адамдарға жеткізу.
Исрафил: Исрафилдың (а.с.) қызметі сурды (сырнай) үрлеу.
Әзірейл: Үлкен періштелердің төртіншісі Әзрейлдің қызметі тіршілік атаулының жанын алу. «Мәләкул-мәут — өлім періштесі» деп атайды.
Бұлардан өзге басқада періштелердің аттары аталған.
Пайғамбарларға сену.Ислам дінінде иман негіздерінің төртіншісі Аллаһ тарапынан жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман ету. Құранда пайғамбарларды - «Расул» (елші), «нәби» (хабаршы) деп аталған. Ислам дініндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед болып есептеледі. Ислам сенімі бойынша одан кейін пайғамбар болған емес.
Құранда аты аталған 25 пайғамбарлардың есімі:1.Адам, 2.Идрис,3.Нұх,4.һуд,5.Салих,6.Ибраһнм,7.Лүт,8.Исмайыл,9. Исхақ,10.Яқуб, 11. Юсуф, 12. Шүғайб, 13. Мүса, 14. Харун, 15. Дәуіт, 16. Сүлеймен, 17. Әйюб,18. Зулкифл, 19. Юнус, 20. Илияс, 21.Әлиасағ, 22. Закария, 23. Яхя, 24. Иса, 25. Мұхаммед.
Қиямет күніне сену. Ақырет күніне иман ету иман негіздерінің бірі. Исламда оған сену - парыз деп есептеледі. Құранда Аллаһқа иман етумен байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (яумил ахир) иман ету де бірге айтылады. «Ақырет» сөзі - соңғы деген үғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин. Ислам дінінде Аят пен хадистерде акырет, қиямет, ақырзаманның күмәнсіз болатыны білдіріледі. Мысалы, қиямет-дүние тіршілігінің бітуі, яки бітуіне жақын қалуын білдірсе, ақырзаман қияметтің жақындауы деген сөз. Дүние тіршілігі тоқтаған кезде қияметқайым Исрафилдің (а.с.) бірінші рет Сурға үрлеуімен басталып, екінші Сурға үріліп, Аллаһтың құзырына барғанға дейінгі аралықты қамтитын кезең. Қияметқайымның қалай болатындығын баян еткен аят пен хадистер өте көп. Бірақ қашан болатындығы беймәлім, оны тек Аллаһ біледі. Ақырет күні болса, Исрафилдің (а.с.) екінші рет Сурға үрлеуімен басталған қайта тірілу, Аллаһтың құзырында есеп беру, жәннәт пен жәһаннамдағы орындарына бару мен ондағы өмірдің басталуына дейінгі кезең екендігі ислами танымға байланысты еңбектерде келтіріледі.
Дәріс №3. Қазақстан Республикасындағы діни қатынастарды құқықтық реттеу
1. Мемлекеттің зайырлы ұғымының сипаты
2. ҚР-ның 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы
Қазақстан Республикасы көп ұлтты, көп конфессиялы, көп партиялы мемлекет. ҚР Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген. Осындағы зайырлынормасы тікелей дінге қатысты. Зайырлы ұғымы діннің мемлекеттік саясаттан бөлінгендігін, мемлекеттік білім берудің діннен бөлінгендігін білдіреді. Зайырлы ұғымы сондай-ақ мемлекеттің дінге деген ұстанымынын демократиялық сипатта екендігін де білдіреді. ҚР Конституңиясының осы зайырлылық тура- лы нормасы еліміздегі діни қатынастарды реттеудің конституциялық негізі болып табылады.
Зайырлы ұғымы діннің мемлекеттік саясаттан бөлінгендігін, мемлекеттік білім берудің діннен бөлінгендігін білдіреді. Зайырлы ұғымы, сондай-ақ, мемлекеттің дінге деген ұстанымынын демократиялық сипатта екендігін де білдіреді. ҚР Конституциясының осы зайырлылық туралы нормасы еліміздегі діни қатынастарды реттеудің Конституциялық негізі болып табылады.
Соңғы кездері еліміздегі демократиялық принциптерге қарамастан діни ахуалдық көптеген проблемалар туындады. Экстремистік және террористік бағыттағы Ислам дінін жамылған радикалдық ағымдар пайда болды. Олардың көріністері Ақтөбе облысындағы Шұбарши ауылындағы террорлық әрекеттер, Ақтау, Атырау, Тараз, Алматы қалаларындағы экстремистік ағымдар мен террорлық әрекеттердің көрініс беруі.
Елімізде конфессиялардың саны тым көбейіп, олардың саны ,45-ке жетті. Көптеген келімсек діндердің немен айналысып жатқанын қадағалау қиынга соқты. Жергілікті мұсылман тектес халықтарды жаппай шоқындыру белең алды.
Ел Конституциясының 1-бабының 1-тармағында мемлекеттін «зайырлы» сипаты, 2-тармағында «қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» түбегейлі принципі екендігі бекітілген. 5-баптың 3-тармағы «діни» араздықты қоздыратын қоғамдық бірлестік құруға тыйым салса, 5-тармағы «шетелдік діни бірлестіктердің кызметіне» арналған. 14-баптың 2-тармағында «дінге көзкарасына, нанымына» қарай кемсітуге болмайды деп көрсетілген. 19-бап бойынша әркім «қай дінге жататынын өзі анықтайды». 22-бап толығымен дінге арналған. Онда «Арождан бостандығы құқығы» және «Арождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқыктар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс», делінген 34-баптың 1-тармагында әркім «Конституцияны және заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» деп жазылған. «Діни негіздегі партияларға жол берілмейді (5-б.,4-т.). 39-баптың 3-тармағына сәйкес ар-ождан бостандығы «ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс».
2011 жылы 7 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Дін істері жөніндегі агенттік құрылды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-съезінде сөйлеген сөзінде: «Мыңдаған жылдар бойы дінге негізделген мәдениет тарихта өзінің жанды сөзін сақтап келді. Бір жағынан ойлап қарасақ, өзінің діни рухын сақтау тарихта тұтас бір халықтың сақталуының кепілі болып келді».
Мемлекетіміздің арнайы ресми мереке ретінде демалыс күні ретінде Құрбан айт пен Рождество бекітілді. Қазакстан бүгінде бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде танылды. Бүгінгі таңда Қазақстан - діни толеранттылык идеясын тарату жөнінде талассыз көшбасшы. Біздің еліміздің конфессияаралық үнқатысудағы тәжірибесі бүкіл әлемдегі діни жетекшілердің қолдауы мен мойындауына ие болып отыр.
