Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
religia_3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.94 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«Бекітемін»

Жаратылыстану-ғылыми және

гуманитарлықдайындық факультеті

деканы ф.м.ғ.к., доцент Кулиманова М.Р

______________________

«____» __________2014 ж.

«Дінтану»

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

5В050900 – Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5b090200 – Туризм,

5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5b020200 – Халықаралық қатынастар, 5b050800 –Есеп және аудит, 5b050600 –Экономика

мамандықтары

Барлық мамандықтар үшін

Барлығы: 3 кредит

Семестр: 2

АҚТАУ, 2014 ж

8.Пән меңгеруге арналған әдістемелік нұсқау.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«Дінтану»

ПӘНДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В011400-Тарих»

мамандығына арналған

Ақтау 2014 ж

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының отырысында бекітілді.

Хаттама № «»2014ж.

каф.меңгерушісі т.ғ.к., доцент Жумалиева Л.Т. «»2014ж

«Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті әдістемелік кеңесі тарапынан келісілген

Хаттама № «» 2014ж.

Оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы ф.м.ғ.к., доцент Кулиманова М.Р. ______

Түсінік жазба

Қазіргі әлемдік қатынастарда, соның ішінде Қазақстан Республикасында дін және дінаралық қатынастар өзекті мәселеге айналып отыр.Соңғы кездері республикамызда конфессиялардың саны артып, олардың миссионерлік саясаты жаппай сипат алды.Жергілікті мұсылман тектес азаматтар түрлі христиандық теріс ағымдардың қатарына еніп кетті. Оларға қарсылық ретінде шығыстық исламдық бағыттағы миссионерлердің әрекеттері күш ала бастады.Осы негізде исламның туын жамылған дәстүрлі емес экстремистік және террористік сипаттағы теріс ағымдардың саны да өсті.Кейбір жерлерде экстремистік және террористік әрекеттер ашық әрекеттерге көшті.

Осының бәрі де діни саланы реттеуде қайшылықтар мен қиындықтар тудырды.Осыған орай дін туралы жаңа заң қабылданды. Діни қатынастарды реттеу жаңа құқықтық сипатқа ие болды.

Кейбір діни ағымдардың әрекеті саяси сипат ала бастады.Жергілікті жастардың бір тобы теріс ағымдардағы исламдық бағыттардың соңына ілесті, олардың діни әдет-ғұрыптары мен рәсімдерін жүзеге асырып, киімдерін де кие бастады.Осының бәрі де еліміздегі дінаралық қайшылықтарды күшейте түсті.

Дінтану философиялық сипаттағы ғылым болғанымен оның қазіргі Қазақстандағы көрінісі көбіне саяси сипатқа ие бола бастады.Осы жағдайлар жоғарғы оқу орнында студенттерді дін тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі туралы білімдерін жетілдіруге негіз болды.

Пәнді оқыту мақсаты:

Студенттерді әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы оқыту, олардың қоғамда алатын орны, діни сенімдерінің еркіндігін қалыптастыруға, қабілеттерін және алған білімдерін өмірде пайдалана алуға, рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде студенттерді толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру, сонымен қатар экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету.

    Оқыту міндеттері:       1) студенттерді дін тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету;       2) діннің дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және гуманистік негіздерін ашу;       3) толеранттылыққа және қазіргі діни білім мен ағымдарды сын көзімен бағалай алуға тәрбиелеу;       4) Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімдерді нығайту үшін азаматтық жауапкершілікке баулу;       5) экстремизм, терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерін қабылдамауға тәрбиелеу;       6) діни әдебиеттер, электрондық білім және бұқаралық ақпарат құралдар материалдарын сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;       7) құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу;       8) Бағдарламада материалды оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Философия», «Саясаттану» сияқты пәндермен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1-тақырып. Діннің ұғымы және мәні. Діндердің пайда болуы. Алғашқы діндер.Тәңірлік діні. 2сағат.

Діннің ұғымы және мәні. Дін туралы ұғымның әр алуандығы. Діни ілімдер. Батыстык және Шығыстық діни ғұламалар діннің мәні туралы

Діндердің пайда болуы және оның әртүрлі себептері. Діннің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірлері.

2-тақырып.Алғашқы діндер. Тотемизм. Анимизм. Фетишизм. Магия. Ежелгі Египет Грек, Римдегі діндер.Тәңірлік діні. 2сағат.

Дін бастаулары мен тарихи түрлері: мифологиялық сананың өзіндік ерекшеліктері. Көне (алғашқы қауымдық) культтар. Алғашқы қауымдық сенімдердің формалары (фетишизм, тотемизм, анимизм, магия). Шаманизм. Жерорта теңізі елдеріндегі: Ежелгі Египеттегі, Грециядағы, Римдегі діндер. Шығыстың ұлттық діндері. Индуизм. Конфуциандық. Даосизм. Синтоизм. Иудаизм. Иудаизм діни ілімі және дамуының негізгі кезеңдері.Тәңірлік. Түрік дүниетанымының ерекшеліктері. Діни ілім ерекшеліктері мен культтік тәжірибе. Тәңірлік культтің қазақтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне әсері.

3- тақырып.Әлемдік және дәстүрлі діндер. Будда,христиан, ислам діндерінің негіздері және негізгі бағыттары. Діндердің өркениетті дамытудағы рөлі

1 сағат

Әлемдік діндердің пайда болуы. Конфуцийлік дін және ілім. Синтоизм діні.Буддизм дінінің негізін қалаушы. Сидхартһа Гаутама. Нирвана туралы ілімі.

4- тақырып.Христиан дінінің пайда болуы. Католик діні. Православие шіркеуі. Протестанттық діни ағымдар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Негізгі қағидалары. Исламдық ғылым және мәдениет.

