Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Эко ТД (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.31 Кб
Скачать

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Жаратылыстану факультеті

«Экология кафедрасы»

Силлабус

Пән: ЕСО 1105 Экология және тұрақты даму экологиясы (2 кредит)

Мамандық: Барлық мамандықтар үшін

Курс 1

Оқытушы _____________________

2014-2015 Оқу жылы қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән: ЕСО 1105 Экология және тұрақты даму экологиясы (2 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны

ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны

Оқытушының

аты-жөні

Байланыс телефоны

email

Калиева Айгул Шайнуллаевна

87014477233

kаsh-61

ОҚУ ПӘННІҢ СИПАТЫ: Мазмұны мен болмысы әрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады және оның негізін «Экология және тұрақты даму» пәні құрайды.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:

Экология және тұрақты даму пәнінің теориялық негізімен таныстыру, білім кешенін қалыптастыру, практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру.

студенттерде табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

студенттердің экологияның, коршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру;

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс:

  • тірі ағзалардың тіршілік ортасы мен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтары туралы; биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің,әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы

Істей білу:

  • табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анықтап, талдауы және олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы; биосфераның тұрақтылығын сақтау және адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі

Дағдысының болуы:

  • экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында Тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Қазақстан тарихы, Философия, Биология, Химия, Физика, Математика, Биогеохимия

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Адам-Қоғам-Табиғат арасындағы үйлесімділік заңдылықтары, қоршаған орта, экожүйелер мен қоғамның орнықты дамуы, қоршаған орта туралы ілім, табиғатты пайдалану экономикасы, геоэкология, өнеркәсіптік экология, биоэкология, топырақтану, экологиялық білім және дүниетаным, математикалық модельдер және болжам жасау, экологиялық құқық.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

р/с

Модульдің атауы

дәріс

(сағ)

практикалық

(сағ)

СӨЖ

(сағ)

1модуль. Экология және оның негізгі заңдылықтары

1

Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе. Экология және тұрақты даму пәнінің даму тарихы, бөлімдері мен классификациясы

1

1

4

2

Дара организмдер экологиясы- аутэкология. Ағза және оның тіршілік ету жағдайы. Экологиялық факторлар және оларға ағзалардың реакциясы

1

1

6

3

Популяциялар экологиясы-демэкологиясы. Популяция құрылымдары, динамикасы, жіктелуі

1

1

4

4

Бірлестіктер экологиясы - синэкология. Биоценоз,биогеоценоз,экожүйе туралы түсінік. Г.Ф.Гаузе принципі. Экологиялық пирамидалар, энергия ағымы, экожүйелер динамикасы.

2

1

6

5

Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера функциясы. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Биогенді элементтер айналымы.

2

1

4

ІІ модуль Тұрақты даму аспектісі және экологиялық проблемалар

1

Тұрақты даму тұжырымдамасы.

1

1

5

2

Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану-тұрақты даму аспектілерінің бірі.

1

1

5

3

Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік факторлары.

1

2

5

4

Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары.

1

1

5

5

Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары және тұрақты даму.

1

2

5

6

Табиғатты қорғау және тұрақты даму.

1

1

5

7

ҚР тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары.

2

2

6