Көпшілік зайырлылықты барлық діндерге қатысты бейтараптық ұстану, мемлекеттің діни танымдардан тәуелсіз және кез келген теологиялық тұжырымдамалардан еркін болуы деп түсінеді. Алайда бүгінгі таңда зайырлылықты анықтайтын бұл қағидаттар бірте-бірте өзгеріске үшырауда.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын көрсететін мемлекетпен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің бірнеше формалары қалыптасқан немесе мемлекеттің діни қатынастарды бірізділікке түсірудің бірыңғай бағдарламасы қамтамасыз етілген. Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты реттеудің немесе мемлекеттің зайырлылығын білдіретін мынадай жүмыс әдістері орныққан.
Бірінші, Қазақстанда конфессияаралык карым-қатынастарды реттейтін, діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы үнқатысуды нығайтатын ықпалды тетіктердің бірі ретінде 2000 жылы Үкімет жа- нынан кұрылған Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесті және Астана мен Алматы калаларының, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің жанынан құрылған діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі кеңестер құрылған.
Екінші,зайырлықтың бір көрінісі ретінде мемлекеттік, соның ішінде атқарушы биліктің әртүрлі конфессиялардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп отыр. Діннің рухани күшінің жас ұрпақты, көпшілік халықты имандылық жолында тәрбиелеу үшін бірлесіп әрекет жасау. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігінде үстіміздегі жарты жылдықта Дін істері жөніндегі департаменттің басшылығымен барлық конфессиялардың басшыларымен кездесулер өтті.
Үшінші,зайырлықтың аса маңызды белгісі Конституцияға және заңға негізделген діни сенім бостандығы. Әркімнің өз дінін таңдау құқығы бар. Жаңа заң бойынша діни сенім-наным бостандығы үш негізгі қағидатқа сүйенетіні айтылды. Олар бейтараптык, толеранттылық және теңдік. Діни бірлестіктер 18 жасқа толған азаматтардың бастамасымен құрылады. Бүұан 18-ге толмаған жастың діни бірлестікке мүше болуға құқы жоқ деген үғым туады. Діни бірлестіктердің қай конфессияға жататындығын көрсетпей, жалпылама атаумен тіркелуіне де жол берілмейтіні белгілі болды. Бұл «Ата жолы» деген секілді жалпылама аттарды жамылатын секталардың тіркелуін шектейтін дүрыс түжырым. Сонымен қатар, отбасын бұзуға, дүние-мүлкінен айыруға шақыратын немесе мәжбүрлейтін бірлестіктер де тіркелмейтін болып шықты.
Төртінші,зайырлылықтың тағы бір белгісі діндердің біздің қалыптасқан діни наным-сенімімізге, ата-бабадан қалыптасқан дәстүрімізге, отбасылық ынтымағымызға кедергі келтіріп, түрлі жолдарға итермелейтін зиянды діни ағымдарға тыйым салу. Бұл құжат осындай әрекетке қол жеткізе алатын тетіктер тудырады. Ислам діни ешқашанда өзі тараған мемлекеттер мен аумақтарда жергілікті салт-дәстүрге қысым жасамаған.
Бесінші,зайырлылықтың негізгі белгісі діннің мемлекеттен бөлінгендігі немесе мемлекеттік саясаттың діннен бөлінгендігінде. Мемлекет діннің ішкі істеріне араласпайды, дін де мемлекет ісінеараласпайды. Бірақ діни ұйымдар мемлекеттің заңдарын бұзған жағдайда, мемлекеттің дін жөнінднгі заңынан және заң актілерінің шеңберінен шығып кеткенде мемлекет діни бірлестіктердің ісіне араласады. Мысалы, діни негізде әскерде қызмет етуден бас тарту, балаларын мектепке жібермей қою дін жөніндегі заңның шеңберінен шығу болып табылады, сондықтан мемлекет араласуға мәжбүр болады. Діннің мемлекеттен немесе мемлекеттік саясаттан бөлек екенін білдіреді. Осыған орай, діни ұйымдар сайлауға қатыса алмайды. Діни орындарда сайлауалды үгіт жүргізуге жол берілмейді. Діни қызметкер өкілді органның депутаты болып тіркеле алмайды және сайлауалды үгітке қатыса алмайды. Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және қаржыландырылмайды.
Алтыншы, мектепті діни бірлестіктерден бөлу және білім берудің зайырлы сипаты. Республикада білім берумен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады. Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге қақылы, бірақ балаларды дінге баулуға мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Баланы діни тәрбиелеу оның тәндік, психикалық саулығына және имандылық рухында дамуына залал келтірмеуі тиіс.
Мектеп пен оқу орындарында діни киімдер кию соның ішінде хиджаб кию білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келмейді. Мәселе хиджабтың күнделікті, дәстүрлі орамал болмауында. Сондықтан да, хиджаб кию саяси-әлеуметтік мәселеге айналып отыр.
ҚР Президенті Шымкентте халықпен кездесу кезінде хиджаб мәселесіне тоқталды. Хиджабтың тіптен араб сөзі де емес, парсы сөзі екендігін айта келіп, оның қандай да бір перде екендігін түсіндірді. Хиджабтың қазақтың әдет-ғүрпы, салт-дәстүріне қатысы жоқтығын және хиджабты қазақ қыздарының киіп жүруінің қате екендігін үғындырды.
Облыстың аудандарында, облыс орталығында «қызым хиджаб кимесе мектепке жібермейміз» дейтін ата-аналар кездесті. Астанада екі жігіттің студент қыздарын хиджабпен ЖОО-ға кіргізбеуге қарсы аштық та жариялағаны белгілі. Хиджаб киген қыздар да өз құқықтары үшін күресуге даяр екендігін байқатып отыр. Осының бәрінің қоғамды жікке бөлетін әрекеттер екені анық.
Енді хиджабпен мемлекеттік емес оқу орындарында еркін жүрудің кұкықтық және тарихи жағдайларына тоқтала кетейік. Заңдарымызда не айтылған?
Ата Заңымыздың тек дінге қатысты нормаларын түгелдей бекерге келтіріп отырған жоқпыз. Конституцияның бұл нормаларының «ең жоғары заң күші бар және олар бүкіл республика аумағында тікелей колданылады».
Енді Конституцияның осы баптарына түсінік беріп көрейік. Мемлекеттің зайырлығы үғымы нені білдіретініне тоқталайық.
