- •050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
- •1 Студенттің өздік жұмысының мақсат-міндеттері мен маңызы
- •1.3 Өздік жұмысқа қойылатын талаптар:
- •2 «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен өздік жұмысы
- •2.1. Студенттердің өздік жұмысының мазмұны
- •2.2.Студенттердің өздік жұмыстарына ұсынылатын тақырыптар
- •050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы
- •050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен
- •Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
- •Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тест тапсырмалары
- •Әдебиетті іздеу, іріктеу
Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Ежелгі дәуір әдебиеті пәні. Пәннің мақсаты мен зерттеу нысанасы.
Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері.
Ежелгі әдеби жәдігерліктердің зерттелуі.
Ежелгі мәдениет. Тіл және жазу.
Түркі қағанаты, ежелгі қалалары, түркілердің наным-сенімдері, діни ұғымдары.
Сақтардың қаһармандық дастаны: Тұмар – Томирис.
Сақтардың қаһармандық дастаны: Шырақ батыр.
Сақтардың қаһармандық дастаны: Алып Ер Тоңға дастаны.
Сақтардың қаһармандық дастаны: Шу дастаны.
Ғұндардың батырлық жыры: Оғыз-қаған дастаны.
Ғұндардың батырлық жыры: Атилла дастаны.
Ғұндардың батырлық жыры: Ергенекон дастаны.
Ғұндардың батырлық жыры: Көк бөрі дастаны.0
Ғұндардың батырлық жыры: Авеста – қасиетті жазбалар жинағы.
Орхон-Енисей жазбалары, зерттелуі, ескерткіштердің табылып, ашылуы.
Көне түркі әдеби ескерткіштерінің тілі, Орхон жазбалары және тарихи шындық.
«Күлтегін жыры» көркемдік ерекшелігі, композициялық құрылысы, идеялық мазмұны.
«Төныкөк жыры» зерттелуі, көркемдік ерекшелігі, жыр идеясы.
Күлтегін, Төныкөк бейнелерін талдау.
«Қорқыт ата кітабы», Қорқыт жайлы аңыз бен тарихи шындық, Қорқыттың нақыл сөздері.
«Қорқыт ата кітабы» қолжазба нұсқалары, зерттелуі, аударылуы, композициялық құрылысы.
«Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Салар Қазанның үйін жау шапқаны», «Қам-Бұраұлы Бамсы-Берек жөніндегі жыр» жырларын талдау.
«Қазанбектің баласы Оразбектің жауға қалай тұтқын болғаны туралы жыр», Төбекөз дәуді өлтірген Бисат туралы жыр».
«Оғызнама» нұсқалары, зерттелуі, композициялық құрылысы, мазмұны.
«Оғызнамадағы» діни-мифологиялық көріністер, тілі, көркемдеу әдістері.
Әл-Фараби өмірі жайлы деректер, орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері.
«Өлең өнерінің қағидалары» шығармасының тақырыбы мен идеясы.
Әл-Фарабидің философия, этика, әдебиеттану, музыка салалары бойынша жазған зерттеулері, ғұлама ғалым еңбектерінің мәні
Әл-Фараби – әдебие тзерттеушісі.
10-12 ғ. тарихи жағдай, мәдениет, әдебиет жайлы
10-12 ғ. өнер, жазу мәдениеті.
М.Қашқари өмірі, «Диуани лұғат тит-түрк» мұрасы, сөздіктің аударылуы, зерттелу тарихы.
М.Қашқари сөздігіндегі түрлі тақырыптарға жазылған өлең-жырлар (табиғат туралы, аңшылық жайында, ерлікті дәріптеу).
М.Қашқари жинаған тұрмыс-салт жырлары мен мақал-мәтелдер.
Ж.Баласағұн өмірі, ақынның қоғамдық әлеуметтік көзқарасы
«Құтты біліктің» зерттелуі, дастан құрылысы мен мазмұны.
«Құтты білік» - ел басқарушылардың негізгі кітабы, дастанның көркемдік ерекшеліктері.
«Құтты білікте» қарастырылатын ақыл-білім, әдептілік, тәлім –тәрбие туралы мәселелер.
А.Йүгінеки «Ақиқат сыйы», қолжазба нұсқалары, зерттелуі.
Дастанның («Ақиқат сыйы») композициялық құрылысы, идеясы, көркемдік ерекшелігі.
«Ақиқат сыйы» дастанының ең басты мәселелері (оқу-білім, адамгершілік, мінез-құлық туралы).
А.Йассауи «Диуани хикмет» зерттелуі, қазақ тіліне аударылу мәселесі.
«Диуани хикмет» шығармасы (тарихат, шариғат, мағрифат, хақиқат).
Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабы».
Суфизм әдебиеті, онда көтерілетін діни проблемалар.
13-15 ғ. тарихи-әлеуметтік жағдайлар, осы ғасырлар әдебиеті.
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті мен әдебиеті.
«Кодекс куманикус» сөздігі, түпнұсқасы жайлы.
«Кодекс куманикус» сөздігінде қолданылған мақал –мәтелдер, табиғат жайлы өлеңдер, ұлағатты сөздер, олардың тәрбиелік мәні.
Хорезми «Мұхаббат нама» дастаны.
«Мұхаббат нама» дастанының қолжазба нұсқалары, зерттелуі.
«Мұхаббат нама» дастанының құрылысы, көркемдік ерекшеліктері
Құтб «Хұсрау-Шырын» дастаны.
Шырын мен Хұсрау бейнелері.
Құтб шығармаларының зерттелуі, Құтб аудармаларының ерекшелігі.
Сайф Сараидың «Гүлстан бит түрки» дастаны туралы.
«Гүлстан» дастанының қолжазбалары, зертелуі, жариялануы.
«Гүлстан бит түрки» дастанының композициялық құрылысы, идеясы.
Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер.
Әбілғасы Баһадүр «Шежіре-и түрки» шежіресі.
Қ.Жалайри «Жамиғат тауарих» шежіресі.
М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» жылнама шежіресі.
З.М.Бабыр «Бабыр нама» дастаны.
Бабыр өмірі мен тәрбиеленген ортасы.
«Бабыр наманың» зерттелуі, аударылуы, басылу ісі.
«Бабыр нама» энциклопедилық туынды, шығармадағы қазақ шежіресі жайлы.
«Құтты біліктің» моральдық, тәрбиелік мәні.
Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» дастанындағы Жүсіп пен Зылиха бейнелері.
«Қорқыт ата кітабындағы» Бамсы-Бәйрек бейнесін қазақ фольклорындағы батырлар бейнесімен салыстыру.
М.Қашқари сөздігінің қазақ мәдениетінде алатын орны.
«Құтты білік» дастанының тақырыбы мен идеясы.
Қазақ фольклоры мен ежелгі дәуір әдебиеті арасындағы байланыс.
Көне түркі жазба ескерткіштері, дастандары, тарихи шежірелерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен тәлім-тәрбиелік ғибраты.
М.Қашқари сөздігінің мәні.
Аралық бақылаудың кестесі
Бірінші аралық бақылау –семестрдің соңғы жетінші аптасында, практикалық сабақта өткізіледі, бақылау нысаны – (тест сұрақтары, тапсырмалар, сұрақтар)
Екінші аралық бақылау – семестрдің соңғы он төртінші аптасында, практикалық сабақта өткізіледі, бақылау нысаны – (тест сұрақтары, тапсырмалар, сұрақтар)
Дәріс тақырыптарының мазмұны (ҚФБ-11)
Дәріс №1.
Тақырып: Көне түркі әдебиеті (ҮІ-ІХ ғасырлар). Орхон жазуындағы жәдігерліктер.
Әдебиет тарихын кезеңдерге бөліп зерттеу ісі, біріншіден, қоғ-ң жалпы даму заңдылықтарына, екіншіден, әдебиет дамуының тек өзіне ғана тән белгі-сипаттарына негізделуі тиіс.
Сонымен, ежелгі қаз. әдебиетінің тарихын дұрыс жүйелеу үшін ең алдымен, мынадай екі мәселені мықтап ескеру шарт. 1) Адамзат қоғ-ң жалпы даму заңд-н, соның ішінде қаз. халқ-ң қалыптасып, дамуының тарихи кезеңдеріне ықпал еткенқоғ-қ-әлеум-к факторларды жете білу керек. 2) Көркем әдебиеттің қоғ-қ-эстетикалық мәні мен қызметінің кемелдену сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу себептерін, әдеби жанрлар мен әдеби тілдердің даму кезеңдерін т.б. танып-білу қажет.
Сол себептен тюрколог-ғалымдар бүкіл түркі тілдес халықтардың сан ғасырлық әдебиет тарихын енгізінен екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең – тәңірлік дәуір әдебиеті, ал екіншісі ислам дәуірі әдебиеті болып табылады.
Тәңірлік дәуір әдебиетінің өзін үш дәуірге бөліп қарастырған жөн:
Ежелгі түркілердің арғы тегі саналатын сақтардыңқаһармандық дастандары. (б.з.б. 9-3ғ.) «Алып ЕР тоңға» дастаны, «Шу» дастаны.
Бізге ғұндар дәуірінен жеткен батырлық жырлар. (б.ғ.б. 2ғ. б.з. 5ғ.) «Оғыз қаған», «Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекон» дастандары.
Түрік қағанаты (8ғ.) «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған».
Қыпшақ даласына ислам діні тарағаннан кейінгі дәуірі әдебиетінен бізге жеткен мұраларды да үш топқа бөліп қарастырамыз.
Қайта өрлеу дәуірі (12-15ғ.) әдебиеті. н/се ислам дәуірі әдебиеті. Бұлар негізінен этикалық-дидактикалық сарындағы поэзиялық туындылар болып келеді. Оған Ж.Баласағұнның «ҚҰтты білік», А.Иүгінікидің «Ақикат сыйы», Қ.А.Йассауидің «Ақыл кітабы» т.б. енеді.
Алтын Орда дәуірі (12-15ғ. әдебиеті). Бұған көне түркі тілінің оғыз-қыпшақ вариантында өмір сүрген туындылар енеді. Олар: Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Құтбтың «Хұсрау-Шырын», Сайф Сараидің «Түркі тіліндегі Гүлістан», Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» т.б. дастандар.
Тарихи тасқа жазылған көркем шежірелер. Бұған Әбілғазы Бахадүрханның «Түрік шежіресін», Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағын», Бабырдың «Бабыр-намесін», Х.Дулатидің «Тарх-и-рашиди» атты еңбектерін жатқызуға болады.
Ежелгі әдеби жәдігерліктердің зерттелуі. Еліміз егемендік алғанға дейінгі кезеңде ежелгі әдеби жәдігерліктер жүйелі түрде зерттелген емес. Тек жекелеген түркітанушы және шығыстанушы ғалымдар ғана ежелгі әдеби жәдігерліктерді іздестіру, көне қолжазбалардың мәтінін сараптау, басқа тілдерге тәржіма жасау, баспасөзде жариялау істерімен айналысты. 19-20 ғасырдың бас кезінде бірқатар әдеби жәдігерліктер, атап айтқанда, көне түркі әдеби тілінің оғыз-қыпшақ, көне өзбек, қыпшақ-оғыз, көне түрікмен т.б. варианттарында жазылған туындылар табылып, олар әдеби, тарихи, тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеле бастады. Кейбірі еуропа және орыс тілдеріне тәржіма жасалды.
Бұл іске әсіресе Генрих Клапрот, Герман Вамбери, Жауберт Амадес, Вильгельм Томсен сияқты еуропа ғалымдары мол үлес қосты. Сондай-ақ орыстың В.В.Бартольд, В.В.Радлов, С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков,И.В.Стеблева сияқты зерттеушілері де құнды еңбектер жазды. Ежелг түркі әдеби жәдігерліктерін өз халықтарының фольклоры мен жазба әдебиеті тұрғысынан зерттеу ісіне өзбек, әзірбайжан, түрікмен, татар, түрік халықтарының ғалымдары атсалысқаны белгілі.
Қазақ әдебиеті мен тіл тарихын зерттеушілер де көне әдеби мұраларды зерттеу барысында бірқатар игілікті істер тындырды. Бұл іске, әсіресе, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншалиев, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, М.Жолдасбеков зор үлес қосты, Ал олардың игі істерін кейінгі буын ғалымдары –С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, ӘДербісәлі, А.Егеубай, А.Қыраубаева т.б. жалғастыра түсті. Ежелг мұраларды тілдік тұрғыдан С.Аманжолов, Ғ.Айдар, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, М.Томанов, А.Аманжолов т.б. сияқты тілш-мамандар зерттегені белгілі.
Ежелгі мәдениет. Б.З.б. 2-1 ғасырларда Жетісу мен Сырдария аралығын алып жатқан өңірге ғұндар қоныс аударғаны белгілі. Олар жергілікті сақ масагеттремен араласып, біртұтас халыққа айналды. Міне, сол кезден бастап Қазақстан мен О.Азия жерінде т.хал-ң арғы негізі саналатын халықтар тілі, яғни көне түркі тілі кең өріс алды.
Түркі тілдерінің жалпы даму кезеңдерін Н.А.Баскаков төмендегідей дәуірлерге бөлген:
Алтай дәуірі.
Ғұндар дәуірі (б.з.5 ғ-на дейін).
Түркі тілдерінің көне дәуірі (5-10ғ).
Түркі тілдерінің орта дәуірі (10-15 ғ.)
Т.тілдерінің жаңа дәуірі (15-20ғ.)
Т.тілдерінің қазіргі дәуірі.
Түркі тілдерінің алтай, ғұн дәуірлері туралы мәліметтер көп емес. 5-10 ғас-да түркі тілі бүкіл Түркі қағанаты иеленген өлкеде қолданылды.Ал енді 10-15 ғас-да көне түркі тілі бүкіл қыпшақ даласы мен О.Азиядағы мұсылман түркілерінің бәріне бірдей түсінікті әдеби тілге айналды.
Сақтар, ғұндар және ежелгі түркілер арамей, соғы, турфан, көне түркі жазуларын кеңінен қолданған.
«Арамей жазуы» – б.з.б. мыңыншы жылдардың басында финикия жазуы негізінде п.болып, арамейлер арасында кең қолданылған. Біріыңғай дауыссыз дыбыстардан тұрады. Әр дауыссыздан кейін дауысты қосылып айтылатын болған. Оңнан солға қарай жазылады.
«Соғды жазуы» – арамей жазуының бір түрі деуге болады. Соғды жазуының негізгі екі жазуы бар. Бұл жазу согдиана деп аталып мемлекетте қолданылған. Согдиананың негізгі халқы көшпелі және отырықшы сақ тайпалары болған.
«Турфан жазуы» (ұйғыр жазуы) – б.з.б. 1-ғ. бастап, б.з.9-ғ. дейін қолданылып келген. Бұл жоғарыдан төмен қарай жазатын , тік әріпті жазу болып келеді. Турфан жазуының әріптері сөз басында, ортасында, аяғында түрлі болып таңбаланады.
«Көне түркі жазуы» – түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Бұл әліпби 35 әріптен тұрады. Оңнан солға қарай жазылады. 8 дауысты фонема, олар 4 полифонды әріппен белгіленеді. 16 дауыссыз фонема 31 әріппен белгіленеді. Көне түркі жазуын оқудың кілтін 1893 ж. Дания ғалымы В.Томсен тапты.
Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды. Олар Византия, Қытай, Персия, Үндістанмен шектесіп жататын үлкен мемлекет құрды. Түрік қағанаты 545 жылы дүниеге келген. Олар тек Күнге ғана, Көк аспанға ғана табынатын түріктер сол күннен бастап ақ аспан түстес көк байрағын желбіретіп, алғаш рет өздерін ресми түрде дүниеге ә»гілі етті.
Ұлы түрік қағанатының таңғажайып тарихы бұдан 13ғ. бұрын қағазға емес, құлыптастарға қашап жазылған. Оны жазған түрік халқының бектерінің бірі, ойшыл ақын Иоллығтегін еді.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлыптастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов т.б 18 ғ. бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», «руна» деген сөз бар. Бұл қазақшалағанда «құпия», «сыры ашылмаған» деген мағына береді.
1889 ж Орыс география қоғ-ң Шығыс Сібір бөлімі Монғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белг. Орыс ғалымы Н.М.Ядринцев басқарып, Орхон өзені бойынан үлкен-үлкен екі ескерткіш тапты.
Сөйтіп 1892 жылы Петербург пен Гельсингфордта орыс және фин ғалымдары жасаған экспедиция жұмысының қорытындысы баспасөзде жарияланды. Алайда руна жазуын көпке дейін ешкім оқи алмады. Ол туралы түрлі болжам айтылды, түп тамыры ежелгі грек, монғол, фин, скиф-славян т.б. деп айтушылар болды.
1893 жылы қарашаның 25 күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ол жазудың кілтін ашқандығын және ол түркі жазуы екендігін жариялады.
Дәл осы кезде ак. Радлов та өзінше ізденіп, жазудың 15 әрпін анықтағанын айтты. Кейін үлкен тастардың мәтінін толық оқып, оны аударып шықты.
Солт.Монғолиядағы Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс түрік қағанатының 17-қағаны Білге қаған(Могилянь) мен ініс, даңқты әскербасы Күлтегін қабірлеріне қойылған құлыптастарға қашалған жыр жолдары еді.
Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Сонымен қатар ол Монғолияның Онгин өзені алқабынан тағы бір құлыптасқа жазылған ескерткіш тапты. Ғалымдар бұны да оқып шықты. Бұл түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне қойылған ескерткіштер екен. Кейінірек сол маңайдан Түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған Тоныкөк ескерткішін тапты.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу аударма жасау, ғылыми мәтінін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. үлес қосты. Әсіресе С.Е.Маловтың бұл саладағы еңбегі ерекше болды. Ол мәтіндердің орыс тіліне дұрыс аударылу жағына көңіл бөледі, бірқатар аудармаларға түзетулер енгізеді, мәтіндерге тарихи, филологиялық тұрғыдан сипаттама береді.
Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер әсіресе, Күлтегін, Білге қаған мен Тоныкөк ескерткіштеріне көп назар аударады. Осы аталған үш ескерткішті бүгінгі әдебиеттану ғылымы тұрғысынанзерттеуде орыс ғалымы И.В.Стеблева еңбегі жемісті болды. Ол көне түркі тіліндегі жырлардың поэтикасын, өлең құрылысын, ұйқасы мен шумағын, ырғағын, тармағы мен бунағын т.б. теорилық тұрғыдан зерттеді.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар зерттеген ғалымдар М.Жолдасбеков пен Қаржаубай Сартқожаұлының бірлесіп жазған «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» деп аталатын іргелі зерттеуі жарық көрді.
Түрік қағанатының негізін қалаушылардың бірі – Бумын қаған. 542-558 жылдары Түрік елінің қағаны болды. Осы тұста қағанат күшейіп, жерін үлкейтіп, халқын көбейтеді. 553ж Бумын қаған қайтыс болған соң орнына інісі Мұқан қаған, кейін ол қайтыс болған соң інісі Істемі қаған отырады.
Істемі қаған аварларды сонау Алтайдан Еділге дейін ығыстырып жібереді. Сөйтіп, қазіргі Орталық Қаазақстан, Жетісу, Бат.Қазақстан, түгелдей түрік қағанатына енеді.
Қытай елінің ханзадалары мен саудагерлері сыйға әкелген тарту таралғыларға,алтын мен жібекке, ару қыздарына таласқан түрік бектері арасында астыртын күрес 20 жылға созылады. Ақыры 603 жылы ұлы мемлекеттің екіге бөлініп кетуімен тынды. Бірі Батыс түрік қағанат да бірі– Шығыс түрік қағанаты.
Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болғаннан кейін түрік елеінің тағына дарынсыз қағандар отырды. Бүкіл түркі елінің берекесі қашып, құты кеткен күндерде Қара қаған құрылтай шақырды. Бұл мәжілісте не айтылғаны туралы Түркия жазушысы Ниһал Атсыз өзінің «Көк бөрілердің өлімі» атты тарихи романында жақсы суреттеген.
Дәріс №2.
Тақырып: Қорқыт ата кітабы. «Оғызнама» дастаны
Қорқыт ата кітабы. Қорқыт ата – түркі халықтарының бәріне ортақ , ұлы ойшыл – кемеңгер, жырау, күйші-қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен. Бірі – ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, екіншісі–тарихи шежірелер, үшіншісі – «Қорқыт ата кітабы».
«Қорқыт ата кітабы» – түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт- санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи -мұра. Қорқыт ата хикаясы – 7-8 ғасырларда Сырдария бойын мекендеген оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. мәнін жоймаған аса құнды көркем туынды.
Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт 8-ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен Сырдария бойындағы оғыздар арасында ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғанын халық жадында сақталған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны» т.б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір тұтқан.
Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып, қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт та мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан сияқты.
Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп мазар-күмбезіне бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қрмақшы ауданында) халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді. Қорқыт ата күмбезі шамамен 9-11 ғасырларда салынған.
Қорқыт ата туралы сан қилы аңыз-әңгімелер қазақ арасында ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Солардың бірі – Қорқыттың тууына байланысты. Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында 3 жыл бойы көтеріп жүрді. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт туар алдында күллі әлемді 3 күн, 3 түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басып тұрыпты. Сыр бойы мен Қаратау бойының аспаны қараңғы тартып кетіпті. Қорқынышты күні туғаны үшін баланың атын «Қорқыт» деп атап қойған екен. Қорқыт та мұрасын жан-жақты зерттеу ісі соңғы жылдары мықтап қолға алына бастады. 1999 жылы «Қорқыт ата» деп аталатын энциклопедиялық жинақ жарық көрді. Бұл ғылыми жинаққа Қорқыт ата туралы аңыздар мен күйлер, «Қорқыт ата кітабы, зерттеулер, деректер, Қорқыт атаның әдебиет пен өнердегі бейнесі, Қорқыт ата мұрагерлері, оқиғалар шежіресі, библиография енген.
«Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталған. Солардың бірі – қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Ал «Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. «Қорқыт ата кітабының Дрезден қаласында сақталған нұсқасын зерттеу, Еуропа тілдеріне аудару ісі 19-ғасырдың 1-жартысында басталған еді. В.В.Бартольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтіп, ол «Қорқыт ата кітабын» 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты. Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрген жоқ. Бұл аударма 1962 жылы ак.В.М.Жирмунский мен А.Н.Кононовтың редакциясымен басылып шықты. Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби жәдігерін зерттеуге А.Н.Самойлович, В.В.Вельяминов-зернов, К.А.Иностранцев, А.Ю.Якубовский сияқты көрнекті орыс ғалымдары мол үлес қосты.
Қазақстан ғалымдарынан «Қорқыт ата кітабын» зерттеу, аудару, насихаттау ісіне Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов, М.Байділдаев, Ш.Ыбыраев белсене ат салысып келді.
«Қорқыт ата кітабы» сол кездегі оғыз-қыпшақ тайпаларының бәріне бірдей түсінікті көне түркі тілінде жазылды.
«Қорқыт ата кітабын» зерттеуші ғалымдар Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Бартольд, В.М.Жирмунский, Ф.Көпрүлузаде, О.Ш.Кокжай, Этторе Росси. Бұл салада итальян ғалымы Э.Росси ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті. «Қорқыт ата кітабы» 12 оғыз-намеден тұрады, басқаша айтқанда 12 жыр
«Оғыз-наме» эпосы. VІІІ ғасырдың орта түркештер мұрасы үшін қарлықтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуді тастап, тау баулайлары мен Шу алқабына келіп қалған болатын. Осы арада олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы бартұғын. ІХ ғасырдың бас кезінде оғыздар көсемдері қарлұқтармен және қимықтармен одақтасып, қакғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. ІХ ғасырдың соңғы кезінде олар хазарлармен одақ құрып, печенеттерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қарастырады. Печенгтермен ұзақ уақытқа созылған күрес-тартысы олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға себепші болады. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа және фини-угор тектес ежелгі (негізінде түріктендірілген) этникалық компоненттері және сонымен бірге Жетісу мен Сібірдің: халаджылар, жағарлар, чаруктар, қарлұқтар. Имурлар, байандұрлар, қайлар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар да кіреді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ және күрделі процесс болды. Әу баста оғыз тобының оғызы өзегі Жетісуда ұйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу барысында Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерінің көшпелі және жартылай отырықшы халқының есебінен едәуір дәрежеде толығады. Оғыздар көптеген рулық тармақтары бар бірсыпыра тайпаларға бөлінетін. Махмұд Кашғаридың айтуынша ХІ ғ), әуелгі кезде олар 24 тайпадан құралып, екі фратияға: бұзүқтар мен ұшұқтарға бөлінеді. Бұзықтар көптеген айырмашылықтарды пайдаланған. Осынау екі топтың әрқайсысына 24 тайпа енген, олардың өзі тепе-тең екіге бөлінген. Оғыздардың қарлұқ, печенег, башқұрт, қимақ, қыпшақ сияқты түркітектес көшпелі тайпалармен, қауымдармен тығыз байланыста болуы – уақыт өткен сайын олардың өзара жақындасуына жол ашады.
Дәріс №3. Тақырып: Әбу-Насыр әл-Фараби.Махмұт Қашқари
Әбу-Наср әл-Фараби – энцикл-т, ғалым, философ, матем-к, музыка теоретигі, әд. зерттеушісі, ақын. Кезінде оны ғылыми қауым екінші ұстаз деп атаған. Фараби 870 жылы Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында әскери қызметкердің отбасында туған. Толық аты-жөні Әбу Наср Мухаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби деп айтылады. Тарихи деректер бойынша, Фараби орта бойлы, мығым денелі қайсар, батыл кісі екен. Жасынан зерек, оқу-білімге құштар болып өскен Фараби алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тілінде алды.
Ф.бүкіл ғұмырын Бағдад қаласында өткізеді. Ол ат салыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ. Философия, логика, матем, астрономия, медецина, музыка, тіл білімі, әд. теориясы т.б. ғылым салалары бойынша көп еңбектер жазды. Алайда, көбі ел арасына қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Ф.еңбектерінің кей тізімдері ғана сақталған. М, Ф шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 десе, түрік ғалымы Атеш – 160, тәжік ғалымы Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 шақты ғана.
Ф-ң «Ақылдың мәні туралы» трактат, «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Филос. оқу үшін алдымен не білу керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», т.б. зерттеулері оның есімін философ ретінде танытты.
Ф. өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы қала деп отырғаны –мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әр адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып біріп, тіршілік ету керек т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады.
Ф. «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика, эстетика мәс-не талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыми негіздерін ашып көрсетеді. Ф.-ң гуманистік идеясының басты шарты – адам бойындағы білім, мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте, тұтастықта өмір сүруі керек деп біледі. Ф. Педагогика ғыл-ғы ұлы тұлғалардың бірі деуге болады. Ғалымның филос-я, логика, этика, эстетика т.б. салалар бойынша жазған зерттеулерінде ұрпақ тәрбиесі басты орын алады.
Ф. баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мынадай үш шартты күні бұрын дәйектеп алу қажет екенін айтады: 1» ынта-ықыласы, білімге құштарлығы; 2) ұстаздың шеберлігі, ар-ождан тазалығы; 3) сабақ процесінің алатын орны. Ғалым баланың дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің бір-біріне ықпал әсері зор екенін дәлелдеп көрсетеді.
Ф-ң әмбебап музыкант болғаны тарихтан жақсы мәлім. Ол өзі сан түрлі музыка аспаптарында ойнап, өз жанынан ән, күй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» атты музыка теориясы жайындағы ғылыми еңбегінде ғалым акустика, дыбыстың таралуы, дыбыстың шығу тегі т.б. құнды пікірлер айтады.
Ф. әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әд. теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Ф шығарм-ң сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Ф-ң бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі – «Өлең өнері» деп аталады. Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселелеріне арналған. Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, масневи т.б. сөз болады. Екіншісі – «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. Мұнда Ф. Грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды.
Соңғы жылдары Ф-ң бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды бір шығармасы Братислава университетінің кітапханасынан табылды. Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек «Өлең кітабы» деп аталады.
Ф өзінің «Өлең кітабында» поэзияның бірқатар теориялық мәселеріне - өлеңнің композициялық құрылысына, шумағына, өлшеміне, ұйқасына, т. б. шолу жасай келіп, жырдың барлық компоненттері ақынның айтайын деп отырған ой -жүйесіне лайық, орынды болуы керек деген түйін жасайды. Жақсы өленде қашанда басы артық, оғаш тұрған шумақ, тармақ болмайтынын ескертеді.
«Өлен кітабында» айтпақ болған басты пікірі – өленің ішкі мән-мағынасы мен сыртқы тұлғасы өзара қабысып, логикалық тұрғыдан үндесіп тұруы тиісті. Поэзиялық туындының әрбір буыны, бунағы, ұйқасы, үні, өлшемі, т. б. бірі-бірімен үндесіп дәлме-дәл келіп жатқанда ғана ол оқырманың ойынан шығады. Дарынды шайыр құды ұста секілді. Қарапайым создердің өзінен–ақ таңғажайып өрнектер жасайды. Фарабидің әдеби мұрасын ингеруде оның кейінгі кезде табылған «Өлеңнің кітабын» жан-жақты зерттеп, оны оқып-үйренудің мәні зор.
Ф-ді терең зерттеуші ғұлама –ғалым ретінде танытатын шығармаларының бірі – «Өлең өнерінің қағидалары туралы» болып табылады. Мұны Лондонда үнді диуаны кітапханасынан шығыстанушы ғалым Артур Арберри 1937 ж. Тапқан болатын. Бұл зерттеу Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің ықпалымен жазылғаны мәлім.
Ф. поэзияда 2 түрлі құбылыс бар деп біледі. Олардың бірі – софистика, ал екіншісі – еліктеу. Ғалым бұл екеуі төркіндес емес, қайта екеуі бір-біріне қарама-қайшы келетін ұғымдар, екеуінің мүддесі де екі түрлі екенін ерекше атап көрсетеді. Сөйтіп, Ф. грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп, сипаттайды: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, амфигеноссос, акустика.
Ф. грек поэзиясына тән осы өлең түрлерінің әрқайсына өзінше анықтама береді. «Трагедия – арнайы өлшемі бар, бәріне – тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі аларлық оқиға бар: онда билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Егер патша өлсе, онда орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды.
Дифирамбы – трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады. Онда көбінесе патшаларды мақтауға талпынады, бірақ негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.
Комедия – ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тән құлықтың, сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді.
Ямб – ерекше өлшемі бар поэзия түрі. Оған жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады. Жырдың бұл түрі бәсеке мен соғыста, ашу үстінде қолданылады.
Драма – алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді.
Эпос – мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.
Диаграмма – заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп бақытсыздық бейнеленеді.
Эпика мен риторика – ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Мұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтары мен бастан кешкен қызықты жайттары айтылады.
Сатира дегеніміз – музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.
Поэма – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелік пен бейберекеттілікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда әр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен әдемілікке сәйкес келеді.
Амфигеноссос – жаратылыс пен ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін ең сәттісі осы.
Акустика – шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі. Өзгеше онша қасиеті жоқ.
Махмұт Қашқари – түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Толық аты-жөні: Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. 11-ғ. өмір сүрген ғалымның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз.
Ол Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баласағұн, Барсхан кент қалаларында болған. Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Алып ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырған. Алғаш Қашқарда, Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв, Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойғаны – түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғұрпы, наным сенімі. Ол осы мақсатта Жетісу, Мауереннахр, Хорезм, Еділ, Жайық, Қара теңіз жағалауларын аралаған. Соның негізінде көп тілдік этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп «Түркі тілдері жинағы» атты еңбегі өмірге келеді.
М.Қ.– тіл білімі мен әдебиетіне қатысты екі үлкен еңбек жазған. Бірі «түркі тілдерінің синтаксисі, қағидалары» д.а. Бұл еңбек бізге жетпеген. Ал екінші еңбегі – «Диуани лұғат ат түрік» (түркі сөздерінің жинағы). Бұл еңбек 1074 жылы жазылған.
«Диуани-лұғат ат түрк» қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы ру-тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам сөз бар.
М.Қ-дің бұл сөздігі шын мәніндегі энциклопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана қатысты емес, сондай-ақ сол кездегі ру-тайпалар мен халықтардың қоғамдық-эконом-қ жағдайына, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне т.б. қатысты аса бағалы деректер берілген. Белгілі тюрколог А.Н.Кононов былай деп жазады: «Мұнда 11 ғасырдағы түріктердің өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары, тұрмыс жайлары туралы этнонимдері мен топонимдері, ру-тайпалары туралы туыстық және жекжаттық терминдері туралы, қызмет адамдарының титулдары мен аттары, таға, сусындардың аттары, үй жануарлары мен жабайы жануарлар және құстар, мал шаруашылығы, астрономиялық терминдер, халықтық календарь, ай, күн аттары, географиялық терминология, металдар мен минералдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминология туралы, түрлі тарих, мифтік қаһармандардың есімдері туралы, балалардың ойындары мен ермектері туралы, т.б. туралы деректеме болып табылады.
«Диуани лұғат ат түрктегі» өлең-жырлардың қайсысы қай кезде жазылғанын дәлме-дәл анықтап білу қиын. Әйтсе де сол шығармалардың мазмұнына қарап қайсысы қай дәуірде жазылғанын шамалап айтуға болады. Көптеген өлең-жырлардың өте ертеде, тіпті алғашқы қауым кезінде өмірге келгенін аңғару қиын емес.
«Диуани лұғат ат түріктің» көшірме қолжазбасы 20 ғасырдың бас кезінде табылды. М.Қ. кітабы жазылғаннан кейін араға екі жүз жылдай салып, автордың өз қолжазбасынан көшірілген нұсқасы қазіргі Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.Оны көшірген хуснихатшының аты – Әбу Бәкір бинАбдулфотхат.
«Диуани лұғат ат түрік» 1915-1917 жж. Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан 3 томдық кітап түрінде жарық көреді. М.Қ. еңбегін жан-жақты зерттеу, басқа тілдерге аудару осы кезден бастап қолға алына бастады.
Белгілі шығыстанушы неміс ғалымы Броккельман бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928 жылы Лейпциг қаласында бастырып шығарды. Ол аудару кезінде шығармадағы жеке сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне келтірді.
Неміс ғалымы Фриц Хаммел осы сөздікте ұшырасатын мақал-мәтелдерді неміс тіліне аударып, өз алдына жеке кітапша етіп бастырды.
Түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 жылы Анкарада үш томдық кітап етіп бастырды. М.Қ.бұл еңбегін зерттеуге тілші-ғалым Мутталибов диуанды өзбек тіліне аударып, оны 1960-63ж. Ташкенттегі «ЯТаң» баспасынан 3 кітап етіп шығарды. Баскаков, Кононов, Боровков, Решетов т.б үлес қосты. М.Қ. сөздігін қаз.т. аударған А.Егеубай.
Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Сондықтан ол жанға жайлы, арқар-киігі асыр салған көктем көріністерін мақтады, ал қаһарлы, мейірімсіз қыс аязына ызаланып, оған арнап өзінше өлең шығарды. Алғ. Қауым адамдары шығарған өлеңдерде табиғат тірі жан ретінде бейнеленеді. Олар күнді, айды, жұлдызды, бұлтты адам сияқты етіп, бірде ашуланатын, бірде көңілденетін құбылыс ретінде суреттейді. М, Еділ өзені жайында:
Жарқырап жұлдыз туғанда,
Ұйқыны серпіп қарадым.
Бөлейді құстар думанға,
Тыныштық күйін даланың.
Еділдің суы ағады,
Қаһарлы толқын тас қажап.
Сайларға су толады,
Ойнайды суда ақ шабақ.
Бірде қыс пен жаз адамдар бейнесіне түсіп, айтыса бастайды. Қыс:
Ауруды емдедім,
Қуаттанар ерлерім.
Тұлпарларды жемдедім,
Күш беремін тәнге де
Қармен бидай өнеді.
Төлдер қырға өреді
Қар далаға күш себер.
Жаз байлығын қыс берер.
Жау да қыста тынады
Жазда ғана құлағы,
Ербеңдейді, тұрады.
Жаз: Қыстың аяз, мұзы бар,
Жер келбеті бұзылар.
Жайлы жазға қызығар
Сорғанда аяз денені.
Кедей жүрер бүгіліп.
Қыстан жаны түңіліп.
Саусақтары тілініп.
Отпен ғана жан кірер.
Адам мені аңсайды,
Қар, ластан шаршайды...
Алғашқы қауымда тіршілік көзі аңшылық болғаны жақсы мәлім. «Түркі тілдері жинағында» халық ауыз әдеб-ң аңшылық жайындағы аңыз-жырлары жиі ұшырайды.
Бұл жырларды белгілі бір ру-тайпа мүшелерінің аң аулау маусымына салтанатты түрде дайындалып жатқаны, аңшылыққа аттанар сәттегі той-думан, сол сияқты қанжығасы қанды болып келген аңшылардың ойын-сауығы бейнеленеді. Әр өлеңнің соңында жастарды аңшылыққа үйрету қажеттігі айтылып отырады. Бұл жырларда құс аулауға, яғни саятшылыққа көбірек назар аударылады.
Аңшылық жайындағы жырлардың негізгі мақ саты – жастарды аса қауіпті де жауапты іске, жыртқыш аңдарды аулауға баулу болып табылады. Сонымен бірге аң аулау мереке іспеттес, көпшіліктің қуанышына айналған нағыз той-думан ретінде бейнеленіп отырады.
«Түркі тілдерінің жинағында» ерлікті мадақтайтын өлең-жырлар көп. Әр қадамы қатерге толы еж.д. адамы үрейлі аңдармен арпалыста н/се түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше релігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген шағын өлең жолдары қаз-тың дәстүрлі дастандары– батырлық жырлардағы сюжетті баяндау сарынын, батырларды таныстыру тәсілін, жекпе-жекке шақырумәнерін, қазалы үйге ат шаптырып келу дәстүрін т.б. еріксіз еске түсіреді.
М.Қ. «сөздігінде» ерлік тақырыбын жырлаған көлемді дастандардан үзінділер көп. Солардың бірі – «Мыңлақ елін алғанбыз» деген жыр үзіндісі болса керек. Небары 20 жолдан тұратын осы өлең үлкен шайқастан кейінгі жеңіс салтанатының дабылын қағып тұрғандай естіледі.
М.Қ «сөздігінде» қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде мейлінше жақын тұрған жыр үзінділері бар. Бұлар негізінен батырдың өліміне байланысты жоқтау өлеңдер деуге болады. Сөздікте Тұран елінің әміршісі Алып ер Тоңғаның қазасына байланысты айтылған ұзақ жоқтау бар. Бұл жоқтаудың басқа жоқтау өлеңдерінен айырмашылығы бар. Өлең қайтыс болған батырдың бейнесін суреттеуден басталады.
