Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Еж.д.х.кез.д..д.т-хСЖ.С.арн.ж.ба..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232.13 Кб
Скачать

Н. 4 - 61

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

050205 «Филология: Қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен студенттің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау

Павлодар-2013

Н. 4 - 62

БЕКІТЕМІН

ФФ деканы

__________ Текжанов Қ.Х

___” _____________20___ ж.

Құрастырушы________ ф.ғ.д., профессор Сүтжанов С.Н.

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Әдістемелік нұсқау 20__ ж. __________“___” № -хаттамамен бекітілген оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.

Кафедра мәжілісінде бекітілді.

“___” __________ 200__ ж. № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі ________ Ерғалиев Қ.С

Филология факультетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

“___” __________ 20__ ж. № __ хаттама

ФФ ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрайымы ________ Құралханова Б.Ш

ТҮСІНІКТЕМЕ

1 Студенттің өздік жұмысының мақсат-міндеттері мен маңызы

Студенттерге пән бойынша білім меңгертудің маңызды бір түрі – өздік жұмыстар. Студенттің өздік жұмысы - бағдарлама бойынша білім алуға тиіс пәнді жүйелі меңгеру мақсатында дәрістен және тәжірибелік сабақтардан тыс қосымша ғылыми, ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді өзі оқып, ізденіп білімін жетілдіру үшін түрлі тәсілдер арқылы орындалатын белгілі бір тақырыптағы тапсырмалар жүйесі. Өздік жұмыс студенттің алған білімінің нәтижесін көрсетеді, оның пәндік тақырыпты жете игеріп, меңгеруіне мүмкіндік береді. Студентті алғашқы курстан бастап өз еркімен, өз бетінше оқу оқып, сабақ тәртібін дұрыс ұйымдастыра алуына жетелеп, оқу құралдарымен, ғылыми еңбектермен тікелей танысып, оларды қалай пайдаланып, қолдану керектігін үйретеді, білім алудың дағдыларын қалыптастырады. Филологияның тіл білімі, әдебиеттану салалары бойынша жоспарланған өздік жұмыс тапсырмаларында студенттер игеруге тиіс тақырыпқа қатысты еңбектермен, зерттеулермен жұмыс істеуді, тақырыптық деректерді саралауды, талдауды, жинақтауды, салыстырып қорытындылауды меңгереді.

1.1 Өздік жұмыстың мақсаты – оқытушының бағыттауымен студенттің өз бетімен білім алып, оны жүйелі түрде меңгеруіне, тәжірибе түрінде алған білімін көрсетуіне, теориялық-тәжірибелік тұрғыда білімін жетілдіруге ықпал жасау. Сонымен бірге әрбір өздік жұмыстың өзіне лайық мақсаты болады, ол әр пәннің мән-мазмұнынан туындайды.

1.2 Өздік жұмыстың міндеті - студенттердің өз бетімен ізденіп, білім алуына қойылатын талапқа сай жүйелі, сауатты, тақырыпқа қатысты тапсырмалардың кәсіптік деңгейде орындалуы міндетін жүктейді:

-білімін теориялық және тәжірибелік тұрғыда көрсете алуы дағдысын қалыптастыру;

- тақырып материалдарын өздігінен ізденіп білімін толықтыруға дағдыландыру,

- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету,

- тақырыпқа сай ғылыми пікір, тұжырымдарды саралай білуге қалыптастыру,

- көркем мәтінге филологиялық талдауды кәсіптік деңгейде меңгерту.

1.3 Өздік жұмысқа қойылатын талаптар:

1. Меңгеретін тақырыбының тапсырмаларын жіті орындап, тақырыпты қалай жетік игергендігін теориялық көзқараспен және өздік жұмыстар арқылы дәлелдеп бере алуы тиіс;

2. Жұмыс жоспарында белгіленген пәндік тақырыптарды толық меңгеру үшін өздік жұмыстарды орындауда әр студент өзінің ауызша орындалатын жұмыстардағы ізденіпаздығын, жазбаша жұмыстардағы сауаттылығын, филологиялық мәтіндік талдаулардағы теориялық білімінің жеткіліктілігін таныта алуы қажет;

3. Тақырып бойынша ғылыми зерттеу, ғылыми әдістемелік әдебиеттерді, мақалаларды, конференция материалдарын ғылыми басылымдардан өздігінен іздеп, тауып оларға пікір қосып, сараптау жүргізуге дағдылануы керек;

4. Студент өзі ќарастырып отырған таќырыбының басты мәселесі туралы пікіріне жұмысын негіздей алуы керек.