Айталық, мемлекеттік білім беру мекемесінде хиджаб киюге рұқсат берілді дейік. Онда елімізде тіркелген 45 діни конфессия өкілдері әрқайсысы өз киімімен келуі әбден мүмкін. Сондықтан заң бәрінен жоғары тұруы тиіс.
Енді хиджаб киюдің еліміздегі тарихи жағдайына келейік. Қазақстан тарихында Ислам діні үш рет мемлекеттік дін ретінде бекітілді. Бірінші рет Қарахан мемлекетінде (Х-ХІІІ ғасырлардың басы), Моғолстанда (1347-1533 жж.) және Алтын Ордада 1312 жылы ресми дін ретінде бекітілді. Ислам осы мемлекеттердің ресми діні болып, басқа діндерден жоғары тұрды. Сол кезеңдерде Ислам діні мемлекеттік болғанымен, әйелдерге хиджаб киюді міндеттемеді. Тіптен Ислам дінінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Исламның 70 мың әулие-әмбиелеріне ескерткіш орнатқан Әмір Темір де (1336- 1405 жж.) хиджаб киюге жол бермеді. Себебі, олардың бәрі де хиджабтың араб-парсылық сипатын жақсы білді. М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты үлкен еңбегінде де хиджаб туралы ештеңе жоқ.
Ислам дінін қабылдағаннан бергі казақ тарихындағы деректемелерде, суреттерде,тарихи әдебиеттерде, өнер туындыларында, эпостық жырларда, археологиялық қазбаларда хиджаб киген қыз бейнесі кездеспейді. Сонда хиджабтың қазақ үлтына тарихи, дәстүрлік, діни киім ретінде ешқандай қатысы жоқ.
Жетінші,сан ғасырлар бойы ислам діні қазақтардың киім киісі, салт-дәстүрі, әдет-ғүрпы басқа да ерекшеліктерімен үштасып кеткен. Өзбекстанда да, Кавказ халықтарында да осылай. Қазіргі кезде уаххаббилік және санафилік ағымдар, ең алдымен қазақтардың салт- дәстүр, әдет-ғүрпына шабуыл жасауда. Сол арқылы халқымыздың дәстүрлі исламдық бағытын өзгертпек. Мұның өзі карапайым халықтың наразылығын тудырып құқық қорғау органдарының жұмысына айналып отыр. Баскаша айтқанда еліміздің зайырлылық принципі бұзылып отыр.
Мемлекетіміздің Конституцияда бекітілген зайырлылық сипаты оның негізгі іргетасының бірі. Мемлекеттің ерекше белгісі. Зайырлылық принципі елімізде орын алып отырған дінаралақ үнқатысуымен толеранттылықтың негізі. Осы зайырлылықпринңипі негізінде мемлекетіміз дінаралық татулық пен ынтымақтың халықаралық үлгісіне айналып отыр. Осы негізде мемлекетімізде төрт мәрте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтіп, Қазақстан діни саланы реттеу жөнінде бүкіл әлемдік үлгі де болып отыр.
Елімізде конфессиялардың саны тым көбейіп кетіп, көптеген келімсек діндердің немен айналысып жатқанын қадағалау қиынға соқты. Жергілікті мұсылман тектес халықтарды жаппай шоқындыру белең алды.
Діни қатынастарды жан-жақты және терең түрғыдан реттеуді 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» (бұдан былай - ДСБ және ДБ) заңы және үкімет пен басқа да орталық атқару органдарының нормативтік құқықтық актілері жүзеге асырып келді. Сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен де реттеледі. Діни бірлестіктердің қызметіне кедергі келтіру, әдейі бұзу ҚРҚылмыстық кодексімен реттеледі. Сонымен қатар діни қатынастар көптеген заңға тәуелді актілермен реттеліп жатады. 2007 жылдың 30 қаңтарында баспасөзде ҚР Үкіметінің діни сараптама жүргізу туралы арнайы қаулысы жарияланды. Өмірдің талабына сай діни қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер үнемі өзгеріп, жаңалары қабылданып отырады. Осы заң негізінде тәуелсіздік алғаннан бері елімізде діни конфессиялардың да, діни бірлестіктердің де саны күрт өсіп кетуіне жөнсіз негіздер қаланды. Діни бірлестіктерді көру және оларды мемлекеттік тіркеу мейлінше жеңілдетілді. Кез келген он азамат діни бірлестік құра алды. Тіпті қандай дінге қатыстылығын өздері шешті. Осы заң бойынша олар кез келген жаңа дінді жасай алды. Керек десеңіз, олардың басшылары өздерін жаңа діни көсем деп те жариялай алды. Олардың соңынан азаматтардың үлкен тобы еріп кетті.Тіптен дін жөніндегі заңда «діни бірлестік», «дін» «конфессия» ұғымдарынын түсінігі де берілмеген, аражігі де ашыл маған. Керісінше олар бір-бірімен шатысып теңесіп кеткен. Оған дәлел үшін заңның 4-ші бабындағы «барлык діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей» деген норманы талқылар болсақ мынадай қайшылықты сұрақтар туады.
Біріншіден, барлық діндерді тең деуге әркім келіседі. Мысалы, ислам, христиан, будда, иудаизм діндерін, тіптен діни ағым деп саналатын иегова куәлерін немесе баптистерді тең деуге болады.
Екіншіден, осы нормадан діндер мен діни бірлестіктердің заң алдында бірдей екендігі туындайды. Сонда миллиондаған адамдарды біріктіретін ислам діні мен ондаған адамды ғана біріктіретін ислам діни бірлестігі бір-біріне тең болып шығады. Әрине, заңға кіріп кеткен бүл норманың ешқандай да қисыны жоқ. Керісінше, осы норма еліміздегі ислам діні ішіндегі қайшылықтардың өсіп кетуіне себеп болды. Осы норма негізінде Республика бойынша жүздеген ислам діни бірлестіктері ҚМДБ-ға тәуелсіз заңды ұйымдар ретінде тіркеліп кетті. Қазіргі кезде түсіндіру жұмыстарының арқасында ҚМДБ-дан тәуелсіз ислам діни бірлестіктерінің саны азайды.
Заңның 4-1-бабында миссионерлік қызметке мынадай түсінік берілген: «Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі -миссионер) Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті уәкілетті орғанда есептік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады» деп жазылган. Осы нормадан Қазақстан Республикасының азаматтары да өз елінде тұрып-ақ миссионер болып шығады деген қорытынды туады. Сондабіздің молдаларымыз және имамдарымыз да, православие шіркеуінің, басқа да конфессиялардың ҚР азаматтары болып табылатын тұлғалары миссионер болып шығады. Миссионер ұғымының ғылымда қалыптасқан түсінігі бар. С. И.Ожеговтың сөздігі бойынша: «миссионер деп басқа елдерде діни уағыз жүргізуші, сол елдердің азаматтарын өз дініне тартушы тұлғаларды айтады». Нақтысы былай “Миссионер... лицо посылаемое для религиозной пропаганды среды нехристианского населения”. Осындай әлем мойындаған шындықты біз жоғарыда көрсеткендей бұрмалап жібергенбіз.
