Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.74 Кб
Скачать

6 Тақырып. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу

Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32-бабына сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн, егер:

  • қандай да бiр өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;

  • конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;

  • егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;

  • мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;

  • мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ, егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтпеді деп танылса.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағында бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді делінген.

Осылай, мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіні дербес анықтайды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32-бабының 1-тармағының мазмұнынан көп жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірден өткізуге болмайтындығын көреміз . Көбінесе, мемлекеттік сатып алу баға сұранысын беру және конкурс арқылы өтеді.

  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Аталған ереже Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген реттерде, конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу жарамсыз деп танылған жағдайда, сонымен қатар Заңының 32-бабының 4-тармағында көрсетілгендей аталған Заңның 31-бабының 6-8 –тармақтарында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен істелген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалуына әкелмеген жағдайларда қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі.

Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Мемлекеттік сатып алу туралы Ережесінің 142-бабына сәйкес мынадай дәйектііс-шараларды орындауды көздейді:

  • тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілінқолдануды негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізутуралы шешім қабылдауы;

  • тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсіліментауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттіксатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттіксатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;

  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатынтауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердіңтехникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердікөрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттарымен мерзімдерін әзірлеуі;

  • тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін,сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердікөрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеушарттары мен мерзімдерін бекітуі;

  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттіөнім берушіге Заңның 33-бабының 1-тармағындакөзделген мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуғақатысуға жазбаша шақыру жіберуі;

  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттіөнім беруші ұсынған әлеуетті өнім берушініңбіліктілік талаптарына сәйкестігін, бір көзден сатып алу тәсіліменмемлекеттік сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағанынегіздеуді растайтын құжаттарды қарауы;

  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бір көзден сатыпалу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманыресімдеуі;

  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзденсатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердімемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманытапсырыс берушіге ұсынуы.

Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге жазбаша нысанда Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді және ол «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 33-бабының1-тармағында көзделген ақпараттарды жіберуі тиіс:

  • мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;

  • техникалық өзiндiк ерекшелiгiн, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттамасы көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы және талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаты

  • мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi

  • тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң орны;

  • тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдеме беру;

  • төлем шарттары және елеулi талаптары көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;

  • мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу талаптары, нысаны, көлемi және тәсiлi;

  • бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сома туралы мәлiмет;

  • осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттар тiзбесi;

  • әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы Ереженің 146-тармағына сәйкес конкурс жарамсыз деп танылған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу шарты туралы жіберілетін ақпарат өтпей қалды деп танылған конкурстың конкурстық құжаттамасының шарттарына сәйкес болуы тиіс.

Әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар

Әлеуетті өнім беруші «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген жалпы біліктілік талаптарына сай келуі қажет:

  • құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

  • төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан асатын мерзімге салық берешегінің болмауы;

  • банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.

Соңғы екі талаптың талаптары Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізілетін әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.