Негізінен ислам дәуіріндегі жазба әдебиетте қалыптасып, қазақ ақын-жырауларының терме-толғауларында өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық –филолсофиялық мазмұндағы жыр үлгілерін жиі ұшыратамыз. Олар көбінесе заман жайлы, адамгершілік туралы, ақыл –парасат, білім хақында болып келеді. Дидактикалық-фил-қ сарында өсиет-уағыз айту дәстүрі 15-18 ғ. ақын-жырауларында мейлінше кең көрініс табады.
Дәріс №4.
Тақырып: Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет. Жүсіп Баласағұн. Ахмет Игінеки
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн – түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемелекет қайраткері. Әйтсе де Жүсіп Баласағұн есімін әлемгетантып әдибиет тарихына мәнгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір әдеби туындсы – «Құтты бірлік» дастаны
Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. Жүсіп Балсағұн өз өмірі мен ақындық, қызыметі жайындағы кеибір деректерді «Құты бірлік» дастанынның сонғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әнгіме етеді. Міне, ақынның осы сөзі жазған мәліметтерге қарағанда,Жүсіп Балсағұн орта ғасырда Қарахан әулетті билік жүргізген мемелекетін бір кездегі астанасы Баласағұн шаһнарында туған. Академик В.В. Бартольдтың пайымдаушсына, Баласағұн қалласы Жетісу өңірінде, Шу өзенінің бойындағы Тоқымақ қаласына жақын жерде болған.
Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени мірінде Қашқар қаласы да зор рөл атқарғаны мәлім. Ақынның «Құтты білек дастанын» Баласұғында бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйт емес. Бұл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде ақын: «Бұл кітапты жазған кісі Баласұғында туған..., осы кітапты Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім» дейді.
Ақын Жүсіп Баласұғын «Құтты білік» дастанның хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санауесебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда (6495 және 6623-бәйіттерде) екі рет ескертеді. Бұл көлемді дастанды он сегіз айда жазып бітіргенін автор шығарманың мәтіндерінде өзі айтады. Жүсіп Хас Хажыб бұл еңбегін жасы егде тартып қалғанда жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: «Елуге де келіп қалдық.... бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық» дейді
Осы шығарманы ұзақ жылдар зерттеген ғалымдардың есебі бойынша, Ж.Б. өз дастанын шамамен 54 жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015-1016жж. Туған деп шамалаймыз. Ал 1070ж ол «Құтты білікті» жазып болып, сол жылы оны «Хандардың ханына» тарту еткенін жоғарда айттық. Бұл тартуға риза болған Богра хан ақынға: ұлы хас хажиб «бас кеңесшіміз» н\е «ұлы уәзір» деген атақ береді.
Ақын «Құтты білікте» қандай адам ұлы уәзір болып істеу мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжей жауап айтады. Хас хажиб - әмірші-патшаның көрер көзі, естер құлағы,ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ ұлы уәзір- қазына ісінбасқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілермен қол өнершілерге патша атынан әмір береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тындап, оны Богра ханға жеткізіп отыруы тиіс.
Сонымен, «Құтты білік» дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінің қай тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде тюркология ғылымында әр түрлі пікір айтылып келеді. Мәселен, С.Е.Малов «Құтты білік» көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.М.Щербак – қарлұқ тілінде, Г.Ф.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.
Ж.Б-ның «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен 3 нұсқасы бар. 1-сі Вена нұсқасы, оны Герак нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. Ал Герат нұсқасы деген себебі, бұл 1439ж Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі – Хасан Қара Сейіл
Екіншісі –Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әріпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896ж неміс ғылымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғылымы В.В.Радлов Петербург ҒА-ң Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіріп алады. Қазір бұл қолжазба Ресей ҒА Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімшесінде сақтаулы тұр.
3-сі Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.Валитова Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. «Құтты білік» дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1971 ж. Дастанды өзбек әрпіне транскрипция жасап, оны ғылыми сипаттамасымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды.
«Қ.б» дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс, А.Валитова, К.Каримов, С.Муталибов сияқты көрнекті ғалымдардың мол үлес қосқаны белгілі.
«Қ.б» дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Біріншісі мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдік бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі–бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ –дәулет мәселесі дастанда патшаның әузірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі – ақыл-парасат. Ақыл парасаттың қоғамдық рөлі уәзір баласы Өгдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі– қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одғұрмыш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Кітабында талай жайды айтады ол,
Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар.
Бірі оның– шындық жолы – әділет,
Екіншісі–құт пен ырыс, дәулет.
Үшіншісі– ақыл менен парасат,
Төртіншісі–ұстамдылық, қанағат.
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен тұрады. Бұл 13000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық масневи түрінде жазылған. «Қ.б» дастанын сюжеті де автор алға қойған этикалық-моральдық, дидактикалық міндеттерге, яғни төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеті қарапайым: Күнтуды деген патша өзінің әділ саясатымен жер-жаһанға есімі әйгілі болады. Патшаның даңқын естіп, оған іштей тәнті болған Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп, алыс жолға аттанады. Ұзақ сапарда көп қиыншылыққа ұшырап, Күнтуды табады. Патша алдымен Айтолдыны жан-жақты сынап көреді.Ақыры, өзіне уәзір етіп алады. Айтолды уәзір кезінде ел-жұрттың жағдайы түзеліп, бақ-дәулеті арта түседі. Жазылмас дертке шалдыққан Айтолды күндердің күнінде өмірмен қоштасады. Ол өлер алдында патша мен өз баласын өсиет-уағыз айтады. Арада талай жылдар өтеді. Өгдүлміш ер жетіп, патшаның қарамағына қызметке кіреді. Ол өз іскерлігімен, білгірлігімен танылады. Ол патшаның ең сенімді адамы болады.
Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Йгүнекиеді. Ахмет Йгүнекиеді (Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки)ХІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек (Югнак) деген елді мекен болса керек. Алайда Югнак деп аталатын қоныс басқа жерлерде де болуы мүмкін деген жорамалдар бар (4,7). Ислам дәуірінің атақты ақыны Ахмет Йгүнекидің бізге жеткен жалғыз туындысы- «Хибату – хақайық» (Ақиқат сыйы) деп аталады.
Басқа түркі ескерткіштері (Ақиқат сыйы) да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанрлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнйяуй әдебиет көздерін ашып олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын құнды мұра болып табылады.
Ахмет Йгүнекидің өмірі мен ақындық қызметі жайында мәлімет жұртқа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі туралы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хуснихатшылар да (каллиграф) шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өз тарапынан қосып жазған. Мәселен, «Хибату-хақайықтың» ХV ғасырда көшірілген алғашқы қол жазба нұсқаларының бірінде Ахмет Йгүнеки туралы мынадай өлен жолдары бар:
Ахмет Әдіб – атым, үлгі – сөзім,
Қалады мұнда сөзім, кетем өзім
Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер
Сонымен жұмылар да екі көзім.
Бұл өлендерден біз ақынның шын аты Әдіб Ахмед екенін (Ахмет Йгүнеки- лақап аты), әкесінің есімі Махмұд болғанын аңғарамыз. Болашақ ақын анасына көзі соқыр болып туған.
Дастанның өзі көне түркі тілінде жазылса да ақын шығармасының атын «Хибату – хақайық) деп әдейі арабша қойған сияқты. Бірқатар қол жазбалар бұл шығарманың атын «Айбату-хақайық», ал кейбіреулерінде «Айтебату - хақайық»(«шындық қақпасы») деп жазылған.
«Ақиқат сыйы» дастанның көне қол жазбасы табылғаны жөніндегі алғашқы мәліметі түрік ғалымы Нәжік Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бұл шығарманың бірнеше қол жазба нұсқасы мәлім. Солардың ішінде ең көнесі әрі бір шама толық сақталғаны – самрқан нұсқасы. Бұл қол жазба қазіргі Ыстамбул қаласындағы Айя – София кітапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зену- Абидин Джурани деген кісі ұйғыр әріпімен көшірген екен. Дастанның бұдан кейінірек, дәлірек айтсақ, 1480 жылы Шейхзаде Әбдіразақ- Бақши көшірген нұсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып шығарманың түпнұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп басып шығарады. Ахмет Йгүнеки дастанының араб әріпімен көшірілген қол жазба нұсқаларының бірі қазір Берлин қалалық кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл дастанның ғылымға мәлім болған нұсқаларын өзара салыстыра отыра, шығарманың толық мәтінің әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат болды. Ол 1951 жылы осы дастанның толық мәтінін әзірлеп, оны латын әріпімен кітап етіп шығарады.
Әйтсе де Ахмет Йгүнеки дастанын тіл, әдебиет, тарих және философия ғылымдары негізделген мәтінін, сөздігін, транскрипциясын әзірлеп, оны басқа тілдерге аудару жөнінде түрколог-ғылымдар қыруар жұмыстар атқарады. Әсіресе Е.Э.Бертельс, С.Е.Малов, Қ.Махмудов тағы басқа ғылымдар бұл салада жемісті еңбек етті.
«Ақиқат сыйы» дастанын жан-жақты зерттеу ісіне кезінде В.В.Радлов, Т.Ковалевский, Ж.Дени, т.б сияқты шығыстанушы ғылымдар да белсене ат салысты.
Белгілі ғылым, білікті тіл маманы Б.Сағындықов ««һибат-улхақайиқ» - ХІІ ғасыр ескерткіші» деп аталатын еңбек жазып, көне дәуір жәдігерлігіне тілдік тұрғыдан жан-жақты талдау жасады. Мұнда танның транскрипциясы, аудармасы, зерттеу тарихы, ғылыми сипаттамасы, лексика-грамматикалық ерекшеліктері , «түрікше-орысша-қазақша», «арабша-орысша-қазақша, «парсыша-орысша-қазақша» сөздіктері тұңғыш рет жарияланды.
«Ақиқат сыйы» дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә.Құлышжанов пен Б. Сағындықов болды.
«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы.
Сол кездегі шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес, автор «Ақиқат сыйы» дастанын Алланы, Пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғамбардың серіктері) мадақтаудан бастайды. Ақын бұл дастанды Ықпаһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескртеді. Тегінде ақын өз дастанын арнап отырған адамы сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі болса керек.
Дастан 254 бәйіттен тұрады. Мұның бәрі 14 тарауға бөліп берілген.
Ахмет Йгүнеки ислам дәуірі әдебиетінің көркемдік дәстүрін негізге ала отырып, дастанның алғашқы тарауын (1-10-бәйіттер) қайырымды, мейірімді Аллаға, екінші тарауын (11-19-бәйіттер) құдайдың жердегі өкілі Махаммед пайғамбарға арнайды. Содан кейін, үшінші тарауда (20-33-бәйіттер) ақын осы кітаптың жазылуына себепші болған Ыспаһсалар бекті мадақтайды. Дастанның негізгі идеясын айту бесінші тараудан (40-62-бәйіттер) басталады деуге болады. Мұнда ақын білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы жырлайды. Алтыншы тарауда (63-86-бәйіттер) тілді тыйып сөйлеу - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы айтылады. Дастанның жетінші тарауында (87-110-бәйіттер) өмірдің өзгеріп тұратындығы, дүниенің құбылмалығы жайында сөз болады. Ал сегізінші тарауда жомарттық пен сарандық, тоғызыншы, оныншы және одан кейінгі тарауларда түрлі моральдық-этикалық мәселелер туралы дидактикалық мазмұнда уағыз-өсиет айтылады.
Дәріс №5.
Тақырып: Ислам дәуіріндегі әдебиет. Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани хикмат» («Ақыл кітабы»). Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабы».
Қожа Ахмет Йассауи – сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын. Ақынның толық аты-жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи.
Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам (оны кезінде Испиджап, Ақсу, Ақшаһар, Ақтұрбат деп те атаған) қаласында өмірге келген. Ақынның туған жылы ғылымда анық емес, ал 1166 жылы қайтыс болғаны туралы нақты жазба деректер бар. Әкесі Шейх Ибрахим – түркі тектес тайпалардан шыққан өз дәуірінің көрнекті дін қайраткері болған. Ақынның анасы Айша (қазақтар оны Қарашаш ана деген) – Мұса деген атақты шейхтың қызы болған. Ахмет Йассауиді туған ауылында оқытып, сауатын ашқан.
Болашақ ақын жас кезінде Түркістан (ол кезде Йассы деп аталған) қаласына келіп тұрған Ұлы Жібек жолының тоғысқан торабына орналасып, бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасап тұрған. Мұнда келіп Ахмет Йассауи атақты Арыстан Баб және Жүсіп Хамадани сияқты ғұламалардан дәріс алады. Бұл туралы Ахмет Йассауи:
Жетімде Арыстан Бабқа арнап келдім,
Мұстафа өсиетіне қанбақ болдым.
Кейінірек ол Бұқара шаһарына барып, сондағы медреселерде есімдері ислам әлеміне мәшһүр ұстаздардан бірнеше жыл білім алады.
Ахмет Йассауи туған еліне – Қыпшақ даласына ислам ілімін жан-жақты меңгерген оқымысты адам, діни қайраткер болып оралады. Ол өз өмірінің соңғы күндеріне дейін осы Йассы қаласында тұрып, бүкіл қыпшақ даласында ислам ілімі мен мәдениетін, әдебиетін таратуға қыруар мол үлес қосады.
Ақын өзінің есімін әлемге мәшһүр еткен «Диуани хикмат» («Ақыл кітабы»), «Мират-ул Қулуб» («Көңіл айнасы») және «Пақырнама» атты шығармаларын осы Йассы қаласында жазады.
Ғұлама-ақынның Ибрахим атты ұл баласы және Гаухар Хошназ деген қызы болған. Өздерін Йассауи ұрпақтары санайтын адамдардың бәрі де осы Гаухар Хошназдан тараған жандар болып келеді.
Кезінде Қожа Ахмет Йассауидің өзінен дәріс алып, кейінірек ұлы ұстаздың сопылық дүниетанымын насихаттаған, оны дамыта түскен дарынды шәкірттері де аз емес еді. Йассауидің алғашқы шәкірті – Арыстан Бабтың баласы Мансур болған. Екіншісі – Сайт Ата Хорезми, үшіншісі – Сүлеймен Бақырғани, Мұхаммед Данышмент Зарнұқи, т.б.
Ахмет Йассауидің «Ақыл кітабындағы» он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтеріде негізінен өз өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде ақын «Диуани хикметтің» басты идеясын айтудан ауытқып кетпеген. Қайта ақынның ғұмырнамасы «Даналық кітабының» филасофиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен. Ахмет Йассауи өз өмірі туралы айта келіп, «не себептен алпыс үште кірдім жерге?» деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына бағышталған барлық хикметтер осы жалғыз сауалға жауап болып табылады.
Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп, Аллаға шүкіршілік етеді, одан әрі, яғни алпыс үш жастан асып, тірі пенделер арасында жүруді өзіне үлкен кінә санайды. Сол үшін ол жер астынан арнайы салынған орынға – хилуетке түсіп, қалған өмірін сонда өткізеді. Бұл туралы ақын өзінің «Даналық кітабында»:
Таң сәріде дүйсенбі күні жерге кірдім,
Мұстапаға қайғы тұтып кірдім міне.
Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.
Бақыл айтып жер астына қадам қойдым,
Жарық дүниені толық етіп, хақты сүйдім.
Қожа Ахмет Йассауи 1166 жылы Йассы қаласында қайтыс болып, осында жерленеді. Жергілікті халық оған шағын кесене тұрғызады. Араға екі жүз отыз жылдай уақыт салып барып, атақты Әмір Темір ақынның ескі қабірі орнына қазіргі үлкен кесенесін салғызады.
Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері қайтыс болған соң, Құранның кейбір қағидалары мен шарттарын белгілі бір нақтылы жағдайға байланысты тереңірек түсіндіріп отыратын кітап қажет болды. Мұндай еңбек Мұхаммед пайғамбардың көзі тірісінде Алла туралы туралы айтқан сөздері, жарлықтар және пайғамбардың өмірдегі іс-әрекеттері туралы түрлі аңыз - әңгімелерге негізделіп жазылады. Оны «хадис» деп атады. Түрлі хадистердің жинағы, яғни «сунна» бертінде өмірге келді. «Мұхаммед пайғамбар айтыпты» деген түрлі аңыз-әңгімелерді жинап, жүйелеп отыратын діни қызметкерлер («мухаддис») пайда болды. Алғашқы мухаддистер «факих» (заңды жетік білетіндер)ретінде мұсылмандардың қолдауына ие болды.
Шынайы сопылықтың тағы бір белгісі – «құдаймен сұхбаттасу». Ол үшін дәруіштер «самаäа» (арабша- тыңдау) болып, яғни белгілі бір музыкалық әуенге қатты беріліп, өзін-өзі ұмытқанша, экстаз қалпына түскенше зекір салып билей береді.
Бертін келе зікір салатын әуенге, ұйқасқа құрылған мәтін қажет болады. Бұл сияқты мәтіндер негізінен құранның жекелеген сүрелері мен аяттарын, Мұхаммед пайғамбардан естіген хадистерді уағыздауға арналған самаäа талаптарына негізделіп жазылған осы өлеңдер сопылық поэзияның алғашқы үлгілері болды.
Е.Э.Бертельс жалпы сопылық поэзияны төрт түрге бөліп қарастырады. Біріншісі – эротикалық сипаттағы өлеңдер, бұлар негізінен зікір салу барысында сопыларды экстаз күйіне жеткізу үшін қажет. Екіншісі – таза сопылық поэзия, мұнда «аллаға жақындау жолында» зікір салып жатқан сопының ішкі психологиялық күй-қалпы бейнеленуі тиіс. Үшіншісі – құдайға құлшылық етушілердің философиялық ой-пікірін білдіретін өлеңдер. Төртіншісі – дидактикалық сарыңдағы діни лирика болып келеді.
Суфизм философиялық ағым ретінде біртекті емес екендігін мықтап ескергеніміз жөн. Олар ислам қағидаларын түсіну, шарттарын орындау, ережелерін насихаттау жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Солардың бірі – «жахрия» немесе «йассауишілік» деп аталады. Бұл бағыттың негізін қалаған – Қожа Ахмет Йассауи болып табылады.
Ақынның «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб» және «Пақыр-наме» деп аталатын шығармалары Ахмет Йассаудің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының теориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Бірінші – моральдық-этикалық (парасаттылық), ал екіншісі – сопылық хикметтер деп атауға болар еді.
Ахмет Йассауи ілімінің моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, «инсони камал» («кемелденген адам») дәрежесінежетуді мақсат етеді. Ал «кемелдік» дәрежесіне жету үшін адам сан алуан ілім-ғылым түрлерін игеру қажет.
Ахмет Йассауи «Ақыл кітабында» «Аллаға жақындай түсу үшін әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі – тариқат. «Тариқат» - дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләзаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арта түсу болып табылады. Бұл басқыш суфизімнің негізгі идеясын, мұрат мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі – маръифат. «Маърифат»- негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы-күллі дүниедегі болмыс – тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі – хақиқат. «Хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып- білудің ең жоғарғы басқышы. Сопылық түсінік бойынша, шариғатсыз – тариқат, тариқатсыз – маърифат, маърифатсыз – «хақиқат» болуы мүмкін емес.