5- тақырып. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы 2сағат.

Ислам: Ислам діні пайда болғанға дейінгі Арабия түбегі халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Құран және ислам ілімі. Мұхаммед – пайғамбар. Сунниттер мен шииттер. Мұсылман салт-жоралары мен ұйғарымдары. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар). Сопылық. Ислам, ғылым және мәдениет.

6- тақырып.Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі орын алған діндер. 2сағат.

Исламның Қазақстанда таралу кезеңдері. Исламның білім, ғылым және мәдениеттің дамуына әсері. Қазақстандағы ислам мәдениетінің ескерткіштері. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауидің, Жүсіп Баласағұнның, Махмұд Қашқаридың, Асанқайғының, ШоқанУәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абайдың, Шәкәрімнің философиялық-ағартушылық және діни қөзқарастары. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі. Қазіргі Қазақстан қоғамы мен тарихындағы ислам. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Қазақстанда христиан дінінің таралуы. Қазақстандағы христиан мәдениетінің ескерткіштері. Қазақстан тарихындағы православие. Орыс православие шіркеуінің митрополиттік округі. Қазақстандағы католицизм және протестантизм.

7- тақырып.Қазақстан Республикасындағы діни қатынастарды құқықтық реттеу 1 сағат

Мемлекеттің зайырлы ұғымының сипаты. ҚР-ның 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы.ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңы.

ҚР-ның «Діни қызмет жэне діни бірлестіктер туралы» жаңа заңы бойынша діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізудің тәртібі. Миссионерлік қызмет. Діни ұйымдардың мемлекетпен қатынасы.

8-тақырып. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Заңмен тыйым салынған діни ағымдар 2 сағат

Экстремизм ұғымы және оның түрлері. Терроризм үғымы және оның қауіптілігі. Экстремизм мен терроризм туралы заңнамалық актілер

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары және олардың қауіптілігін түсіндіру. Қазақстанда экстремистік және террористік әрекеттередің көрініс беруі. Діни экстремистік әдебиеттер және олардың таралуына жол бермеу

Заңмен тыйым салынған діни ағымдар және олардың сипаттамалары. Орталық Азияның монжахедтері, Шығыс Түркістан Ислам партиясы, Өзбекстанның Ислам қозғалысы, «Аль Каида», «Талибан» козғалысы, «Хизб-ут-Тахрир» діни саяси партиясы,Мұсылман бауырлары» ұйымы т.б.

9 - тақырып. Дәстүрлі емес діни ағымдардың өз қатарларын қөбейту жұмыстарының әдіс-амалдары мен формалары 1 сағат

Дәстүрлі емес діни ағымдардың жазбаша және ауызша үгіт-насихаттары. Миссионерлік қызметі. Жергілікті халық өкілдерінен өздеріңнің кадрларының даярлауы.Дәстүрлі емес ағымдардың діни ғимараттар салуы, кайырымдылық қызметі, әдебиеттерін таратуы. Азаматтарды өз қатарына тарту әрекеттері.

10-тақырып. Исламдық теріс ағымдардың әрекеті және еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне зияны.2 сағат

Уаххабилік ағымның ерекшеліктері. Олардың дәстүрлі қарсы күресі. Уаххабиліктің белгілері, масхабтарды ізақтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын мойындамауы. Салафилік ағым, оның ерекшеліктері.

Сопылық ағымның ерекшеліктері. Зікіршілер. Сопылық ағымның заңға қайшы әрекеттері. Ахмадия діни ағымы және оның қызметі.

Студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне арналған тақырыптар

1. Христиандық діни секталардың түрлері және ұғымы.

2. Діндердің өркениетті дамытудағы рөлі.

3. Исламдық діни секталардың түрлері және ұғымы.

4. Діндердің бейбітшілік пен достықты дамытудағы рөлі.

5. Қазақстан Республикасындағы діни ахуал жэне оның ерекшеліктері.

6. Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал және оның ерекшеліктері.

7. Діни қатынастарды реттеудің қазіргі заманғы әлемдік практикасы.

8. Халықаралық құқықтағы діни сенім мэселелері.

9. ҚР-ның 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы.

10. Қазақстандағы діни қатынастардың шиеленісуі.

11. ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қарашадағы заңы.

12. Жаңа дін заңы бойынша діни қатынастарды жетілдірудің жолдары.

13. Діни экстремизм және оның алдын алу.

14. Терроризм және оның алдын алу.

15. Заңмен тыйым салынған діни ағымдар.

16. Шетелдік христиандық миссионерлік ағымдардың қызметі және олардың еліміздің ұлттық қауіпсіздікке зияндылығы.

17. Исламдық дәстүрлі емес теріс ағымдар.

18. Шығыстық дәстүрлі емес миссионерлік ағымдар.

19. Исламдық теріс ағымдардың әрекеті және олардың еліміздің ұлттық қауіпсіздікке зияндылығы.

20. Дәстүрлі емес діни ағымдардың еліміздің азаматтар өз қатарына тартудағы кызметінің формалары мен амалдары.

21. Діннің жастар мен студенттерге ыкпалы.

22. Миссионерлік ұйымдардың қызметінің алдын алудың формалары мен әдістері.

23. Дәстүрлі діндер және қоғам.

24.Қазақстан тарихындағы исламның рөлі.

25. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен эдет-ғүрыптары жэне ді"

26. Мемлекеттің дін жөніндеғі саясаты.

27.Заңның діни конфессияларды қайта тіркеуден өткізу тура. талаптары.

28. Мемлекеттің зайырлы сипаты.

29. Әлемдік жэне дэстүрлі діндер лидерлерінің I съезі.

30. Әлемдік жэне дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі.

31. Әлемдік жэне дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]