Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.74 Кб
Скачать

8. Лабораторлық сабақтар жоспары

Оқу жұмыс жоспарымен қарастырылмаған.

9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Берілген пәннің күрделігі үлкен көлемді нормативті материалмен анықталады.

Пәнді меңгеру үшін тек көлемді азаматтық-құқықтық нормативті материалдарға ғана емес, сондай-ақ еңбек, отбасы, азаматтық іс жүргізушілік заңнамаларында және өзге де әртүрлі салалардағы құқықтық реттелуге жататын құқықтық қатынастарда бағытталуы керек.

1. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу түсінігімен байланысты тақырыпты түсіну үшін жетекшілікке алынатын жайт ретінде құқық теориясының жалпы ережелерінің құқық саласының анықтамасы, құқық салаларын аражігі, құқық салаларының дербес жігі, құқық салаларының кешенділігінің болу мүмкіндігін болып табылады. Құқық саласының лербестігі туралы айтуға мүмкіндік беретін негізгі жік ретінде ол пәннің, құқықтық реттеу әдістері, құқықтық реттеу қағидалары және құқық саласының қайнар көздерінің бар болуымен анықталады.

Осы жіктердің кәсіпкерлік құқықта бар болуының ескере қажет және мемлекеттік сатып алу пәні, құқықтық реттеу әдістері және қандай қағидалары кіретін нақты қандай құқықтық қатынастарды қатаң белгілеу қажет.

Мемлекеттік сатып алу түсінігін ашу ғана маңызды емес, сонымен қатар, құқықтық режимнің негізгі элементтерін белгілеу болып табылады.

  1. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық

жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар

Оқу жұмыс жоспарымен қарастырылмаған.

11 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

1 Тақырып. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесінің қалыптасу түсінігі мен қағидалары

тапсырма:

  • Осы тақырып бойынша нормативтік материалдармен, оқу құралдарымен және оқулықтармен, ғылыми қайнар көздермен танысу;

  • Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу туралы жалпы ережені (құқықтық реттеу түсінігі, қағидалары, қайнар көздері) саралау.

  • Тақырып бойынша дәптерге қысқаша конспект жасау.

  • СОӨЖ өткізу нысаны: оқытушымен сабақты талқылау, өзекті аспектілерді. Тақырып бойынша қосымша материалдарды оқу. Конспектіні тексеру.

Орындауға әдістемелік нұсқама: осы тапсырманы орындауда ұсынылған әдебиеттермен танысу қажет. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу туралы жалпы ережемен танысу және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң бойынша конспект жасауға болады.

2 Тақырып. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субьектілері.

тапсырма:

  • Осы тақырып бойынша нормативтік материалдармен, оқу құралдарымен және оқулықтармен, ғылыми қайнар көздермен танысу;

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңда мемлекеттік сатып алу жүйесінің субьектілерінің құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерді саралау.

-Дәптерге «мемлекеттік сатып алу жүйесінің субьектілерінің құқықтық мәртебесі» кесте жасау, онда субьектілердің құқықтары мен міндеттерін ажырату.

СОӨЖ өткізу нысаны: оқытушымен сабақты талқылау, өзекті аспектілерді. Тақырып бойынша қосымша матаериалдарды оқу. Конспектіні тексеру.

Орындауға әдістемелік нұсқама: осы тапсырманы орындауда ұсынылған әдебиеттермен танысу қажет. ҚР-ң «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының ережесін және ҚР-да мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін алып қарастыру.