А.Иассауи орта ғасырдағы көшпелі тайпалардың дүниетаным мүмкіндігін ескере отырып, исламның кей қағидаларын Жұмақ пен Дозақтың айтысы түрінде түсіндіреді. Сол арқылы жұмақтың да, Дозақтың да шынайы сипаты оқырманға тайға таңба басқандай етіп айқын көрінеді. Әрине, бұл айтыста Жұмақ жеңіп шығады. Айтыстың мұндай түрі ежелгі түркі жұртында болғанын М.Қашқаридің сөздігінеен білеміз. Мұнда айтыс Қыс пен Жаздың пікірталасы түрінде берілген. Қ.А.Йассауидің «Диуани хикметін» адамды имандылыққа, ізгілікке жетелейтін құдіретті күш, бағдарлама деуге болады. Йассауи әр адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді.
Адам бойындағы имандылықтың ең басты көрінісі мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады.
Йассауи «Даналық кітабында» қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ақын қанағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя алмаған жандарды тойымсыз итке не ұлып қайтқан итке теңейді. Ақын қанағат сезіміне мән беріп, нәпсіңді тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екендігін оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады.
Қ.А.Йассауи өз хикметтерінде мына жалған өмірдің өткінші екенін, оған алданып қалмау керектігін оқырман есіне салып отырады:
Басынан әркімнің-ақ жалған өтер,
Баянсыз – жатпай жиған мал да бекер.
Қарындас, ата-анаң қайда кетті?
Ағаш ат солар мінген саған жетер.
Хақты сүй, пендешілік қамын жеме,
Кісінің қыл көпір тұр, малын жеме.
Қарындас, қатын-бала кімнен қалмас,
Қожа Ахмет сынды, сорлы, сағың неге?
Йассауи есімін әлемге мәшһүр еткен шығармасы «Ақыл кітабы», оны даналық кітабы деп те атайды. Ақын өз кітабын О.Азия мен қыпшақ даласының түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған құран мен хадистерді түсініп оқуға мүмкіндік береді.
«Диуани хикмет» түркі тілдес халықтардың 12 ғ. сақталған әдеби жәдігерліктерінің бірі болып саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ халқының да орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Йассауи хикметтерінің тілін ұзақ уақыт бойы зерттеген көрнекті ғалымА.К.Боровковтың пікірі бойынша, Ақыл кітабы оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Кезінде ол өлеңдер көпшілікке түсінікті, өте таза тілмен жазылған. Бірақ бертін келе оны көшірушілер өз тараптарынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы 15 ғ. орта кезінде араб емлесімен көшірілген. «Ақыл кітабы» Қазан (1887 және 1901ж.), Стамбул (1901ж.), Ташкент(1902 және 1911жж.) баспаларынан бірнеше рет жеке кітап болып басылып шығады. Ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Йассауидің өзінікі екені даусыз, ал қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары.
Түркия ғалымы Ф.Көпрүлзаде А.Йассауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны мәлім.
Белгілі орыс ғалымдары А.Н.Самойлович, Е.Бертельс, А.Боровков, Г.Благова, т.б. А.Йассауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады. А.Йассауи поэзиясын зерттеу ісіне Рустамов, Малаев, Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.
«Диуани хикметті» қазақ тіліне аударма жасағандар – М.Жармұхамедов, М.Шафиғи, Е.Дүйсенбайұлы, С.Дәуітұлы т.б.
«Мират-ул Қулуб»
Қ.А.Йассауидің сопылық дүнетанымын оның қара сөзбен, рисала (трактат) түрінде жазған еңбектерінен де танып білуге болады.
Ал «Мират-ул Қулубта» ғұлама шариғат, тарихат, хақиқат деген ұғымдардың мәні мен мазмұнына, әдістемелік принциптеріне жеке-жеке түсінік береді. Аталмыш ұғымдар жайында А.Йассауидің тұжырымдары, ой-пікірлері берілген.
«Көңіл айнасы» кітабы «шариғат жайында», «тариқат жайында», «хақиқат жайында» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Бұл аталған ұғымдар туралы М.пайғабар: «Шариғат – айтқан сөздерім, тарихат – істеген амалдарым болса, хақиқат та халім» деген екен.
Ал А.Йассауи: «Шариғат – сырт ағзаларымен амал ету болса, тарихат –жүрекпен, яғни көңілмен амал етудеген сөз, ал хақиқат –жүрек түбінде жатқан сырдың құлпын ашатын кілтті табу»-депті.
Шейхтер мен сопылар шариғат жолын ұстау үшін адамдардың ішкі жан дүниесін тәрбиелеумен айналысу керек. Міне, осындай тәрбиелеу тәсілдерінің бірі – риязат деп аталады. Бұл негізінен адамды түрлі күнәдан арылту, күнәсін мойындату, адамды төзімділікке баулу дегенді білдіреді.
Сопылық өмірдегі ең ұлы соғыс – «жихад»– адамның өз нәпсісіне қарсы жүргізілетін аяусыз, қатыгез майдан. Мұны мужахада деп атайды. Нәпсіге қарсы соғыс – жүректі таза ұстау үшін, әділет жолында жүру үшін, сопы-әулие болу үшін жүргізіледі.
Сопылық дүниетанымда адамгершілік дегеніміздің өзі, ең алдымен, өзін емес, өзгені ойлау, яғни бүкіл қоғамның қамын ойлау, қоғам үшін жанпидалық көрсету дегенді білдіреді.
«Көңіл айнасы» деген еңбектің ғылымға белгілі екі нұсқасы бар. Біріншісі –Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының сирек кездесетін кітаптар қорында сақтаулы тұр. Бұл 1833 жылы көшіріліп жазылған.
«Мират –ул Кулубтың» екінші нұсқасы Қаз. ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сақталып келеді.
А.Йассауи өзінің сопылық дүниетанымын «Пақыр-наме» атты рисаласында мейлінше тереңдете түскен. «Пақыр-наме» рисаласында «тарихат», «марифат», «хақиқаттың» әрқайсысы он-оннан қырық мақамнан тұратындығын айтады.
Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқтықұбылыстардыА.Йассауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасайды. Ақын халық мүддесін ескергісі келмеген тәкаппар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді.
Ақын жырларын зерттеу, тәржіма жасау істері шыңдап қолға алына бастады. Есімдері әлемге мәшһүр Низами, Руми, Сағди, Хафиз, жәми сияқты шайырлар кезінде сопылық ағымның ұтымды сарындарын пайдалана отырып, гуманистік идеяға құрылған ғажайып жыр-дастандар жазғаны мәлім. Түркі тілдердегі сопылық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі – Ахмет Йассауи хикметтерінің әлеуметтік астары тереңде жатқанын аңғару қиын емес.
Сөйтіп, Ахмет Йассауи – тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырмандарын әділ, мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын. Ахмет Йассауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға орта мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе де, өзінің мән-мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір-қасиеті арта түскен бұлғажайып хикмет-жырлар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, руғани мұра ретінде өмір сүре беретіні дауыссыз. Ахмет Йассауидің сопылық сарындағы ой-пікірлерін оның оның шәкірттері жалғастырып, кезінде көптеген хикмет-жырлар жазғаны мәлім. Ғұлама ақынның ел ішінде ең танымал болған дарынды шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғани еді.
«Бақырғани кітабы». Хакім ата (туған жылы белгісіз – 1186 жылы қайтыс болған) –сопылық-дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жаһрия» (йассауишілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көне қамал-қала Бақырғанда туған. Түркі әлемінің ғылым мен өнер ошақтары – Исфиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йассы (Түркістан) шаһараларында ұзақ жылдар оқып, ислам ілімінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.
Кезінде «ұстаздардың ұстазы» атанып, «ұлы шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама-ақын Ахмет Йассауидің ең қабілетті шәкірті, із басары болған.
Бақырғани жасы ұлғайған шағында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Ақын мұрасы тек XIX ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан, Ташкент, және Стамбул баспаларынан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846,1877,1882,1898 ж.ж.)басылып шықты.
«Бақырғани кітабы» - түркі тілдес халықтардың XIX ғасырдан сақталған сопылық- дидактикалық ағымдағы алғашқыәдеби жәдігерліктерінің бірі. Бұл жыр жинағы орта ғасырлық қазақ әдебиетінің де мұрасы болып табылады. Ақынның хикмет –жырлары кезінде қазақ ақын-жыраулары поэзиясында кеңінен тараған ақыл- өсиет айту сарынындағы жыр- толғау үлгісімен үндес болып келеді. «Бақырғани кітабы» негізінен бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді шартты түрде көңіл күй жырлары деуге болады. Ал екіншісі сопылық идеясын насихаттауға раналған дидактикалық –философиялық хикмет -өлеңдері, үшіншісі – Алланың мадақтауға арналған жырлар («Меърож-наме»), төртіншісі – «Ақыр заман көріністері» дастаны, бесіншісі – «Бибі Мариям» толғауы. «Бақырғани кітабының » басты идеясы – оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен Ахмет Йассауи айтқандай, төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат, тариқат, маърифат, хақиқат екенін жоғарыда айттық.
Ақын өз жырларында сопылық идеяның негізгі қағида-шарттарын айта отырып, сонымен бірге адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік береді. Бақырғани Алла сыйлаған өмірдің ләззатынан безбеуге, махаббат қызығын көруге, ғылым мен өнерді меңгеруге үндейді. Адамды құрметтеу арқылы Құдайға құрмет көрсетуге болатынын зор шабытпен жырлайды. Бақырғани өз хикметтрінің бірінде:
Әрбір адамды көргенде қыдыр деп біл,
Әрбір түнді киелі қадыр деп біл, -
дейді.
Ақын мұнда «қыдыр» сөзін - әрбір үйге бақыт, дәулет әкелетін әулие, ал «қадыр» сөзін – құдайдан көмек тілейтін, қасиетті түн мағынасында айтып отыр.
Ол өзінің «Құл Сүлеймен сөйлейді» деп басталатын өлеңінде ғашықтық сезімін көкке көтере мадақтайды.
Ақын өзінің көңіл күй жырларында адам баласына ғана тән сүйіспеншілік сезімін философиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасайды. Адам хаққа (Құдайға) жақындау жолында бірте-бірте кемелдене түседі. Тазарып, жақсара береді.
Міне осындай жан тазалығының бір көрінісі – сүйіспеншілік сезімі. Бұл – адам парасатының ең жоғарғы сатыларында ғана жетіліп, шешек атады. Сол арқылы Алланың құдірет күшін тағы бір танытып өтеді. Адам сүйіспеншілік арқылы жан тазалығына іштей тағзым етеді. Махаббаттың ұлы құдіреті алдында өзінің пенде, құл екенін сезінеді:
Ұлы сезім болмағанда нетер ем.
Бұл жалғаннан мен қамығып өтер ем.
Махаббатсыз жүректе имам жоқ,
Ғашықтық дертінің дауасы жоқ. (225,28)
Сүлеймен Бақырғанидің хикмет -өлеңдері бейне бір адам рухы мен адам нәпсісі арасындағы айтыс –тартыс секілді болып келеді:
Нәпсім айтты: бұл бес күндік өмірде,
Бәрін істе, не ой келсе көңілге.
Гүлстанның аралап қал бағын да,
Жеміс жинап, пісіп тұрған шағында.
Рухым айтты: шарихаттың жолын бақ,
Ілімменен шарихаттың жолын тап.
Таңсәріде оянуды ұғынғын,
Он бесінде жай намазға жығылып.
Бұл айтыс осылайша ұзаққа созылып, ақыры жүгенсіз нәпсіні, адам бойындағы ең асыл қасиет –қанағат сезімі жеңіп шығады.
Сүлеймен Бақырғани «Ақыр заман көріністері» атты жыр –толғауында адам, заман, қоғам туралы пәл сапалық ой- пікірлерін айтады. Мұндағы басты идея –заманның жақсы яки жаман болуы адамзаттың моральдік- этикалық іс- әрекетіне, рухани тұрғыдан тазалығына, имандылығына, мұсылман парыздарын мүлтіксіз орындауына, т.б. байланысты деп біледі.
Ақыр заман келгенде нелер болар,
Түрлі-түрлі пәлемге әлем толар.
Ғалымдар шарап ішіп, ойнас жасап,
Абыр-ой атақ – бәрі де босқа қалар.
Білгішсініп ғұламалар шарап ішер,
Арам жеңіп, адалдар отқа түсер.
Бәле жатқан қапшықтың аузын ашып,
Абыр-ой атақ – бәрі де босқа қалар.
Адал жандар араммен бірге болар,
Көрер көзге көп әйел ойнас қылар.
Дін білмейтін бейбақтар сайран салып,
Абыр-ой атақ – бәрі де босқа қалар.
Ақыр заман болғанда ғұламалар азғындар,
Мұсылманның ұл-қызы есалаң боп, қазмырлар
Кеуде қағып, кәпірлер өктем болар,
Абыр-ой атақ – бәрі де босқа қалар.
«Бибі Мариям» -пайғамбарлар, әулие- әмбиелер, әлемнің жаратылысы, т.б. туралы сопылық –дидактикалық мазмұндағы жырлар. Мұнда Ғайса пайғамбар өз анасы Мариям бибімен өмір мен өлім, мейрімділік пен зұлымдылық, жақсылықпен жамандылық жайында әңгімелеседі. Бақырғани оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, құдайға құлшылық етуге шақырады.
Қорыта айтқанда, Қарахан дәуірі көркем сөз өнерінің ғажайып үлгілері болып табылатын Жүсіп баласағұның «Құтты білік», ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыры», Ахмет йассауидің «Ақыл кітабы» және Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабына» талдау жасау арқылы қазақ ақын–жыраулары поэзиясындағы дидактикалық–шешендік толғаулармен мақал-мәтелдердің қайнар бастаулары ежелгі түркі дәуірінің көркем сөз өнерінде жатқанын айқындадық.
Дәріс №6.
Тақырып: Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Насреддин Рабғузи. "Рабғузи қиссалары, "Кодекс Куманикус".
Басқа түркі ескерткіштері ("Рабғузи қиссалары ,"Кодекс Куманикус") да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы жанрлар және басқа да ерекшеліктер негізін, мысалы, дидактикалық әдебиет, дүнйяуй әдебиет көздерін ашып олардың тамырын талдау ісінде таптырмайтын құнды мұра болып табылады.
"Рабғузи қиссалары” дастанның көне қол жазбасы табылғаны жөніндегі алғашқы мәліметі түрік ғалымы Нәжік Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бұл шығарманың бірнеше қол жазба нұсқасы мәлім. Солардың ішінде ең көнесі әрі бір шама толық сақталғаны – самрқан нұсқасы. Бұл қол жазба қазіргі Ыстамбул қаласындағы Айя – София кітапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зену- Абидин Джурани деген кісі ұйғыр әріпімен көшірген екен. Дастанның бұдан кейінірек, дәлірек айтсақ, 1480 жылы Шейхзаде Әбдіразақ- Бақши көшірген нұсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып шығарманың түпнұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп басып шығарады. Ахмет Йгүнеки дастанының араб әріпімен көшірілген қол жазба нұсқаларының бірі қазір Берлин қалалық кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл дастанның ғылымға мәлім болған нұсқаларын өзара салыстыра отыра, шығарманың толық мәтінің әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат болды. Ол 1951 жылы осы дастанның толық мәтінін әзірлеп, оны латын әріпімен кітап етіп шығарады.
Әйтсе де дастанның тіл, әдебиет, тарих және философия ғылымдары негізделген мәтінін, сөздігін, транскрипциясын әзірлеп, оны басқа тілдерге аудару жөнінде түрколог-ғылымдар қыруар жұмыстар атқарады. Әсіресе Е.Э.Бертельс, С.Е.Малов, Қ.Махмудов тағы басқа ғылымдар бұл салада жемісті еңбек етті.
"Рабғузи қиссалары” дастанын жан-жақты зерттеу ісіне кезінде В.В.Радлов, Т.Ковалевский, Ж.Дени, т.б сияқты шығыстанушы ғылымдар да белсене ат салысты.
Діни қиссалар - Пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Құран Кәрімнен алынған. Өйткені Құран Кәрім тек діни кітап қана емес, сонымен бірге, араб классикалық әдебиетінің де ғажайып үлгісі. Негізінен, қарасөз түрінде айтылатын ертегілер мен әңгімелерді, аңыздар мен әпсаналарды араб тілінде қисса десе, парсы тілінде «дастан» деп атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығыс хикаяларының өлең жырға айналдырған үлгілерін ғана «қисса» немесе «дастан» деп таныған. Құран Кәрімде барлығы 114 сүре бары мәлім. Солардың әркайсысына көркем түсініктеме ретінде берілген хикаяларды Адам ата мен Хауа анадан бастап (барлығы 25 пайғамбар), ең соңғы Мұхаммед Пайғамбарға дейінгі бүкіл адамзат баласы тарихының елеулі кезеңдері қамтылған. Құран Кәрімдегі түрлі діни хикаяларды барынша көп қамтып, әрі оны мейлінше кең көлемде таратып түсіндіретін осындай қиссалардың бірі - Бурхонуддин Рабғузидің (XIV ғ.) «Қиссаси Рабғузий» немесе «Қисса-с ул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы. «Қиссаси Рабғузи» - Пайғамбарлар мен әулиелер, сахабалар мен жын-шайтандар, т.б. туралы әңгімелер жинағы. Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар;
Пайғамбарлар, әуле-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар;
һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қиссаси Рабғузийде» Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.) туралы да қызықты хикаялар бар. Қиссада Пайғамбарлар қарапайым адамдарша өмір сүріп, қоғамда түрлі оқиғаларға араласып отырады. Кезінде қазақ халқы арасында ауызша да, жазба түрінде де кең тараған діни мазмұндағы қиссалар көп болған. Бұлардың бәрін тақырыптық жағынан үш топқа бөліп қарастырған жөн.
Біріншісі - бұрын басқа дінде болған адамдарды Ислам дініне енгізу идеясын жыр еткен Діни қиссаларлар. Бұған «Сал-сал» және «Заркүм» қиссаларының сюжеті дәлел. Бұл қиссаларда Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) өзінің төрт серігімен (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әзірет Әли) әскери жорықтарға аттанады да, ұдайы жауды жеңіп, оларды Ислам дінін қабылдауға мәжбүр етеді. «Сал-сал» қиссасы Әзірет Әлидің Сиқыр шаһарына жасаған әскери жорығын суреттеуден басталады. Бұл кезде Мекке қ-нда Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) жалғыз өзі қалған еді. Соны білген Жәмшид патша дереу Меккені жаулап алу үшін қалың қол жіберіп, соғыс ашады. Алайда Мұхаммед Пайғамбар өз әскерімен оларға қарсы шығып, ұзаққа созылған шайқастардан соң Жәмшид, Пайруз, Қитар патшаларды жеңіп, олардың халқына Ислам дінін қабылдатады. «Зарқұм» қиссасында қылышын айдаһардың уымен суарған Зарқұмға қарсы Мұхаммед Пайғамбардың өзі жекпе-жекке шығып, жеңеді. Зарқұмға мұсылман болудың басты шартын орындатады, яғни оған «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Аллаһтың кұлы әрі елшісі» деғен қағиданы айтқызады.
Екінші топтағы қиссалар - өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуғе, төзімділікке, мейірімділікке, достыққа, халық үшін еңбек етуғе, махаббат адалдығына үндейді. Бұған «Әзірет Әлидің құлдыққа сатылғаны», «Әзірет Әлидің сараң байды дұрыс жолға салғаны», «Жүсіп-Зылиха» қиссалары дәлел.