2002 жылы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі №2 қаулысында .1. Қазақстан Республикасы Парламентінің 2002 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентініңқол коюына келіп түскен «Қазакстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердіңқызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституиясына сәйкес емес деп танылсын» деген шешім қабылдады. Осы заң Конституциялық Кеңестің осы шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген “Діни сенім бостандығы діни бірлестіктер туралы” заңға өзгеріс ретінде енген» ислам діни бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысы бойынша жүзеге асыратындығы туралы «3-тармақтың 3 тармақшасы», сондай-ақ мұсылмандық ғибадат үйлері мен ғимараттарын ашу және салу ҚМДБ рұқсатымен жүзеге асырылуын көздейтін 3-тармағының 17-тармақшасы Конституцияға қайшы деп табылып қолданысқа кірмеді. Мұндай жағдай еліміздегі ислам дініндегі ішкі қатынастарға кері әсерін тигізді.
Ал енді осы шудың бәрі тек Ислам төңірегінде болды. Себебі, елдегі 10 миллионнан астам мұсылман жолын ұстаушылар Қазақстанның негізгі өзегі. Олардың бірлігі - бүкіл Қазақстанның бірлігі. Шетелдік келімсек діндер, жікшілдікке бейім Ислам атын жамылған топтарға даңғыл жол ашылды. Енді бұдан ҚМДБ қарауындағы Ислам діни бірлестіктері бір-бірімен алауыздыққа ұрынып іштей ыдырай бастаса, келімсек діндер қандас, діндес бауырларымызды өз қатарларына тартып енді ғана аяққа тұра бастаған Исламды сырттан ірітуге толық негіз болмақ.
Діни сенім бостандығы құқығы Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жок адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, дінге деген, Құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді.
Азаматтардың дінге көзкарасына қарай олардың құқықтарын тікелей немесе жанамалап шектеу немесе қандай да бір артықшылықтар белгілеу немесе соған байланысты өшпенділік пен жеккөрушілік туғызу, не азаматтардың сезімдерін жәбірлеу, сондай-ақ, қайсыбір дінді ұстанушылар қадір тұтатын заттарды, құрылыстармен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қақысы жоқ.
Бұл заңды тым либералды және демократияшыл заңдардың қатарына қосуға болады. Заң кейбір өзгерістермен 2011 жылғы дейін қолданыста болды. Осы заң негізінде тәуелсіздік алганнан бері елімізде діни конфессиялардың да, діни бірлестіктердің де саны күрт өсті. Діни бірлестіктерді құружәне оларды мемлекеттік тіркеу мейлінше жеңілдетілді. Сондай-ақ, жаңа дін немесе діни ағым ашу мәселесі ең оңай әрекеттердің біріне айналды. Керек десеңіз, дін жоніндегі заңда «діни бірлестік», «дін» «конфессия» ұғымдарының түсінігі де берілмеген, аражігі де ашылмаған. Керісінше, олар бір-бірімен шатысып теңесіп кеткен. Оған дәлел үшін заңның 4-бабындағы «барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей» деген норманы талқылар болсақ, онда мынадай қайшылықты сұрақтар туады. Біріншіден, барлық діндерді тең деуге әркім келіседі. Мысалы, ислам, христиан, будда, иудаизм діндерін, тіптен діни ағым деп саналатын иегова куәлерін немесе баптистерді тең деуге болады.
Екіншіден, осы нормадан діндер мен діни бірлестіктердің заң алдында бірдей екендігі туындайды. Сонда миллиондаған адамдарды біріктіретін ислам діні мен ондаған адамды ғана біріктіретін кез келген діни бірлестік. Әрине, заңға кіріп кеткен бұл норманың ешқандай да қисыны жоқ. Керісінше, осы норма еліміздегі ислам діні ішіндегі қайшылықтардың өсіп кетуіне себеп болды. Осы норма негізінде Республика бойынша жүздеген ислам діни бірлестіктері ҚМДБ-ға тәуелсіз заңды ұйымдар ретінде тіркеліп кетті және жаңа дін заңы қабылданғанша олар құқықтық дербестігін сақтап қала алды.
Діни бірлестіктер мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының сайлауына қатыспайды. Діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылымдарды құруға, сондай-ақ діни бірлестіктердің саяси партиялар қызметіне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берілмейді. Діни бірлестіктердің қызметшілері саяси өмірге барлық азаматтармен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.
Мемлекетте бір діннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесезорлық-зомбылыкка шакырумен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бірлестікті кұруға және оның қызметіне тыйым салынды.
Миссионерлік қызмет. 15.01.1992 ж. заң бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - миссионер) Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік кызметті уәкілетті органда есептік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады. Миссионерлік қызметті есептік тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады.
Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүргізді.
Мектепті діни бірлестіктерден бөлу және мемлекеттік білім берудің зайырлы сипаты. Осы заң бойынша республикада білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болды. Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге құқылы, бірақ балаларды дінге баулуға мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Баланы діни тәрбиелеу оның тәндік, психикальщ саулығына және имандылық рухында дамуына залал келтірмеуге тиіс.
Діни бірлестіктер.Жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер деп танылады. Қазақстан Республикасындағы жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастыктар) діни мүдделер мен қажеттерді бірлесіп қанағаттандыру мақсатында құрылған азаматтардың ерікті құрамалары болып табылады.
Діни басқармалар (орталықтар) өздерінің жарғыларына (ережелеріне) сәйкес өз жарғылары (ережелері) негізінде әрекет ететін діни оқу орындарын, ғибадатханалар мен өзге де діни бірлестіктерді кұруға құқылы.
Республика шегінен тысқары басшы орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер, егер бүл орайда Қазақстан Республикасының заңдары бұзылмайтын болса және олардың жарғыларын (ережелерін) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркесе, олардың жарғыларын (ережелерін) басшылыққа ала алады.
Діни бірлестіктің жарғысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетін ережелер болмауға тиіс. Діни бірлестіктерді тіркеу. Діни бірлестік кемінде кәмелетке толған 10 азаматтың бастамашылығымен құрылады. Бұл үшін олар жиналыс шақырады, онда жарғы (ереже) қабылдайды.
