- •5В030100 – «Құқықтану» мамандығы үшін «Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу» пәні бойынша
- •Пәннің типтік оқу бағдарламасы ( 1 қосымша)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу бағдарламасы
- •3. Пән бойынша оқу бағдарламасы – syllabus.
- •3.2 Курс пререквизиттері.
- •3.3 Курстың постреквизиттеры.
- •3.4 Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •3.5 Оқыту нәтижелері (пәндік құзыреттілік пәннен тыс құзыреттілік)
- •3.6. Курстың саясаты мен процедурасы (пәнді оқу барысында студенттерге қойылатын талаптар )
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі.
- •5. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Дәрістер кешені (дәрістер тезистері)
- •1 Тақырып. Қазақстан Респпубликасындағы мемлекеттік сатып алудың түсінігі және жүйесінің қызмет ету қағидалары
- •2 Тақырып. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері.
- •3 Тақырып. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері.
- •4 Тақырып. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру түсінігі, түрлері және оны өткізу үрдісі.
- •5 Тақырып. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
- •6 Тақырып. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу
- •Әлеуетті өнім берушілердің ұсынатын құжаттары мен ақпараттары.
- •7 Тақырып. Аукцион арқылы мемлекеттік сатып алулар және оны өткізудің үрдісі.
- •8 Тақырып. Тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу.
- •9 Тақырып. Электронды мемлекеттік сатып алуларды өткізудің ережелері.
- •10 Тақырып. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу және құрылымының негізгі қағидалары, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі.
- •8. Лабораторлық сабақтар жоспары
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық
- •11 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесінің қалыптасу түсінігі мен қағидалары
- •2 Тақырып. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субьектілері.
- •3 Тақырып. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері.
- •4 Тақырып. Конкурс жолымен мемлекеттік сатып алу, түрлері және оны өткізу үрдісі.
- •5 Тақырып Баға ұсыныстарын сұрау жолымен мемлекеттік сатып алу.
- •6 Тақырып Бір қайнар көзден мемлекеттік сатып алу.
- •7 Тақырып Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу және оны өткізу тіртібі.
- •8 Тақырып. Тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу.
- •9 Тақырып. Электрондық мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру ережелері.
- •10 Тақырып Мемлекеттік сатып алу туралы шарт құрлымы және жасасудың негізгі қағидалары, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
- •12 Студенттердің өзіндік жұмыстар шегінде сабақтардың жоспары
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыс, курстық жұмыстар тақырыптары:
- •Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала
- •15 Өзін-өзі тексеруге арналған тестілік сұрақтар.
- •Студенттердің білімдерін бағалау критериі
- •Курс бойынша эмтихан сұрақтары
- •Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету.
- •Мазмұны
- •8. Лабораторлық сабақтар жоспары 58
- •16.04.2014Ж № 12 Хаттама.
- •«Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу»
- •100012, Қарағанды қ.:Гоголь к-сі, 38
Әлеуетті өнім берушілердің ұсынатын құжаттары мен ақпараттары.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың пәні болып табылатын тауарды жеткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға ерік білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға анықталған мерзімде «Мемлекеттік тапсырыс туралы» Заңының 33-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттардыберуі тиіс. Ол ақпараттарға:
әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;
әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;
ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.
Аталған Заңның 33-бабының 3- тармақшасынасәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның аталғын бабының 4-тармағы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың біліктілік талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайтынын көздейді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті. Ол «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 34-бабының 1-тармағына сәйкес төмендегі ақпараттарды қамтиды:
бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 34-бабының 2- тармағы мен мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру туралы Ереженің 152- тармағына сәйкес тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды (аталғын Ереженің 153-тармағы).
Аталған Ереженің 151-тармағына сәйкес, егер бір көзден алу тәсілімен тауар, жұмыс, қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптау комиссиясы немесе сарапшы бекітілген болса, тауар, жұмыс, қызметті сатып алу қорытындысы туралы сараптама қорытындысы хаттамаға тіркеледі.
Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру туралы Ереженің 154-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен тауар, жұмыс, қызметті мемлекеттік сатып алу,егер тауарға, қызметке, жұмысқа баға аталған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан әлеуетті өнім берушінің ұсынғаны жоғары болса, жарамсыз деп есептеледі.
Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 тармақшасы.)