Үшінші топтағы қиссалар - бақи дүниедегі, яғни жүмақ пен тозақтағы өмірді бейнелен көрсетуге арналған шығарма болып келеді. Мұндай қиссаларда әрбір пенде жалған дүниеде жасаған күнәсі үшін Аллаһ алдында жауап беретіні негізгі идея ретінде жырланады. Мәселен, «Жұма-жұма» (Қазан, 1881) қиссасында тірі кезінде жасаған күнәлары үшін, әрі мұсылманның бес парызын орындамағаны (Аллаһтан басқа Тәңір жоқ екенін мойындамағаны, намаз оқымағаны, зекет бермегені, ораза үстамағаны, қажылық ғибадатын орындамағаны) үшін тозақ азабын тартып жатқан Жұма-жұма деген адамның бейнесін суреттеп көрсетеді. Қиссада Жұма-жұманың тозақтағы жан төзгісіз азапты өмірі нақты штрихтар арқылы берілген. Ал «Әзірет Әлидің пыраққа мініп, Миғражға шығуы» деп аталатын қиссада тірі кезінде адамдарға жақсылық жасағаны үшін Әзірет Әлидің жұмақта Пайғамбарлармен кездесіп, сұхбат құрғаны, хор кыздарымен әңгімелескені қызықты сюжет арқылы жырланған. Шығыс хикаяларының желісіне құрылған қиссалар жазып, кезінде нәзира дәстүрін үстанған бір топ ақындар қазақ әдебиеті тарихында «кітаби ақындар» деп аталып кеткені мәлім. Солардың ішінде Діни қиссаларды ең көп жазған ақын Шәді Жәңгірұлы (1855 - 1933) деуге болады. Шәді ақынның Ташкентегі Ғарифжанов баспасынан әр жылдары жарық көрген «Хайбар» (1910), «Назым Сыяр Шариф» (1917), «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917), «Қисса Бәлгәм Бағұр», т.б. қиссалары Ислам сенімінің негіздерін түсіндіруге арналған. Жалпы діни қиссаларда басқа ешбір Құдайдың жоқтығы, Аллаһтың барлық Пайғамбарлары мен періштелерінің өнегелі өмірі, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) адамзат баласы алдында атқарған ізгі істері зор шабытпен жырланған. Діни қисса имандылыққа, қанағат-ынсапқа, күншіл болмауға, біреуге зорлык-зомбылық жасамауға, жетім-жесірлерге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа, т.б. ізгі қасиеттерге үндейді.[1]
"Рабғузи қиссалары” дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә.Құлышжанов пен Б. Сағындықов болды.
"Рабғузи қиссалары” - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы.
Насреддин Рабғузи ислам дәуірі әдебиетінің көркемдік дәстүрін негізге ала отырып, дастанның алғашқы тарауын (1-10-бәйіттер) қайырымды, мейірімді Аллаға, екінші тарауын (11-19-бәйіттер) құдайдың жердегі өкілі Махаммед пайғамбарға арнайды. Содан кейін, үшінші тарауда (20-33-бәйіттер) ақын осы кітаптың жазылуына себепші болған Ыспаһсалар бекті мадақтайды. Дастанның негізгі идеясын айту бесінші тараудан (40-62-бәйіттер) басталады деуге болады. Мұнда ақын білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы жырлайды. Алтыншы тарауда (63-86-бәйіттер) тілді тыйып сөйлеу - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы айтылады. Дастанның жетінші тарауында (87-110-бәйіттер) өмірдің өзгеріп тұратындығы, дүниенің құбылмалығы жайында сөз болады. Ал сегізінші тарауда жомарттық пен сарандық, тоғызыншы, оныншы және одан кейінгі тарауларда түрлі моральдық-этикалық мәселелер туралы дидактикалық мазмұнда уағыз-өсиет айтылады.
Негізінен ислам дәуіріндегі жазба әдебиетте қалыптасып, қазақ ақын-жырауларының терме-толғауларында өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық –филолсофиялық мазмұндағы жыр үлгілерін жиі ұшыратамыз. Олар көбінесе заман жайлы, адамгершілік туралы, ақыл –парасат, білім хақында болып келеді. Дидактикалық-фил-қ сарында өсиет-уағыз айту дәстүрі 15-18 ғ. ақын-жырауларында мейлінше кең көрініс табады.
Сонымен қатар, мұнда пайғамбарлар, әулие- әмбиелер, әлемнің жаратылысы, т.б. туралы сопылық–дидактикалық мазмұндағы жырлар мен қиссалар да бар. Мұнда Ғайса пайғамбар өз анасы Мариям бибімен өмір мен өлім, мейрімділік пен зұлымдылық, жақсылықпен жамандылық жайында әңгімелеседі. Рабғузи оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, құдайға құлшылық етуге шақырады.
"Кодекс Куманикусті"– кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі деп атайды. Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.
Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б. Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.
Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б. "Кодекс Куманикусте"ерлікті мадақтайтын өлең-жырлар көп. Әр қадамы қатерге толы еж.д. адамы үрейлі аңдармен арпалыста н/се түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше релігімен, қыруар күш-қуатымен, әскери айла-тәсілімен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген шағын өлең жолдары қаз-тың дәстүрлі дастандары– батырлық жырлардағы сюжетті баяндау сарынын, батырларды таныстыру тәсілін, жекпе-жекке шақырумәнерін, қазалы үйге ат шаптырып келу дәстүрін т.б. еріксіз еске түсіреді.
"Кодекс Куманикус" «сөздігінде» ерлік тақырыбын жырлаған үзінділер көп. Осы өлең үлкен шайқастан кейінгі жеңіс салтанатының дабылын қағып тұрғандай естіледі. "Кодекс Куманикус" «сөздігінде» қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде мейлінше жақын тұрған жыр үзінділері де бар. Бұлар негізінен батырдың өліміне байланысты жоқтау өлеңдер деуге болады. Сөздікте Тұран елінің әміршісі Алып ер Тоңғаның қазасына байланысты айтылған ұзақ жоқтау бар. Бұл жоқтаудың басқа жоқтау өлеңдерінен айырмашылығы бар. Өлең қайтыс болған батырдың бейнесін суреттеуден басталады.
Бұл жырларды белгілі бір ру-тайпа мүшелерінің аң аулау маусымына салтанатты түрде дайындалып жатқаны, аңшылыққа аттанар сәттегі той-думан, сол сияқты қанжығасы қанды болып келген аңшылардың ойын-сауығы бейнеленеді. Әр өлеңнің соңында жастарды аңшылыққа үйрету қажеттігі айтылып отырады. Бұл жырларда құс аулауға, яғни саятшылыққа көбірек назар аударылады.
Аңшылық жайындағы жырлардың негізгі мақ саты – жастарды аса қауіпті де жауапты іске, жыртқыш аңдарды аулауға баулу болып табылады. Сонымен бірге аң аулау мереке іспеттес, көпшіліктің қуанышына айналған нағыз той-думан ретінде бейнеленіп отырады.
Негізінен ислам дәуіріндегі жазба әдебиетте қалыптасып, қазақ ақын-жырауларының терме-толғауларында өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық –филолсофиялық мазмұндағы жыр үлгілерін жиі ұшыратамыз. Олар көбінесе заман жайлы, адамгершілік туралы, ақыл –парасат, білім хақында болып келеді. Дидактикалық-фил-қ сарында өсиет-уағыз айту дәстүрі 15-18 ғ. ақын-жырауларында мейлінше кең көрініс табады.
Қорыта айтқанда, мұнда пайғамбарлар, әулие-әмбиелер, әлемнің жаратылысы, т.б. туралы сопылық–дидактикалық сөздер мен фразеологиялық тіркестер жиі кездеседі. Өйткені еңбек ислам дәуірінде дүниеге келіп, жазылды.
Дәріс №7
Тақырып: Xорезми. "Мұхаббат-наме ".Құтб. "Хұсрау-Шырын " дастаны.
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат наме» дастаны. Оны жазған – ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Шын аты, өмірі, шығармашылығы жөнінде мәлімет сақталмаған. Ол Жәнібек хан тұсында өмір сүрген. Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған –Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат наме» дастанын жазған. Екі қолжазба нұсқасы жеткен. Олар Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Ресей ҒА-ң Азия хал-ры инст-ты 1952 ж. Екі нұсқаның да фотокөшірмесін алды. Бірі 1432 ж. Ұйғыр әрпімен көшірілген. Ал араб әрпімен жазылған нұсқасы 1509 ж. көшірілген. Араб нұсқасы әлдеқайда кең әрі толық сақталған.
1971ж. Стамбулдың ұлттық кітапханасынан араб графикасымен жазылған екі көшірмесі табылды. Бұл дастанды Бартольд, Самойлович, Нәжіп арнайы зерттеген. Ұйғыр нұсқасын Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, орыс тіліне аударды. Сондай-ақ бұл дастан 1954ж. өзбек тіліне, 1981ж. татар тіліне, 1985 ж. қазақ тіліне (А.Қыраубаева) тәржіма жасады. Алайда бұл аудармалар ғылыми тұрғыдан сын көтермейтіні кезінде баспасөз бетінде жарияланды.
«Мұхаббат наме» даст-н араб әрпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіттен тұрады. Дастанда 11 наме бар. Жігіттің қызға жазған бір хаты жырға негіз болған. Дастандағы 317 бәйіт қыпшақ-оғыз тілінде, 156 бәйіт бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Ақын сол кездегі дәстүр бойынша алдымен аллаға сыйынып, әкімдердің бірі Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша жазғанын айтады. Бұдан кейін оқырманды Мұхаммед Қожабекпен таныстырып өтеді. Мақтау жырлары айтылған соң ғана шығарманың негізгі бөлімі басталады деуге болады.
«Мұхаббат наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген махаббаты жырланады. Ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Дастанның басты қаһармандаы бір-біріне ғашық болған екі жас. Шығарма негізінен бжігіттің жазған он бір хатынан тұрады. Дастанда қыздың жігітке жазған жауап хаты берілмейді. Қыздың сұлулығын жігіт былай сипаттайды: Қыз сұлулығынан қысылған Күн не істерін білмей абыржып, түні бойы бетіне перде жауып, ұялып жатады екен. Ғашықтық дертінен ем таппаған жігіт:
Менің қадір-қасиетімді өлгенімде білерсің,
Мендей азап шексе, Аплотон да жынданар еді.
Ақыры арманына жете алмаған жігіт қызбен қоштасады. Соның өзінде қыздың бақытты болуына тілектестік білдіреді. Жігіт сүйгеніне: өмірде алтын мен мыстың айырмасын білмейтін көңілі соқыр наданның қолына түсіп қалма дегендей алыстан меңзеп ақыл айтады.
Құтб.«Хұсрау-Шырын» дастаны. Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан аса көрнекті ақындарының бірі Құтб еді. Ақын ХІҮ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген. Алғаш Құтб Сырдария бойындағы мәдени орталықтардың бірі – Сығанақ қаласында тұрады. Ал Тыныбек Алтын Орда мемлекетінің тағына отырған кезде ол Сарай қаласына қоныс аударды. Кейінірек ол мәмлүктік Египетке барып, сонда тұрып қалған.
Құтб ақынды қыпшақтар арасында «Құтбы» немесе «Құтып шайыр» деп те атай берген. Ақынның өмірі жайында мәлімет жоққа тән. Тіпті оның толық аты-жөні де белгісіз. Құтб ақынның лақап аты болса керек. Құтбтың біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған жалғыз шығармасы бар. Ол – «Хұсрау мен Шырын» дастаны. Бұл шығарма әзірбайжан халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Ілияс Жүсіпұлы Низамидың «Хұсрау мен Шырын»атты поэмасының аудармасы. Оны түпнұсқадан, яғни парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударған ақын Құтб болды.
Құтб ақынның дастаны қазақ оқырманы арасында ерте кезден-ақ тарағаны жақсы мәлім. Әзірбайжан халқының кемеңгр ақыны Низамидың «Хұсрау мен Шырын» поэмасын Құтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылдары аударған болса керек.
Құтбтың «Хұсрау мен Шырын» дастанының жалпы көлемі – 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады. Низамиде 7000 бәйіт. Дастанда Құтб ақынның өзі жазған жыр жолдары да бар. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер. Құтб дастаны 91 тараудан тұрады.
Бұл дастанның жалғыз ғана көшірмесі бүгінге дейін сақталып келген. Қолжазба қазір Париждің Ұлттық кітапханасында сақталып тұр. Бұл қолжазбаны қағазға түсірген қыпшақ ақыны Берке Фатих еді.
«Хұсрау мен Шырын» дастанын алғаш зерттеушілердің бірі поляк ғалымы А.Зайончковский болды. Бұл туындыны ол түрік тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған аса құнды әдеби мұра деп бағалады. Мұны ол Низами поэмасының тікелей аудармасы емес, қайта өңдеп жазылған туынды шығарма деп таныды. Ал Е.Бертельс болса, оны Низами поэмасының толық, көркем аудармасы деген болатын.
Ежелгі аңыздарды негізге ала отырып, Хұсрау мен Шырын туралы дастан жазу дәстүрі әзірбайжан ақыны Низами мен үнді шайыры Әмір Хосрау Дехлевиден бастап, сегіз ғасыр бойы үзілмей, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Г.Ю.Алиевтің айтуы бойынша, Хұсрау мен Шырын жайындағы аңыздарға құрылған елуден астам дастан бар екен.
Сондай-ақ әзірбайжан ақыны Самед Вургун 1942 жылы осы дастан сюжеті негізінде «Фархат пен Шырын» деп аталатын романтикалық драма жазды. Ал түрік ақыны Назым Хикмет 1948 жылы «Хұсрау мен Шырын» дастанының сюжетіне құрылған «Махаббат туралы аңыз» деген лирикалық мазмұндағы ғажайып пьессаны сахнаға қойды.
Құтб аударған «Хұсрау-Шырын» поэмасын қазақ тілі тұрғысынан жан-жақты зерттеп, бұл дастанның ғылыми сөздігін жасап шыққан ғалым А.Ибатов болды.* Бұл сөздікте осы дастандағы 4400-ден астам сөз бен сөз тіркестеріне түсінік беріліп, нақты мысалдармен дәлелденген. Сөздіктің Құтб аударған «Хұсрау-Шырын» дастанының тілі қазіргі қазақ тіліне мейлінше жақын тұрғанын аңғару қиын емес. Мысалы: аваз - әуез, ағач – ағаш,ағыр – ауыр, адаб - әдеп, арслан – арыстан, асман – аспан, балчык – балшық, баш – бас.
Иран елінде бір қарт патша болыпты. Оның Хұсрау деген жалғыз ұлы бар екен. Хұсрау көп оқып, ер жетіп, әдепті жігіт болыпты. Патша ұлының Шапур деген бір суретші досы бар екен. Бір күні ол Хұсрауға әділ патша Мехинбану және оның жиені сұлу Шырын жайында әңгіме айтып береді. Сонда Хұсрау Шырынға ғашық болып қалады. Досын қызбен сөйлесуге жібереді. Шапур алыстағы Армения еліне барып, Шырын серуендейтін бақтағы бір ағашқа Хұсраудың суретін іліп қояды. Жігіттің суретін көрген Шырын оған ғашық болып қалады. Ақыры Шапур бір күні Шырынмен оңаша сырласып, оған Хұсрауды мақтайды. Шырынға жігіттің жіберген жүзігін береді. Ақыры екі ғашық екі елдің шекарасында кездеседі.
Бірақ нақ сол сәтте Хұсраудың әкесі қайтыс болғаны туралы хабар келеді. Хұсрау дереу өз еліне аттанып кетуге мәжбүр болады. Алайда еліне келгенде дұшпандары оған қарсы шығып, әкесінің тағына отырғызбай қояды. Хұсрау амалсыздан тағы да қыздың еліне – Армиянға қайтады. Шырын қыз тойға асықпау керектігін, алдымен Иран тағына иеленіп алу қажеттігін айтып, Хұсрауға кеңес береді. Хұсрау жәрдем алу үшін Румға (Византия) барып, Рум патшасынан әскер алады, әрі оның қызы Мариямға үйленіп қайтады.
Хұсрау дүниеден өткен кезде Шырын әкесі Мехинбану дүниеден өтіп, орнына Шырын отырады. Шырын мемлекетті әділдікпен басқарады. Пата Шырын сол кезде Фархад деген атақты ұстаны шақырты пшөл далаларды суландыратын каналдар қаздырады. Фархад Шырынға ғашық болып қалады. Қатты ашуланған Шырын Ф-тың көзін құртпақ болады. Оған:
–Ей Фархад, сен төбесі көк тіреген Бесотын тауын қақ жарып, әскерім өтетін жол сал. Сонда мен сендік боламын,-дейді. Ф шартты орындайды. Х.Ф-қа бір жалмауызды жіберіп, Ш. өлді деп хабар айтқызады. Ф. шыдай алмай өз-өзін өлтіріпті.
Хұсраудың алған Мәриямы, кейіннен алған Шекері де қайтыс болады. Сөйтіп ол Шырынға барып кешірім сұрап, бұрынғыдай сүйетінін, үйленбек ниетін айтады. Ш асықпайды. Х. Тозып кеткен мемлекетін Ш. Кеңесі бойынша қалпына келтіреді. Бірақ ғашықтардың ғұмыры ұзақ болмайды. Хұсраудың Мәриямнан туған баласы сарай әкімдерімен астыртын сөз ұйымдастырып, әкесін өлтіреді.
Дәріс №8
Тақырып: Сайф Сараи. «Гүлістан бит-түрки» (Түркі тіліндегі Гүлістан).
Сайф Сараи – Алтын орда әдеб-ң көрнекті өкілдерінің бірі. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аужармашы ретінде түркі тектес хал-р әд-і мен тіл-ң өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес қосып, ықпал еткен қаламгер. Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. Сайф Сараидің бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол «Гүлістан бит-түрки» деп аталады. Бұл еңбекті ақын Сырдария өзені бойында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жазып бітірген болатын. Бұл парсы-тәжік әдеб-ң классигі Сағди Ширазидің «Гүлістан» атты шығ-ң еркін аудармасы. Ал С.САраи «Гүлістанды» қыпшақ тіліне аударып біткені жайында өз кітабының соңында мынадай мәлімет береді:
Біз баян еттік сіздерге насихат сөзін,
Жетпістің жетегіне ерген кезім.
Хижра бойынша жеті жүз тоқсан үш
Бойдан қуат қашып, азайды күш.
О, қадірлім, тамылжыған тамыз еді,
«Гүлістан» жырын жазып, бітірдік іс.
Бұл мәліметтер бойынша С.САраи 793 ж. Хижра жыл санауы бойынша «Гүлістанды» аударма жасап бітірген. Бұл жаңаша жыл санау бойынша 1391 жылдың тамыз айы. Ақын «Гүлістанды» 73 жасымда аударып біттім деп отыр. Демек, С.Сараи 1321 ж. Туған екен. Бұл кезде Алтын орданы өзбек хан билеп тұрды.
Қолжазбалары. Зерттелуі. 1915 ж. Анкарада шығатын журналдардың бірінде Сағдидің «Гүлістан» дастаны Голландиядан табылғаны туралы хабар жарияланды. 1950 ж. Проф. Феридун Нафиз Голландияның Лейден унив-ті қорынан «Гүлістанның» фотокөшірмесін алып, оған алғысөз жазды да 1954 ж. Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.
«Гүлістан бит-түрки» аудармасы жайында тұңғыш рет пікір айтып, С.Сараи аудармасын әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан талдаған ғалым А.Баттал-Таймас болды. Ол аудармаға ғылыми шолу жасай келіп, стильдік құрылысына, тілінің фонетикасына, морф-қ, синт-к, лекс-қ ерек-не сипаттама жасады.