Діни бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлғаның құқыктық қабілетіне ие болады.
Республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында қимыл жасайтын діни баскармаларды (орталықтарды), бірлестіктерді, сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырьларды және басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының әділет министрлігі, ал жергілікті діни бірлестіктерді тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Заңның осындай жұмсақтығы мен либериалдық сипаты, әсіресе, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің, экстремистік және террористік сипаттағы діни ағымдардың Қазақстанға көптеп келіп орнығуына кұқықтық негіз қалады. Ал мемлекеттік органдар оларға жайбарақаттықпен қарады.
Осының нәтижесінде 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 Исламдык, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230- ы Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шіркеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік жүмыс істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, т.б. бар. 2011 жылы діни конфессиялардың саны 45-ке, діни бірлестіктердің саны 4451 жетті. Бұл өте жоғары көрсеткіш.
«ДСБ жэне ДБ» туралы заңы еліміздің тәуелсіздігіне бір ай толғанда немесе 15.01.1992 жылы кабылданды.
Заңның солқылдақтығы мен шикілігі діни қатынастарды шиеленістірді және осы себептерден жаңа заң кабылдауға негіз болды.
Дәріс №4. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Заңмен тыйым салынған діни ағымдар
1. Экстремизм ұғымы және оның түрлері. Терроризмұғымы және оның қауіптілігі. Экстремизм мен терроризмтуралы заңнамалық актілер
2. Қазақстанда экстремистік және террористік әрекеттержәне олармен күрес
3. Заңмен тыйым салынған 15 түрлі діни ағымдар және олардың сипаттамалары. Орталық Азияның монжахедтері,Шығыс Түркістан Ислам партиясы, Өзбекстанның Ислам қозғалысы,«Аль Каида» ұйымы, «Талибан» қозғалысы, «Хизб-ут-Тахрир»діни саяси партиясы,«Мұсылман бауырлары» ұйымы, т.б.
Қазіргі кезде әлемде экстремистік әрекеттер, соның ішінде діни экстремистік әрекеттрер жиі кездесіп отыр. Экстремистік ұйымдар мен әрекеттер Қазақстанда да пайда болып, өз істерін жүзеге асырумен көзге түсіп отыр. Осыған орай ҚР-ның 2005 жылы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы№31 заңы қабылданды.
Осы Заңның 1-бабында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
5) экстремизм - жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің белгіленген тәртіппен экстремистік деп танылған ұйымдардың атынан іс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;
жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды:
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруді, өкіметті күшпен басып алуды немесе өкіметті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендірілген құралымдарды құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлік ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектікәтоптық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмді);нәсілдік, ұлттық және рулық алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмді);
діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланыстыалауыздықты қоздыруды,сондай-ақ,азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер тондіретін кез келгендіни практиканы қолдануды (діни экстремизмді) көздейтін іс- әрекет үйымдастыруы және (немесе) жасауы;
Заңда экстремизмнің 3 түрі:саяси экстремизм; үлттық экстремизм; діни экстремизм көрсетілген.
экстремистік ұйым - экстремизмді жүзеге асыратын және сот экстремистік деп таныган заңды түлга, жеке жэне (немесе) заңды тұлғалар бірлестігі;
экстремистік материалдар - экстремистік іс-әрекеттерді жүзеге асыруга шакыратын не оларды жасау қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын, жария етуге немесе таратуға арналған кез келген құжат не өзге де жеткізушілердегі ақпарат;
экстремизмді қаржыландыру- жеке және (немесе) заңды тұлғаларды, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестігін экстремистік мақсаттарда, соның ішінде оларға қаржылай қаражат, жылжымайтын мүлік, оқу, полиграфиялық және материалдық-техникалық база, телефон, факсимилді және басқа да байланыс түрлерін, ақпараттық қызмет көрсету, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалык құралдар беру жолымен қаржыландыру мәселелері түсіндіріліп көрсетілген.
Экстремизммен қатар терроризм әрекеттері де әлемде көп кездесіп отыр. Террорлық әрекеттер Қазақстанда да орын алды.
Елімізде «Терроризмге қарсы күрес туралы» ҚР заңы алдымен ҚР 19.02.2002ж. қабылданып, 2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы Заңда мынадай ұғымдар мен терминдер берілген.
терроризм- қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;
террористік іс-әрекеттер - террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердің кез келгенін қамтитын іс-әрекет:
терроризм идеологиясын тарату;
террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау;
террористік акцияларды жасауға айдап салу, террористік максатта зорлык-зомбылык жасауға шақыру;
террористік акцияларды жасау максатымен әскерилендірілген заңсыз кұрамаларды немесе кылмыстык ұйымдарды құру, сондай-ақ оларға қатысу;
террористік акцияларға террористерді тарту, қаруландыру немесе пайдалану, сондай-ак оларды террористік дағдыларға үйрету;
террористік ұйымдарды немесе террористерді қаржыландыру;
террористік әрекетті дайындау мен жасауға жәрдемдесу;
террористік акция- терроризм актісін не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористік мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тікелей жасау;
терроризм актісі- жарылыс жасау, өрт кою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау каупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау;
террорист- террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде экстремизмнен сақтандыруға бағытталған мынадай алдын алушараларын іске асырады:
- «Діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметіне зерделеу мен талдау жүргізеді, өз кұзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты мәселелерді қарайды, Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзатын діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу туралы ұсыныстар енгізеді»;
«бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі уәкілетті орган бұкаралык ақпарат кұралдары өнімдерінде экстремизмді насихаттауға және ақтауға жол бермеу, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысында оларға мониторинг жүргізеді, мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерінің жариялануын қамтамасыз етеді»; «білім беру ұйымдарында оқушылардың экстремизм идеяларын қабылдамауын»;
«ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың дәлелді қорытындылары бойынша өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды жүзеге асырады»;
«ҚР ішкі істер органдары жедел-іздестіру қызметін, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асырады, сондай- ақ өздерінің іс-әрекеттерімен қоғам мен мемлекет кауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығарып жіберуді жүзеге асырады»;
«облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, тиісті аумақтарда құрылған діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметін зерделеуді жүзеге асырады, олар туралы деректер банкін жасайды, өз кұзыретіне жататын мәселелер бойынша өңірлік деңгейде ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асырады, өңірдегі діни ахуалға зерделеу мен талдау жүргізеді»;
Мемлекет террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағында: терроризмді насихаттауға; террористік ұйымдардың, сондай-ақ, заңсыз әскерилендірілген құрамалардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттык кауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құкығы бар.