С.Сараи ұстаз тұтқан Сағди ақынның «Гүлістанын» аударуда композициялық құрылысын бұзбай, сол күйінде сақтауға әрекет қылған. Сондықтан, парсы тіліндегі «Гүлістан» сияқты бұл да сегіз тараудан тұрады.
Бірінші тарау – ел билеушілер туралы
Екінші тарау– халық туралы
Үшінші тарау–қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде
Төртінші тарау– Тілге сақ болудың пайдасы жөнінде
Бесінші тарау–жігіттік шақтың көріністері хақында
Алтыншы тарау–кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы
Жетінші тарау – тәлім-тәрбие әсері жөнінде
Сегізінші тарау – әңгімелесудегі әдептілік айында.
Мұның бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады. «Гүлістан бит-түрки» тұтас сюжетке құрылған шығарма емес. Мұнда қысқа-қысқа хикаялар, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, күлкілі әңгімелер т.б. бойынша жүйеленіп берілген. «Гүлістан бит-түрікте» әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп.
Сағди ғұмыр бойы ел аралап, жиһанкез атанған адам. Сондай саяхатта жүріп ақын қоғамдық өмірдің түрлі сатысында тұрған адамдарды көреді. Ақын ел кезіп жүріп қанатты сөздерді, афоризмдерді, аңыздарды, қызықты әңгімелерді, мақал-мәтелдерді жазып алып жүрген. С.Сараи әлемдік әдебиеттің алтын қорынан орын алатын көркем туынды.
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі - Дүрбек ақын. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет сақталмаған. Тіпті оның толық аты-жөні де мәлім емес. Дүрбек - әдеби лақап аты. Ақын XIV ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Ол «Жүсіп пен Зылиха» дастанын 1409 жылы жазған.
Жүсіп пен Зылиха жайындағы қызықты аңыз-хикаялар Дүрбекке дейін де кең тараған еді. Бұл тақырыпқа кезінде Фирдоуси, Балхий, Шерозий, Ансари сияқты атақты шайырлар қалам тартқан болатын. Алайда олардың бәрі парсы тілінде жазылған еді. Дүрбек- осы сюжетке тұңғыш рет Орта Азия түркілерінің көне өзбек тілінде дастан жазған шайыр. Бұл туралы ақын:
Бұл қисса парсылардың тілінде еді,
Соны ойлап-ақ жүрегім тілімделді.
Жүсіпті мәңгі есте қалдырайын,
Түрікше сөзден сурет салдырайын.
Хикаясын Жүсіптің баяндайын,
Түрік тілі тұрғанда аянбайын.
Қолыма қағаз бенен қалам алдым,
Бейне бір кестешідей өрнек салдым, -дейді.
«Жүсіп пен Зылиха» дастанының 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасыТүркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген екінші нұсқасы Париждің Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Жүсіп пен Зылиха жөніндегі қызықты аңыздар сюжеті Шығыс пен Батыс елдерінде ежелгі дәуірде-ақ кең тараған болатын. Бертін келе Жүсіп пен Зылиха туралы аңыздар тәрбиелік мәні зор әдеби мұра ретінде ислам жене христиан діндерінің негізгі кітаптары - Құран (XII суре) мен Інжілден де өз көрінісін тапты. Шығыс шайырлары Жүсіп пен Зылиха тақырыбына кезінде жүз елуден астам дастан жазған Фирдоуси, Балхий, Шерозий сияқты Шығыс клас-сикалық поэзиясының алыптары. Алайда Жүсіп пен Зылиха арасындағы мөлдір махаббатты әлемдік әдебиеттер тарихында тұңғыш рет түркі тілінде жазған Дүрбек ақынның дастаны ғана алты жүз жыл бойы оқырман назарын өзіне аударып келеді. Дүрбек дастаны әлемнің көптеген тілдеріне тәржіма жасалды.
Жүсіп пен Зылиха туралы аңыздар негізінде Шығыстың есімдері әлемге мәшһүрФердауси, Балхий, Бахтияри, Әли, т. б. ақындары ғажайып дастандар жазды.
Жүсіп пен Зылиха тақырыбы қара сөзбен де жазылған, яғни про-залық түрдегі туындылар да бар. Е. Э. Бертельстің пікірі бойынша мұндай проза түріндегі әдеби туындыны Абдуллах Ансорий (1006-1088) жазған болу керек.
Ақын Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» дастаны туралы өзбек ғалымдары С. Хайдаров, Ж.Лапасов, В.Вапихожаев, соңдай-ақ түрік ғалымдары Ф.Көпрүлузаде, С. Н.Банарлы, т. б. Ғылыми зерттеулер жасап, бірқатар еңбектер жариялады. Әсіресе, Ф.Сүлейменованың «Жүсіп пен Зылиха» дастанының Париж қолжазбасы жайындағы зерттеуін аса құнды еңбек деп білеміз.
Атақты түркітанушы ғалым Ә.Н.Нәжіп өз зерттеулерінде Дүрбек ақынның «Жүсіп пен Зылиха» дастаны - Алтын Орда дәуір әдебиетінің классикалық үлгісінде жазылған туынды екенін дәлелдей келіп, арғытегі қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ тілдерінің бірі болып келетінін, көне өзбек тілінде жазылғанын ерекше атап көрсетеді.
Дастанның Дүрбек «Жүсіп пен Зылиха» дастанының негізгі оқиғалық желісін Жақып деген пайғамбар, яғни Жақып патшаның он бір баласы арасындағы күншілдіктен туған қайғылы жәйттерді баяндаудан бастайды. Жақыптың бір ұлының кенжесі Жүсіпті өте жақсы көреді. Әкесінің патшалық тағы мен тәжін Жүсіптен қызғанған он ағасы оны өлтірмек болады. Әйтсе де оны әулие-періштелер аман алып қалады. Жүсіпті ағалары аяқ-қолын матап, құлдыққа сатып жібереді. Дастанда Жүсіптің ұзақ жылдар жат елдерде жүріп, жан төзгісіз қайғы-қасірет көргені суреттеледі. Ақыры Жүсіптің кемеңгер даналығы мен темірдей төзімділігіне Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр әміршілері Раян мен Әзиз ерекше риза болады. Соның арқасында Жүсіп Мысыр еліне патша болып, сүйіктісі Зылиха сұлуға үйленеді. Патша Жүсіп бүкіл елдегі түрлі қан төгістер мен соғыстарды тоқтатып, бейбіт, бақытты өмір орнатады.
Әділ патша жөніндегі халық арманы - орта ғасыр үшін прогрессивті қүбылыс еді. Дүрбек өз дәуірінің перзенті ретінде қоғамның жақсы немесе жаман болуы патшаның қандай адам болуына байланысты деп түсінді. Зұлым, ақымақ патша гүлденіп тұрған мемлекетті ойран қылып, халықты күйзелтіп жібереді. Ал ақылды, әділ, жомарт патша қирап қалған қалаларды гүлстанға айналдырады деп пайымдады.
Мемлекетті қашанда қара қылды қақжарып, әділ төрелік ететін жандар басқаруы керек деген түйін жасайды. Мысыр елінің әміршісі Раянды ақын әділ патшаның үлгісі ретінде суреттейді. Оның даналығы мен әділдігі сондай, Мысыр елінің тағына өзінен де данышпан, әділжанды, яғни Жүсіпті отырғызады. Жүсіп зындандағы тұтқындарды босатады, ел ішінде тәртіп орнатады. Мемлекетті кемеңгерлікпен басқарады. Халықтың дәулеті артады. Көпжылғы ашаршылықтан, аштықтан құтылады.
«Жүсіп пен Зылиха» - оптимистік сарындағы дастан. Дастанда ұдайы жақсы адамдардың мерейі үстем шығып, зұлым жандар жұрт алдында масқара болып отырады. Бұл дастанның ғасырлар бойы үздіксіз оқылып, айтылып, ұмытылмай келе жатқанының өзі деақынның осы гуманистік идеясына байланысты. Азаттық пен әділдік жолындағы күресте гуманистік идеялардың үстем болуы қоғамдық прогресс үшін аса маңызды еді.
Ақын өзінің осы ойын Жүсіптің әкесі Жақыптың бір жағымсыз кылығымен дәлелдейді. Жақып базардан баласы бар бір құл әйелді сатып алады. Әйелдің өзін қызметші етіп алады да, баласы Бәшірді Мысыр саудегеріне сатып жібереді. Әлгі құләйел баласын жоқтап күні-түні жылаумен болады. Көп жылдар бойы қайғыдан қан құсып жүреді. Ал Бәшір құлдық өмірдің қатыгез тіршілігінен қор болады. Жақып өз үйіндегі құләйел мен оның баласы Бәшірдің басына қандай қайғы-қасірет салса, қүдай дәл сондай қайғы-қасіретті Жақыптың өз басына да келтіреді. Жақыптың он бір баласы ішіндегі ең жақсы көретін кенже баласы Жүсіп күндердің күнінде Мысыр еліне қүлдыққа сатылып кетеді. Ал қарт Жақып сол баласын сағынып, жы-лай-жылай ақыры көзі соқыр болып қалады.
Көп жылдардан кейін Жүсіп өзі құлдыққа сатылған Мысыр еліне патша болған кезінде Бәшірді құлдықтан құтқарады. Бәшір мен оның анасы бақытты өмір сүре бастайды. Дәл сол кезде Жақып та баласы Жүсіпті тауып, қайғы-қасіретін ұмытады, көзі қайтадан көретін болады. Бұл арқылы ақын «Өмірде жақсылық - жақсылықпен, ал жамандык, жамандықпен қайтады» деген халық даналығын өз оқырманына көркем тіл, тартымды сюжет арқылы жеткізіп отыр.
Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» дастаны, сырттай қарағанда, пайғамбарлар, әулие-періштелер, патшалар өмірінен жазылған туынды сияқты болып көрінеді. Ал шындығында Дүрбек ежелгі аңыз сюжетін бетке ұстай отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдің көптеген көкейкесті мәселелерін көтергенін аңғару қиын емес.
Дүрбек Алтын Орда мен Мауераннахрда XIV-XV ғасырларда орын алған кейбір тарихи оқиғаларды «Жүсіп пен Зылиха» дастанына идеялык өзек етіп алған. Әлем әміршісі Темір патша 1405жылғы қаңтардың 19 күні Отырар маңында кенеттен қайтыс болғаны мәлім. Бұл хабарды естіген бойда-ақ Әмір-Темір ұрпақтары тақ пен тәжге өзара таласып, бүкіл Мауераннахр өңірін ұзақ жылдар бойы қанды шайқастар алаңына айналдырып жібергені белгілі.
Міне, осындай соғыстардың бірі - Темірдің баласы Шахрух пен немересі Халил арасында 1409 жылы Балх қаласы үшін болған еді. Бұл соғыста Балх қаласының халқы түгел қырылғанын Дүрбек өз көзімен көреді. «Алты ай бойы қоршауда қалған Балх қаласындағы жан шошырлық дозақ» көріністерін Дүрбек «Жүсіп пен Зылиха» дастанында зор шеберлікпен, сенімді етіп көрсете білген.
Әмір Темірдің баласы Шахрух осындай қанды соғыстардың бірінде Балх қаласын қоршап алады, ол ерекше қатыгездік көрсетіп, үш ай бойы қалаға ешкімді кіргізбейді де, одан ешкімді шығармай да қояды. Қала халқы түгелдей аштыққа, түрлі індет-ауруларға ұшырап, жаппай қырыла бастайды. Ақын «қаланың іші - дозақ, ал сырты -жұмақ» деп бейнелейді. Қаланы қоршап тұрған биік қорғанның сыртында түрлі жемістер - алма, өрік, анар, жүзім, тағы басқалар уылжып пісіп тұрады. Алаштықтан дәрменсіз болып, құлап жатқан жандар қорған сыртындағы пісіп тұрған дәмді жемістерді «тек көзімен көріп, қиялымен жейді». Бұл туралы ақын:
Аштық келіп, бұл қаланы жалмады,
Нәрестелер аш өзек боп зарлады.
Қорған сырты - жәннәт болып жайнады, Ал ішінде дозақ оты ойнады.
Адам деген түсініксіз, қызық-ау, Бір-біріне қол созбайтын бұзық-ау.
Інілері өліп жатыр, біледі, Ағалары сыртта тұрып күледі.
Бүзылса адам - нағыз хайуан болады, Сонда қоғам қасіретке толады, - дейді
«Жүсіп пен Зылиха» дастанының негізгі идеясы - ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын паш ету. Ақын ел басқаратын жандардың ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді. Жүсіп пен Зылиха бейнелерін жасау арқылы Дүрбек өз оқырманын алға қойған мақсатқа жету үшін қажымай-талмай күресуге әрі өмір жолындағы қиындықтарға барынша төзімді болуға үндейді.
Жүсіп Дастанның бүкіл сюжеттік желісі Жүсіптің басынан кешкен сан қилы оқиғаларға негізделген. Дастандағы жүзден астам аңыз-хикаялардың барлығы дерлік негізінен Жүсіптің бейнесін сомдауға арналған.
Бала Жүсіптің түс көруі, түсінде аспандағы Күн мен Айдың жерге түсіп, Жүсіпке тағзым етуі, мұны естіген күншіл он ағасының Жүсіпті өлтірмек болғаны, ақыры оны Мәлік деген Мысыр саудагеріне сатып жібергені, Жүсіптің ұзақ жылдар бойы құл болып, құлдық азапқа төзіп жүруі, оған ойда жоқта жала жабылып, көп жылдар бойы зынданда жатуы, Мысыр патшасының түсінжорып, бүкіл елді төніп келе жатқан ашаршылықтан аман алып қалуы, әділдігі мен төзімділігінің, ақылдыдығы мен адамгершілігінің арқасында Мысыр еліне патша болуы зор шеберлікпен бейнеленген.
Жүсіп - кек сақтамайтын, кешірімшіл жан. Ол өзін өлтірмек болған он ағасының күнәсін кешіріп, оларға көп жақсылық жасайды. Өзіне жала жапқан Зылихаға ғашық болады. Ақыры оған үйленеді.
Жүсіп бейнесі күрделі, сан қырлы деуге болады. Бір жағынан ол қайсар, жігерлі, өз тағдырын өз қолына алған қайратты жан ретінде көрінеді. Ал, екінші жағынан, «Әзірейіл мен Жебірейіл» көрінген сәттерде бірден дәрменсіз, әрекетсіз өз тағдырын өзі сырттан жай-барақат бақылап отырған «бейшара пенде», «құдайдың құлы» болып көрінеді.
Түйіндеп айтқанда, Жүсіп көркіне көз тоймайтын, балалықтың базарын қызықтап жүрген балажігіттен, бірте-бірте көргені көп көсем, білгені мол данышпан болып, мемлекет қайраткері - Мысыр елінің әміршісі дәрежесінедейін көтерілген жан.
Зылиха Зылиха - өз тағдырын өзі шешуге әрекет жасайтын, ойлаған мақсатына жету үшін алған бетінен қайтпайтын өжет қыз. Ол түсінде Жүсіпті көріп, соған ғашық болады. Зылиха көрген түсін анасына айтады. Жүсіпті іздеп, сапар шегуді армандайды. Ата-анасы қызына қарсы болмайды. Ақыры Зылиха түсінде көрген арманы - Жүсіпті іздеп, алыстағы Мысыр еліне аттанады.
Алайда Зылиханың жолы болмайды. Ол Жүсіпке емес, Мысыр елінің әміршісі Әзизге душар болады. Қыз жылап-жылап өз тағдырына нәлет айтады. Әйтсе де амалсыздан Әзизге тұрмысқа шығады:
Түсіме енген Жүсібімді таппадым, Бір сол үшін ар-ожданнан аттадым.
Күзгі күндей аяз түспей солыппын, Тағдыр айдап Әзиз жанға жолықтым.
Отқа түспей, күйіктен мен өртендім, Өмір деген әзірейілден жиіркендім.
Бұл жалғанға лағнет айтып өтемін, Мына өмірді талақ етіп кетемін.
Дүрбек өз дастанында Зылиханың сұлулығын, жүріс-тұрысын, нәзік жанын, ішкі әлемін суреттеуге көп көңіл бөлген. Сонымен бірге Зылиха көп оқыған, көп білетін, шынайы ғұлама жан ретінде бейнеленген:
Зылиханың көркіне көз тоймаған, Қос жанары бейне жүлдыз жайнаған.
Бұл әлемнің бар білімін меңгерген, Ғүлама жоқ бізде оған тең келген.
Зылиха өзіне Жүсіптің оралуына сеніп, қырық жыл бойы сабыр сақтап келеді. Ақыры екеуі қосылып, мұрат-мақсаттарына жетеді. Махаббат қүдіретімен екеуі де қайта жасарып кетеді Дастанда Жүсіп пен Зылихадан басқа да бірқатар қаһармандар бар. Олар: он бір баланың әкесі - Жақып, Мағриб елінің патшасы -Гаймус, Мысыр елінің патшасы - Раян, Мысырдың әміршісі - Әзиз, тағы басқалар.
Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыздардың сюжеті негізінде Ба-гыс пен Шығыстың көптеген ақындары мен жазушылары ғажайып көркем туындылар жазған. Шығыс халықтары әдебиетінде осы сюжет бойынша жазылған жүз елуден астам көркем шығарма бар екен.
Немістің ұлы ақыны Гете жас кезінде Жүсіп пен Зылиха туралы аңыздарды таңдана тыңдап, тамсанып оқығандығы туралы жазады. Ақын өзінің «Поэзия және шындық» деп аталатын кітабында Жүсіп пен Зылиха хикаясының бұлақ суындай мөлдір тазалығына зүйсіне келіп: «Мұндай аңызды қандай құдіретті күш-қуат жаратты цесеңізші! Адамжаныжақсылықүшінжаратылғанғой!», - депті. Бір қызығы - әлемдегі түрлі халықтардың ақындары мен жазушылары эл басына ауыр күнтуған сәттерде, өз елініңәлеуметтік-саяси та-рихының қиын-қыстау кездерінде халыққа айтар ой пікірлерін ас-гарлап жеткізу үшін Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыздарды өз гуындыларынаарқауетіпотырған. Мәселен, ХХғасырдыңұлыой-шылы, немістің аса көрнекті жазушысы Томас Манн өзінің «Жүсіп және оның ағалары» деп аталатын романында билік басына келген фашистердіңадамтабиғатынажат, дөрекілікістерін, қантөгугеәзір гұрған дүлей күш пен ақыл-парасат арасындағы идеялық күресті, «басқаларданартықжаралғанбыз» дейтін нәсілшілдік көзқарасты әлтіресынайды.
Түркия елініңатақты ақыны НазымХикмет кезінде Жүсіп пен Зылиха жөніндегі аңыздардың мүлдем жаңа қырын ашқандай болды. Ол өзінің«Жүсіпжәне Менафис»дегендрамасында Жүсіп пен Зылиха туралы аңыздарды негізге ала отырып, бүгінгі қоғамдағы әділетсіздік пен қатыгездік, зүлымдықпенөшпенділік жайындағы ой-пікірін ортаға салады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жою қажеттігін зор шеберлікпен көрсетеді.
Жүсіп пен Зылиха тақырыбына қазақ ақыны Жүсіпбек Шайхулис-ламүлы қиссажазып, оны Қазан баспаларынан бірнеше рет (1898,1901, 1913) бастырып шығарады. Жүсіпбек дастанында жоғарыда айтыл-ған Дүрбек дастанының негізгі оқиға желісі сақталған.