Террористік акцияның жолын кесу үшін терроризмге қарсы тікелей күресті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қолда бар күштер мен құралдарды, соның ішінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді іске тартады. Қажет болған жағдайларда террористік акциялардың жолын кесу үшін терроризмге қарсы операциялар жүргізіледі.
Діни экстремизм - діни құндылықтарды жамылып, дінді сақтауды желеу етіп, өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу жолындағы саяси әрекет. Діни экстремизмнің негізінде өз идеяларын түсіндіру, оған жаңа мүшелерді тарту, әсіресе жастарды тарту жолымен жүреді. Алдымен олар өздеріне қажетті адамдарды қоғам ішінен ұзақ таңдайды. Олармен танысып, өз әрекетіне тартады. Оларға діннің мәнін түсіндірген болады. Сол үшін түрлі астыртын жиындар мен жиналыстар, кездесулер өткізіп отырады. Оларда қызу пікірталастар жүргізеді. Жаңа мүшелерге жәрдем береді. Діни бауырмалдылық идеясын насихаттайды. Оларға өз әдебиеттерін беріп, өз идеяларынатолықтай өткізеді. Басқадіндерді жамандайды. Өмір сүріп отырған қоғамдық кұрылысты айыптайды, оған қарсы күрес қажеттігін негіздейді. Содан кейін барып мүшелерімен түрлі әскери жаттықтырулар өткізе бастайды. Осылай жаңа мүшелерін қаруландырып, күреске дайын етеді. Олардың насихаты ымырасыз келеді. Діни экстремизмнің дінге ешқандай қатысы жоқ, тек оны жамылғы етеді.
Діни экстремистік топтардың мол қаржысы, астыртын әдебиеттер шығаратын баспаханалары, қажетті үй-жайлары болады. Олар қаражатты шетелдік астыртын экстремистік және террористік топтардан алады.
Экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, өз орталықтарының рұқсатынсыз келіссөздерге шықпайды. Олардың басты қаруы қатігездік пеншапқыншылық. Діни экстремизм өз мүшелерінің адал еңбек ету туралы діни анттарын қабылдайды. Діни антқа байланған адамдардың экстремистердің қатарынан шығуы өте қиын.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту терроризм болып табылады делінген.
Қоғамдық кауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау, - не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға, жайларға, ғимараттарға шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, жайларды, ғимараттарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлігін, жылжымалы темір жол қүрамын не өзге де қоғамдық көлікті айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол сүғу болып өзгертілді.
Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 162, 163, 166-1, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 233-4, 234, 238, 239-баптарында көзделген кылмыстар террористік қылмыстар деп танылады.
ҚР қылмыстық кодексінің 233-3-бабында террористік немесе экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін жеке адамға, бір топ адамға немесе террористік не экстремистік ұйымдарға көрінеу заңсыз ақша және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беру немесе жинау, сондай-ақ сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдықтар, демеушілік және қайырымдылық көмек,
ақпараттық және өзге де кызмет түрлерін көрсету не каржылык қызмет көрсету, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетілінген.
Күш қолдану қатерімен террористік немесе экстремистік қызметті каржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесуді жүзеге асырушы жэне ол туралы ерікті түрде мәлімдеуші, сондай-ақ қылмыстың ашылуына немесе жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан боса- тылады.
Қылмыстық кодекстің 235, 235-1, 235-2, 235-3, 237-баптарында ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық үйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық кылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандыға) қатысуын өз еркімен тоқтатқан және ұйымдасқан топ, қылмыстык коғамдастық (қылмыстық үйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық кылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банды) жасайтын немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады .
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АҚШ, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде каза тапты. АҚШ-ның Калифорния штатындагы Сан Диего қаласында «Ұлык бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 1978 жылы 18 караша күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Франңияның Сен Пиер каласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 1995 жылы 23 желтоқсан күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейңарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 1994 жылы 5 қазан күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш түрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 1994 жылы 4 казан күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 1997 жылы 23 наурыз күні өздерін атыпне өртеп өлтірген. Американың Техас штаты Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 1993 жылы 19 сәуір өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығыпың әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 1985 жылы 19 қыркүйек күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мүның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнэәадамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қиянатынан сақтауымыз керек.
Дегенмен, аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда террористік және экстремистік іс-әркеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 1999 жылғы шілдеде республикада терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң қабылданды.
2003 жылғы желтоқсанда Президенттің жарлығымен терроризмнің және діни экстремизмнің көріністерімен күресте барлық қауіпсіздік қорғау құрылымдарының неғұрлым тиімді жүмыс істеуі үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы күрес орталыгы құрылды және оған барлық арнайы құрылымдардың, құқық қорғау органдарының және өзге де ведомстволардың қызметін үйлестіру жүктелді.
Соңғы жылдары Қазақстанда мынадай террористік оқиғалар орын алды:
2010 жылғы маусымда болған Маңғыстау облысында қатаң тәртіптегі колониядан діни экстремистік ұйымның мүшелері жаппай қашып шықты. Түрмеден қашқан террористердің бір бөлігі әскери күштермен қақтығыста қайтыс болды, екінші бөлігі өздерін өздері жарып жіберді;
Солтүстік Кавказда террористік іс-эрекетті жүзеге асыруға қатысты күдікпен Қазақстан азаматтарының Ресей аумағында қолға түсуі;
Қазақстан азаматтарының РФ-ның Оңтүстік өңірі аумағындағы террористік әрекеттерге қатысуының жаңа фактілері.
2011 жылы 17 мамырда Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД ғимаратында кейбір деректер бойынша діни экстремистік ұйымның мүшесі болған азаматтың өзін-өзі жарып жіберуі;
24мамыр 2011 жылы Астана ҰҚКД уақытша ұстау изоляторы ғимаратының жанында автокөліктің жарылуы. Жарылыс затының іске қосылуына байланысты машинада болған екі адам сол жерде жан тапсырған.
Аталған окиғалар қоғам ішінде алаңдаушылык туғызды жэне де бұл жағдай құзыретті орғандар тарапынан дер кезіндеғі толық және объективті ақпарат болмауынан ушыға түсті. Қоғам назарына бұрын іліге бермейтін «телефондық терроризм» оқиғаларының өзі де бұрынғыдай емес ерекше әсермен қабылданатын болды. Осылайша, Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың қалайша бағаланатынына, сондай-ақ бұл оқиғалардың артында кімдер, қандай күштер, себептер тұрғанына қарамастан, өкінішке қарай, біздің елімізде терроризм қауіп-қатерінің күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын еріксіз мойындауға тура келеді.