«Жүсіп пен Зылиха» дастаны гуманистік идеяға, адамгершілікке, әділдікке, бауырмалдыққа, ізгіліккеүндейді.
Сонымен, қазақ әдебиетінің ежелгі тарихында Алтын Орда дәуірі (Х!І-Х\/ғасырлар)деп аталатын үлкенбіртарихикезең бар депбілеміз. Бұл дәуірде ақынХорезмидіңСырдария бойында туындаған «Мұхаб-бат-наме» поэмасы, Еділ бойындағы Сарай қаласынан шыққан белгілі ақын Сайф Сараидің «Түркі тіліндегі Гүлістан» дастаны, Дүрбею ің «Жүсіп пен Зылиха» дастаны Мысыр (Египет) мемлекетінде өмір сүргвй қыпшақ ақыны Құтбтың «Хұсрау-Шырын» поэмасы, қыпшақ-оғыз тілдерінің негізіндежазылғаны мәлім.
Сондай-ақ осы кезенде қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің «Жа-миғ-ат-тауарих» («Шежірелержинағы»), Захириддин Бабырдың «Ба-быр-наме» атты шығармалары жазылған еді. Атақты тарихшы Әбілғазы Бахадүрханның «Шежіре-и түрк» («Түрік шежіресі») және «Шежіре-и терекіме» («Түрікмен шежіресі») деп аталатын екі шығар-масы да қазіргі түркі тілдес халықтардың әдебиет тарихына қосыл-ған елеулі үлес болды
Қорыта айтқанда, Қарахан дәуірі көркем сөз өнерінің ғажайып үлгілері болып табылатын Жүсіп баласағұның «Құтты білік», ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыры», Ахмет йассауидің «Ақыл кітабы» және Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабына» талдау жасау арқылы қазақ ақын –жыраулары поэзиясындағы дидактикалық –шешендіктолғаулармен мақал-мәтелдердің қайнар бастаулары ежелгі түркі дәуірінің көркем сөз өнерінде жатқанын айқындадық.
Тақырып №9. Әбілғазы. «Шежіре-и түрк» («Түркі шежіресі»). Қадырғали Жалайыри. «Жами-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»)
Әбілғазы Баһадүрхан – түркі халықтарының ежелгі шежіресін жазған ғұлама тарихшы, есімі мәшһүр шежіреші.
Әбілғазының әкесі – Арабмұхаммед, Дешті Қыпшақтың ханы, Жошы ұрпақтарының бірі болып келеді. Ал анасы Мейірбану – Арал теңізі маңайын мекн еткен қазақ руралырынң ханы – Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы Үргеніш қаласындағы Арысхан медресесінде оқып, шығыстың аса білікті ғалымдарынан әлем тарихы, поэзия, мемлекетті басқару мен әскери өнер бойынша дәріс алады. Ол есейіп ер жеткен шағында өзі туралы: Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген. Мен әсіресе үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі: атты әске мен жаяу әскерді аз не көп болғанда шабуылға қалай алып шығу, достарыммен де дұшпандарыммен де сөйлесе білу; екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түркі тілінде масневи, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығару, түрік сөдерінің мағынасын жетік білу; үшіншісі – бұрын арабстан, Иран, Тұран, Монғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу.
Арабмұхамед хан қартайған шағында оның балалары арасында таққа таласу күресі басталып, билікке талас ұзаққа созылып кетеді. Осындай қарулы қақтығыстардың бірінде Әбілғазы қатты жарақаттанып, бауырларының қолына түссе өлетінін біліп, Әмудариядан жалғыз өзі жүзіп өтіп, ажалдан құтылады. Жалпы Әбілғазы жастайынан батыл, ержүрек, қайсар мінезімен көзге түседі. Сол үшін оның есімінде «баһадүр», яғни батыр сөзі қосып айтылатын болған.
Әбілғазы басына қиындықтар төнгенде қазақ әміршілері Есім хан мен Тұрсын ханды паналауға мәжбүр болады. Ақыры ағалары оны 1628 жылы алдап қолға түсіріп, Иранға айдатып жібереді. Сөйтіп Әбілғазы өз өмірінің он жылын Исфахан қаласында өткізеді. Тұтқыннан қашып құтылған ол біраз жыл түрікмен және қалмақ ауылдарында бой тасалап жүреді.
Арал қазақтары 1645 жылы Хиуа хандығына қарсы көтерілісте жеңіп, Әбілғазыны Хиуа ханы деп жариялайды. Ол хан тағына отырған жылдары көптеген игі істер жасайды. Ол алпыс жасқа келгенде билікті баласы Ануш Мұхамедке беріп, өзі шежіре жазуға кіріседі.
Әбілғазы жазған екі шежіре сақталып бүгінгі күнге жеткен. Олардың бірі – «Түрікмен шежіресі», екіншісі – «Түрік шежіресі».
“Шежіре-и Түрк”, “Түрік шежіресі”, “Шәджәрат ат-Түрік” — Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы баһадүр ханның шығармасы. Онда түркі-моңғол тайпалары және Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің автордың өзіне дейінгі тарихы қамтылады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). “Шежіре-и Түрктің” кіріспесінде автор өзінің 3 өнерді жете меңгергенін, соның бірі ретінде “бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білетінін” айтады. Шығарма 9 тарау мен алғыс сөзден тұрады. Әбілғазы аталмыш еңбекті жазарда өзінен бұрынғы түркі, парсы тілдеріндегі тарихи деректерді кеңінен пайдаланған. Әсіресе, Рашид әд-Дин, Шараф әд-Дин сияқты Шығыс ғұламаларының еңбектерін кеңінен пайдаланып, керек жерінде тиісті сілтемелер жасап отырған.
«Түрік шежіресінде» Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі, одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен Қыпшақ даласында, Таяу Шығыста болған сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады.
“Шежіре-и Түркте” қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен оларды билеуші хандардың Шыңғыс ханмен арадағы қарым-қатынасы кеңінен сөз болады. Шығарманың кей тұстарында белгілі халықтардың өмір-тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсы-жаманды істері туралы айтқанда аңыз әнгімелер, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер бой көрсетіп отырады. “Шежіре-и Түрк” тілдік жағынан да өте маңызды. Өйткені Әбілғазы өз шығармасын “бес жасар ұлан түсінерліктей таза түркі тілінде” жазғанын ескертеді. Шығарманың грамматикалық құрылысы түркі тілі заңдылығын қатаң сақтаған. Автор түркі, парсы, [[]]араб және моңғол тілдерін жақсы білген. Ру, жер-су, адам аттарына этимологиялық талдау да беріп отырған. Мұндай түсінік берген сөздерінің өзін үшке бөліп қа-рауға болады: 1) моңғол сөздерін түркіше түсіндіруі; 2) араб, парсы сөздерінің мағынасын ашуы; 3) көне түркі сөздеріне берген түсініктемелері. “Шежіре-и Түрктің бірінші тарауы — құдай тағаланың адамды жаратқаны туралы; екіншісі — моңғол хандарының Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында баяндайды. Мұнда сондай-ақ Оғыз ханның әскери жорықтары мен ұрпақтарының тарихы да берілген. Үшінші тарау —Шыңғыс ханға; төртіншісі — Үгедей хан мен басқалардың билігіне; бесіншісі — Шағатай әулетінің Мауераннахр мен Қашқардағы билік жүргізуіне; алтыншысы — Шыңғыс ханның кенже баласы Төле хан тұқымынан Иран жұртын билегендерге; жетіншісі — Дешті Қыпшақты билеген Жошы хан әулетіне, сегізінші — Шайбан (Шибан) әулетінен Қазақ, Қырым хандықтары және Мауераннахрда билік құрғандарға; тоғызыншысы — Хорезмді билеген патшалардың тарихына арналған. “Шежіре-и Түрк” ғылым дүниесіне 18 ғ-дың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарманың бір көшірмесін Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан тауып, оны Бұхара ахунына орыс тіліне аудартқан. Ол нұсқаны швед Шенстрем неміс тіліне аударды. Сол аударма 1780 жылы басылып шықты. Одан бұрынырақ 1726 жылы. “Шежіре-и Түрк” Лейденде француз тілінде жарық көрді. Осы басылымды 1770 жылы Тредьяковский орыс тіліне аударды. Алайда бұл аударма түпнұсқадан тікелей аударылмағандықтан ғылым үшін аса құнды болмады. Осыны ескерген граф Румянцев 1825 жылы шежіренің түпнұсқасын араб әліпбиі негізінде Қазан қаласында басып шығарды. Ол басылымнан Г.С. Саблуков орыс тіліне аударып, оны И.Н. Березин өзінің 1854 ж. Қазанда жарияланған “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3-томына енгізді. “Шежіре-и Түрктің” Азия музейіне В.И. Даль тапсырған бір көшірмесін 1871 — 1874 ж. П.И. Демезон екі кітап етіп бастырып шығарған. Әбілғазының “Шежіре-и Түркі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма. Шығарма бірқатар қазіргі түркі тілдеріне аударылды. 1992 ж. қазақ тіліне де аударылып, жарық көрді.
Қадырғали Жалайыри. «Жами-ат тауарих» («Шежірелер жинағы») Әскер өнерін жақсы білетін ержүрек Ораз-Мұхаммед сұлтан және оның ұстазы, кеңесшісі, Қадырғали би орыстардың 1590 жылы шветтерге, 1598 жылы Қырым хандығына қарсы соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. 1594 жылдың соңында Тәуекел хан Мәскеуге аттандырған Құлмұхаммед елшілігі Ресеймен достық келісім жасау жөніндегі саяси ұсыныстармен қатар Оразмұхаммедті және оның жанындағыларды еліне қайтаруды өтінеді. Тәуекел хан Ресеймен саяси келісімді бекіту мақсатымен Оразмұхамедті өз балаларының біреуін аманатқа беруге мінденеттенді.. Бірақ, бұл Тәуекелдің өліміне байланысты аяқсыз қалады. Орыс патшасы Борис Годунов 1600 жылы Оразмұхамедті Ока өзенінің бойындағы Қасым (Қасымово) хандығының ханы етіп тағайындайды.(ҚҰЭ 7 т, Алматы, 2005,160 бет). Шығыс билеушілерінің өкілдерін патша қызметіне осылайша пайдалану сол кезде орыс патшаларының кәдуілгі қаруы болып саналған. Адал,ақниет еңбегінің алғырттығы мен ержүректігінің арқасында Федр Иоанович сеніміне кірген Оразмұхаммед сұлтанға алдыменен 1592 жылы Ока бойындағы мұсылмандар мекендейтін Қасым (Касымово) хандығынан (қазіргі Ресейдің Рязань облысындағы қала, Мәскеуден 250 км қашықтықта) жер бөлігі қоныстануға рұқсат етеді. Ал, Қасым хандығының ханы Оразмұхаммедтің кеңесшісі, ақылшысы Қадырғали би Жалайыр осы хандықта шоғырланған түркі халықтарының жақын этникалық түп негіздерін ортақ дінін, тілін, бір-біріне ұқсас тарихын мәдениет пен салт-дәстүрлері сияқты мықты бірлестіруші факторларын тарихи ғылым ретінде зерттеді,өзінің әйгілі «Жылнамалар жинағына» пайдаланды. Төрт жыл Москва патшасының сарайында,ал1592 жылдан өмірінің соңғы уақытына дейін Қасым хандығындағы Қадырғали бидің өмірінің нақты деректерінің болмауы, тек шындық деңгейіне жеткізетін жорамалдардың, зерттеу еңбектердің кең таралуы негіз бола алмайтындығын алға тартпақпыз. Бұл кезендерді зерттеу келешекте зерттеуші-ғалымдардың атқаратын ісі деп ойлаймыз. Қадырғали би Жалайыр Қасым ханы Оразмұхаммедке 16 жыл адал, ақылды серігі болып қызмет етті, оның хандығының нығайуына, өрендеуіне, дамуына көп еңбек етіп,тер төкті. Ұлы данағой бабамыз Қасым хандығының астанасы Қасым (Касымово) қаласында 1605 жылы қайтыс болды, аруланып жерленді. Әлем тарихи ғылымында ол өзінің інжу-маржанға толы «Жылнамалар жинағымен» мәңгілікке есте қалады және келер ұрпақ одан сабақ алып, өсіп-өркендей бермек және қазақ жеріндегі ұрпақтар сабақтастығы мен дәуір байланысының символы ретінде ата-бабаларымыздың өшпес рухын көрсетіп игілікті іс бола бермек. Тағы бір айта кететін маңызды мәселе, ол Қадырғали бидің Рязань облысы Касымово қаласында жерленген анық ,бірақ сол қаланын төңірегіндегі көптеген мұсылман зираттарының қай зиратына жерленгенін анықтау және өміріндертіне байланысты тиісті құжаттарды іздеу,зерттеу үшін арнайы алғашқы рет 2010 жылы желтоқсан айында халықаралық «Қадырғали би Жалаыри қорынан» бір топ белсенділері Ресейдің Касымово қаласына іс-сапармен барып, нақты деректер таба алмай қайтқан болатын. Екінші рет, осы қордың 2005 жылы 15-20 қазан күндеріндегі ұйымдастырылған арнайы тобы Мәскеу және Касымово қалаларына іс-сапармен барып қайтқан, құрамында заңгер –ғалым Ө.Көпебаев экономист-ғалым С. Батыршаұлы және көне қолжазбалар маманы Шафиға Мақсұт болды. Олар Қадырғали бидің кәбірін анық таптай жорамалдап 1648 жылы қайтыс болған Хиуа ханы Араб-Мұхммед ұлы Ауған Мұхаммед сұлтанның кесенесінің ішіне, жергілікті ақ тастан құлпытас орнтып қайтқан. Құлпытастың бетіне араб және қазақ әріптерімен: «Қадырғали би Қосымұлы Жалайыр» 1530-1605 жылы құлпытасты қойған. «Қадырғали Жалайыри» қоры Қазақстан 20.10.2005.» жазуы қашалған. Бұл жөнінде толық мағлұматтарды: Батыршыұлы. С Шафиги М 400 жылдан кейін бабамыз Қадырғали би Жалайырдың зираты табылды «Ислам әлемі» қоғамдық діни-мәдени журнал10(46) 2005:Батыршыұлы .С «Қадырғали Жалайри зираты Ресейдің Рязань облысындағы Қасымово қаласында жатыр» «Егемен Қазақстан» 22 қаңтар 2008 жыл және Тұяқбай.М «Қадырғали Жалайыр және Қасым хандығы» «Тіл және қоғам» журналы № 1(13) 2008 жыл оқи аларсыздар. Қысқаша тағы бір маңызды мәселеге зер салайық , ол баба суреті туралы,Ұлы тарихшының артында мол мұра қалғанымен, нақты –кескін келбеті қағаз бетіне түспеген. Өткен ғасырдың 60 - жылдарынан бастап әлі белгісіз суретшінің Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Татарстан, Ресей ғылыми әдебиеттерінде орта ғасыр ғұламаларына тән Қ.Жалайыр суреттері басыла бастаған. Бұл әдемі, көрікті өмір сүрген ғасырға тән ғұламаның бейнесі еді. Бірақ 20001 жылдан бастап әр түрлі,бір-біріне ұқсамайтын 8 сурет «пайда» болды,бұл көсем сымақтардың, «жаңа қазақтардың ойлап әдейі халықты шатастыру үшін ұйымдастырған «шаралары» деп білуіміз керек. Осы жолдын авторы «Қадырғали Жалайырдың бейнесі неге әр түрлі?» көлемді мақала жазған (Алатау 6 .11.2008 ж) Енді Қадырғали Жалйырдың қазақтың тұңғыш тарихшысы, қоғам қайраткері, уәзір, елші-кеңесші, қолбасшы, философ, ақын-жазушы, тарихи публицистика негізін қалаушы екендігіне жеке-жеке тоқталайық: Тарихшы-шежіреші Қадырғали би әлем және қазақ тарихында қандай тарихи еңбегімен бағаланады деген заңды сұрақ тууы мүмкін? Екінші баба еңбегін кімдер, қалай, қай уақытт зерттеген деген сұрақ? Бұған алғашқы жауап ретінде ғұлама ғалым,тарихшы-академик Әлкей Марғұланның бір айтқан сөзін келтіргенді жөн көрлік: «...Қадырғали Жалайыр жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың бірінші ойшыл ғалымы, данышпан жазушы орын қалдырған мәденеиет мұрагері»- деген (Қ.Жалайыр Тарихи Оразмұхаммед Алматы «Алатау» баспасы 2007,241 бет Данағой бабамыздың қазақтың тұңғыш тарихшысы атануы оның 16 ғасырдың аяғында,1602 жылы аяқталған «Джами-ат-таварих» (Жылнамалар жинағы) атты еңбегі орта-ғасылық түркі жазба мәдениеті үлгілерінің санатына жатады. Әсіресе ортағасырлық қазақ тарихы мен тілі зерттеуде оның алатын орны ерекше зор.Бұл баға жетпес тарихи еңбегін ол Қасым хандығығының астанасы Қасым қаласында жазған. «Жылнамалар жинағы» туралы алғашқылардың бірі болып орыстың белгілі шығыстанушысы ғылымы И.Н. Березин Қазан универстетінде жұмыс істеп жүрген кезінде танысып, зерттеп «Татарскйй Летописец Борис Федоровича Годунова» деген мақаласы «Москва» журналына бастыртады.( Москва, 1851, №24, 143-554 бет) Ол үш жылдан кейін 1854 жылы , «Библиотека восточных историков» т.2, часть 1 (Сборник летописи) атымен бастырып шығарады. «Жылнамалар жинағының» алғашқы көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И. Халфин тапсырған екен. Қадырғали Жалайыри бұл шығармасын патшалық Ресейде алғашқы танысқан ғалымдар: академик Х.Д. Френ, татар ғалымдары Н.И.Илинский,Ә.Рахим,молла Г.Галеев –Беруди,М.А.Усманов Қадырғали бидің еңбегін сақтап,оны танып-білуде туысқан татар халқының оқыған азаматтардың, ғылымдарының сіңірген еңбегі баға жетпестігін мойындауымыз керек. Бірақ татар ғалымдары оның бұл тарихи еңбегін татар мәдениетінің үлгісіне жатқызады. Ол әрине, қате пікір, себебі бірінші шығарманың түпнұсқасынан жасалынған көшірмелерінде тілінің аз да болса өзгерістерге ұшырап (мүмкін әдейі) татаршаға жақындай түскендігін ұмытпау керек. Екенші, «Жылнамалар жинағының» бір көшірмесі Кшкари деп аталатын татарауылынан табылған және ол ғылыми еңбек Татар хандығының астанасы Қазан қаласында басылды. Үшінші, тарихшы бабамыздың өз еңбегінде шыққан тегін анық-қанық «алаш мыңы (қазақ) тарақ тамғалы жалайырдан» шыққандығын 9 рет келтірсе де, татар ғалымдары мойындағысы келмеді. Сөз орайы келіп тұрған соң ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тілші-ғалым ҚР Ғылым Академиясының академигі, Қадырғали Жалаиридің «Жами ат-тауарих» тағы тіл мәселесін зерттеп 244 беттен тұратын ғылыми еңбек жазған Рабиға Ғалиқызы Сыздықова апайымыздың белгілі жазушы О. Исмаиловқа берген көлемді сұхбатында: «Қадырғалиды татардан тартып алдық» - дегенін еске алғанды жөн көрдік (Жетісу 7 мамыр 2008 ж) «Жылнамалар жинағы» бізге толық емес екі көшірмесі және бір үзінді күйінде жетті. Патшалық Ресей кезеңінде Қадырғали Жалаири еңбегін қазақ топырағында алғашқы арнайы зерттеудің негізін қалаған Ш. Уәлиханов.Дарынды дара Шоқан: «Қазақ тарихына қатысты деректердің молдығы жағынан «Жылнамалар жинағына» иықтасар ештеңенің жоқтығы күмәнсіз» - дейді. Өзінің «қырғыз шежіресі» атты мақаласында Кеңестік және егемен Қазақстан тарихнамасында баба мұрасын Қ.