Қазақстан азаматтарының басқа елдердің жерінде террористік іс-әрекетке катысуын куәландыратын мәліметтер жиілеп кетті.
Біздің еліміздің аумағында да экстремистік және террористік іс-әрекетгіен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтардың саны да өсе түсуде. Мәселен, атап айтқанда 2008-2009 жылдары ресми деректер бойынша елде 7 террористік оқиғасының жолы кесілді. Сондықтан да терроризм проблемасы бұрын бізге алыстағы қатер болып көрінсе, бүгінгі күні ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін сипат алуда. Шын мәнісінде, терроризм көріністері Қазақстанда бұрын да орын алған болатын. Осы ретте кейбір зерттеушілер 1992 жылғы ақпанда Шымкент қаласының әуежайында кепілге адам алумен байланысты оқиғаларды қарастырады. Басқалар 2000 жылы Алматының орталығында қарулы экстремистік топтың мүшелерін жойып жіберу мысалын келтіреді. Бірак бұлар терроризмнің жекелеген, жергілікті көріністері болатын және де бұл әрекеттер көбінесе криминалды сипатта еді. Тұтастай алғанда, Қазақстанда террористік қауіп-қатерлердің дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
Брінші кезең (90-жылдардың соңы - 2000-жылдардың басы) елімізге алыс-жақын шетелдерден қашқан террористер жасырын түрде паналады. Өздеріне ынғайлы жағдай іздеді. Жергіліктіхалыктан өз тобына мүшелер тартуға әрекет етті.Мысалы, 2000- 2004 жылдары Қазақстанның құкық қорғау органдары террористік іс-әрекеті үшін біздің еліміздің аумағына келіп жасырынған Өзбекстанның сегіз азаматын ұстап, өзбек жағына берді .
2004-2005 жылдары Қазақстанның аумағында 11 адам ұсталып, Ресейге, Өзбекстанға және бірқатар басқа елдерге жөнелтілді.
2006 жылы Қазақстанда терроризмге қатысы бар деген 13 адам ұсталды. Қылмыскерлердің көпшілігі - Ресей, Өзбекстан, Түркия және Қытай азаматтары.
Екінші кезең (2000-жылдардың басы мен ортасы) Қазақстан кейбір азаматтары шетел аумақтарындағы террористік іс-әрекеттерге қатысты. Өзбекстандағы 2004 жылы террористік акңияларды ұйымдастырған «Орталық Азия моджахедтер жамағаты» террористік тобының әрекетіне Қазақстан азаматтары да қатысқан. Олар өз пікірлері бойынша көбінесе «мұсылмандардың құқықтарын аяққа басқан Өзбекстанның билігіне қарсы» қылмыстық әрекет еткен.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтары Ауғанстан және бірқатар басқа елдердің аумақтарында заңсыз әскери құрылымдардың іс-әрекетіне қатысқандығы туралы ақпарат кеңінен тарады. Мәселен, Гуантанамо (Куба) түрмесінің тұтқындарының бірі Қазақстан азаматы болып шықты. Сондықтан 2005 жылы белгілі американдық «Ұлттық барлау кеңесі» үкіметтік емес ұйымы «Болашақ жаһандық карта» деп аталатын талдамалы-болжамдық баяндамасын жария етіп, онда Қазақстан Ресеймен, Әзірбайжанмен және Түркменстанмен қатар радикалды топтар орын тепкен және арнаулы дайындықтан өткен әрі лаңкестік әрекеттер жасаудың тәжірибесі бар «джихадтың кәсіби жауынгерлері» тұратын өңірлерге жатқызылды. Басқаша айтқанда, терроризмнің қауіп-қатеріне аз ұшыраған ел деп саналатын біздің еліміз осы кезеңде әртүрлі сараптама мәліметтерінде атала бастады.
Үшінші кезең (2005 жылдардың аяғынан бастап) Қазақстан азаматтарының басқа елдердің аумағында террористік іс-әрекеттерге қатысуыкөбейген. Мысалы, 2009 жылдың шілде айында Дағыстанда жүргізілген арнайы операңия кезінде сегіз террорист өлтіріліп, құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша олардың бесеуінде қазақстандық төлкұжаттар табылған.
2009 жылдың 19 шілдесінде қырғыз қауіпсіздік қорғау қызметтері Бішкекте және елдің оңтүстігінде террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 18 адамды тұтқынға алды, олардың арасында Қырғызстан, Өзбекстан және Қазакстан азаматтары болған.
2010 дың 19 қыркүйегінде тәжік қарулы күштері Тәжікстанның Рашт алабында жүргізілген арнайы операция кезінде өлтірілген бір қылмыскерден Қазақстан азаматының төлкұжаіын тапқан.
2011 дың 19 қаңтарында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Бішкекте терактілерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматының тұтқынға алынғандығын растады.
2011 жылдың ақпанында Махачкалада Қазақстанның азаматтары болып табылатын - 1989 жылы туылған, А. Ә. және 1990 жылы туылған Р. Е. заңсыз карулы топтарға қатысы бар деген күдікпен түтқындалды. Және осы кезеңде, екінші жағынан, біздің еліміздің аумағында террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға талпыныстар көріне бастады.
2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы ҚК-ның төмендегі баптары бойынша сотталған адамдар бойынша: 168 бабы - билікті зорлықпен басып алу; 233 бабы - Терроризм; 233-1 бабы - Терроризмді насихаттау және терроризм актісін орындауға ашықтан-ашық шақыру; 233-2 бабы - Террористік топты кұру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу туралы мәліметтер бар.
Сондықтан да Ақтөбе мен Астанадағы соңғы оқиғалардың елімізде терроризм қауіп-қатері күшейіп келе жатқанын мойындауға тура келді. 2010 жылы қыркүйекте экстремистік сайттардың бірінде казақстандық полиция қызметкерлеріне карсы жиһад туралы аталмыш үндеу жарияланып, ол жай ғана «қарсыласуға» емес, топтық қарулы шабуылды үйымдастыруға шақыру мазмұнында болды. Бүл сайтта құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы терактілер қалай ұйымдастырылуы керек екендігін экстремизмнің идеологтары толық және егжей-тегжейлі түсіндірген. Мүмкін қазақстандық кұқык қорғау органдарында бұл материалдарға және сайттардың өздеріне айтарлықтай мән бермегендіктен, бұл сайттар бірден жабылмаған. Тек Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардан бір ай өткеннен кейін барып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мазмұны терроризм мен экстремизмді
насихаттау мен оны жақтауға тыйымды бүзған 15 шетелдік сайттардың анықталғанын жариялады.