Жүнісбаев, Е. Масанов. Е,Г. Марғұлан, Р.Сыздыкова, М.Қойгелдиев және т.б арнайы зерттеп,зерделепжүр. Алғашқы рет қазақ кеңсе әдебиетінде Қадырғали бидің тарихи- көркем бейнесін Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин «Аласапыран» роман-дилогиясында (30 .XII.1981 ж) тамаша бейнелеген бұл кітап жазушының шығармаларының шыңы және ХХ ғасырдағыұлыроман. Тек Қазақстан егемен болған соң ғана Қ.Жалайыр тарихшы-шежіресінің құнды еңбегі жеке кіткп болып «Санат» (1996), «Қазақстан» (1997), «Алатау»(2007) баспаларында басылып шықты. Бұл тарихи еңбекте: Борис Годунов патшаға арнауы, Оғыз ханнан бастап, Шыңғыс ханның үрім-бұтақтарын,қазақ хандығының тарихын, ХVI ғасырдың аяғына дейінгі оқиғаларды,өзі тәрбиелеген ,ақылшы ,кеңесші,серігі болған Оразмұхаммед ханға арналған дастанымен аяқтайды. Қазақтың тұңғыш жазба тарихының ақтангерінің бұл еңбегінде: 400-ге жуық тарихи тұлғалардың есімдері, оның ішінде өзіне аталас 40 жалайыр саңлақтары туралы,11 ақын- жазушылардын еңбегі кірген. Ғалымның еңбегін жазуда себеп болған, зерттеген пікір жазған 66 ғалымның аты аталады. Ал атауларға келсек, 225 географиялық көрсеткіштер беріліп, 196 этнонимдік атаулар көрсетілген, оның ішінде бүгінгі қазақ халқын құрайтын 18 ру-тайпалардың аты анықанық баяндалады. Бұған қоса 160 жарты араб, парсы және басқа түркі халықтарының сөздерінің аршылуы да аз күшпен бітпегендігі айқиқат. Қ.Жалайыр өте білімді ,энциклопедияшы адам болған. «Дүниеде көп елдерде болдым, көп оқыдым»-дейді өзі туралы. Көне түркі,араб, парсы, орыс, татар т.б халықтардың тарихын, мәдениет пен әдебитін жақсы білген,сол елдердің тарихын тілдерін молынан меңгерген ұлы тұлға. Бұл еңбек әлі де толық жүйелі түрде ғылыми(академиялық) зерттеулер күтіп тұр және шет тілдеріне де аударылуы тиіс. Қадырғали Жалайырдың қысқаша өз заманына атқарған қоғамдық қайратерлігіне көңіл бөлейік: Ол, ата жолын қуып, сонау Шыңғыс хан дәуірінен жалайыр тайпасынан тарайтын үрім-бұтағы әмір, қолбасшы, ноян, батыр, би болған Қадырғали би де, өзі шыққан тарақ тамғалы жалайыр тайпасының көсемі, батыры әрі биі болған әкесі Қосымның жолын қуып , беделді, белді және әділ би болған. Ол қазақ халқының іргесін қалауда көп еңбегін сіңірген хандардың бірі –Тәуекел ханның сарйында қызмет жасаған хан, ұйғарымымен немере інісі Оразмұхаммед бекзада Ондан сұлтанның ұлағатты ұстазы, тәрбиесшісі, ақылшысы, кеңесшісі, өмірілік адал серігі болды. Оразмұхаммед сұлтанның 1600 жылы Қасым хандығына хан сайлауына зор үлес қосты, көмектесті. Ол, Сібір хандығының билеушілері Сейдахмет сұлтан мен Көшім ханға 1586-1588 жылдар арасында уәзірі, бас кеңесші қараша (министр) болған. Ол 1588 жылды жылдан бастап, Москва патшасы Борис Годуновтың сарайында қызмет істеп, кеңесші уәзір болған, өзінің әйгілі «Жылнамалр жинағы» өзі өмір сүрген заманға тән Борис Годуновқа арнаған және оның билік жүргізу жүйесін бейнелейді, орыс тарихын зерттеген. Ол қоғам қайраткері ретінде Қазан хандығы «аманаттықта» өмір кешіп жатқан түркітілдес мемлекеттердің,хандықтардың абыройын түсірмей жоғары-ең жақын туыстығын, достығын алға тартып,бір-біріне әр уақытта өзіндік табиғи тірек, дос болуына шақырады. Ол жоғарыда айтылғандай, орыстардың 1598 жылы Қырым хандығына қарсы соғысына қатысып, ерлік көрсетіп, елшілік міндеттерін де атқарады. Қолбасшы Қадірғали би соғыс өнерін жас кезінен үйреніп, шыңдалып, үйренген.Қазақтың бас қаруын жақсы меңгенрген. Тәуекел ханның өзім хандығы басқа да көршілес жатқан хандықтарға жасаған жорықтарына қатысып ерлікпен көзге түскен.1586-158 жылдары Сібір хандығына болған кезінде, сырттан-Ресейден казак-орыс басқыншыларымен соғысқан Көшім хан мен Сейдахмет сұлтандардың әскерлеріне қосылып, қаны мен терін төгіп, ірі қолбасшы дәрежесіне жеткен. Орыс патшасы Борис Годуновтың қарамағында болған уақытында Оразмұхаммед сұлтан екеуі, орыстардың шведтермен, қырым татарларына қарсы соғыстарына қатысып, өз үлестерін қосқан. Айта кететеін бір жайт-ол шығыс (түркі) билеушілерінің өкілдерін Ресей патша қызметіне осылайша пайдалану, сол кезде орыс отаршыларының кәдуілгі қаруы болып саналған. Қадырғали қолбасшы ретіндегі қызметін әлі де болса толық зерттеу қажет етеді.
Тақырып №10. Хайдар Дулати. «Тарихи-и Рашиди» («Рашидтің тарихы»). Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасы».
Мұхаммед Хайдар Дулати – қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Джаханнама" атты дастаны Моғолстан мен оған шекаралас облыстар бойынша жасалған әйгілі "Тарихи Рашиди" кітабына енген. Ата-бабалары оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында, Моғолстан мемлекетінің құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жерінде беделді саяси қайраткерлер болған. Олар ұлұсбектер, тархандар бола отырып, өздерінің мұрагерлік иелігі Маңғлай-Сүбенге билік жүргізген. Әмір Болатшы (Пуладчи) XV ғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекетінің күйреу кезеңінде Тұғылық Темірді осы мемлекеттің шығыс бөлігінің ханы етіп тағайындады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің тағы бір атасы - Әмір Хұдайдат ұлұсбек болған кезде Моғолстан тағында алты ханды ауыстырған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Мұхаммед Хайдар мырза 1480 жылға дейін Қашғарияда билік жүргізді. Оның әкесі Мұхаммед Хұсайын XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың басындағы Моғолстанның шығыс бөлігінің басшысы Сұлтан Махмұд ханның үзеңгілестерінің бірі болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы Хұбниғар ханым Жүніс хан қызы екен, ал ол өзі шешесі жағынан Сұлтан Саид пен Үндістанды билеген Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир-ад-дин Мұхаммед Бабырдың немере ағасы көрінеді.
Мұхаммед Хайдардың балалық шағы Мұхаммед Шайбанидың өзбек көшпенділері қысымшылығымен Орта Азиядағы Темір әулетінің мемлекеті өмір сүруін тоқтата бастаған кезеңінде, Моғолстанның күйреуі мен Қазақ хандығының өрлеген тұсында өтті. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани арасындағы соғыс кезінде әкесі қаза болған соң, туыстары Мұхаммед Хайдар Дулатиді Қабылдағы Бабырға жөнелтті. Мұхаммед Хайдар Дулати Мауреннахрға жасаған Бабырдың жорығына қатысты. 1512 жылдан Қашғардағы Сұлтан Саид қол астында жүрген Мұхаммед Хайдар Дулати жоғары әскери және сарай ішіндегі қызметтерді атқарды. Ол 1514 жылы Жаркент пен Қашғар үшін Әбу Бәкірмен болған соғысқа, сонымен бірге Тибет пен Оңтүстік Шығыс Қазақстанға, Қырғызстанға жасалған жорықтарға қатысты. Мұхаммед Хайдар Дулати хан тағының мұрагері Әбу ар-Рашид сұлтанға тәлім-тәрбие берді.
Бабырдың сөздері бойынша, Мұхаммед Хайдар Дулатидің бойында энциклопедиялық білім болған. Ол барлық саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, саяси қайраткерлерді де білетін. Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстан, Орта Азия мен Қазақстанның, әсіресе, дулат тайпасының феодалдық бөлігінің тарихын жетік білген. 1541-1546 жылдары Кашмирде ол "Тарихи Рашиди" атты еңбегін жазды. Бұл еңбекті Мұхаммед Хайдар Дулати ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған дулаттардың өткені туралы әңгімелерге, моғолдардың аңызына, моғол хандарының сарайларында сақталып қалған құпия құжаттарға, куәгерлердің мәліметіне және өз бақылауларына сүйене отырып, парсы тілінде жазды. Сонымен бірге, автор бұрындары өмір сүрген Жувейни, Жамал Қараши, Рашид-ад-дин, Әли Иазди, Әбдіразақ Самарқанди сынды атақты ғалымдардың тарихи туындыларын қолданды. Бұл туындыны архив мәліметтеріне сүйене отырып жазылған тарихи анықтама деуге толық негіз бар. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақтардың орта ғасырлық тарихы туралы көптеген құнды мәліметтер қалдырды. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте XV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар.
Хайдар Дулати - өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама алған адам. Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан. Саид хан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті ғұламалары еді.
Хайдар Дулатидің әкесі қайтыс болған соң, 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады.
Кезінде Хайдар Дулати есімі аса дарынды қолбасшы ретінде мәшһүр болған. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп төне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Саид Мұхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды. Хайдар Дулати 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемлекетке өзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады.
«Тарих-и Рашиди». «Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVІ ғасырларға қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым, қаламгер сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған.
Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы – Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы – Қасым хан, т.б. туралы құнды деректер бар.
Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді.
Міне, соның нәтижесінде «Тарих-и Рашиди» ресми тарихтан гөрі, көркем шежіре дәстүрімен жазылған шығармаға көбірек ұқсайды. Жалпы Хайдар Дулати өмір сүрген дәуірде оқыған зиялылар арасында шежіре жазу салты кең таралған еді.
Захириддин Мұхаммед Бабыр – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақшы тарихшы. Ол 1483 жылы 14 ақпанда Әндіжан қаласында туған. Бабырдың әкесі Омар Шейх - әйгілі Әмір Темірге туажат болып келеді. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр (арабша «бабур» - арыстан деген сөз) деп атап кеткен.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін оны екі жасар Бабыр Ферғана уәлаятының әмірі болып, таққа отырды.
Бабырдың мақсаты – Әмудария мен Сырдария аралығында, яғни Мауераннахрда бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру болды. Сол арманына жету үшін көп жылдар бойы әрекет жасап, талай суыт жорықтарға аттанады. Бірақ онысынан нәтиже шықпайды.
Ақыры Шайбани хан бастаған ру-тайпалардың тегеурініне төтеп бере алмаған Бабыр өзіне сенімді бір топ нөкерлерімен Ауғаныстанға кетеді. Сосын одан әрі Үндістанға қарай бет алады. 1525 жылы ол Дели сұлтаны Ибрагим Лодидің әскерін быт-шыт етіп жеңеді. Сөйтіп Бабыр Үндістан билеушісі болады.
Бабыр – ең алдымен, ғасырлар бойы талай ұрпақ тамсанып оқыған тамаша лирикалық өлең жырлардың авторы. Оны ұлы Шайыр Әлішер Науаи өзінің ең дарынды шәкірттерінің бірі санаған.
Бабырдың лирикасы негізінен сол кезде шығыс классикалық поэзиясында кең тараған жанрларда – ғазел, рубаят, тұйық, месневи, т.б. түрінде жазылған өлеңдер болып келеді.
Бізге Бабырдың қолжазба түріндегі өлеңдер жинағының екі нұсқасы мәлім.
Бірі – қазір Парижде, екіншісі – Индияның мәшһүр Рампур кітапханасында сақтаулы. Профессор А. Самойлович осы екі нұсқа және «Бабыр-немедеген» өлеңдер негізінде 1917 жылы Петроградта Бабыр өлеңдерінің жинағын бастырып шығарды.
Бабыр – өлең құрылысы, музыка теориясы, соғыс өнері, т№б№ жайында бірқатар ғылыми еңбектер жазған өз дәуірінің көрнекті ғалымы да. Ол тіпті өзінше жаңа жазу таңбаларын – жаңа графика ойлап шығарып, оны ел арасына таратады. Тарихта «Хати Бабыр» («Бабыр жазуы») деп аталып кеткен бұл әріптер көне түркі ескерткіштерінің жазуына ұқсас болып келеді.
Бабыр араб, парсы және түркі тіліндегі жазылған поэзиялық шығармалардың өлең құрылысы – буын, бунақ снаы, ұйқасы жөнінде қызықты пікірлер айтады.
Әйтсе де Бабырдың есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оның атын тарих бетіне мәңгі-бақи өшпестей етіп жазып қалдырған ең басты еңбегі – «Бабыр-наме» болды.
Кезінде түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде – шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде XV ғасырдың соңы мен XVІ ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде «Кабул-уәлаяты» деп аталатын, қазіргі ауғаныстан аумағында орын алған маңызды тарихи оқиғаларды «Бабыр-наменің» екінші бөлімінен оқып білуге болады. Ал Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші бөлімі – солтүстік Индиядағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатын, халқын, әдет ғұрпын, салт-санасын, т.б. көркем тілімен бейнелеп көрсетуге арналған.
Бабыр билеуші тап өкілдерінің тақ пен тәжге таласып, үздіксіз жүргізген соғыстарын, мағынасыз қан төгілген шайқастардың салдарынан қаңырап қалған қалалар мен бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өлкелерді, алым-салықтың шамадан тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды, т.б. бүкпесіз, ашықтан-ашық әңгімелейді. Туынды әр жылда болып өткен елеулі тарихи оқиғаларды құрғақ фактілермен жіпке тізгендей етіп баяндайтын жылнама түріндегі шежіре кітап емес. «Бабыр-наме» - құнарлы, бейнелі тілмен жазылған, дарынды сөз зергерінің қолынан шыққан нағыз көркем шығарма.
«Бабыр-намеде» қазақтың алғаш ғандары Жәнібек, үш жүз мыңға жуық атты әскері болған қазақ ханы – Қасым, ұлы жүздің Жетісудағы дулат тайпасынан шыққан тарихшы-ғалымы әрі ақын – Мұхаммед Хайдар Дулати, жалайыр руынан шыққан ақын – Хасен Әли, т.б. жөніндегі нақты тарихи деректер берілген. Қазақ елінің қыпшақ, дулат, жалайыр руларынан шығып, кезінде қолбасы, есік ағасы – ұлы бек сияқты жоғары лауазымды қызмет атқарған жиырма шақты қоғам қайраткеріне Бабыр өзінше мінездеме береді.
Сондай-ақ Бабыр өзініңтуған бөлесі, қазақтың белгілі тарихшы-ғалымы Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да пікір айтады: «Хайдардың әкесін өзбектер өлтірген соң, ол менің қарамағыма келіп, үш-төрт жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап қашқарға, ханға кетті... Жұрттың айтуы бойынша, ол енді бұрынғыдай емес, байсалды болып, дұрыс жолға түсіпті. Қолы әрбір іске епшіл-ақ : жазуға да, сурет салуға да, жебе ұстауға да ұста».
Біз «Бабыр-наме» шағатай тілінде жазылған деп жүрміз. Ол қандай тіл?
Кезінде Шағатай (Шыңғысханның Жошыдан кейінгі екінші баласы) хан билеген өлке «Шағатай ұлысы» деп аталғаны тарихтан жақсы мәлім. Алғашқы кезде Шағатай мемлекетіне қарасты түріктердің тілін – «шағатай тілі» десе, ал кейінірек барып Орта Азия мен соған көрші отырған (Сыр бойында, Еділ мен Жайық, Арал мен Каспий жағалауларында, т.б.) бүкіл түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ – ортаазиялық әдеби тілді «шағатай тілі» деп атап кеткен. Бұл тілді қазір орта ғасырлық түркі әдеби жазба тілі деп те атайды. Әйтсе де шағатай тілі туралы күні бүгінге дейін түркология ғылымында ортақ пікір жоқ.
«Бабыр-наме» - энциклопедиялық шығарма. Мұнда тарихи оқиғалармен бірге, табиғаттану, география, топография, әдебиеттану, тіл білімі, этнография, тағы басқа ғылым салаларына қатысты өте бағалы мәліметтер жинақталған.
«Бабыр-намеде» түркі тілдес халықтардың ертегі аңыздары, мақал-мәтелдері, фразеологиялық сөз тіркестері, айшықты теңеу сөздері жиі ұшырамайды.
Бабырдың немересі Акбар шахтың (1556-1609) тұсында «Бабыр-наме» шағатай тілінен парсы тіліне аударылды.
«Бабыр-наменің» қолжазбасын тұңғыш рет Тимур Пулат деген кісі 1417 жылы Бахара қаласынан тауып, оны кейінірек белгілі ғалым Георг Джекат Кер Санкт-Петербургте зерттей бастайды. Осы қолжазбаны негіз етіп алған Н.Ильминский «Бабыр-намені» 1857 жылы Қазан қаласында бастырып шығарды.
«Бабыр-намені» тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан теңдесі жоқ ғылыми еңбек екенін ертерек аңғарған Батыс Еуропа және орыс ғалымдары оны зерттеуді, өзге тілдерге аударуды ХІХ ғасырда-ақ қолға алған еді. Мәселен, ағылшын ғалымдары У.Эрскин мен Ж.Лейден «Бабыр-намені» түпнұсқадан ағылшын тіліне аударып, оны 1826 жылы Лондонда бастырып шығарды. Бабырдың басты еңбегін тәржіма жасау осы кезде Германияда қолға алынған еді. «Бабыр-намені ағылшын тілінен неміс тіліне біршама қысқартып аударғандар: алдымен Ю.Клапрат, кейінірек А.Кейзер (1828 жылы) болды.
«Бабыр-намені» зерттеу, өз тілдеріне аударма жасау, бастырып шығару істеріне Индия, Түркия, Пакистан, т.б. Шығыс елдерінің ғалымдары да едәір үлес қосты.
Ал кеңестік дәуірде Бабырдың басты шығармасы орыс тіліне толық аударылып, үш рет басылып шықты. Оны орысшаға тәржіма жасаған М.А.Салье болды. Өзбек тіліне «Бабыр-наме» 1959 жылы аударылды. Б.Қожабеков «Бабыр-намені» орыс тілінен қазақшаға тәржіма жасады.