ҚР-дасот шешімдерімен қызметтері тоқтатылған діни ұйымдардың тізімі мен сипаты:
1.Орталық Азияның моджахедтері
2.Шығыс Түркістан Ислам партиясы
3.Өзбекстанның Ислам қозғалысы
4.Күрд халықтық конгресі
5. «АУМ Синрикс»ұйымы
6. «Әлеуметтік реформалар қоғамы»ұйымы
7. «Лашкар-и Тайба ұйымы»
8. «Аль Каида» ұйымы
9. «Асбат-аль-Ансар»ұйымы
10. «Талибан» қозғалысы
11. «Хизб-ут-Тахрир» діни саяси партиясы
12. «Мұсылман бауырлар» ұйымы
13. «Бозгурд» ұйымы
14. «Шығыс Түркістандағы азат ету ұйымы»
15. «Алля аят» ұйымы
Орталық Азияның моджахедтерінің ұйымы алғаш 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың басында құрылған. Оған дейін ұйым мүшелері Өзбекстан Ислам қозғалысында болғанымен, оның жетекшісі Т. Юлдашевпен орын алған келіспеушіліктен кейін аталмыш қозғалыстың құрамынан шығып, «Әль Каида» ұйымына кіреді. Ұйым мүшелері өздерінің басшыларынан бастап Усама Бен Ладеннің жеке өзіне адалдықтары жөнінде ант береді. Моджахеттердің басшысы Өзбекстан азаматы Н. Жалолов («Усмон») болды. Кейбір деректерге қарағанда ол казіргі таңда Пәкстанның Пешавар каласында жасырынып жүр.
Ұйымның негізгі мақсаты: террористік актілер жасау арқылы Өзбекстан Республикасындағы конституциялык құрылысты өзгерту; АҚШ, Ұлыбритания, Израиль елдерінің өкілдіктеріне террористік актілер жасау.
Өзбекстанның Ислам козғалысы (ӨЙҚ) ұйымы алғаш 1997 жылы кұрылған. Ұйымның басшысы («Амир-аль-муминун») Т. Юлдашев. Қозғалыстың рухани көсемі 1952 жылы туылған Мұхаммад Садык Мұхаммад Юсуф болды. Ол Триполи каласындағы (Ливия) бүкіләлемдік ислам универистетінің проректоры, Орталық Азия мұсылмандары діни баскармасының төрағасы, бас муфтиі болып қызмет атқарды.
Қозғалыстардың дала командирлерінің бірі әрі басшысы 1969 жылы туылған Ходжиев Жұмабай Ахматжанұлы (Жұма Намангани деген атпен белгілі) болды. Ол Өзбекстан Республикасы, Наманған облысының тұрғыны, ұлты өзбек. Кейінірек Ауғанстандағы антитеррорлык іс-әрекет кезінде каза болады.
Алғашқы кезде қозғалыс өкілдгғі Пәкстанның Пешавар қаласына орналысты, кейін Кабул және Құндыз қалаларына көшіріледі. Ұйым қатарында 2001 жылдары шамамен екі мыңға жуык сарбаз болған. Қозғалыстың мақсаттары:
Өзбекстандағы қоғамдық қатынастарды барынша исламдандыру;
Қоғамдық-саяси ахуалдарды тұрақсыздандыру;
Өзбекстанға жиһад жариялау, «кәпірлер» режимі мен қоғамына карсы соғысу;
Қазіргі режимді жою және саяси билікті алу.
Күрд халыктық конгресі ұйымының көшбасшысы - Абдулла Оджалан. Ол 1978 жылы құрылған Күрдістан жұмысшысы партиясының жетекшісі болды.Түркиялық сот органдарының қаулысымен өмірлікке бас бостандығынан айырылған, қазіргі кезде Түркия абақтыларының бірінде жазасын өтеп жатқан А.Оджалан кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Түркияның Санлиурф провинңиясында тұрған. 1947 жылы белгісіз себептермен Анкара университетіндегі оқуын тастап кетеді. Кейіннен Түркиядағы күрді сепаратистерінің біріне айналады. 1980 жылы Түркияда орын алған төңкеріске дейін-ақ ол, саяси көзқарастарына байланысты Сирияға бой тасалауға мәжбүр болады. Маркстік-лениндік көзқарастарды берік ұстанатын А.Оджалан Күрдістан жұмысшы партиясының идеологиясын тарату бойынша карулы күрес жүргізудің нағыз жақтаушысы болды.
Күрдістан жұмысшы партиясы соңғы 25 жылдың көлемінде жақсы қаруланған және жоғары дәрежеде қаржыланған әскер құрады.
1984 жылы ұйым Түркия шекарасында күрділердің этникалык авто- номиясын күру бойынша қарулы күреске дайын түрды. Олар 1990 жылдары өз қатарларын 15 мыңнан аса сарбазбен толықтырады.
Талибан козғалысы Ауғанстанның Қандағар қаласында 1990 жылдардың алғашқы жартысында құрылған. Бұрынғы моджахед Мұхаммед Омар молда алғашында бірқатар радикалды көзқарастағы мұсылман студенттерінен топ құрып, оларды «Аллаһ жолындағы шәкірттер» ретінде Исламды тазартуға, ел аумағында діни билікті орнатуға бастайды. Ал «Талиб» сөзі «оқушы» деген мағынаны білдіреді. Талибандар 1996 жылы Ауғанстанда билікке келіп, олар елде ислам әмірлігі мемлекетінің құрылғандығын жариялайды. Соңынан шариат заңдарына енгізеді. Талибан билігі 1996 жылдың желтоқсан айында Ауғанстанда арнайы декрет қабылдайды: соған сәйкес, әйелдер үйдегі қамауда ұсталып, олардың оқуына тыйым салынады. Ал еркектер сақал өсіруге міндетті болады.
Талибандар Пәкстанмен, Сауд Араб елімен және АҚШ-пен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Талибандардың Ауғанстанды басқару билігі Усама бен Ладенге баспана берумен және оны 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы террористік актіден соң Америкаға беруден бас тартуынан кейін көп ұзамай аяқталды.
Дәріс №5. Шетелдік христиандық миссионерлік ағымдардың қызметі және олардың еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне зияндылығы
